Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата-ана бола аламыз ба?


Егер серігіңізбен ара қатынасыңызға сызат түссе, сізде оны басқа біреумен ауыстыру мүмкіндігі бар ма



бет18/20
Дата16.05.2022
өлшемі70.5 Kb.
#456863
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
user file 5ebd8775bfdf8

Егер серігіңізбен ара қатынасыңызға сызат түссе, сізде оны басқа біреумен ауыстыру мүмкіндігі бар ма

  • Жоқ , өзіме лайықты серік табуым үшін көп уақыт керек – 5

  • Таныстарым көп , бірақ оларға көңілім толмайды – 3

  • Мүмкіндігім толып жүр – 0

Қорқынышты түс көресіз бе

  • Ешқашан көрмеймін – 0

  • Кейде көремін – 5

  • Айына кемдегенде бір рет көремін – 10

Сенімді достарыңыз бар ма

  • Иә , бар әрине – 0

  • Негізінен таныстар – 3

  • Жоқ , мен тек өз күшіме ғана сенемін -5



ЖИНАҒАН ҰПАЙЫҢЫЗДЫ ЕСЕПТЕҢІЗ


0-ден – 17 ұпайға дейін. Сіз өте байсалды адамсыз, өзге адамдар өмір бойы ұмтылатын жан үйлесіміне де қол жеткізгенсіз. Осы қалпыңызды сақтаумен бірге денсаулығыңызға да жеткілікті түрде назар аударыңыз.
18-ден – 35 ұпайға дейін. Қандай да бір нәрсе сіздің көңіл-күйіңізді кетіріп жүр. Соның не нәрсе екеніне көз жеткізсеңіз жаныңыз өз үйлесімін табады.
36-дан – 50 ұпайға дейін. Сіз атылғалы тұрған жанар тау сияқтысыз. Сізге тәніңіз бен жаныңызды сауалту үшін алдын ала ойластырылған денсаулық бағдарламасы қажет. Сіз түкке тұрмайтын нәрсені де жүрегіңізге жақын алып, ашу-ызаға жиі берілесіз. Жүйке жүйеңізді тезірек тәртіпке келтірмесеңіз, кейін кеш болуы мүмкін.
Сіз қандай әкесіз ?
Әке болу – зор бақыт. Бірақ, өзіңіздің осынау атауға қаншалықты лайықты екендігіңізді бағалау бәрінен қиын. Ендеше, төмендегі саулдарға жауап беріп, қандай азамат екеніңізді таразылап көріңіз.

  1. Баланың берген сұрағына : « Мен бұның бәрін сен есейгенде түсіндіріп беремін» деп жалтарасыз ба ?

Иә- 0
Кейде – 2
Жоқ- 5.

  1. Баланың күнделікті жұмсауы үшін белгілі бір дәрежеде сома беру немесе қайтсе де жетерліктей ақша беру керек деп ойлайсыз ба ?

Иә- 0
Кейде – 2
Жоқ- 5.

  1. Балаға бір нәрсеге тыйым салудан бұрын, неліктен тыйым салатындығыңызды түсіндіруге тырысасыз ба ?

Иә- 4
Кейде – 3
Жоқ- 0

  1. Оның атқарғанісі ешқандай көмек болып жарытпаса да кішкентай баланың үй-іші шаруасына араласуына рұқсат бересіз бе ?

Иә- 4
Кейде – 3
Жоқ- 0.

  1. Баланың күнәсіз өтірігін кешіруге болады деп есептейсіз бе ?

Иә- 0
Кейде – 2
Жоқ- 4

  1. Баланың бойындағы байқампаздықтың кез келген мүмкіндігін жібермеуге тырысасыз ба ?

Иә- 0
Кейде – 1
Жоқ- 0.

  1. Өз балаңызды өмірін өксітердей кемсіте сынайсыз ба ?

Иә- 0
Кейде – 0
Жоқ- 5.

  1. Анда – санда « сілкілеп»алудың тәрбие ісіне зияны жоқ деп есептейсіз бе ?

Иә- 0
Кейде – 2
Жоқ- 5.

  1. Бала тәрбиесі туралы кітаптар оқисыз ба ?

Иә- 4
Кейде – 2
Жоқ- 0.
10. Балалардың өз құпиялары болу керек деп есептейсіз бе ?
Иә- 3
Кейде – 2
Жоқ- 0.
11. Ыдысындағы тамақты түгел тауыспаған балаға ренжисіз бе ?
Иә- 0
Кейде – 1
Жоқ- 4.
12.Сізбен пікір таласында балаңыз сіздің пікіріңізді орынсыз екенін дәлелдей ала ма ?
Иә- 5
Кейде – 3
Жоқ- 0.
13. Балаңыздың осал тұстарын біле аласыз ба ?
Иә- 3
Кейде – 2
Жоқ- 0.
14. Өз балаңыздың қасында уақытты бірге өткізу сізді рақатқа бөлей ме, әлде онымен бірге болуды орындалмаған міндет деп қарайсыз ба ?
Иә- 5
Кейде – 1
Жоқ- 0
15.Бала тәрбиесінде баланың сағын сындырып, оның әрекеттеріндегі табиғылықты жойып, қаталдықпен талап қоюшылықты жек көресіз бе ?
Иә- 5
Кейде – 0
Жоқ- 0
16. Баланың ызаланғанын көріп тұрып, өз ұстамдылығыңызды сақтай аласыз ба ?
Иә- 5
Кейде – 1
Жоқ- 50
17. Балаңызға айтқаныңызды бұлжытпай орындай алатындай етіп бұйыра аласыз ба ?
Иә- 5
Кейде – 0
Жоқ- 0
18. Балаңыздың достарымен тез тіл табысып, сыйласып кете аласыз ба ?
Иә- 4
Кейде – 2
Жоқ- 0.
19. Баланың қылығына ренжіп сөз еткенде, оның жасында өзіңіз мұндай іске бармағаныңыз негіз бола ала ма ?
Иә- 0
Кейде – 2
Жоқ- 5.
20. Балаңыз өсіп қалғанына қарамастан, « мен үлкенмін, сондықтан оған не керек екендігін мен білемін» деген оймен оның өміріндегі мәнді ( жұмыс таңдау, мамандық таңдау т.б)мәселелерді шеше бересіз бе ?
Иә- 0
Кейде – 2
Жоқ- 5.
21. Баланың менен жасырар сыры болмауы керек деген оймен оның күнделігін оқып, хатын ашып қойғанда балам маған ренжуге тиіс емес деп есептейсіз бе ?
Иә- 0
Кейде – 2
Жоқ- 5.
23. Орынсыз жазалап қойғаныңыз үшін баладан кешірім сұрайсыз ба ?
Иә- 5
Кейде – 3
Жоқ- 0.
24. Балаға берген, әсіресе, оған қуаныш әкелердей сыйлық болардай уәдеңізді ұмытып кететін кез бола ма ?
Иә- 0
Кейде – 2
Жоқ- 5.

25. Балаңыз өзі үшін мәнді мәселеден кеңес сұрағанда , істеп жатқан ісіңізді немесе телехабарды, ойнап отырған карта, шахматыңызды тастай аласыз ба ?


Иә- 5
Кейде – 2
Жоқ- 0.
26. Баланың «ересектер тірлігін» ерте білуі зиянды деп есептейсіз бе ?
Иә- 4
Кейде – 2
Жоқ- 0.
100-129 ұпай – Сіз өз міндетіңіздің мәнділігін терең ұғынатын жақсы әкесіз.

80-99 ұпай- дегенмен, Сіз кейде өз ісіңізбен балаға үлгі болуды істен шығарып алатын болсаңыз да жақсы әкесіз.


60-79 ұпай- өкінішке орай, көп мәселеде Сіздің әкелік рөліңіздің төмен екендігін көрсетеді.Сондықтан да балаларыңыз Сіздің қасыңызда өзін жақсы сезінуі қиын.

59 ұпайдан төмен- Сіз өз әрекеттеріңізде тиянақсыз адамсыз, тек «кей- кейде»ғана өзіңіз ылғи да тұрақты атқаруға тиісті мәселеге көңіл бөлесіз немесе ешқашан жасамауға тиісті істерді жасайсыз. Сондықтан да балалар Сізге қай кезде, қандай мәселеде сүйенуге болатындығын білмейді.


30 ұпайдан аз болса – Сіздің балаларыңызға жанымыз ашиды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет