«Кулiп, оян, Алматы»
Күліп оян!» таңғы ойын-сауықтық бағдарламасы.
«Сергіту»-Утренняя зарядка
Хронометраж: до 4-х минут.
Таңғы жаттығу, бұлшықеттерді қатайту әдістері, сондай ақ халық билері, йога, пилатес және тағы басқа билер көрсетіледі. Тіс тазалау барысында, аялдамада немесе автобуста тұрғанда қандай жаттығулар жасауға болады деген сауалдарға да жауап береді.
«Дәмді тағам» - Вкусная еда
Хронометраж: до 5 минут.
Тамақ пісірудің шебері енді өзінің аспаздық шоуында кулинарлық құпияларымен бөліседі! Қазақтың ұлттық тағамдарынан бастап, Еуропа, Шығыс тағамдарын дайындаудың әдістері баяндалады. Жоғары білікті аспаз тағамды экран алдында рецепт бойынша пісіріп көрсетеді.
«Жұлдыз жорамал» - Гороскоп
Хронометраж: до 3 минут.
Жұлдыз жорамалға қарап, адамның болмысын ашуға болады. Кейде тіпті астрологтың айтқандары дәлме-дәл келіп қалғанда, ерекше таң қалатынымыз бар. Сол үшін де көрермендер тарапынан үлкен сұранысқа ие айдар. Мамандардың таңертеңгі уақытта алдағы күн жайлы болжамдары беріледі.
«Сән мен сымбат» - Красота и мода
Хронометраж 3-5 минут. Аптасына 3 рет.
Әдемі болып көріну өнерін үйретеді. Тек қыз-келіншектерге ғана емес, ер азаматтардың да сәндік киімдері мен түр-тұлғасы жайлы тақырыптар қозғалады. Мақсаты - дұрыс киіну, дұрыс жүріп-тұру, сұлулықтың қыр-сырын, макияж, маникюр түрлері туралы ақпарат беру. Мәселен, татуаж түрлері қасқа арналған, көзге, ерінге, олардың пайдасы жөнінде мамандар пікірі беріледі. Сарапшылармен сұхбат салондарда, дүкендерде түсіріледі. Сондай ақ сұлу болып көріну үшін халықтық тәсілдер де мысалға алынады.
«Психология»
Хронометраж 3 минут. Аптасына 3 рет.
Қазіргі нарықтық экономика заманында психологиялық күйзеліске түсу оқиғалары артты. Сондықтан осындай күйде жүрген адамдарға психологиялық көмек көрсету қажет. Психолог маман көрермендерді толғандырып жүрген мәселелерді шешуге үйретеді, қиындыққа дұрыс көзқараспен қарауға үйретеді, әрі ой салады.
«Дертке дауа» - Здоровье
Хронометраж 3 минут. Аптасына 5 рет.
Медициналық бағдарлама. Қазіргі заманауи медицинадағы өзгерістер, жаңа технологиялар, жаңа емдік тәсілдер тақырыпқа арқау болмақ. Сондай-ақ халықтық емдер де назардан тыс қалмайды. Үй жағдайында отырып- ақ айығуға болатын дерттер жөнінде айтылады. Ертеректе пайдаланылған ем-домдарды қазіргі медицинамен байланыстырып көрсету де форматымызға енгізілген.
«Автоәлем» - Автомир
Хронометраж 2 минут. Аптасына 2 рет.
Қазіргі қарбалас заманда автокөліксіз тірлік бітпейді. Сондықтан да темір тұлпарға қатысты жаңалықтар кімді болсын қызықтыратыны анық. Бұл айдар жеңіл көліктің жаңа түрлері, темір тұлпар мен оның қосалқы бөлшектерін дұрыс қолданудың тәсілдері, автомобильдерді жөндеу, күтіп-баптауға қатысты тақырыптарды көтереді.
«Бассауға» -Самооборона
Хронометраж 2 минут. Аптасына 3 рет.
Бұл айдар кез келген өзін өзі қорғаудың ережелерін, айла-тәсілдерін үйретіп, адамға ішкі сенімділік сыйлайды. Өмір болған соң адам басына неше түрлі іс түседі. Сондай кезде тез қимылдап, жылдам шешім қабылдауға баулиды. Негізгі тақырыптары – басбұзарлар мен қылмыскерлерден сақтану жолдары. Бағдарламаны спортшы, бапкер спорт залында жүргізеді. Сондай-ақ айдарда қыз-келіншектердің де өзін өзі қорғап үйренуі жайлы тақырыптар да қамтылады. Бокс,таэквандо, ай-ки-до, ай-куне т,б. спорт түрлерінің қорғану тәсілдері туралы да мағлұматтар да беріледі.
«Таңғы бенефис» - Утренний бенефис
Хронометраж 7 минут. Аптасына 3 рет.
Тікелей эфирде жүргізіледі. Эфир барысында кез келген азаматтың студия қонағы болуына мүмкіндік бар. Ол үшін танымал болудың қажеті жоқ. Ең бастысы, талантыңызбен бөлісуге ниетіңіз болса болғаны. Кезінде бір мәлімдемелерімен, белгілі бір іс-әрекеттерімен, түрлі қылықтарымен елге танылған немесе көптен бері көрінбей жүрген азаматтарды да әңгіме-дүкен құруға, өз өнерін, біз білмейтін қырларын көрсетуге шақырамыз.
«Таңғы Алматы» - Утрениий Алматы
Хронометраж 5 минут. Аптасына 5 рет.
Репортаждар. Алып шаһардың күнделікті тыныс-тіршілігінен хабардар береді. Журналистер күнделікті күйбең тіршіліктерге қатысты тақырыптарды, өздері куә болған жаңалықтар мен тосын оқиғалар туралы мәліметтер беріп, репортаж жасайды. Бұл қызықты, әлеуметтік немесе төтенше репортаж болуы мүмкін. Тақырыптары әр түрлі.
«Бал-бала»- Карапуз
Хронометраж 2-3 минут. Аптасына 5 рет.
Балалар өміріндегі қызықты оқиғалар, жаңалықтар енеді. Айдардың басты ерекшелегі - көрермендерге балалық шаққа саяхат жасауға мүмкіндік беру, көрермендердің назарын балалардың періштедей пәк, тәтті қылықтарына аударту. Түсірілімге 2-5 жастағы бүлдіршіндер қатысады. Олар тақпақтар айтады, оларға сұрақтар қойылады. Бүлдіршіндердің мүмкіндіктері мен қабілеттерін, таланттарын ашуға баулитын айдар.
«Тегін бірліктер»-Бесплатные единицы
Хронометраж 2 минут. Аптасына 5 рет.
Жүргізуші көрермендермен тікелей байланыста болады. Күн сайын тікелей эфирде таңғы бағдарлама жүргізушілері - көрермендерге «Актив», «Теле-2» және «Билайн» ұялы байланысының карточкаларындағы сандарды оқиды. Есте сақтау қабілеті мықты, епті көрермендер тегін бірліктерді өз телефонына жүктеп алады. Басты мақсаты - көрерменнің көңілін сергіту.
«Телевикторина»
Хронометраж 5 минутқа дейін. Аптасына 2 рет.
Тікелей эфирде жүргізіледі. Жүргізуші еліміздің тарихы, мәдениеті мен әдебиетіне, өнеріне қатысты сауалдарды жасырады. Жауабын дұрыс тапқан адамға театрға, киноға билеттер беріледі, сондай ақ қазақ жазушыларының әдеби- танымдық кітаптарын тарту етеміз.
Анонс! бағдарламалар мен жаңалықтарға
Хронометраж 2 минутқа дейін. Аптасына 5 рет.
Қоғамдық мәселелерді кеңінен талқылайтын арнамыздағы бағдарламалардың қысқа нұсқасын көрсету. Жаңалықтар қызметіндегі күн тақырыбы алдын ала дайындалатындықтан таңғы эфир кезінде анонс беру. Жүргізуші күннің сауалын жариялайды.
Рекламный отдел Телеканала «Алматы» +7 (727) 275 22 22
«Алматы» телеарнасы Жарнама бөлімі +7 (727) 275 22 22
Достарыңызбен бөлісу: |