Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы



Дата03.07.2016
өлшемі116.49 Kb.
#173853
Шығыс Қазақстан облысы

Көкпекті ауданы

«Көкжота орта мектебі»КММ

Тақырыбы:

«Бөлме өсімдігі-алоэнің

емдік қасиеттері»

Авторы:Ахмадиев Құрмет 10-сынып

Жұмыс бағыты:Биология секциясы.

Жетекшісі:Шаймарданова.А.Қ


АННОТАЦИЯ
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халқына жолдайтын әр жылғы жолдауында өңірдегі алдыңғы қатарлы мемлекет болуды мақсат етіп қойып отыр.Себебі, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік қазіргі кездегі мемлекеттің ең маңызды мәселесі болып тұр. Сондықтан Елбасы жолдауы бүкіл ұстаздар қауымына, соның ішінде биологтар мен экологтарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені оқушыға өзі өмір сүріп отырған ортасын, флорасы мен фаунасын таныту, жас кезінен оны зерттеуге баулу, сол арқылы өз пәніне қызықтырып, сол ғылымды меңгерту біздің негізгі міндетіміз.

Көкжота орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ахмадиев Құрметтің «Бөлме өсімдігі-алоэнің емдік қасиеттері» тақырыбындағы ғылыми жобасы. Табиғатты танып, оның тіршілігін оқып үйрену мен аялау, қорғау мектеп қабырғасында қалыптасады. Соның маңыздыларының бірі туған өлкенің дәрі-дәрмектік қасиеті бар өсімдіктерін танып, біліп оларды сақтау мәселесі. Себебі адам баласын сан түрлі сырқаттан айықтыруға жергілікті жердің табиғатының онда өсетін өсімдіктердің қосатын үлесін біз көзімізбен көріп, күнделікті өмір тәжірибесінде байқап жүрміз. Қазіргі кезде елімізде медицинада қолданылатын әрбір үшінші препараттың алынуы олардың медициналық рөлін айқын көрсетуде.Өсімдіктерден алынатын препараттар қаншама ауруларға ем болатынын санап шығу мүмкін емес.Сол себептен жұмыстың мақсаты: өсімдіктер алуан түрлі заттарды бойына сіңірген «қойма» екендігін біле отырып дәрі-дәрмек өсімдіктен алынатынын түсініп, табиғатты сүйе, қорғай білу жауапкершілігін дамыту болып табылады.

Оқушы өзінің теориялық білімдерін практика жүзінде іске асырып, зерттеу жұмысында өздері жазып әкелеген деректерді пайдаланып, менің бағытауыммен алоэні өз қолымен өсіріп, күтіп, баптап, морфологиялық сипатымен танысты. Алоэның химиялық құрамына талдау жасап, қасиетін сипаттай білді. Алоэның басты ем болатын аурулары туралы материалдар іздеп, дәрі дәрмек жасауға көңіл бөлді.

Қазіргі уақытта өз елімізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз.


Шығыс Қазақстан облысы

Көкпекті ауданы

Көкжота орта мектебінің

10-сынып оқушысы

Ахмадиев Құрметтің

«Бөлме өсімдігі-алоэнің емдік

қасиеттері» атты ғылыми

жобасына

Пікір
Автор «Бөлме өсімдігі-алоэнің емдік қасиеттері» жобасында дәрілік өсімдіктердің алуан түрлі заттарды бойына сіңірген «қойма» екендігін біле отырып, дәрі-дәрмек өсімдіктен алынатынын түсініп, емдік қасиеттері бар өсімдіктерді ажырата біліп, одан әрі дәрі жасаудың қарапайым жолдары туралы сөз етеді. Жобаның мақсаты-бөлме өсімдігі алоэнің морфологиялық сипаты, биологиялық ерекшеліктері мен адам ағзасына тигізетін емдік қасиеттерін зерттеп дамытуға бағытталады. Ғылыми зерттеулер мен пікірлерді жинақтай отырып өз зерттеулеріндегі практикалық нәтижесін, көзқарасын ғылыми негізде түйіндеп заманауи медициналық іс-шараларына еңгізуге назар аударған. Қоршаған ортамен адам өмірінің сабақтастығы және өсімдіктердің адамзат денсаулығы мен салауаттылығын қалыптастыруда пайдасы зор екендігін және ешқашан маңызын жоймайтындығын баса көрсетеді.


Пікір беруші

«Көкжота орта мектебі» КММ

Химия-биология пәнінің мұғалімі : Шаймарданова А.Қ.


МАЗМҰНЫ
1.Кіріспе
2.1.Бөлме өсідігі алоэнің түрлері.
2.2.Алоэнің морфологиялық сипаты.
2.3.Алоэнің емдік қасиеттері.
2.4. Зерттеу бөлімі
3.Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


1. «Жабайы өсімдіктер сыры» К.Ж.Сыбанбеков

2. «Өсімдік әлеміне саяхат» П.С.Массагетов

3. «Табиғатқа саяхат».Құттыбек Құрмашев

4. «Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы» А.А.Иващенко

5. Денсаулық журналының жиынтығы

6. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

7. Ғаламтор материалдары

8. «Биолог анықтамалығы» журналы.

9. «Биолог және салауаттылық негізі» журналы.



Мақсаты:

Бөлме өсімдігі алоэнің биологиялық ерекшеліктері, морфологиялық сипаты мен адам ағзасына тигізетін емдік қасиеттерін зерттеп анықтау және насихаттау.

Міндеттері:

  • Өсімдіктер дүниесіндегі ғылыми атауларын анықтау.

  • Түрлеріне қарай топтастыру, қасиеттерін зерттеу.

  • Баспасөз беттеріндегі, т.б. ақпараттық құралдардан осы өсімдік жайлы ғылыми зерттеулермен танысу(өсімдіктану, мақалалар, зерттеу жұмыстары).

  • Ғылыми зерттеулер мен пікірлерді жинақтай отырып, зерттеулерімдегі практикалық нәтижемді, көзқарасымды ғылыми негізде түйіндеп заманауи медициналық емдеу іс-шараларына енгізу.



Тақырыптың өзектілігі:

Қоршаған орта мен адам өмірінің сабақтастығы және өсімдіктердің адамзат денсаулығы мен саламаттылығына тигізетін пайдасы өзектілігін ешқашанда жоймайды

Зерттеу жұмысының әдістемесі:

  • Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;

  • Тәжірибелер жүргізу;

  • Емделушілер арасында сауалнамалар жүргізу;

  • Сұхбат алу;

  • Бақылау;

  • Зерттеу;

  • Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану.



Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

1. Алоэ өсімдігінін емдік ерекшеліктеріне жан – жақты сипаттама берілді;

2.Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдалану жолдары көрсетілді.


Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:



Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы алоэ өсімдігіне жан – жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.
Жұмыс барысында қолдан жасалған емдік қоспаны көпшіліктің тұрмыстық жағдайда жасап пайдалану мүмкіндігі яғни, қолжетімдігі жұмыстың практикалык мәні болып табылады.



Мен бөлме өсімдіктерінің ішінде дәрлік қасиеті бар алоэні зерттеуге алдым.Оның химиялық құрамын, 4 түрін, емдік қасиетін зерттедім.

Алоэ (жүзжасар:Aloe)-үй ішінде өсірілетін әсем де пайдалы әрі кең тараған өсімік түрі.Үйде өсетін алоэнің ағаш тәріздес,сондай-ақ ақ жолақты жапырақты сәндік түрі болады. А)Алоэ(variegata)деген түрінің жапырағы қою жасыл ақ жолақты,жапырағы үшбұрышты пішінді болып келеді. Ағаш тәріздес Ә)Алоэ(arborescens)деген түрінің ағаш тәрізді тікенекті, жапырақтары ұзын сабағында орналасады. Б)Алоэ(arictata)-осьтік алоэнің түрі кішілеу болады,жапырағы 10 см мөлшерде шар тәріздес розеткалар түзеді.В)Алоэ(humilis)-приземистое түрі көкшіл-жасыл түсті жапырағы бар ұшы тілімделген болады. Бүгінде алоэнің ғылымға белгілі болған 180-дей түрі бар.

Қазақстанда ағаш тәрізді түрі алоэ(arborescens)бөлме өсімдігі ретінде қолдан өсіріледі.

Алоэнің морфологиялық сипаты

Алоэ-лалагүлдер тұқымына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл қуаңшылыққа төзімді өсімдік. Тропиктік, субтропиктік белдеулерде кездеседі. Отаны-Оңтүстік Африка. Биіктігі 7-12м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл-сары түсті күлтесі болады. Шырынды алоэ негізінен Оңтүстік Африкада өсетін жабайы алоэдан алынады. Құрғақшылық жылдары бұл өсімдік жапырағының шырышты өзегіне қоймалжың шырын жинайды да ол өсімдікті солып қалудан сақтайды.



Алоэнің химиялық құрамы:

Алоэ шырынында ферменттер, витаминдер көп, оның әр түрлі бактерияларды өлтіретін күші бар.





Өсімдік аты

Биіктігі

Отаны

Пайдаланылатын

бөлігі


Қандай ауруларға пайдаланылады

Алоэ.


7-12м.


Оңтүстік Америка.


Шырынды,етті жапырағы,

шырыны.

Терідегі жара ауруларына,

туберкулез,

асқазан ауруына,

баспа ауруына.




Алоэнің қасиеті: Кермек дәмді, усыз келеді.

Алоэнің күтімі:Тыңайтылған ылғалды топрақта жақсы өседі. Қалыпты мөлшерде суғарып отыру қажет. Жас өркендерін шығарып түпшелеп өсе береді. Жақсы өсіп келе жатқан алоэні аммияк селитрасымен (1 л суға 1 г қосып қоректендіру керек. Оны өсіретін топырақ құрамы 2 үлес шым, 1 үлес жапырақ аралас топырақ, 0,5 үлес өзен құмы болуға тиіс. Бұларға үгітілген кірпіш ұнтағы мен ағаш көмірі қосылады)

Алоэ бұтақшалары және сабақтың төменгі буынында өсетін өркені арқылы көбейтіледі. Өсімдіктің кесіп алынған бұтақшасын 1 тәулік кептіріп содан соң өзеннің дымқыл құмы салынған құмыраға отырғызады.



Алоэдан алынатын дәрі-дәрмектер:

Жас алоэ жапырағынан емдік-сабур ұнтағы алынады.Сабур қара, қоңыр түсті, өте ащы болады. Сабур басқа дәрі-дәрмектердің құрамына да араластырылады.



Алоэнің басты ем болатын аурулары және қолданылуы:

1.Ересектер және балалар талма ауруына алоэден 9 г, шикі пинелин 30г,

байжу 30г, қызылмия 15г ұнтақтап оқ-дәрі жасайды. Әр ретте 1,5г ішеді.

2.Тісті құрт жеп ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, алоэден 1г ұнтақтап,

оны тіске басады. Мен өзім жасап көрген осы тексеру жұмыстарына түрткі

болған мына оқиға. Мен көп тәтті жегеннен бе екен тісім ұдайы ауыратын,

ауырған кезде соншалық көзден жас шығаратын. Сол кезде мен тісіме сан

алуан дәрілерді пайдаландым, бірақ ешбірі көмектеспеді, сол кезде бір көп

көрген бір апай айтып, мен алоэның жапырағын ұнтақтап ауырған тісіме

басып тістедім біраздан соң ауруым басылды содан бері сөйтіп істеудемін.

3.Сыртқы жарақаттан қан шыққанда: алоэден лайықты мөлшерде алып,

жаншып жарақатқа таңады.

4.Кеңірдекшелер демікпесінет жас алоэні езіп, шырынын күніне 3 рет, әр

ретте 5мг ішеді. Сонымен қоса гайморит ауруына шырынын алып балмен

немесе спирт сұйықтығына қосып сұйық күнде ішетін болса ауруынан

айығуға көмектеседі.

5.Шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэнің жапырағын тіліп, жараның

аузына тартады. Шиқанның соқтасын соруға тез жазылуына, әрі қарай

созылмауына алоэ жапырағы көп көмектеседі. Мен бұған өзім көз

жеткіздім қалай десеңіз ағама шиқан шығып қатты қиналған еді сол кезде

ең алдымен баяғыдан белгілі «Ихтиоловая» мазін жақтық сол кезде одан

пайда болмады алоэның жапырағын тіліп, шиқанның аузына қойып

лейкопластермен жабыстырып қойдық. Соның нәтижесінде шиқан жиналып

жарылды.


6.Сондай-ақ адамның тәбетін ашуға, іш тоқтатқанға, асқазан ауруына ішек аурулары мен баспаға жақсы ем. Бал қосылған алоэ шырыны туберкулуз ауруына бірден-бір ем болып табылады.

Туберкулезге алоэнің емдік әсері:

Тұмау, бронхит, гайморит, фарингит, демікпе, өкпенің қабынуы, туберкулез-тыныс алу мүшелерінде болатын жұқпалы аурулар. Бұлардың алдын алып, сақтық жасамаса, насырға шауып, індетке айналады.Сондықтан туберкулез-өкпе құрты деп тегін айтылмаған.Мәселен өткен ғасырдың басында Қазақстанда әр жүз мың адамның 400-500 туберкулез ауруына шалдығып, өмірлерімен қоштасқан. Елімізде осындай індет жайлап кетпеуі үшін өкпе туберкулезінің қалай өтіп, әсер етуін зерттейтін, оның алдын алып, сақтандыру шараларының әдісін жүзеге асыратын медицина саласы-фтизиатриа қажырлы еңбек етуде. Қазіргі фтизиатрианың негізгі мақсаты-өкпе туберкулезіне шалдыққандарды неғұрлым қысқа мерзімде құлан-таза емдеп шығару.

Соңғы 30 жыл ішінде Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасында дүниеге келген 17 жасқа дейінгі мерзімде 5-6 жылда бір рет туберкулезге қарсы егу нәтижесінде айтарлықтай күрес жүргізілді.Француз микробиологы Альберт Шарлб Кальмет тұңғыш рет туберкулезге қарсы егілетін вакцина жасап, 1921 жылы нәрестелерге ең алғаш екті. Вакцина енген балаға туберкулез жұқпайтыны, жұққанда да баланың ауруға шалдыға бермейтінін ғалымдар анықтады. Егу нәтижесінде соңғы жылдары аталған сырқаттың 2,5 есе азаюына септігі тигендігі мәлім болды.


Зерттеу барысы

Жапырағын кесіп алып,қайнаған сумен жуып,

тазалап 0,2-0,3мм етіп ұсақтап езіп сөлін аламыз.



Зерттеу нәтижесі

Алынған сөлді күніне 3 рет тұмау,кеңірдек демікпесіне 1 ас қасықтан

ішу керек,ал гайморит ауруына шырынын балмен немесе спирт

сұйықтығына қосып сұйық күйде күнде ішетін болса ауыруынан

арылыуына себін тигізеді екен.


Өкпе туберкулезі-кедейлік кесапаты, соның салдарынан бүгінгі таңда әлжуаз адамдар туберкулезге жиі ұшырайды. Аурудың алдын алу үшін туберкулезге қарсы бүкіл халық қызу қолдап, күрес жүргізуі қажет. Халықты жылына 2 рет арнайы дәрігерлік тексеруден өткізу негізгі міндет.
Тыныс жолдарын ашу үшін алоэ сөлін алу


Зерттеу барысы

Жапырағын кесіп алып,қайнаған сумен жуып,тазалап

0,2-0,3мм етіп ұсақтап дәкеге орап сығып сөлін жинаймыз.



Зерттеу нәтижесі

Күніне екі-үш рет тамақтанар алдында,20-30минут

бұрын 1 ас қасықтан ішкен жөн.


Асқазан-ішек жолдары ауруларына қарсы емі



Тері ауруларына қарсы емдік қасиеттері

Зерттеу барысы



Сыздауық,іріңді жараға қарсы Жараға қарсы іріңді сыздауықтарды пісіру үшін оларға кесілген алоэ жапырағын жараның аузына тартып дәкемен орап қоямыз.

Зерттеу нәтижесі

Емді пайдалану нәтижесінде жара қара қотырланып, бірнеше мәрте қайталағаннан кейін жазылады.


Тіс ауруларына қарсы

Зерттеу барысы



Тіс ұдайы ауырып тұрған кезде алоэ жапырағын бір кішкене бөлігін алып,ауырған тіске басып қою керек тістің қабыңған қызыл иек еттерін алоэ сөлін сумен араластырып шайып отыру керек.

Зерттеу нәтижесі

Жанына батқан ауруға бірден әсер етіп басады.



Табиғатты қорғауда оның дархан сыйларының ішінде емдік қасиеттері бар өсімдіктерді ажырата біліп, одан дәрі жасаудың қарапайым жолдарын әр адамның білгені абзал.Сонымен өсімдік-медициналық препараттардың сарқылмас көзі.Улы деген өсімдіктердің өзі пайдалы. Өйткені еліміздің территориясында өсетін жоғары сатыдағы өсімдіктердің 20 мың түрін формацевтік өнеркәсепте не бары 200-дей түрі ғана пайдаланылады. Демек, біз әлі де өсімдіктердің көптеген түрлерінің қасиеттерін зерттеп білуде қыруар жұмыстар жүргізуіміз қажет. Бұл істе біздің республикада да атқаратын міндеттер зор. Республиканың өсімдіктер ресурсының молдығы оның түрлерін жан жақты пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақстанның жабайы флорасының құрамында өсімдіктердің 5 мыңнан астам түрі бар. Оның ішінде 800-ге жуығы эндемик, яғни тек қана Қазақстанда кездесетін түрлер болып саналады.Аталған түрлердің ішінде 500-ден астамының даму қасиеттері анықталған. Алайда республика флорасының осынау анықталған түрлерінің 50 дейі ғана дәрілік шикізат ретінде пайдаланылуда.Әсіресе қара андыз, дәрілік валерина, тау қылшасы, қызыл мия шикізаттарына деген сұраныс артып отыр.Сонымен бәріміздің күнделікті жиі кездестіріп отыратын «жасыл аптекамызда»көптеген аса құнды перпарттарды таба аламыз.Алайда бұл аптеканың препараттары арнаулы ыдыстарда немесе татблеткалар түрінде емес, жасыл өсімдіктер клеткалкрында, олардың тамыры мен сабағында, жемісі мен тұқымында, гүлі мен жапырағында сақталады. Бір сөзбен айтқанда өсімдіктер алуан түрлі дәрілік заттарды бойына сіңірген «Қойма», біз ауырып-сырқаған кезде көмекке келетін «Жасыл жәрдемшілер» деп толық айта аламыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет