Жарма ауданының әкімі Т. Ж.Қасымжановтың халық жиындарындағы есебі бойынша баяндамасының Тезистері



Дата23.02.2016
өлшемі245.72 Kb.
#2394
Жарма ауданының әкімі Т.Ж.Қасымжановтың халық жиындарындағы есебі бойынша баяндамасының Тезистері

2011 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл толған аса мерейлі де маңызды оқиғамен ерекшеленді.

Жыл ішіндегі барлық іс-шаралар «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» тақырыбымен өткізілді.

Мемлекетіміздің өз дамуының жаңа онжылдығының табалдырығын аттаған жылдың алғашқы айында өткізілген Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы еліміздің саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадам болды.

Өткен жылы аудан көлемінде ел мерейтойын лайықты қарсы алу мақсатында, Мемлекет басшысының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттер мен арнаулы бағдарламалардағы жоспарлы шараларға сәйкес, әр салада қызметтің нәтижелілігіне бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілді.

2011 жылдың 12 айына өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6 018,9 млн. теңгені құрап, алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2 пайызға артты.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымы бойынша, тау – кен өнеркәсібінде 15,9, өңдеу саласында – 13,7, машина жасау – 31,9, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында – 17,4 пайызға өсім байқалады.

«Георгиевка насоспен жабдықтау зауыты» серіктестігінің өнеркәсіптік өнім көлемі алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,5 пайызға, «Қамқор локомотив» ЖШС-інде - 20,6, «Тасқара» ЖШС-інде - 2,3 есеге өсті. №110 «Еңбек - Өскемен» РМК филиалының өнеркәсіптік өнім көлемі 2 есеге артты.

Өнеркәсіптің нақты көлем индексі 99,2 пайызды құрады, физикалық индекс көлемінің төмендеуі «Бақыршық тау-кен кәсіпорны» ЖШС-інің алтын құрамды кен өндіру көлемінің азаюына байланысты.

Негізгі капиталға инвестицияның көлемі 2011 жылдың қаңтар – желтоқсан айларына алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге артып, 7 796,7 млн.теңгені құрады.

Жалпы инвестицияның құрамында республикалық бюджеттен түскен инвестициялар үлесі 76,8 пайызды құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне 3,7 есеге өсті.

Негізгі капиталға инвестициялар құрамында жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың үлесі 3,4 пайызды құрап, 3,5 есеге артып отыр.

Шетелдік инвестициялар қаражатының үлесі 3,5 пайызды құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51,4 пайызға артты.

2012 жылы мемлекеттік даму қорының қаржыландыруымен «Қазахцемент» кәсіпорны ірі жобасының аяқталуы жоспарланып, «Бақыршық тау кен кәсіпорнында» шетелдік инвестицияларды тарту арқылы алтынды кенді қайта өндейтін зауыт құрылысының басталуы, сондай – ақ «Теньши» серіктестігінің әк тас күйдіру зауытының құрылысының 2-ші кезеңінің іске асыруы көзделуде.

Бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын Қалбатау – Семей автокөлік жолын қайта жарақтау жұмыстары және «Шуақ» кентіндегі 156/18 ММ-нің өнеркәсіптік аумағындағы қазандық құрылысы жалғастырылады.

Жалпы инвестиция көлемі орташа есеппен 1,5 есеге көбеймек.

Өнеркәсіп саласында «Қазахцемент» серіктестігінің цемент зауыты іске қосылған жағдайда, өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемі және нақтылы көлем индексі 5 пайызға артуы күтілуде.

Ауыл шаруашылығында жалпы өнім 2011 жылы 9908,8 млн. теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 30 пайызға артты. Нақтылы көлемінің индексі 101,7%-ды құрады.

Жалпы егістіктің аумағы 32653 гектарды құрап, 114,1% ұлғайды. 13531 гектар жерге дәнді дақылдар, 7251 гектар жерге күнбағыс, 91 гектар жерге көкөніс және бақша себіліп, 410 гектар жерге картоп отырғызылды. Аталған алқаптан 9100 - тонна астық, 2600 - тонна күнбағыс, 5658 - тонна картоп және 1260 - тонна көкөніс өнімдері алынды. Өнім көлемі астық бойынша - 9,1%, күнбағыс – 9,6 %, картоп – 2,2%, көкөніс - 10,5 % көбейді, сонымен қатар дақылдардың түсімділігі де өсіп, гектарынан дәнді дақылдар бойынша – 7,5 центнер, күнбағыс – 4,1, картоп – 138, көкөніс – 118,6 центнерден өнім алынды.

Ылғал сақтау технологиясы 11 мың гектар жерге орналастырылды немесе егістік алқабының – 32,7%-ын құрап, жақсы өнім алынды.

Суармалы жерді тиімді пайдалану үшін гидроқондырғыларды күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттамалар дайындауға тапсырыс берілді.

Өткен жылы 46,5 млн. теңгеге жаңа техника алынып, техника паркі 3,5% жаңарды. Осы мерзімде 8 әр түрлі тракторлар, 1 астық оратын комбайн және 11 ауыл шаруашылығы техникалары алынды.

Мемлекет тарапынан 2011 жылы көктемгі егіс пен күзгі жиын-терін жұмыстарына 1220 тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлініп, өсімдік шаруашылығына барлығы 34,2 млн. тенгенің субсидиясы шаруашылықтарға төленді.

Ауданда ауылшаруашылық өндірісіне берілген жердің нысаналы пайдаланылуын тексеру мақсатында жер түгендеу комиссиясы құрылып, 55 шаруа қожалықтарының 67 жер учаскесі, көлемі 47999 гектар жері иесіз жер есебіне алынды, оның 2214 гектары егістік жер.

Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 12 ауылшаруашылық құрылымдары 15 жер учаскесін, көлемі 5940 гектар, оның ішінде егістік 421 га, жерін өз еркімен өткізді,

Нысаналы пайдаланылмаған 23 егістік жер учаскесі бойынша (11230 гектар жер) Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясына шара қолдану үшін 19 шаруа қожалықтарының материалдары тапсырылып, оларға инспекция тарапынан ескерту жасалып, айыппұл салынды.

Жерді жер иеленушілерге табыстауды ашық жүргізу мақсатында Жер Кодексінің 48 бабына сәйкес екі мәрте конкурс өткізілді. Бірінші конкурста 15 лотқа 7009 гектар, оның ішінде тыңайма 2154 гектар қойылып, 12 лот бойынша 4759 гектар, оның ішінде тыңайма 2259 гектар жер табысталды. Екінші конкурста 48 лотқа 43688 гектар, оның ішінде тыңайма 3280 гектар қойылып, 24 лот бойынша 19276 гектар, оның ішінде тыңайма 2980 гектар жер табысталды.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша үш округ бойынша (Делбегетей, Терістаңбалы, Үшбиік) 18652 га егістік жерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, 8500 га егістік жерді жайылымға ауыстыру жөнінде жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, облыстық басқармаға бекітуге жіберілді.

Енді шекара белгілері қойылған соң аукционға шығарылады.

Иесіз жер есебінде тұрғын ауылшаруашылық құрылымдарын картаға түсіру үшін Мемжерғылөңорталығымен келісім-шарт жасалып 1200000 теңгеге 12 округтің жобалық-картографикалық материалдары дайындалуда. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің 295 паспорты дайындалды.

Ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнімінің 76 %-ын мал шаруашылығы өнімдері құрайды. 2012 жылдың 1-ші қаңтарына ауданда 56520 бас ірі қара, 227500 бас қой мен ешкі, 15574 бас жылқы, 420 бас шошқа және 32348 бас құс бар. 2010 жылмен салыстырғанда ірі қара малы -1,8%, қой мен ешкі – 2,5% өсті, шошқа мен құстар өткен жылдың денгейінде.

Мал шаруашылығының өнімділігі артып, ет өндіру – 102,1, сүт өндіру - 101,0, жүн өндіру - 104, жұмыртқа алу, 102,3% құрады.

Ауданда 11 мал бордақылау алаңы, 8 малды қолдан ұрықтандыру пункті, 22 малдәрігерлік дәріхана және 25 мал қорымы бар. 13 асыл тұқымды мал шаруашылығы жұмыс істеуде.

Асыл тұқымды түліктің жалпы мал басындағы үлесі: ірі қара малда (қазақтың ақ бас сиыры) - 3800 бас немесе 6,8%, етті - майлы жартылай қылшық жүнді асыл тұқымды «Байыс» қойы – 28300 басы немесе 13,8%, «Жәбе» типті асыл тұқымды жылқы - 935 бас немесе - 6,0 %-ды құрайды. 2011 жылы асыл тұқымды шаруашылықтар 36 бас қазақтың ақ бас сиырының асыл тұқымды бұқашықтарын, 2496 бас етті - майлы жартылай қылшық жүнді асыл тұқымды «Байыс» қойының тоқтыларын шаруашылықтарға сатты, бұл шара жалпы мал басын асылдандыруға, малдың генетикалық әлеуетін көтеруге оң ықпал етті.

Мал шаруашылығын қолдауда мемлекет тарапынан барлық бағдарламалар бойынша 35 шаруашылыққа 44,5 млн. тенгенің субсидиясы төленіп, 4 шаруашылыққа «Сыбаға» бағдарламасының аясында несие ұйымдарынан және екінші деңгейдегі банктерден 75,0 млн. тенгенің көпжылдық несиесі берілді.

Өткен жылы ауданның ірі елді мекендерінде аудан орталығы Қалбатау ауылында, Шар қаласында, Әуезов және Жаңғыз-төбе кенттерінде 18 ауылдық округтердің қатысуымен 6 үлкен ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтіп, жалпы сомасы 16,8 млн. теңгенің өнімдері арзандатылған бағамен халыққа сатылды.

Өскемен қаласында өткен 4 жәрмеңкеде жалпы сомасы 14,0 млн. теңгенің өнімдері арзандатылған бағамен сатылды. Облыстағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне белсене қатысқаны үшін аудан ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының «Күз тартуы - Дары осени 2011» атты дипломымен марапатталды.

Ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және эпизоотиялық шараларды іске асыру үшін бөлінген 66,1 млн. тенгенің субсидиясы толығымен игеріліп, қабылданған іс-шаралар толық орындалды.

5 малдәрігерлік дәріхана, 6 мал сою алаңы, 5 мал қорымы іске қосылып, 2012 жылы салынатын 10 мал қорымының жобалық-сметалық құжаттары дайындалды.

2012 жылдың 1 қаңтарына ауданда 2 241 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген, соның ішінде 83 кәсіпорын, 1 563 жеке кәсіпкер және 595 шаруа қожалығы. 2010 жылмен салыстырғанда өңірде тіркелген шағын және орта субъектілерінің саны 4,4 %-ға немесе 94 субьектіге өсті.

Тіркелген 83 кәсіпорынның 46 кәсіпорыны белсенді жұмыс істеп, 2010 жылмен салыстырғанда 107 %-ды құрады. Жаңадан 7 кәсіпорын ашылып, 12 кәсіпорынның жұмысы белсендірілді және көп уақыт жұмысы тоқтап тұрған 7 кәсіпорын жойылды.

Жалпы шағын бизнес кәсіпорындарының салық түсімдерінің сомасы 383,3 млн. теңгені немесе өткен жылғы деңгейге 103,4%-ды құрады.

Шағын және орта субьектілерінде жұмыспен қамтылғандардың саны 3623 адам, 2010 жылмен салыстырғанда 4,8 %-ға немесе 166 адамға көбейді.

2011 жылдың 12 айында бөлшек сауда тауар айналымы 4 263,4 млн. теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 115,1 пайызды құрады.

Жыл ішінде 20 кәсіпкерлік нысаны ашылды, онын ішінде 2 дәмхана, 14 дүкен, 3 наубайхана және иглотерапия кабинеті (Шар қаласында).

«Бизнестін жол картасы 2020» Бағдарламасы бойынша 1 жобаның ІІ деңгейдегі банктен алған несиесінің пайыздық мөлшерінің бір бөлігі субсидияланды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын дамыту мақсатында 2011 жылға 577 бизнес субъектілерімен жалпы сомасы 84,4 млн. теңгеге меморандумдар жасалып, толық орындалды.

Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласында 2012 жылға төмендегідей міндеттер қойылып отыр:

Айналымдағы барлық егістік жерді 33 мың гектарға, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдары егістігін 30 мың гектарға жеткізу.

Өнімділікті арттыру үшін ылғал сақтау технологиясы бойынша дақылдарды себу көлемін ұлғайту, суармалы жерлерді игеруде жана технологияларды қолданысқа енгізу қажет.

Аудандағы екі техникалық қызмет көрсету пунктінің («Арго» шаруа қожалығы және №4 кәсіптік лицейде) және ұсақ шаруа қожалықтарына механикалық отрядтың көмек көрсету жұмыстары жандандырылуы тиіс.

Мал шаруашылығының жалпы өнімі 7711 млн. тенгеге дейін жеткізіліп, ФКИ (ИФО) 101 пайызды құрайды. 2012 жылы 2 асыл тұқымды мал шаруашылықтары құрылып, асыл тұқымды мал басы бойынша көрсеткіштер 0,2 пайызға өспек.

2012 жылы «Сахаба» шаруа қожалығында 300 бастық мал бордақылау алаңдары және «Арго» шаруа қожалығының негізінде 1000 бастық мал бордақылау алаңдары, 7 елді мекенде күн талабына сай жабдықталған мал қорымдары салынып, іске қосылмақ. 6 елді мекенде қайта жабдықталған ветеринарлық дәріханалар, «Сахаба», «Динара» шаруа қожалықтарында мал сою алаңдары іске қосылады.

Ағымдағы жылы жалпы сомасы 300,0 млн. теңгеден асатын 30 бизнес жобаны іске асыру жоспарланып отыр, онын ішінде «Теньши» ЖШС-нің «Қазақмыс» Корпорациясымен бірлескен өндірісті дамыту жобасы, «Жарма проект ЛТД» ЖШС-нің құрылыс материалдарын шығару жобасы, "Жарма Курылыс Газ" ЖШС-нің газ толтыру орнын ашу жобасы.

Бұдан тыс, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды қажет ететін 50 жоба, жалпы сомасы 120,0 млн. теңге құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу, ауылдарда қызмет көрсету және басқа өндіріс нысандарын іске асыру бойынша жобалар көзделген.

2012 жылы жанадан 5 шағын бизнес кәсіпорнын ашу, белсенді кәсіпорындардың санын 10% арттыру және көп уақыт тоқтап тұрған 10 кәсіпорынды жою, бөлшек сауда тауар айналымының өсім қарқынын 115% жеткізу жоспарланған.

2011 жылдың 12 айына жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 3 951,4 млн.теңгені, оның ішінде меншік кірістер 985,3 млн.теңгені құрады. Болжамның орындалуы 108,7 пайызды құрап, түсімдер 78,8 млн. теңгеге артты.

2011 жылдың 12 айына жергілікті бюджеттің шығыс бөлігі 3 952,1 млн теңгені құрап, 99,7 пайызға орындалды.

Жалақы қорын ұлғайту бойынша ЖШС жетекшілерімен жүргізілген жұмыс нәтижесінде бюджетке қосымша 7 183,4 мың теңге түсті.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша жоспарланған 140572,0 мың теңге қаражат толық игерілді.

Аудан көлемінде ұзақ уақыт пайдаланылмай тұрған коммуналдық меншік обьектілерін анықтау барысында:

Шуақ ауылындағы 64 пәтерлі 1 үйге келешекте күрделі жөндеу өткізу мақсатында республикалық меншікке ауыстыру үшін құжаттары облыстық қаржы басқармасына жіберілді. Үшбиік ауылындағы құрылысы аяқталмаған Ақтайлақ би атындағы мектебінің ғимараты аукцион арқылы сату жоспарлануда. Бұрын сатылып кеткен немесе жекешендірілген әлеуметтік маңызы бар кешендерді қайтару жұмыстары толығымен аяқталды.

Коммуналдық меншіктегі ескірген 9 ғимарат пайдалануға жарамсыздықтан есептен шығарылды.

Иесіз қалған су құрылымдарын коммуналдық меншікке алу жұмыстары аяқталды.

4 нысан сот шешімдерімен коммуналдық меншікке қабылданып, жергілікті әкімшілік теңгерімдеріне бекітілді.

28 коммуналдық меншік объектісін жалға беру туралы келісім-шарт жасалып, нәтижесінде аудандық бюджетке 6727,0 мың теңге көлемінде кіріс түсті.

Мемлекеттік сатып алуда қазақстандық қамту үлесі 92,3 пайызды құрайды.



Құрылыс саласында 2011 жылы «Балапан» бағдарламасы аясында Шар қаласында 140 орындық балабақша пайдалануға берілді, қаржыландыру көлемі республикалық бюджеттен - 178,981 млн. теңге, облыстық бюджеттен - 20,601 млн. теңге.

Шар қаласы маңындағы жобалық құны 50,641 млн. теңгелік тұрмыстық қатты және басқа қалдықтар қоймасының құрылыс жұмыстары аяқталды.

Жергілікті бюджет есебінен Қалбатау ауылында саз мектебіне жапсаржай құрылысына - 42,0 млн. теңге, бұрынғы жасөспірімдер спорт мектебін «Жастар үйі» ретінде қайта жарақтау жұмыстарына 78 млн. 710,0 мың теңге бөлініп, қаражат толық игерілді.

Шуақ кентінде «ШҚО Солнечный к. «ОВ-156/18 мекеме» ММ өнеркәсіптік аймағындағы қазандық құрылысы» жобасы бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарына жарияланған конкурста «Строительно-монтажные предприятие-Алматы» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылды.

Нысанның жобалық құны 2 697,275 млн. теңге, оның ішінде құрылыс-жинақтау жұмыстары 1 719,632 млн. теңгені құрайды. Қаржыландыру көзі республикалық бюджет.

2011 жылға жоспар бойынша бөлінген 425,0 млн. теңге қаражат толық игерілді. Нысанды пайдалануға беру мерзімі 2013 жылға жоспарланған.

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 2012 жылы Бірлік ауылында салу жоспарланған су құбырының жоба-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.

Шалабай ауылының су құбырын қайта жарақтау жұмыстарына жоба-сметалық құжаттары дайындалып, экономикалық сараптамадан өткізілуде.

«Қалбатау ауылындағы мәдениет үйі ғимаратының жапсаржайы» жоба-сметалық құжаттары дайындалып, жобаны іске асыру 2012 жылға жоспарланды.

Қалбатау ауылында 2012 жылы облыстық бюджет есебінен салынуы жоспарланған спорттық модулы құрылысына 143,970 млн. теңге қаражат бөлінді.

10 елді мекенде 2012 жылы салынатын мал қорымдарының жоба-сметалық құжаттарды дайындауға 3100,0 мың теңге бөлініп, 2945,0 мың теңгесі игерілді.

Үшбиік ауылында «Дәрігерлік амбулатория» нысанының жоба-сметалық құжаттары дайындалуда, жобаны іске асыру 2013 жылға жоспарланған.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жергілікті маңыздағы жолдарды қалыпта ұстау жұмыстарына 169257 мың теңге қаржы бағытталып, осы қаржы шегінде Үшбиік және Сұлусары ауылдарындағы көпірлерге ағымдық жөндеу, Қалбатау ауылының Қабанбай көшесіне орта жөндеу, Шар қаласының темір жол вокзалы алаңына ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесін қалыпта ұстау жұмыстарына 103502 мың теңге жұмсалып, «Ақбұзау-Шар» су құбырының учаскесіне күрделі жөндеу, Жайма ауылының, Үшбиік және Белтерек елді мекендерінің су құбырлары ағымдық жөндеуден өткізілді.

Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру жұмыстарына 27340 мың теңге бөлініп, игерілді. Осы қаражат аясында Салқынтөбе және Бірлік ауылдарының орталық көшелеріне, Қалбатау ауылының Қалматаев, Әлімбетов, Байқошқарұлы, Мұсылманқұлов және Мұстанбаев көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Көркейту және көгалдандыру жұмыстарына 3000 мың, санитарлық тазалау жұмыстарына 9 896 мың теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілді.

Жеке тұлғалы азаматтарға үй сатып алып беруге 19120 мың теңге қаражат қарастырылып, оның 18440 мың теңгесі игерілді.

Аудан бойынша жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыруға 300 мың теңге (Жарық – Қалбатау бағыты) жұмсалды.



Халықты әлеуметтік қорғау саласында тұрғындардың әлсіз топтарын қолдау бойынша мақсатты жұмыстар жалғастырылуда.

Аудан бойынша ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны – 166 адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,7%, ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 0,6 %. Тұрмыс жағдайы төмен тұратын азаматтардың саны 2 % азайып, 2463 адам құрады.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 2011 жылы 1717 жұмыссыз қатысты, бөлінген 33330,0 мың теңге қаржы толық игерілді, одан тыс 780,0 мың теңге кәсіпкерлердің қаржысынан бөлінді. 2010 жылы осы мерзімге салыстырғанда 80,7 % артық (950 жұмыссыз).

«Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 43 адам жұмысқа жіберіліп, 17-сі тұрақты жұмысқа орналасты, 129 адам кәсіби даярлаудан өтті.

2011 жылы 760 жаңа жұмыс орындары ашылып, 1470 жұмыссызға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді.

Әлеуметтік жұмыс орынына 24 адам жіберіліп, жұмысқа орналастырылды.

«Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 154 жұмыс орыны ашылды, оның ішінде 89 адам жұмыспен қамту бөлімі арқылы орналастырылды.

2011 жылы жұмыссыздарды кедейлік пулынан шығаруға бағытталған «Шәкірттік жұмыс орындарын құру» пилоттық жобасы іске асырылып, оның шеңберінде «Георгиевка сорғы жабдықтар зауыты» ЖШС-де 6 жұмыссыз қатысып, жұмысқа орналасты.

«Көкөніс өсіру бригадасын құру» пилоттық жобасы 10 ауылдық округте жүзеге асырылып, 116 адам қамтылды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2011 жылы 377 отбасындағы 1599 адамға (2010 жылғыдан 3%-ға төмен) 24683,4 мың теңге тағайындалып, төленді

Балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы 1184 отбасындағы 2791 алушыға (алдыңғы жылғыдан 20%-ға аз) 34706,6 мың теңге тағайындалып, төленді.

Тұрғын үй көмегі жыл басынан 329 отбасындағы 1065 алушыға 7834,0 мың теңге тағайындалып төленді.

Азық - түліктің бағаларының өсуіне байланысты аз қамтылған отбасыларынан - 1300 адамға 14149,2 мың теңге материалдық көмек төленді.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша 2011 жылы 4234 адамға 11137,0 мың теңгенің материалдық көмегі көрсетілді.

Ардагерлерге, мүгедектерге, аз қамтылған отбасыларына жеңілдікпен 691 дана мерзімдік басылымдар жаздырылып, оған 812,17 мың теңге қаржы бағытталды.

2011 жылы мүгедектікті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 35 мүгедекке протездік-ортопедиялық бұйым, 14 мүгедекке тифлотехникалық құрал, 38 адамға гигиеналық құрал, 10 адамға серуендеуге шығатын арбашалар бөлініп, берілді. 17 мүмкіндігі шектеулі адам санаторлық-курорттық емдеуге жіберілді.

Үйде оқылатын 37 мүгедек балаға ай сайын 8 АЕК мөлшерінде, жиыны 5446,0 мың теңге материалдық көмек төленді.

Аз қамтылған жанұялардағы туберкулез ауруына байланысты мүгедектерге ай сайынғы материалдық көмекке 2 АЕК мөлшерінде 2011 жылға жергілікті бюджеттен 1104,0 мың теңге бөлінді.

250 ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге ай сайын 2,0 және 5,0 мың теңгеден коммуналдық қызметке 1074,6 мың теңге төленді.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» және «Батыр ана», атағын алған, 4 және одан көп балалы аналарға 5,0 мың теңгеден 16440,0 мың теңге біржолғы көмек төленді.

Шығыс Қазақстан облысында «2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасына қатысушыларды көшіруге және қоныстандыруға жәрдемдесудің 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы» бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 60 оралман отбасы тұрғын үй құрылыс жинақ банкісімен келісім-шартқа отырып, Новоявленка ауылына қоныстанды (150%). 10 отбасы тұрғын үй құрылыс жинақ банкісімен құжаттарын рәсімдеуде.

Қалбатау ауылында «ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қорымен келісім шарт бойынша мүмкіншіліктері шектеулі балалар және 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар адамдарға арналған жеке бөлме ашылып, бекітілген жоспар бойынша әлеуметтік қызметкерлер жұмыс жүргізуде.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында, 2011 жылы кәсіби қайта даярлауға 84 адам жолданды, оның ішінде Шар қалалық № 4 кәсіптік лицейіне токарь, көлік жөндеу слесары, «В,С» категориясының жүргізушісі, аспазшы, бағдарламашы, наубайхана шебері мамандықтары бойынша - 79 адам, Семей қаласының байланыс және радиотехника колледжіне радиоэлектрондық жабдықтарды жөндеу шебері мамандығы бойынша – 5 адам жолданды. Біліктілікті арттыру курстарына Семей қаласының бухгалтерлік колледжіне есепші мамандығына - 3 адам және бөлік колледжіне «Д» категориясының жүргізушісі мамандығы бойынша – 1 адам жолданып, оқуларын аяқтады.

Кәсіби даярлауға 170 адам жолданып, колледждер мен кәсіптік лицейлерде оқытылуда.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 55 адам, 32 жұмыс берушіге жолданды, бөлінген қаражат толық игерілді.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде шағын несиені қаржыландыру үшін ауданға – 62,2 млн.теңге сомасында қаражат бөлініп, 30 азаматы, жеке ісін ұйымдастыруға және кеңейтуге мүмкіншілік алды. Осы жобаларды қаржыландыру мақсатында «КС «Жарма-2020» ЖШС-гі және «КС «Ақшабай-2020» ЖШС-гі ашылды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 2,6 млн.тенге бөлінді. Бағдарлама арқылы 3 кәсіпкер, ұйымдастырған жеке ісіне қажет инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға мемлекет тарапынан қолдау алды.

Жарма ауданы бойынша «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде, экономикалық әлеуеті төмен Қойтас, Жіңішке, 15 км. айырық, Қарақойтас, Делбегетей, Еңірекей елді мекендерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік қорғау саласындағы басты міндеттер - жұмыссыздық деңгейін азайтуға ықпал ету, ол үшін кәсіптік және қайта даярлаудан өткендерді барынша жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмектің неғұрлым нысаналы болуын қамтамасыз ету, арнаулы санаттағы азаматтарға жаңа стандарттарға сәйкес сапалы қызмет көрсету.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында еңбек нарығындағы қажетті мамандықтарды ескере кәсіптік оқыту, шағын несиемен қаржыландыру жоспарланған жобалар бойынша жұмыс жүргізу, экономикалық әлеуеті төмен елді мекен тұрғындарын - экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге көшіру және барған жерде тұрақты жұмыспен қамтылуы мақсатында кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан өткізу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізу.



Білім беру саласында 44 жалпы білім беретін мектеп, оның 36-сы шағын комплектілі мектептер, аудандық өнер мектебі, балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, «Мейірім» спорттық-сауықтыру лагері, 6 балабақша, 2 мектеп жанындағы интернат жұмыс істейді.

Мектептердің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға 2011 жылы жергілікті бюджеттен 6 млн. 445 мың теңге бөлінді.

Оның ішінде Маяковский атындағы орта мектепке автобус, Қарасу орта мектебіне трактор, Бақыршық орта, Арқалық және Васильковка негізгі мектептеріне компьютер жиынтығы, Қоңырбиік орта мектебіне жылу жүйесіне қазандық, Қалматаев, Жамбыл атындағы орта мектептеріне жылу жүйесіне электроқозғалтқыш, Қарасу және Суықбұлақ орта мектептеріне телефон желісінің радиоұзаартқышы сатып алынды.

1500,0 мың теңгеге Шар қаласындағы «Өнер мектебі» филиалына ғимарат, «Мейірім» спорттық-сауықтыру лагеріне 4000,0 мың теңгеге ат спортын дамыту мақсатында жылқы сатып алынды.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша Крупская атындағы және Бірлік орта мектептерінің отжағу қазандығына, Қалматаев және Уәлиханов атындағы орта мектептердің жылу жүйесі және отжағу қазандықтарына күрделі жөндеуге 22595,4 мың теңге бөлініп, игерілді.

Қызылағаш орта мектебі ғимаратының төбесіне, Қажыгелді атындағы орта және Арқалық негізгі мектептерінің жылу жүйесіне, Теряев атындағы орта мектептің жылу қазандығына, Карелин атындағы орта мектеп сыртқы жылу желісіне және жылу жүйесіне ағымдық жөндеуге 20027, 8 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Бүгінгі күні ауданның 44 мектебінің 38-сі Интернет жүйесіне қосылған, интерактивті тақта саны – 36, мультимедиялық кабинеттер -21, жабдықталған биология кабинеттері-12, физика-21, химия-4.

2011 жылы Көбдіков, Теряев, Уәлиханов атындағы және Қызылғаш орта мектептеріне мультимедия кабинеттері, Абай атындағы мектеп-балабақша кешеніне, Теряев, Крупская атындағы, Суықбұлақ, Жаңғызтөбе орта мектептеріне биология кабинеттері алынды. Мектептердің материалдық-техникалық базаларын нығайту мақсатында 2011 жылы Георгиевка және Аршалы орта мектептеріне 5+1 компьютер кабинеті алынды. Аудан оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқуға арналған 2281 электрондық оқулықтармен қамтылған.

Аудан мектептерінің қажеттілігіне сәйкес, 2011-2012 оқу жылы 48 жас маман жұмыспен қамтылды.

Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру сапасын анықтаудың басты бір тетігі-Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 2011 жылы 18 түлек «Алтын белгі» иегері, 6 түлек «Үздік аттестат» иегері атанса, 178 мектеп бітіруші 100-ден жоғары ұпай жинады. Нәтижесінде аудан бойынша орта балл 92,3-ке жетті, бұл 2010 жылға қарағанда 8,7 баллға жоғары.

2011 оқу жылында 1-4 сынып оқушылары және аз қамтылған отбасы оқушылары тегін ыстық тамақпен 100 пайыз қамтылды. Облыс әкімінің 2009 жылдың 27 шілдесіндегі марал, ара шаруашылығын қолдану бағытындағы бағдарламаны іске асыру туралы №2010 тапсырмасын орындау мақсатында Жарма ауданының білім беру мекемелерінде ыстық тамақ ұйымдастыру іс-шарасына 2010 жылдың 9 қаңтарынан бастап тегін ыстық тамақ ас мәзірінің рационына 1 балаға 20 грамнан бал және сүт өнімдері беріледі. 1-4 сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасы оқушылары балмен 100 пайыз тегін қамтамасыз етілді, бұған бюджеттен 2011 жылы 3006, 0 млн. теңге және 1,5 млн. теңге демеушілер есебінен бөлінген.

Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін 2011-2012 оқу жылына білім беру мекемелерінің асханаларына санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, технологиялық құрал-жабдықтарды сатып алуға жергілікті бюджеттен 2 929 мың теңге қаражат бөлінді.

Білім беретін мектеп оқушыларының білімін тереңдету және кеңейту, логикалық ойлауын қалыптастыру, ғылымға терең қызығушылғын арттыру, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу мақсатында дәстүрлі түрде «Дарынды балалар» форумы, оқушылар арасында ғылыми жоба жарысы, оқушылардың пәндік олимпиадасы, халықаралық «Кенгуру», «Кенгуру-лингвист», «Золотое руно» атты ойын-байқаулары өткізілді.

Қосымша білім берумен 1719 бала қамтылған, бұл 24,6 пайызды құрайды немесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,8 пайызға өсіп отыр. Жаңа оқу жылынан «Мейірім» спорттық-сауықтыру лагері базасында «Қарашегір» ат спорты клубы, 3 мектепте (Қарасу, Ақтайлақ би, Қалматаев атындағы орта мектептер) туристік өлкетану орталығы, Крупская атындағы орта мектепте экобиологиялық орталық ашылған, сондай-ақ «Жанама» футбол клубы жұмыс істейді.

Өнер мектебінде 235 бала қамтылған, үстіміздегі оқу жылында Шар қаласындағы филиалда, Қалбатау ауылында бейнелеу өнері студиясы, Үшбиік ауылында домбыра, қобыз сыныбы, Бақыршық кентінде ақындар сыныбы ашылды.

Спорт секцияларына қатысатын оқушылар саны – 3560, бұл 50,3 пайызды құрайды.

Алдағы уақытта білім беру саласында педагогтардың шығармашылық қабілетін арттыру және инновациялық деңгейін көтеру, ҰБТ-ге сапалы дайындықты қамтамасыз ету, мектептерде интеллектуалдық сыныптар мен топтардың санын ұлғайту, кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында қоғамдық ұйымдармен бірлескен жұмысты жетілдіру, демеушілердің көмегімен аула клубтарын ұйымдастыруды жалғастыру бойынша жұмыстар жүргізу қажет.

Денсаулық сақтау саласында 2 медициналық бірлестікке қарасты 3 аурухана (90 орындық аудандық, 40 орындық Шар қалалық және 30 орындық туберкулезге қарсы аурухана), 12 дәрігерлік амбулаторияя, 2 фельдшерлік пункт, 29 медициналық пункт, шағын елді мекендерде 10 ғимаратсыз медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

Емдеу мекемелеріне жоғары білімді 6 жас маман жұмысқа орналастырылып, оларға көтерме жәрдемақы және баспана алу үшін несие берілді.

Өткен жылы тегін медициналық көмекке – 577881,9 мың, материалдық-техникалық жарақтандыруға – 12868,2 мың теңге қаржы бөлінді.

Бес ауылда (Қызылағаш, Қарашоқы, Асқаралы, Жарықтас, Шуақ) ғимаратсыз жұмыс істейтін медицина қызметкерлері үшін қызметтік үй-жай алу үшін жергілікті бюджеттен 2,0 млн. теңге бөлініп, №1 медицина бірлестігінің перзентханасына күрделі жөндеу жұмыстары үшін сметалық құжаттама дайындалды.

Туберкулезбен аурудың алдын алу шараларына (қосымша тамақтану, тексеріліп емделу және жол шығындарына, тұрғын үй алуға) аудан бюджетінен 1,5 миллион теңге қаржы бағытталды.

№1 медицина бірлестігінде аурудың алдын алу, балалармен жұмыс, медициналық психолог, әлеуметтік психологиялық жәрдем бөлмелері ашылып, онда 5 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді.

Өткен жылы демографиялық көрсеткіштер – туу (2010 жылы – 786, 2011 жылы- 895, өсім - 20,2 %), халықтың табиғи өсімі (2010 жылы -342, 2011 жылы – 467, өсім - 10,6 %) жақсарып, 1 жасқа дейінгі нәресте өлімі 20-дан 18-ге (20,1 %) төмендеді.

Тұрғындарды сауықтыру және ауруды ерте анықтау үшін скринингті медициналық тексеру жүргізілді, халықтың флюрографиялық тексеруде өтуі – 97 пайызды құрады.

Медицина саласында дәрігерлердің біліктілігін арттыру, әлеуметтік мәнді аурулардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуі керек.

Мәдениет саласында тұрғындарға аудандық мәдениет үйі, Шар қалалық мәдениет үйі, 17 ауылдық клубтар мен жастар үйлері, 12 кітапхана қызмет көрсетуде.

2011 жылы саз колледжін бітірген 12 жас маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша аудандық мәдениет үйінің «Кәусар» халық ұлт-аспаптар оркестріне музыкант ретінде жұмысқа қабылданды. Олар тұрмысқа қажетті жабдықтарымен бірге тұрғын үймен, бір жолғы көтерме ақымен қамтамасыз етілді.

Жыл ішінде елді мекендер тұрғындарына «Халықтық» өнер ұжымдарының концерттік бағдарламалары ұсынылып, «Шабыт» ән-би байқауы, «Тәуелсіздік-ел тірегі» атты 2-ші аудандық ақындар айтысы, «Күй-құдіреті» атты күйшілер сайысы, «Тәуелсіз елдің- өнерлі бүлдіршіндері» атты концерт, «Менің Қазақстаным» атты патриоттық әндер байқауы сияқты әлеуметтік мәнді шаралар өткізілді.

Облыс әкімінің жүлдесіне арналған 15-ші халықтық спорт ойындары аясында өткен киіз үйлер байқауында мәдениет үйінің киіз үйі Бас жүлдені жеңіп алды.

Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Катонқарағай ауданында өткен «Алтай-Түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық форумға қатысып, шетелдік қонақтарға «Беташар» рәсімін көрсетті. Сондай-ақ, Астана қаласында өткен Шығыс Қазақстан облысының мәдени күндеріне қатысты.

Өскемен қаласында өткен «Туған ел-алтын бесігім» атты Жарма ауданының мәдени күнінде аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары үздік өнерлерімен танылды.

Мәдениет саласындағы жетістіктері үшін «Кәусар» халық ұлт-аспаптар оркестрінің дирижері А.Ахмеджанова «Ерен еңбегі үшін» медалімен, оркестрдің музыканты Н.Азаматов, Мәдениет үйінің директоры С.Танекенов Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» атағымен марапатталды.

Дене тәрбиесі мен спортты дамыту мақсатында аудан әкімінің жүлдесіне арналған халықтық спорт ойындары, мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдарының, мұғалімдердің, оқушылардың спартакиадалары, волейболдан, еркін күрес пен бокстан облыстық турнирлер, «Денсаулық фестивалі», «Денсаулық күні», туризм жарыстары сияқты бұқаралық шаралар өткізілуде.

7 спорт түрі бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен Шар қаласы, Жаңғызтөбе кенті, Жарық, Сұлусары, Жаңаөзен, Үшбиік, Қаратөбе, Белтерек, Бірлік, Қызылағаш, Шуақ ауылдарында филиалдарында 804 бала жаттығады.

Спорт мектебінің түлегі Расул Қалиев Румынияда өткен жастар арасындағы еркін күрестен әлем біріншілігінде күміс медальға ие болды.

Облыс әкімінің жүлдесіне арналған 15-ші халықтық спорт ойындарында аудан құрама командасы жүлделі үшінші орынды иеленді.

Аудан спортшылары облыс құрама командасы қатарында Атырау қаласында өткен мемлекеттік қызметшілер арасындағы І республикалық спартакиадаға тоғызқұмалақ пен шағын футболдан қатысып, облыс командасының жүлделі ІІІ орын алуына өз үлестерін қосты.

Жас спортшылардың жаттығуы үшін Қалбатау, Шуақ ауылдары, Әуезов кенті мен Шар қаласында хоккей қорапшалары іске қосылған. 2012 жылы Қалбатау ауылы мен Шар қаласында жасанды газонмен шағын футбол алаңын салынбақ, сондай-ақ аудан орталығында спорт модулінің құрылысы басталмақ.

Алдағы уақытта қолда бар спорт залдар мен спорт алаңдарын пайдалана отырып, дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санын арттыру бойынша жұмысты жандандыру қажет.

Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ауданда 2011-2013 жылдарға арналған бағдарлама жүзеге асырылуда. Бағдарламаның орындалуы, қылмыстылықты азайту мәселелері аудандық ведомствоаралық комиссияда, азаматтар жиындарында үнемі қаралып отырады. 12 адамнан тұратын «Сарбаздар» өзін-өзі қорғау отрядының жұмысы қылмысты ашу мен оның алдын алуға оң ықпалын тигізуде.

Сонымен қатар, 2011 жылы тіркелген қылмыстар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 345-тен 495-ке дейін немесе 43,5 %-ға өскен. Қылмыстарды ашу деңгейі алдыңғы жылы 70,6 % болса, былтыр 51,3 %-ды құрап, төмендеген.

Қылмыстың барлық түрлері дерлік, оның ішінде мал ұрлығы 68-ден 142-ге дейін өскен. Бұл келеңсіз жағдайдың алдын алу мақсатында елді мекендерде жиындар өткізіліп, малдарды сырғалау, табынға қосып жаю, оларды ұстайтын орындардың беріктігін қамтамасыз ету жайлары ортаға салынды.

Тәртіп сақшылары тарапынан қылмыстың жолын кесу, ашылуын қамтамасыз ету бойынша кәсіби шеберлік пен біліктілік таныту, жедел әрекеттер атқарылуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу мақсатында мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі және басқа мәселелер бойынша семинарлар, құқықтық оқулар өткізілді. Мемлекеттік органдар басшыларының өз кірістерін мәлімдеуіне арналған «Өзіңнен баста» акциясы бойынша тиісті мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілді.

Ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығын сақтау, жұртшылықты ортақ мүдде жолында топтастыру мақсатымен Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары бойынша әр түрлі жұмыстар атқарылды.

Әр түрлі мерекелік, атаулы күндерге арналған шаралармен бірге, Халықтар достығы фестивалі, «Достық» аллеясына көшеттер отырғызу, «Астана – тәуелсіздік тірегі», «Ұлт денсаулығы – ел байлығы» атты акциялар, «Жасай бер, Қазақстан!» атты керуен тобының әкімшілік бірліктерге сапары және басқа қоғамдық, мәдени-көпшілік, спорттық шаралар болып өтті.

Аудандық, облыстық, республикалық ақпарат тобы мүшелерінің қатысуымен округтерде теріс діни ағымдардың қоғамдық қауіптілігі туралы жұртшылық өкілдерімен кездесулер өткізілді. Рухани келісім және ұлтаралық ынтымақтастық, діни экстремизмге жол бермеу мәселелері бойынша қазан айында кеңес өткізіліп, онда құқық қорғау, білім салаларының, діни бірлестік өкілдері өз пікірлерін ортаға салды.

Жастармен жұмыс бағытында мүдделі орган, бөлімдермен бірге «Нашақорлық пен есірткі саудасының қоғам мен адамға зияны туралы» семинар-тренинг, «Бұл – менің Азиадам», «Жасыл желек» акциялары, «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафетасы, «Әскерге шақырылушы күні», «Дені сау ұлттың рухы мықты» атты семинар, «Тәуелсіздік – қуанышым, бақытым!» атты көңілді тапқырлар клубы ойыны және басқа шаралар ұйымдастырылды.

Өткен жылы жастар саясаты саласында ауданымыздан 2 адам облыс әкімінің «Жас отбасы» және «Жылдың жас журналисі» номинацияларына ие болды.

Аудандық Жастар үйі ашылып, онда үстел теннисі секциясы, би үйірмелері, жастардың дебат және сұхбат клубтары, көңілді тапқырлар клубы ұйымдастырылып, жұмыс жасауда.

2012 жылдың І жартыжылдығына негізгі мерзімдік қоғамдық-саяси басылымдарға жазылу квотасы толық орындалды. Телеарналар қызметі үшін өткен жылы 3 млн. 400 мың теңге қаражат бөлініп, жиыны 1 сағат 8 минуттік хабарлар, сюжеттер көрсетілді.

Көрнекі үгіт бойынша аудан орталығында «жүгіртпелі жолы» бар триптих-кешен орнатылып, орталық көшелерге светокоробтар ілініп, халыққа қызмет көрсету орталығы, Жастар үйі ғимараттарының сырты көркемделді, аудан орталығынан шыға беріс 2 бағытқа темір конструкциялар орнатылды.

«20 жарқын іс» және «Туған жерге тағзым» акциялары бойынша бірқатар әлеуметтік мәнді шаралар өткізіліп, жобалар іске асырылды. Аталған екі акция бойынша игерілген қаражаттың жалпы көлемі – 316 млн. 450 мың теңге.

Жеке жобалар бойынша Шар қаласында кәсіпкер Асланбек Сәдуақасов «Қалбатау-Семей» тас жолының бойында медициналық құтқару пунктін, Әуезов кентінде Жомарт Садуақасов Бақыршық орта мектебінің спорт залын күрделі жөндеуден өткізіп, Бақыршық қажыға ескерткіш белгі орнатты. Ақжал ауылында көшелерді жарықтандыру, Суықбұлақ кентінде жастар үйін күрделі жөндеуден өткізу, мешіт құрылысы жүргізілді.

Өңірден шыққан белгілі тұлғаларды, кәсіпкерлерді әлеуметтік мәселелерді шешуге қатыстыруға мүмкіндік беретін бұл игі шара алда да жалғасын таппақ.



2011 жылы аудан әкімінің есебі бойынша өткен халық өкілдерінің жиындарында айтылған 12 ұсыныс-тілектің барлығы орындалды. Оның ішінде білім беру саласы бойынша Маяковский атындағы орта мектепке автокөлік сатып әперіліп, Арқалық негізгі мектебінің жылу жүйесіне, Крупская атындағы орта мектептің қазандығына, Қалматаев атындағы орта мектептің қазандығы мен жылу жүйесіне жөндеу жүргізілді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша – Бірлік және Салқынтөбе ауылдарындағы көшелер жарықтандырылып, Үшбиік ауылындағы және Қызылсу өзенінен өтетін көпір, Шар қаласындағы вокзал алаңы, Белтерек ауылындағы су құбыры, «Ақбұзау-Шар» су құбырының учаскесі, Жарма кентіндегі клуб ғимараты жөндеуден өткізілді.

Ауданның атқарушы органдары Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген жаңа міндеттерді жүзеге асыруда жергілікті өкілді органмен, жұртшылықпен бірлескен жұмыстарды жалғастыра беретін болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет