«ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ШЕҢБЕРІНДЕ СУ-ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ШЕКТІ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУДЫҢ ЭКОЖҮЙЕЛІК ТӘСІЛІ
Қоршаған ортаның жай-күйiн экологиялық нормалаудың және табиғатты пайдаланудың әлемдiк тәжiрибесi нақты табиғи ортаны қорғау және өндiрiстiк жүйелердің даму үрдісінен пайда болатын қажеттiлiктерге байланысты прецеденттік әдiс арқылы ұзақ кезең бойы қалыптасты.
Су-жер ресурстарының шекті мүмкін деңгейін экологиялық нормалау негізін экожүйелік тәсіл құрайды, ол антропогендік әсер мен табиғи нысандардың географиясына кешенді баға берумен айқындалады.
Тұжырымдаманың негiзiне ресурстарды жүйелi түрде барлау; табиғи жүйелердің ластану ауқымдары; жерлердiң кең ауқымды тозуы; топырақтың жел, су эрозиясы, сортаңдану; фон экожүйелерiнде зат және қуат айналымын реттеу ырғағының бұзылуы секілді жағдайлар кiредi.
Экологиялық нормалаудың үш кезеңі ажыратылады:
1-ші кезең – Экожүйелердің қазіргі жағдайын бағалау нақты аймақтарды аудандастырудан тұрады: табиғи экологиялық; зоналық географиялық; ботаникалық-географиялық; ландшафттық; агроландшафттық; геоэкологиялық; әкімшілік-шаруашылық; әлеуметтік-экономикалық; экологиялық зоналау.
Аумақтарды аудандастырудың түрлі әдістері (тәсілдері) Қазақстан аймақтары, әкімшілік облыстары, аудандары, жергілікті аумақтар шекарасында нақты жерлердің экожүйелерінің қазіргі жағдайын және ресурстық әлеуетінің жоғалу (шөлдену) сипатын бағалауға мүмкіндік береді. Осы әдістерге кешенді талдау жасау арқылы экожүйелер кешенінің жағдайы мен көрсеткіштерін сипаттайтын шөлдену қаупі мен дәрежесін анықтау үшін аумақты экологиялық зоналауға мүмкіндік береді (қауіп зоналары: күшті, орташа, әлсіз).
Жалпы, экологиялық нормалаудың бірінші кезеңі ресурстық әлеуеттің тозу дәрежесін (экожүйелердің түрлілігі); көрсеткіштер кешенін, экожүйелерде жиналған бұзушылықтарды; қауіп зоналары мен ресурстарды жоғалту қаупін/шөлденуді анықтайды.
2-ші кезең – Экожүйелердің өзгеру дәрежесіне жүйелердің қызметтік маңыздылығын бағалау (ландшафттық-тұрақтандырушы, орта түзуші, су реттеуші, су эрозиялық, жер бедерін тұрақтандырушы); ресурстық әлеуетін жоғалтудың ішкі (табиғи) қауіптілігі (шөлдену: құмды, тастақ, орман аумақтары); экожүйелердің бұзылу түрлері мен дәрежесі (шөлдену) жатады. Бұдан басқа, экожүйелер тозуының арнайы белгілері мен көрсеткіштері: су экожүйелерінің тозуы, топырақтың тозуы; өсімдіктердің тозуы; жерлердің тозуы ескеріледі.
3-ші кезең – Аумақтың экологиялық залалын бағалау Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау, тікелей және жанама әдістері, залалды экономикалық бағалау ережелері бойынша баптармен (I бөлім; 108 – 110 б.) реттеледі [1]. Қоршаған ортаның ластануынан болған залалды экономикалық бағалау ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі (ҚР Экологиялық кодексі 16 бап, 6 т.) [2].
Біздің көзқарасымыз бойынша, ұсынылған әдіснамалар экожүйелердің құны мен антропогендік әсерден келген залалды объективті толық бағалауға мүмкіндік бермейді, себебі ресурстық-жинақтаушы, бедер түзуші, су ұстағыш қызметтер, сондай-ақ антропогендің қысым кезіндегі табиғат жүйелерінің қалыптасуына қажет уақыт назарға алынбаған.
Табиғи жүйелер мен урбандалған аумақтарға келтірілген залалды бағалау және өтеу құнымен байланысты негізгі мәселелер бірегей әдіснамалық тәсілдің жоқтығы; әлеуметтік-экономикалық салдарды (денсаулыққа, мүлікке залал келу) ескерместен әдістерді пайдалану; экожүйелерді және табиғи-антропогендік кешендерді, су, жер қойнауы, қала топырақтары; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экожүйелері; орман қорына жатпайтын өсімдіктер, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлері, сонымен қатар мұнаймен ластанудың кері әсері және түсініктердегі біртұтастылық бағалаудағы мәселелер.
Залалды бағалау кезінде табиғи ресурстың қалпына келу жылдамдығын, яғни экожүйенің фондық жағдайға қайта келуіне қажет уақытты; топырақ, су, атмосфераны ластағыштарды адсорбциялау және зарарсыздандыру бойынша табиғи мүмкіндіктеріне сай табиғи жүйелердің ластану ауқымын жоюға кететін уақытты; топырақтың жел, су эрозиясының, тұзданудың дамуы және фондық экожүйелерде зат пен энергияның алмасуының реттелу ырғағының бұзылуы есебінен жерлердің кең алқапты деградациясын қалпына келтіру жылдамдығын ескеру керек.
Шығындар нақты нұқсандардан тұрады, сондай-ақ жоғалған пайданы қоса алғанда: жүйелерді қалпына келтiруге кеткен шығындар (рекультивация, суаттарды ластағыштардан тазалау, су құрылымдарды қалпына келтіру, орман жолағын, жасыл желектер отырғызу, флора мен фаунаны қалпына келтiру; алынып болмаған табыстар (мал жайылымдарының және мал шаруашылығының, ауылшаруашылық жайылымдардың өнiмiнің, аңшылық кәсiпшiлiктің, дәрiлiк өсiмдiктер, балықшылықтың аз өнiм беруі).
Залалдың нақты бағасын беру үшін ауыл шаруашылығы, өндірістік кәсіпорындар мен жеке бизнес-құрылымдар әрекетінің экологиялық аудит нәтижелерін пайдалануды ұсынамыз.
Қоршаған ортаға зардабын төмендету мақсатында табиғи және шаруашылық жүйелерді орнықты пайдалану тұжырымдамасын ұсынамыз. Бұл тұжырымдаманың мақсаты антропогендік іс-әрекеттедің экономикалық-әлеуметтік қырларын экологиялық қауіпсіз деңгей балансына жеткізу болып табылады [3].
Табиғи-шаруашылық жүйелерде ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштерін арттыру үшін оларды ландшафттық аудандастыру қажет; геохимиялық жай-күйін; антропогендік қысымға тұрақтылығын және жүйелердің әртүрлілігін бағалау; табиғи-шаруашылық жүйелердің өзгеру дәрежесін, су қорларын (жер беті және жерасты); ластану дәрежесін, типтерін, механикалық құрамын, сортаңдану, батпақтану, ауыр металдармен ластану дәрежесін (геохимия) анықтау, топырақ бонитетін, климаттық өзгеруіне аумақтың қауіп дәрежесін анықтау. Табиғи-шаруашылық жүйелерді орнықты пайдаланудың экологиялық қауіпсіз деңгейін әзірлеу және ресурсты ұтымды пайдаланатын технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізу үшін аумақтың әлеуетіне кешенді бағалау жүргізу керек.
Табиғи-шаруашылық жүйелердің өнiмдiлiгін жоғарылатуды қамтамасыз ету үшiн табиғи қорларды тиiмдi пайдалану; экожүйе қызметтерiн инвестициялау (су сақтайтын және қор сақтаушы технологиялар, жер бетi және су экожүйелерін басқару, табиғи-шаруашылық жүйелердің биоәртүрлiлігін қорғау); аэро-, ғарыш -, фото - түсірілімдердің, статистикалық мәліметтердің мониторинг жүйесін құру, зертханалық зерттеулер үшін экотоксиканттардың мөлшерін анықтауға алынған сынамалар мәліметтерінің, метеорологиялық мәліметтер жүйесін құру; жағдаяттық орталықта мәліметтерді өңдеу; төтенше жағдайларда шұғыл әсер ету базасын құру; табиғи-шаруашылық жүйелердің жай-күйі мәлiметтерінің ақпараттық базасын құру бойынша жұмыс өткiзуді талап етедi [4].
Жүйе ұлттық және халықаралық деңгейде, әсіресе ҚР ҚОҚМ жүйелерінде қызмет ететін қолдағы ақпараттық жүйелермен толығымен үйлесімді болу керек.
Табиғи-шаруашылық жүйелердің экологиялық орнықтылық индексiн көбеюту үшiн аумақты пайдалануына қарай өзара байланысты, өзара тиімді мемлекеттiк, жеке және бизнес-құрылымдар бойынша антропогендік қызметтiң қауiпсiз деңгейiн қамтамасыз ету арқылы экожүйелік тәсiлді енгiзу қажет. Аумақтың экологиялық жай-күйі мен ресурстық маңыздылығын ескеріп, кешендi басқару тетіктерін әзірлеу. Табиғи ресурстарды барлау шегін анықтау; көмiртектi нарықтың қызмет етуін қамтамасыз ету; корпоративтiк негiзде ресурстық әлеуетін пайдалануыды қамтамасыз ету және жасыл желектер, екпе ағаштар, орман алқаптарын отырғызу, жеке ЕҚТА, аңшылық және балық аулау шаруашылығын дамыту үшін қолайлы шарттар жасау; табиғи-шаруашылық жүйелерді қалпына келтiру бойынша жобалар жасау үшiн жергілікті халықты ынталандыру шараларын әзірлеу (көлдерді тазалау, жақын аймақтарды, өзен сағаларын, жол маңындағы отырғызылымдарды тазалау, құмдарды себу, сортаңданған аумақтарды қалпына келтіру) және дағдарыс және дағдарыс алды аумақтарды пайдалануда ерекше экологиялық талаптар қою. «Жасыл Қазақстан» жобасына инвестицияны (ұлттық инвесторлар, халықаралық инвесторлар, «Жасыл даму» бағдарламасы) тарту және оған ағашты, қалдықтарды өңдеу, биоотын өндіру, елді-мекендерді жайғастыру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, көшет бақтарын (питомниктер) орналастыратын кәсіпорындардың (кредит алушылар) қатысуын қамтамасыз ету (1 Сур.).
1 Сур. –«Жасыл Қазақстан» жобасы
Қазақстанның көмiртектi әлеуетін жоғарылату үшін – фитомассаның өнiмдiлiгiн көбейту және «жасыл индустрияны» дамыту, қуаттың балама көздерiн қолданысқа енгізу, орнықты табиғи және агроэкологиялық жүйелерді құру тұжырымдамасының ережелерін пайдалана отырып, биоәртүрлілікті және ауылшаруашылық өндiрiсі жүйесін қалыптастырудың ландшафттық-экологиялық негіздерін сақтау арқылы жасауды ұсынамыз.
Экологиялық жүйелер үшін тұрақтылықтың екі түрін ажыратады (төзiмдi және серпімді), олар өз құрылымы мен қызметін ұстап тұру үшін әсерлерге төтеп беру қабiлеттiлiгiмен шартталған. Бұл ретте сыйымдылық, өздiгiнен тазартатын қабiлеттiлiк, инерция, агроэкологиялық жүйелері өзгерiстерiнiң мүмкін шектері ескерiледi.
Ұсынылып отырған тұжырымдамалық көзқарастардың пайдалануы біздің елдің табиғи және агроэкологиялық жүйелердің өнiмдiлiгін жоғарылатуға мүмкiндiк бередi, ол өз кезегінде Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі ортақ даму стратегиясы шеңберiнде Қазақстанның «Жасыл» экономикаға өтуі бойынша басымдылықтарына сәйкес келеді.
Бұл стратегияның негiзгi міндеттері экологиялық аспектiлерi бойынша ресурстық базаға қысымды төмендетуге; аймақтық «жасыл» кластерлер құрылысы; қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету; маңызды экожүйелердi және ұлттық табиғи нысандарды қорғауды қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi халықаралық талаптарды орындамаумен байланысты саудалық шектерді белгілеу қаупін төмендетуге бағытталған.
Қазақстанның экономикалық жетiстiгi негiзiнен елдегі табиғи ресурстардың бай қорларының болуына тәуелді екенін ескерсек, қазіргі үлгіні пайдалану ел экономикасына ақшалай қаражаттардың түспеуіне, ресурстарды пайдалану тиiмсiздiгiгінің өсуіне, табиғи жүйелердің тозуына алып келеді.
Бұл ретте жер ресурсарын тиімсіз пайдалану, монодақылды шаруашылық және тыңайтқыштарды толық пайдаланбау ауыл шаруашылығы жерлерінің айтарлықтай тозуын (шамамен 50%) туыдрды, нәтижесінде соңғы 20 жылда өнімділік 36% азайып, экспорттық әлеуеттің төмендеуіне алып соғады [5].
Сұраныс өсімінің бағасын есептей отырып, Қазақстан өзен алаптары деңгейінде су ресуртарының тапшылығымен кездесуі мүмкін. Су ресурстарының тапшылығы оларды басқару жүйесінің жетілмегендігімен себептелген және суға деген сұраныстың үнемі артуынан сумен қамтамасыз ету мен суды тұтынудың бөгелуіне ұшыратып, оны қалпына келтіруге көптеген шығындар кететін болады.
Тек 40 жылдың ішінде Арал теңізі мақта далаларын ауқымды суару есебінен өз су қорының 90% жоғалтқан. Балқаш көлін де дәл сол жағдай күтуі мүмкiн, егер жылдамдатылған даму сценариін жүзеге асырса, көл 2045 жылға су қорының 86% жоғалтады. Балқаш көлін қоршаған 16 көл жүйелерінен тек 5 ғана сақталған. Көршi елдерден келетін су ағыны жылына 2-3% қысқаруда. Қазақстанда судың ластану деңгейі дамыған елдердегі ұқсас деңгейден едәуiр асады [6].
Сонымен бiрге, біздің Республикамыз ұзақ мерзiмде келешекте шапшаң өсу үшiн орнықты «жасыл» экономиканы құруға мүмкiндiгіміз бар. Бұл жағдайда ең маңызды мiндеттер аймақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшiн суды пайдалану мәселелерін шешу, алаптары деңгейінде су ресурстарын басқару жүйесiн құру, сумен қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру, елдiң су қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; топырақ құнарлылығын қалпына келтiру бойынша жобаларды iске қосу, ауылшаруашылық дақылдарының түрлерiне сай егiс далаларының құрылымын басқару мәселелерін шешу болып табылады. Сондай-ақ, ауылшаруашылығы өндiрiсінiң табиғи қорлардың шектеулілігін ескеріп, ең жоғары құнды алуға бағытталуы, ауыл шаруашылығын ұзақ мерзiмде бағалы табыс көздерін құру арқылы пайданың жоғары деңгейін қамтитын салаға айналдыру.
Қойылған міндеттерді орындау үшін «жасыл» экономика жобаларын іске асыру үшін негізгі қажеттіліктер мен дағдыларды анықтау шарттарын құру қажет. Мысалы, су алаптарын және жер ресурстарын басқарудың ең тиімді жүйесін құру, ресурстардың таралуының нақты ережелерін әзірлеу және басқару жүйесін қалыптастыру бойынша шарттар, топырақтың құнарлығын қалпына келтіру, химиялық құралдарды пайаланумен байланысты емес жер өңдеу тәсілдер.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақстан Республикасының 9.01.2007ж. Экологиялық кодексі (23.01.2013 жылғы өзгерістер және толықтырулармен) // 3 Бөлім. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу, 11 Тарау. Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау, 108 Бап. Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау тәртібі, 109 Бап. Залалды экономикалық бағалаудың тура әдісі, 110 Бап. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі.
2 Қазақстан Республикасының 9.01.2007ж. Экологиялық кодексі (23.01.2013 жылғы өзгерістер және толықтырулармен) // 1 Бөлім. Жалпы ережелер, 3 Тарау. Мемлекеттік органдардың қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласынағы құзіреті, 16 Бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзіреті,т.6.
3 «Қазақстанның жер-су ресурстарын пайдалану деңгейін экологиялық нормалау жүйесін әзірлеу» // «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК ҚР ҚОҚМ. Астана, Қазақстан Республикасы, 2010.
4 «Арал өңірінің экологиялық дағдарыс аймақтарындағы халықтың әлеуметтік-мәнді аурулар мен сырқаттанудың себеп-салдарының байланыстарын анықтау» // «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК ҚР ҚОҚМ. Астана, Қазақстан Республикасы, 2010.
5 2007 жылғы ҚР бойынша суды пайдалану, тарту және бөлісудің негізгі көрсеткіштері (Су шаруашылығы учаскелерінің аймағында) / ҚР АШМ СРК Есебі. Астана, 2008
6 Госсен Э. Ф. Өзекті сұхбаттар – Алматы. Баспа. Центр ОФПИИ «Интерлигал», 2008ж.
Қосымша
«ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ШЕҢБЕРІНДЕ СУ-ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ШЕКТІ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУДЫҢ ЭКОЖҮЙЕЛІК ТӘСІЛІ
Автор, ғылыми жетекші - Шабанова Людмила Владимировна
биология ғылымдарының кандидаты, «Экология» Академиясының мүше-корреспонденті, ҚР ҚОҚМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК бас директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы, Астана қ.
Орындасушы - Жүсіпов Абзал Есләмбекұлы
ҚР ҚОҚМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық - талдау орталығы" РМК Экологиялық білім және халықаралық конвенциялар бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы, Астана қ.
Орындасушы – Бекбенбетова Гулбаршын Серікқызы
ҚР ҚОҚМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық - талдау орталығы" РМК Экологиялық білім және халықаралық конвенциялар бөлімінің маманы, Қазақстан Республикасы, Астана қ.
Достарыңызбен бөлісу: |