«алтел» АҚ Жария шарты бұдан ары мәтін бойынша – «Жария шарт»



бет1/3
Дата11.06.2016
өлшемі233.5 Kb.
#127807
  1   2   3
«АЛТЕЛ» АҚ Жария шарты


    1. «АЛТЕЛ» АҚ Жария шарты (бұдан ары мәтін бойынша – «Жария шарт») Қолданыстағы заңнамалардың «Байланыс туралы» заңының, «Ұялы байланыс қызметін көрсету туралы ережесінің», «Интернет желісіне қатынау қызметін көрсету ережесінің», сонымен қатар «Телефон байланысы қызметін көрсету ережесінің» негізінде әзірленген,

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі АБА №000358 және 2006 жылғы 14 тамыздағы АБА№001298 мемлекеттік лицензияларының негізінде әрекет ететін «АЛТЕЛ» Акционерлік қоғамы бұдан ары «Оператор» деп аталатын, осы Жария шарттың (ары қарай – Шарт) талаптарымен келісетін тұлға, бұдан ары «Абонент» деп аталатын, бұдан ары «Тараптар» деп аталын телекоммуникациялық желілер аясында қызмет көрсетудің жалпы шарттарын белгілейді.

    1. Осы Жария шартта келесі негізгі түсініктер қолданылады:

1) Абонент – Абоненттік нөмірдің және/немесе сәйкестендіру кодының бөлінуімен «АЛТЕЛ» АҚ осы Жария шарттың талаптарына келісім бергенін растаған және тіркеу үлгісін толтырған жеке немесе заңды тұлға.

2) «АЛТЕЛ» АҚ Жария шартына қосылуға келісімін беру туралы өтініш – Осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын абонент, абоненттік нөмір, абоненттің бастапқы таңдаған тарифтік жоспары туралы және Шарттың талаптарына Абоненттің қосылу фактісін және оның ережелеріне келісімін берген мәліметтерден тұратын Оператор белгілеген үлгідегі бланк.

3) Абоненттік төлем – қызмет көлемінің нақты пайдалануына қарамастан тұрақты көлемдегі белгіленген мерзімге Абоненттің төлем көлемі.

4) Қызмет көрсетудің автоматтық жүйесі – SMS жіберу, USSD-сұрату, жеке кабинет арқылы немесе басқа да техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тарифтік жоспарды ауыстыру, Оператор көрсететін қызметтерді өз бетінше қосу немесе сөндіру мүмкіндігімен Абоенентке көрсетілетін қызмет көрсетудің кешенді жүйесі. Абоненттің қызмет көрсету жүйесін пайдалануы Абоненттің өтінішіне теңестіріледі.

5) Теңгерім толтыру картасын белсендіру – картада көрсетілген сомаға Абоненттің жеке шоты толтырылатын процедура.

6) Өтініш – Жеке тұлғасын куәландыратын құжатты міндетті түрде көрсетуімен (заңды тұлғалар үшін – өкілетін және өкілдің тұлғасын растайтын құжаттарды көрсеткенде) ҚР қолданыстағы заңнамасында, Оператордың белгілеген тәртібінде көрсетілген үлгі бойынша ауызша, жазбаша, факсимильді байланыс немесе электронды пошта арқылы жіберілген немесе қызмет көрсетудің автоматтандырылған жүйесінің көмегімен берілетін қызметтерді көрсету талаптарына қатысты абоненттің жүгінуі. Абоненттің өтінішіне, сонымен қатар Оператордың сервис (АСЖИ, USSD, SMS) қызметінің көмегімен Абоненттің өз бетінше белгілеген Оператордың қызмет тізімдерін өзгертуге арналған өтініші де теңестіріледі.

7) Абоненттер Сервисінің Интернет Жүйесі (АСИЖ) – Абонентке өз теңгерімін және өзі таңдап алған Оператордың Қызметтерін бақылау және басқару бойынша кеңейтілген мүмкіндіктерді беретін, Абонентке өзі пайдаланатын Оператордың Қызметтері бойынша санаққа қол жеткізудің және Оператор сайтындағы бірыңғай web-қосымшасында қызмет көрсетудің қосымшаларын өз бетінше басқарудың ыңғайлы механизмін қамтамасыз етуге арналған жүйе.

8) Сәйкестендіру коды – Абоненттік құрылғыны қосқан кезде байланыс Операторының желісіне берілетін өндіруші-зауытпен белгіленген абоненттік құрылғының коды.

9) Теңгерімді толтыру картасы (төлем картасы) – Абонентке Оператор Қызметі ұсынылатын, (Абоненттің Дербес шоты толтырылуы мүмкін) сомасы/номиналы (ақшалай түрінде) көрсетілген, құпия коды, қорғаныш қабаты бар, пластикалық карта түріндегі немесе Оператор тарапынан белгіленетін өзге түрдегі таратушы.

10) Жеке кабинет – Абонентке өзінің жеке шотының жайын тексеруге, пайдаланылатын қызметтерін басқаруға, сонымен қатар қызметтерді белсендіруге немесе өшіруге, тарифтік жоспарын өзгертуге, сонымен бірге Оператордың белгілеген талаптарымен басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жүйе.

11) Провайдер – Оператордың желісін пайдалану арқылы Абонентке зияткерлік, ойын-сауық (ұтыс, дауыс беру, телевикториналар, викториналар, анықтама-ақпараттық қызметер, танысу қызметтеріжәне т.б.) қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға.

12) Оператор сайты – келесі адрес бойынша интернет желісіндегі Оператордың ақпараттық ресурсы: www.altel.kz;

13)Бастапқы топтама – белгіленген тарифтік жоспарға бағдарламаланған абоненттік нөмір.

14)Қызметер – Оператордың және үшінші тұлғаның қызметтері.

15)Оператор қызметтері – Оператордың Абонентке көрсететін негізгі және қосымша байланыс қызметтері.

16)Үшінші тұлға қызметтері – Оператор желісі арқылы Абонентке көрсетілетін Провайдерлердің және басқа да үшінші тұлғалардың қызметтері. .

17)SIM/R-UIM – картасы және тағы басқалары- Абонентті Оператор қызметтеріне қатынауды қамтамасыз ететін және Абонентті сәйкестендіретін абоненттік құрылғының бөлігі болып табылатын микропроцессорлық үлгіден тұратын дара қатынау карточкасы.

18)SMS – қысқа мәтіндік хабарламаларды қабылдауға және жіберуге мүкіндік беретін технология.

19)USSD –қысқа хабарламаларды жылдам жіберу режімінде сервистік қосымшалар мен абонент арасындағы белсенді қарым-қатынасты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін деректерді жіберу технологиясы.

20)IVR – Оператордың Абонентке Қызметтерді көрсету шарттары туралы дауыстық ақпаратты ұсынатын, сондай-ақ Абонентке жеке жағдайларда Операторға Өтініштерді ұсынуға мүмкіндік беретін интерактивті дауыстық қатынас технологиясы.

21) Оператордың қызмет көрсету аумағы – лицензияға және өз желісінің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес, сонымен қатар радиотолқындарды тарату ерекшеліктерін ескере отырып байланыс қызметін көрсететін Оператордың аумағы.

Осы шартта «Байланыс туралы» Заңында және «Байланыс қызметін көрсету ережесінде» көрсетілген анықтамалар мен түсініктемелер де қолданылады.


2. Қызмет көрсетудің жалпы шарттары.

2.1. Осы шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қосылу шарты болып табылады. Оператор Осы шарттың талаптарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және лицензияға сәйкес өз бетінше белгілейді және осы шартқа қосылу жолын толығымен алғанда Абонент қабылдайды. Абонент осы шарттың талаптарымен келіспеген жағдайда Оператордың атына жазбаша өтініш жаза отырып Шартты бұзуға құқылы.

2.2. Осы шарт бойынша абонент өзі таңдаған тарифтік жоспарына және оператордың немесе үшінші тұлғалардың қызмет көрсету талаптарына сәйкес қызметтерді пайдаланады және осы шартпен көзделген тәртіпте және талаптармен көрсетілген қызметтің құнын төлейді.

2.3. Осы шарт Абоненттің жария шартқа қосылуға келісім беру туралы өтінішке қол қойған және Оператордың немесе оның өкілі қабылдаған сәтінен бастап күшіне енеді. Абоненттің жария шартқа қосылуға келісім беру туралы өтінішке қол қоюы оның осы шарттың талаптарымен, таңдаған тарифтік жоспарымен, Оператор көрсететін қызмет тәртібімен (қосымша қызметтерді қоса алғанда), «Трафикті адал пайдалану саясатының» ережесімен келісетіндігін және толығымен осы шартқа қосылатындығын білдіреді.

2.4. Тараптар осы шартқа қол қою кезінде Оператордың уәкілетті тұлғасының қолы қойылған факсимильдік қолтаңбасына келісімдерін берді.

2.5. Осы жария шарт өз әрекетін барлық абоненттерге таратады және абоненттің бұрынырақ бекіткен ұялы байланыс қызметін көрсету туралы шартымен ауыстырылады. Осы шарт жарияланған сәттен бастап абоненттерге қызмет көрсету шарттары осы шарттың талаптарына сәйкес белгіленеді. Бұл ретте тіркеу үлігісіне қайта қол қою талап етілмейді. Шарттың талаптарымен келсіпеген жағдайда Абонент бұқаралық ақпарат құралдарына осы шарт жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде осы шарттың талаптарына қосылудан бас тарту туралы Операторға жазбаша хабарлауы тиіс. Шарттың талаптарына қосылудан бас тарту туралы өтініш абонент тарапынан көрсетілген мерзімде операторға түспеуі абоненттің осы шарттың талаптарын қабылдағанын, яғни абоненттің бағдарлы іс-қимыл (қызметтерді пайдалануы) жасайтынын және осы шартқа толық қосылатындығын білдіреді.

2.6. Осы шартқа қосылғанда Оператор абонентке пайдалану үшін абоненттік нөмір бөледі. Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе осы шартпен белгіленген жағдайда Оператор абоненттік нөмірді алуы немесе өзгертілуі мүмкін.

2.7. Оператордың қызметтері Абонентке оның жеке меншігінде, иелігінде немесе пайдалануында  белгіленген талаптарға сәйкес келетін абоненттік құрылғының болған және Оператор желісінің жұмыс параметрлері жағдайында көрсетіледі.

2.8. Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде белгіленген тәртіпте Абоненттің құқықтары мен міндеттері Абоненттік шарт бойынша өзге тұлғаларға берілмейді. Оператор өз қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де заңды және жеке тұлғаларды тартуға құқығы бар.

2.9. Оператор Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы Абоненттік шарт бойынша міндеттерін орындау кезінде Абонент туралы қыз­меттік ақпараттың (ТАӘ, жеке тұлғасын растайтын құжаттың мәліметі, телефон нөмірлері, сәй­кестендіру кодтары, электрондық пошта мекен-жайы, пошта мекен-жайы, жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі, деректемелер (заңды тұлғалар үшін) бизнес сәйкестендіру нөмірі, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік), билингтік мәліметтің және Абонентке ұсынылатын Қызметтер туралы мә­ліметтің, деректерді беру желісіндегі Абоненттің мекен-жайының, деректерді беру желісіндегі Интернет ресурстарға жүгіну мекен-жайларының, Интернет ресурстың сәйкестендіру­шілерінің, деректерді беру желісінің хаттамаларының электрондық есебін жүргізеді.

2.10. Абонент осы Шартқа отырғаннан кейін Оператордың оның ішінде, үшінші тұлғаларды тарта отырып, Абонент туралы қызметтік ақпаратты жинауды, сақтауды және пайдалануды жүзеге асыру құқығына келісімін және қарсы еместігін білдіреді. Оператор өз қызметі шеңберінде оларды Абоненттің қосымша келісімінсіз уә­кілетті органдарға және (немесе) ұйымдарға беруге құқылы.

2.11. Осы ереженің шарттарына келісе отырып, Абонент Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген келісімдер туындаған жағдайда Оператор желісі бойынша ақпараттарды (сонымен бірге жарнамалық сипаттағы) алу мүмкіндігіне өз келісімін білдіреді, Оператордың атына жазбаша өтініш жіберу арқылы Оператордың жарнамалық ақпараттарынан бас тартуға құқылы.

2.12. Абоненттік осы шартты бекіте отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған осындай қажеттілік туындаған жағдайда оған қатысты мәліметтерді қоса алғанда, Абоненттік шарт бойынша міндеттерді орындау мақсатында байланыс және басқа да қызметтерді, роуминг және/немесе үшінші тұлға қызметтерін көрсетуді қоса алғанда, сонымен қатар ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету мақсатында Операторға және/немесе үшінші тұлғаларға қажетті абонент туралы қызметтік ақпаратты жинауға және өңдеуге Абонент өз келісімін береді. Абонент келіспеген жағдайда Оператор қызмет көрсетуді толығымен немесе жартылай тоқатауға құқылы.

2.13. Оператордың қолданыстағы тарифтік жоспарлары және қызмет көрсету талаптары Оператор сайтында немесе Оператордың қызметтерін сататын орындарда ақпараттың орналасуымен немесе бірыңғай қысқа хабарламалар жіберу арқылы 30 (отыз) күнтізбелік күн қалғанда Абоненттерді алдын-ала ескерутмен, немесе қоланыстағы заңнамаға қайшы келмейтін тәсілдермен бір жақты тәртіпте Оператормен қысқартылуы немесе өзгертілуі мүмкін. Егер абонент жоғарыда көрсетілген мерзімде басқа тарифтік жоспарға ауыспаған жағдайда Оператор басқа қолданыстағы тарифтік жоспарда қызмет көрсетуді жалғастыруға құқылы.

2.14. Оператордың қызметтері туралы ақпарат Оператордың немесе үшінші тұлғаның сайтында орналастырылады, жарнама материалдарында, автоматтандырылған қызмет жүйесінің немесе Оператордың анықтама-ақпараттық қызметінің көмегімен Абоненттердің назарына жеткізіледі. Абонент автоматтандырылған қызмет жүйесінің көмегімен қызметтерді және/немесе тарифтік жоспарларды белсендіре отырып, оның көрсетілу шарттарымен, тарифтелу Ережелерімен келіскендігін және оларды алуға және төлеуге келісімін білдіреді.

2.15. Осы шартпен Оператор қызмет көрсету аймағында Оператор ұсынатын байланыс са­па­сы Қазақстан Республикасында қолданы­ла­тын стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келетіндігін растайды.

2.16. Радиотолқындардың таралуының табиғи жағдайларына байланысты ұялы байланыс қызметтерінің сапасы қолайсыз метеоро­логиялық жағдайлардың, топографиялық ке­дер­гілердің салдарларынан (жер үсті және жер асты тұрғын үй және тұрғын үй емес құ­рылыстардың, ғимараттардың, имараттардың жанында, сондай-ақ, олардың ішінде, рельеф­тің және құрылыстардың маңында), энергия көздерінің жанында, туннельдерде, жертө­ле­лерде, техникалық себептерге байланысты, сондай-ақ, Оператордың қызметімен байланыс­ты өзге де себептерге орай нашарлауы, үзілуі, кедергілерге ұшырауы немесе болмауы мүмкін. Аталған себептердің салдарынан байланыстың нашарлауы немесе болмауы Оператордың өз міндеттемелерін тиісті орындамау фактісі болып табылмайды.

2.17. Байланыс желісінің конструктивті ерекшеліктеріне қарай Оператордың көрсететін қызметі басқа байланыс опе­раторларының жабдығының (абоненттердің роумингте болуы кезінде), контент-провайдерлер жабдықтарының, абоненттің жеке жабдығының сапасына байланысты болады.

2.18. Ұялы байланыс қызметтері заңды тұлғаларға тараптардың әрқайсысына бір данадан берілетін 2 (екі) данада жазбаша үлгіде бекітілетін жеке шарттың негізінде көрсетіледі.

2.19. Оператор қайта құрылған жағдайда осы шарт өзінің заңды күшін толық көлемде сақтайды, Тараптардың құқықтары мен міндеттері өзгеріссіз қалады.




  1. Оператордың құқықтары мен міндеттері


3.1. Оператор міндетті:

1) Абоненттік шарттың қолданылу мерзімінде Абонентке SIM/R-UIM – картаны беруге және осы Шарттың талаптарына сәйкес Оператордың желісіне Абоненттің Абоненттік құрылғысын қосуға;

2) Абоненттің таңдап алған тарифтік жос­парына сәйкес негізгі қызметтер көрсетуге;

- шұғыл шақыруларды қоса алғанда, ақпаратты қабылдау/жіберу үшін Оператордың желісіне қосылуға;

- қысқа мәтінді хабарламаларды жіберуге;

3) Абоненттің өтініші бойынша қосымша қызметтерді көрсетуге. Қосымша қызметтердің тізімі байланыс желісінің техникалық мүмкіндігіне байланысты Оператормен белгіленеді. Бұл ретте жасырын нөмірлерді анықтау және роуминг қызметтері Абоненттің өтініші немесе шұғыл-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың сұратуы бойынша жүзеге асырылады;

4) Осы шарттың талаптарына сәйкес Абоненттің жеке шотында қызмет көрсетуге жеткілікті қаражат болғанда (есептесудің аванстық тәртібінде) және/немесе Абонентпен келісілген көлемде (есептесудің кредиттік тәртібінде) Оператордың қызмет көрсету аймағында болғанда Абонентке қызметтерді көрсетуге;

5) Абоненттің өтініші бойынша шетелдік байланыс операторларымен тиісті шарт болған жағдайда роуминг қызметіне қатынауды көрсетуге. Оператордың Абонентке қатынау қызметін көрсететін өзге оператордың қызметі бойынша қарым-қатынастар тікелей Абонент пен осы қызметті көрсетуші өзге оператор арасында туындайды. Өзге оператордың қызмет көрсету бойынша міндеттерін дұрыс орындамау немесе орындамағаны үшін Оператор жауапкершілік артпайды.

6) Абоненттердің қызмет көрсету орындарында, Оператордың ақпараттық сайтында оны орналастыру жолымен және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де осы шартта қа­рас­тырылған тәсілдермен Абоненттерге оператор және көрсетілетін ұялы байланыс қызметтері туралы толық және шынайы ақпаратты ұсынуға;

7) Қызметтерді пайдалану мәселелері бойынша Абонентке тегін кеңес беруді ұйымдастыруға;

8) Оператордың нормативтік-техникалық талаптарға, қолданыстағы лицензия шарттарына және т.б. сәйкес көрсетілетін Қызмет­тер­дің кемшіліктерін жою жөніндегі шараларды қабылдауға;

9) Абоненттің жазбаша өтініші бойынша Оператордың кінәсі бойынша байланыс болмаған жағдайында Қызметтер үшін төлемді қайта есептеуді жүргізуге;

10) Телефондық байланыс қызметі сапасының нашарлағаны туралы абонент жазбаша өтініш берген күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде сапаны қалпына келтіру бойынша қажетті шараларды қабылдауға және абоненттік төлемді қайта есептеуге;

11) Абонентке (жеке басын куәландыратын құжатты, абоненттің жазбаша өтінішін ұсынғанда) төлемге ұсынылатын, шоттың нақытлауды- құнын төлеместен, абоненттік нөмірлерді, болған қосылулар күні мен уақытын, қызметтің әрбір түрі мен сомасы бойынша қызмет көлемін көрсете отырып, ұялы байланыс қызметінің көрсетілген түрлерін көрсете отырып, өз операторының желісінде және басқа операторлар желісіндегі есептік кезеңдегі ұялы байланыс қызметтері туралы ақпаратты абонентке беру. Өткен есептік кезең үшін аталған ақпаратты ұсыну Абоненттердің қызмет көрсету орын­да­рында, Оператордың ақпараттық сайтында және/немесе және осы шартта қарастырылған және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да ақпарат көздерінде орналастырылған жарнама материалдарында көрсетілетін көлемдегі төлем­ге ұсынылады;

12) Қазақстан Республикасының қолнадыстағы заңнамасында белгіленген мерзімде Абоненттердің өтінішіне немесе шағымына жазбаша жауап жіберуге;

13) Абонентке көрсетілген Қызметтер үшін артық төленген ақша қаражатын 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қайтаруға немесе оларды Қызметтерді аванстау ретінде есептеуге;

14) Абонентті ағ­ым­дағы шоттағы ақша теңгерімін тексеру мүм­кіндігін тәулік бойы қамтамасыз етуге;

15) Абоненттің төлемді растауын Опера­тордың алуы немесе Қызметтерді төлеу жөнін­дегі берешекті жоюын растайтын құжаттарды алған сәтінен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде Қыз­меттерді қайта көрсетуді бастауға;

16) Қазақстан Республикасының қолданыс­тағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3.2. Оператор құқылы:

1) Оператор желісінің, сонымен бірге үшінші тұлғалардың көмегімен көрсетілетін ақылы ақпараттық-анықтамалық қызметтердің тізімі мен талаптарын өз бетінше белгілеуге және соған тиісті төлемді алуға;

2) Осы Шарттың талаптарына, сондай-ақ, жалпы қолжетімді тәсілмен (оның ішінде: бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарламаларды жіберу жолы­мен не ақпаратты Оператордың сайтында және (немесе) Оператордың және (немесе) үшінші тұлғалардың кеңселерінде орналастыру жолы­мен) Абонентті бұл туралы хабарландыра оты­рып, тарифтік жоспарлар мен қызмет көрсету талаптарына өзгерістер (толықтырулар) енгізуге; Осы Шарттың талаптарына өзге­рістер (толықтырулар) егер, Шартқа өзгеріс­терді (толықтыруларды) енгізу туралы Абонентті хабарландыру сәтінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің аяқталуы бойынша осындай өзгерістерді қабылдаудан жазбаша бас тартуды Оператор алмаған жағдайда Абонент қа­былдаған болып саналады;

3) Трафиктің басымдылығын қоса алғанда желінің жүктемелігіне қарай қызметтерге бірдей қатынауды қамтамасыз ету мақсатында трафиктің басымдылығына қоса алғанда, өз бетінше қызметтердің техникалық параметрлерін реттеуге;

4) Келесі жағдайларда Қызмет көлемін шектеуге, Абонентті алдын-ала ескертусіз бір жақты тәртіпте Абоненттік шарттың әрекетін тоқтатуға немесе бұзуға:

- Абоненттің дербес шотында қызмет көрсету үшін жеткілікті қаражат болмағанда (есептеудің аванстық тәртібінде) немесе есептеу кезеңінде шотты төлемегенде (есептесудің кредиттік тәртібінде) немесе Оператор белгілеген тәртіпте есептелген кредиттік лимиттен асып кеткенде;

- Қолданыстағы заңнама номаларында қылмысты болып табылатын әрекеттерді жүзеге асыру үшін Абоненттік құрылғы немесе Оператор көрсететін қызметтер Абоненттің өкілетті емес тұлғасымен дұрыс және/немесе заңсыз тәсілмен пайдаланылмағаны туралы Операторға мәлім болғанда;

- Абонент Абоненттік шарттың немесе осы ереженің талаптарын бұзғанда және/немесе

қылмыстық әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында шұғыл қызметтерге қаскүнемдік/жалған шақыруларды жүргізсе, басқа нөмірлер бойынша жаман оймен телефондық қоңыраулар жасағанда;

- Оператор қызметтері SIM-картаның, төлем картасының ұрлану, сәйкестендіру немесе өзге кодының бұзылу немесе кодтың қорғалу және өзге құқыққа қайшы келетін әрекеттердің немесе қызмет көрсетілмейтін тыйым салынған SIM-картаны немесе төлем картасын пайдалану нәтижесінде көрсетілгені Опертаорға айқын болғанда;

- Абоненттен абоненттік жабдық ұрланғаны немесе жоғалғаны немесе басқа уәкілетсіз тұлғаның тұрақты пайдалануы туралы ақпарат түскенде

- Абонент Оператордың пікірі бойынша Оператордың желісінің жұмысына зиян келтіретін әрекеттерді жасағанда;

- Абонент осы Шарттың 4.1.т. 1)-4)тш. көрсетілген талаптарын бұзғанда;

- Абонент 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен аса мерзімде бір де бір тарифтелінетін қоңырау жасамаған жағдайда Абоненттің абоненттік нөмірі бұғатталсын. Абонент бұғатталған сәттен бастап 21 (жиырма бір) ай ішінде дербес шотында қаражат болған жағдайда және бұғатталған сәттен бастап 9 (тоғыз) ай ішінде дербес шотта қаражат болмағанда Абоненттің жазбаша өтініші бойынша нөмірді бұғаттан шығаруға құқылы. Абонент тарапынан жоғарыда көрсетілген мерзімде өтініш болмаған жағдайда Абоненттік шарттың әрекеті тоқтатылады және Абонентке берілген нөмір алынады;

- Абонент абоненттік нөмірді үшінші тұлғаға қайта тіркелусіз пайдалану құқығын бергені туралы Операторға белгілі болған жағдайда;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және осы Шартта көзделген басқа жағдайларда;

5) Абонент осы шарттың талаптарын бұзған жағдайда Абонентке жазбаша хабарландыру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күннен кейін бұзушылықтар толығымен жойылғанға дейін қызмет көрсету тоқтатылады (Қызмет көрсетуді қалпына келтіру бұзушылықтарды толығымен жойғаннан кейін Оператордың тарифтері бойынша жүзеге асырылады).

6) Абонентке Роуминг қызметі көрсетілгенде Оператор қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзі қадамдық көлемін белгілейтін Роуминг қызметін қосу үшін қажетті соманы белгілеуге құқылы. Абонент Роуминг қызметін пайдаланғанда шығыс қоңырау, сондай-ақ кіріс қоңырау ретінде, сонымен қатар өзге көрсетілген қызметтер, оның ішінде қайта бағыттау қызметтері төлемге жатады. Осы қызметтердің төлемін Абонент белгіленген есептесу тәртібімен жүзеге асырады.

7) бірнеше Абоненттік нөмір болғанда Абонент осы шарттың талаптарын бұзған жағдайда, бір Абоненттік нөмір бойынша қызметтердің төлем шотына алынған қаражат басқа нөмірлер бойынша қарызды өтеу үшін есептелсін немесе Абонентті алдын ала хабарландырусыз барлық Абоненттік нөмірлер бойынша қызмет көрсетуді тоқтатуға;

8) қолданыстағы заңнамамен көзделге тәртіпте Оператордың анықтама-ақпараттық қызметіне түсетін кіріс қоңыраулардың жазбасын жүзеге асыру, сонымен қатар Абонент этикалық нормаларды бұзған және Оператордың қызметіне қатысты емес мәселелер бойынша Оператор қызметінің мамандарына иеленіп алған нөмірден бірнеше рет хабарласқан жағдайда бір жақты тәртіпте Абоненттің қатынауын шектеуге.

9) Абонентте қызмет бойынша қарыз болған жағдайда, Оператор кез келген тәсілдермен Абонентті және/немесе Абоненттік нөмірді пайдаланушыны қарызды өтеу қажеттілігі туралы ақпараттандыруға, үшінші тұлғаларды қарызды өтеуге тартуға, бірақ Абонент Абоненттік шарт аясында алынған ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге қарсы болмайды және келісімін береді, ол осы Ережелердің, Шарттың және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзу болып табылмайды.

10) банк талаптарына байланысты, рұқсат етілмеген төлем салдарынан алынған ақша Абоненттің дербес шотынан шығынға жазуға.

11) көрсетілетін қызметтерге лимит белгілеуге. Лимит көлемі алдыңғы айлардағы Интернет желісіне қосылу қарқынынан, шоттарды және/немесе кепілдік жарнаны төлеудің уақыттылығынан есептелінеді. Оператор Абонентке көрсетілген қызмет белгіленген лимиттен асып кеткен жағдайда қызмет көрсетуді тоқтатуға, ал Абонент Оператор нақты көрсеткен қызметтер үшін төлеуге міндеттелінеді.

12) Оператор желісіндегі барлық абоненттердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Peer-to-peer  трафикті (торрент-жүктеу) шектеуге құқылы.

13) Абонент пайдаланатын модульдің техникалық сипаттарына немесе SIM-картасы бар байланыс құрылғылардың сымсыз протоколдарына қарай интернет желісіне қатынаудың жылдамдығын шектеуге. 

14) Пирингтік файл алмасу желілерін (BitTorrent және басқалар) пайдаланғанда интернет желісіне қатынау жылдамдығын 128 кб/сек дейін шектеуге.

15) Әрбір SMS 160 латын немесе 70 кириллица белгісімен есептеуінен алғанда тарифтендіру жүргізілсін және көлемі белгіленсін.



16) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға.
Каталог: upload -> iblock -> 7fb
iblock -> Бекітемін Ұто директоры Қ. C.Әбдиев 2014ж
iblock -> Л. Н. Гумилев атындағы
iblock -> Решением Президиума Общероссийской общественной спортивной организации «Союз танцевального спорта России»
iblock -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
iblock -> 007: Координаты «Скайфолл» Режиссер: Сэм Мендес в ролях: Дэниэл Крэйг, Хавьер Бардем, Джуди Денч, Райф Файнс, Бен Уишоу Премьера: 26 октября dvd/Blu-Ray: февраль «Куда мы едем?»
7fb -> 1061 НҰСҚа аты-жөні тжк жауап парағының № Лек Аудитория № Орын № Бесінші пән аты Талапкердің қолы 2011


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет