«Жарқын елдің шамшырағы- жас маман» Мектеп партасында отырғанда «кім боласын?»



Дата10.06.2022
өлшемі17.49 Kb.
#459129
жас маман эссе


Дайындаған: Исмағұлов Б.С.

«Жарқын елдің шамшырағы- жас маман»

Мектеп партасында отырғанда «кім боласын?» деген сұрақтарды көп еститін едік. Сонда бала арманында шек бар ма? Қиялға батып кейде бірнеше тіпті ұқсамайтын мамандықтарды айтып, мәз болатынбыз. Мектепті бітіре сала жоғарғы оқу орнында дәл сен қалаған мамандық құшақ жая қарсы алардай көрінетін. Сөйтсек біз елемеген мәселелер көп екен. Тапсыратын емтихандар өзінше бір төбе, ал мамандық, оқу орнын таңдау бөлек әңгіме… «Өмірде өз орныңды табу үшін маман болу керек», дегенді де естігенім бар. Содан болар жас түлек болып ұшарында «мамандық таңдауда шатаспа», деп жатады. Қанатын қатаймай өмір жолында қандай да бір шешім қабылдау оңай емес екендігін мойындау керек. Өйткені балалық шағында сол мамандықтың тек қаймағына құштар болатының сөзсіз.


Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. 
Менің таңдаған мамандығым –мұғалім. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы - жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.
Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы.  Жоғарғы білімді маман атанып,мұғалім болып жұмысқа қабылдандым. Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Мен өзіме өнеге болар ұстаздар қауымына қабылдану арқылы, баланың бойына ақыл – білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды, алаламай сүйе білуді үйрендім. 
Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адам­ның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үз­дік­сіз ізденісте болып, қоғам сұ­ра­нысына сай білімді, шығарма­шыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ой­лай­мын. Мен ұстаздықтың ауыр жү­гін арқалауды өз жүрегімнің қа­лауымен таңдадым. Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: ба­ланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу. Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Өзімнің іс -тәжірибелік жұмысымның нәтижесінде оқушыларымның білім сапасының артуына, тәрбиелік жұмыс жобамның негізінде оқушыларымның шығармашылық қабілеттері мен табиғи дарындары жетіле түсуіне қол жеткіздім.
Дегенмен менің мамандығымда мен білмейтін қыр сыры әлдеқайда көп екен. «Білетінім бір тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз», деп осы мамандықтың бір ұшын ұстап жүрмін. Бастысы бұл мамандықты сүйіп атқарып келемін және маған өзгелердің көзінде білімге деген қызығуышылық шамын жағу қызық. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет