Жақсылықова Зауре Азимбайқызы
Физика- информатика пәні мұғалімі
Қазалы ауданы, Шакен ауылы
№134 орта мектеп
Әрбір өтетін сабақ мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Оқушылардың тақырыпты жақсы игеруі- ұстаздың еңбегінің жемісі. Өзім сабақ беретін сыныптарда оқушылардың ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, дәлдікке ұқыптылыққа тәрбиелеу мақсатында модульдік оқыту технологиясы әдістерін пайдаланамын. Осыған орай өткізілген сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.
5 сынып. Ақпаратты жазу және оқу, сақтау
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты жазу және оқу, сақтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін пайдаланып, ақпаратты жазуды, сақтауды, оқуды үйрету. Блокнот программасы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту, білім-білік дағды қалыптастыру. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту; практикалық жұмыстарды жеке дара және топпен жұмыс істеу мүмкіндігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жүйелікке, бірізділікке, ұқыптылыққа, уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру, практикалық жұмыстар жасату, сұрақ-жауап
Оқытудың формасы мен әдісі: МОТ, практикалық-тұлғалық жұмыс, топпен жұмыс, компьютермен жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, сұрақтар, дидактикалық материалдар, үлестірме қағаздар, бағалау қағазы.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (5минут)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (15 минут) (Сыныпты екі топқа бөлемін. Сабақтың алғашқы бір бөлігінде І топ оқушылары «Мәтін бөліктері» оқыта үйрету ойынын ойнайды. Екінші топ оқушылары компьютермен жұмысты жүргізеді. Сабақтың екінші жартысында топтар ауысады.)
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту. (10 минут)
ІV. Жаңа сабақты бекіту. (10 минут) («Талқылау» оқыта үйрету ойыны)
V. Қорытынды (3 минут)
VІ. Бағалау (2 минут)
Компьютердегі тәжірибелік жұмыстар
-
Бірінің ішіне бірі салынған бірнеше бума құрыңдар.
-
Буманың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар.
-
Жұмыс үстелінде жарлық құрыңдар.
-
Құрылған жарлықтың аттарын өзгертіңдер.
-
Құрылған жарлықтарды бумаға салыңдар.
-
Дайындалған бумаларыңды жойыңдар.
-
Жойылған құжаттарыңды қайта қалпына келтіріңдер.
«Мәтін бөліктері» оқыта үйрету ойыны
Ойынның шарты:
Оқушылар екі топқа бөлінеді. 1-ші топ «Кіріспе», 2-ші топ «Толықтыру». «Толықтыру» тобы 1-ші топтан кейінгі сөз алады.
1-ші топқа -5 минут.
2-ші топқа -5 минут.
Ақпаратты салыстыру уақыты -5 минут.
Оқушылар ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
№1 ұяшық Жаңа бума құру үшін қандай әрекетке барамыз?
№2 ұяшық Жарлық құру үшін қандай әрекетке барамыз?
№3 ұяшық Файлдың атын өзгерту үшін қандай әрекетке бару қажет?
№4 ұяшық Алмасу буфері көмегімен файл-дардың орнын алмастыру тәсілдері
№5 ұяшық Алмасу буфері көмегімен файлдарды көшіру тәсілдері
№6 ұяшық Компьютерден №1 тапсырманы орындаңыз.
Анықтама сөзін пайдаланып, қалып кеткен сөздер мен сөз тіркестерін бос орынға жазыңыз.
А)Файлдар мен қалталарды жою кезінде қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Желілік дискіні қосу Іздеу бойынша көмекші Менің желілік ортам Себет
Б) ....құралдарды файлдар мен қалталарды іздеудің ең жылдам тәсілін қамтамасыз етеді. Іздеу бойынша көмекші
В) ....терезесі барлық компьютерді, файлдарды жалпы қор көздерін көрсетеді. Менің желілік ортам
С).... әмірі Менің компьютерім терезесінде желілік қор көздерін көрсетеді. Желілік дискіні қосу
№7 ұяшық Компьютерден №2 тапсырманы орындаңыз
А) Дискідегі немесе басқа ақпарат тасымалдаушыдағы атауы бар аймақ бұл.. Қалта Лақап Файл
Б) Пайдаланушының сызбалық тілдесуінде бағдарламалар мен файлдарға арналған сауыт – бұл... Қалта Лақап Файл
В) Компьютердегі немесе желілердегі қатынасуға болатын кез-келген элементке сілтеме Қалта Лақап Файл
№8 ұяшық Компьютерден №3 тапсырманы орындаңыз
Суреттерге сәйкес келетін атауларды жазыңыз.
Менің Себет Қалта
компьютерім
№9 ұяшық Жарлықты файлдан немесе бумадан қалай ажыратуға болады?
№10 ұяшық Компьютерден №4 тапсырманы орындаңыз
Қалтаны әзірлеудің дұрыс жолын көрсетіңіз.
ІІІ. Мағынаны тану
Жаңа материалды баяндау:
Нысанды бумадан жылдам іздеу
Кеңейтілген іздеу
Ақпаратты жазу
Windows-тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған жалпы ережелері бар.
Ақпаратты оқу
Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу (ашу) арқылы оқиды. Файлды қосымшаның өз терезесінде де ашуға болады. Ол үшін
Блокнот мәтіндік редакторын ашыңдар. Төменде берілген мәтінді теріп Ыбырай деген атпен сақтап қойыңдар.
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ АТАСЫ, ҰЛЫ ҰСТАЗ, 1841 ЖЫЛЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН. ӨЗ ӘКЕСІ АЛТЫНСАРЫ ЫБЫРАЙДЫҢ 4 ЖАСАР КЕЗІНДЕ ҚАЙТЫС БОЛАДЫ ДА, ЫБЫРАЙ АТАСЫ БАЛҚОЖА БИДІҢ ТӘРБИЕСІНДЕ ӨСЕДІ.
Қайтадан Блокнот программасын ашыңдар. Ыбырай файлын ашып, Ыбырай жазушы сөзін қосып жазыңдар. Жазушы деген атпен сақтаңдар. Программаны жабыңдар. Екі файлдың дискіде орналасқан жерін қарап шығыңдар.
ІV. Жаңа сабақты бекіту
І топ оқушылары компьютермен жұмыс жасап жатқан уақытта, ІІ топ оқушыларымен «талқылау» оқыта үйрету ойынын ойнатамын.
«Талқылау» оқыта үйрету ойыны
Ойынның шарты:
Оқушылар жұпқа бөлінеді. Әркім қолына конспектісін алып, серігіне өздерінің не оқып, жазып алғанын айтып беруге тырысады. Жұптағы әр оқушы «мұғалім» рөлінде де, «оқушы» рөлінде де болады. «Мұғалім» жауапты оқулық мәтінімен салыстырады, ал оқушы өз конспектісін пайдаланады. (Мұғалім мен оқушының талдауы 5 минуттан аспауы керек)
Сабақ соңында оқушылардан тест алуға болады.
V. Үйге тапсырма. § 13. Ақпаратты іздеу, жазу және сақтау.
Рөлі
|
Аты-жөні
|
Тапсырмаға қойылған баға
|
Қорытынды баға
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
Кіріспе
Толықтыру
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
|
|
| VІ. Бағалау
І топтың бағалау парағы
ІІ топтың бағалау парағы
Рөлі
|
Аты-жөні
|
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
|
Қорытынды баға
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
Мұғалім
Оқушы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырмаға қойылған баға
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |