«Жас географ» сайысы
Мақсаты: 1.ХХI ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай ой-өрісі дамыған азаматты қалыптастыру.
2. Жас ұрпаққа сапалы білім беру, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде болуға тәрбиелеу.
3. Оқушының пәнге қызығуын ойлау қабілетін дамыту, мектептің көшбасшысын анықтау, алғырлыққа, тапқырлыққа және тез ойлана білуге үйрету.
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса қалт айтпайды,
Әрқашанда нанымды,-дей келе сайысымызды бағалайтын әділ қазылар алқасымен танысыңыздар.
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден –жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол еңбектену, жалықпау
Ендеше ортамызға география пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды шақырайық.
11 сынып оқушысы –
11 сынып оқушысы –
10 сынып оқушысы –
9 сынып оқушысы –
9 сынып оқушысы -
Сайыс
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер, - деп сайысымыздың алғашқы шарты «Қатені тап» деп аталатын тапсырманы орындайық (әр сайыскерге жеке-жеке географиялық диктанттың тапсырмасы беріледі, тақырып ішінен қатені табу).
1-ші кезең «Қатені тап»
Бір саяхатшы Оңтүстік Америкаға сапарынан кейін есеп жазады. Ол өз есебінде бірнеше қателіктерге жол береді.
Тапсырма: Сол қателіктерді табыңдар. Оңтүстік Америка экваторға қатысты орны бойынша Солтүстік жарты шарда орналасқан.
Материктің көп бөлігі Африка платформасында жатыр.
Солтүстігінде Дрейк бұғазы бөліп жатқан «Отты жер» архипелагы бар. Материкті жағалауын шаяды. Конго өзенінің маңы өте әсем жерлерінің бірі, онда ғажайып Виктория-регия өсімдігі өседі. Ориноко ойпатында Поопо көлі жатыр. Амазонканың шыршалы ормандарында капибаралар, бұландар өмір сүреді.
2-ші кезеңде «Кім жылдам?» (әріптер ішінде географиялық объектілер бар, соны анықтау)
-
чтарабиялервунілдцфдрейкксчэбжерортахшья
-
йебшбралтарцюскандинавияьфтайфундарал
-
мвацунамидыяанхельйфчамзонкаврпконгозх
-
чяьгольфстримкасқызылтсфямексикацубайкая
3-ші кезеңде «Логикалық сұрақтар»
-
Республикамыздағы жер бедерінің ең төменгі нүктесі еліміздің батысындағы Маңғыстау түбіндегі Қарақия ойысы, ал биік нүктесі хан Тәңірі шыңына сәйкес келеді.
Сұрақ: Қазақстандағы ең биік және ең төменгі нүктелердің айырмасы қанша?
Жауабы: (6995м+132м=7127м)
-
Бұл тау Ақмола облысында орналасқан қырат. Орташа биіктігі 300-500м. Бұл жер туралы Сәкен Сейфуллин поэма жазды.тБұл жерде Қазақстанның ірі демалыс орны бар.
Сұрақ: Осы жерді ата?
Жауабы: (Көкшетау)
-
Бұл теңіз Еуразия мен Африка аралығында, литафералық тақталардыңтүйісу аймағында орналасқан. Мұнда дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық байқалады.
Сұрақ: Бұл қай теңіз?
Жауабы: Қызыл теңіз.
4. Әбден мүжіліп, үйілген өте көне таулы өлке. Мұнда миллиондаған жылдар бойы жел мен жаңбыр, ыстық пен аяз, қар мен ағын су өзінің әрекетін жүргізген. Қазіргі кезде таудың тек негізгі ғана сақталып қалған. Мұнда жартасты басы сүйір және жіңішке келген қырқаралар мен үйілген қорым тас сияқты формалар кездеседі. Тіпті оқшауланып қалған тасты пирамидалар да байқалады.
Сұрақ: Бұл қандай өлке?
Жауабы: Сарыарқа.
5.Бұл маңайдың тауы, орманы жоқ жап-жалпақ кең даласы көлге таяна бұйраттана бастайды да, аңғарға жақындай қырқаланып, күнгейдегі биік дөң, батыс жақ бетте хан жатқан деп аталатын ойпатқа жақындай, жіңішкере беріп бітеді. Ұста төсіндей сүйірлене барып бітеді. Сағымды күндері алыстан қараған адамға осы сүйір қонғалы келе жатқан алып құстың тұмсығына ұқсайды.
Сұрақ: Бұл жер қалай аталады?
Жауабы: Құсмұрын.
4-ші кезеңде «Адасқан нысандарды сәйкестендіру»
-
Солтүстік Америка Миссисипи
-
Оңтүстік Америка Байкал көлі
-
Еуразия Амазонка өзені
-
Африка Пуэрто-Рико шұңғымасы
-
Тынық мұхиты Мариана шұңғымасы
-
Атлант мұхиты Зонд шұңғымасы
-
Үнді мұхиты Виктория сарқырамасы
5-ші кезеңде «Кім тапқыр?» семантикалық карта дұрыс жауабына «+» белгісі қойылады.
Нысандар
|
мұхит
|
теңіз
|
шыған
|
бұғаз
|
түбек
|
арал
|
Пиреней
|
|
|
|
|
|
|
Бискай
|
|
|
|
|
|
|
Лабрадор
|
|
|
|
|
|
|
Кіші Азия
|
|
|
|
|
|
|
Отты жер
|
|
|
|
|
|
|
Үнді
|
|
|
|
|
|
|
Саргас
|
|
|
|
|
|
|
6-шы кезеңде «Ойлы болсаң, тауып көр»
(қызықты сұрақтар)
-
Шаян тектес жануардың атын жазбақ еді, орнына Солтүстік Африка халқының аты шықты (краб-Араб)
-
Астына салар мақта көрпе оты бар, болар енді Үндістанның портты қала заты бар (матрас-мадрос)
-
Әрі суық, әрі тәтті дәм еді, болып қалды солтүстіктің тұрғыны (эскимо-эскимос)
-
Италияның самсасы ол жейтұғын, Францияның курорты болды тамаша дейтұғын (пицца-Ницца)
-
Қандай өзен А-дан Я-ға дейін ағады (Амудария)
-
Ең ашулы қандай қала? (Грозный)
-
Бір әрпін жоғалтса қандай арал геометриялық фигура болады (Куба)
-
Қандай мемлекетті басқа киюге болады? (Панама).
-
Қандай өзеннің атынан музыкалық нотаны табуға болады? (Миссисипи)
-
Қандай жер ешқашан қартаймайды? (Жаңа жер)
7-ші кезеңде «Адасқан әріптер»
1. фреасдигор
2. лөсссскысқыт
3. яидналси
4. нергналяид
5. бергсйа
6. дориярыс
8-ші кезең «Сыйқырлы қоржын» (сұрақтарға жауап беру)
-
Қазақстан тәуелсіздігін алған жыл (1991ж)
-
АҚШ-тың батысындағы тау жүйесі (Кордильер)
-
Бағдарлауға арналған аспап (тұсбағдар)
-
Қазақстанның ең көп шекарасы қай елмен көп шектеседі (Ресей)
-
Көкжиектің негізгі туыстары (Солтүстік; Оңтүстік; Батыс; Шығыс)
-
Қазақстанда қанша әкімшілік, облыс бар? (14)
-
Ең ұзын параллель? (экватор)
-
Жердің кішірейтілген үлгісі (глобус)
-
Жердің су қабаты қалай аталады? (Гидросфера)
-
Қазақтың тұңғыш географ ғалымы? (Ш.Уәлиханов)
-
Ең саны көп халық? (Қытай)
-
Жер сілкіну ошағы (эпицентр)
-
Теңіз деп аталатын қандай көлді білесің? (Каспий, Арал)
-
Қазақстанда қанша мұздық бар? (2724)
-
Алматы қаласындағы кондитер фабрикасы (Рахат)
9-шы кезеңде «Ең, ең ...»
1. Ең биік тау? (Гималай)
2.Ең ұзын тау? (Анд)
3.Ең үлкен арал? (Гренландия)
4.Ең терең шұңғыма (Мариана)
5.Ең алғаш картаны ойлап тапты? (Эротсофен)
6.Ең ұзын өзен (Ніл)
7.Ең кіші мұхит (Солтүстік мұзды мұхит)
8.Ең тұзды теңіз (Қызыл теңіз)
9.Ең биік сарқырама (Анхель)
10.Ең үлкен түбек (Арабия)
11.Ең биік тау (Гималай)
12.Ең үлкен материк (Еуразия)
Қостанай облысы
Жангелдин ауданы
Ақшығанақ ауылы
Қ.Топаев атындағы орта мектебі
Достарыңызбен бөлісу: |