Жауабы: Абылай хан Қазақтың тұңғыш биі кім? Жауабы



Дата19.07.2023
өлшемі16.12 Kb.
#475719
шешендік өнер сұрақтар


  1. Үш бидің басын қосқан кім?

Жауабы: Абылай хан

  1. Қазақтың тұңғыш биі кім?

Жауабы: Майқы би

  1. Үш арсызды ата

Жауабы: Үш арсыз
1. Ұйқы арсыз.
2. Күлкі арсыз.
3. Тамақ арсыз.



  1. Қазақ хандығы тарихында үш жүздің билері қандай тауда кездесті? Жауабы: Ордабасы

  2. «Сұратқан хан ақымақ па, әлде сұраған сен ақымақ па?» деп қандай шешен, қандай жағдайда айтады?

Жауабы: Ұшып бара жатқан қаңбақты көрген хан Жиреншеге қаңбақтың қайда ұшып бара жатқанын біліп кел деп жұмсаған кезде Жиренше шешеннің ханға берген жауабы

  1. Үш даусызды ата

Жауабы: Үш даусыз
1. Мінез.
2. Кәрілік.
3. Ажал.


  1. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздері нешеге бөлінеді? Атап айт Жауабы: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау 

  2. Ысты елінен шыққан әрі батыр, әрі шешен тұлға кім?

Жауабы: Бөлтірік шешен

  1. Жеті қазынаны ата.

Жауабы: Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық


  1. Шешендік арнауға нелер жатады?

Жауабы: бата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту, естірту

  1. «Көш бастау қиын емес – Қонатын жерде су бар. Қол бастау қиын емес – Шабатын жерде жау бар. Шаршы топта сөз бастау қиын – Шешімін таппас дау бар», – деп шешендік өнердің қиындығын айтып кеткен жырау кім?

Жауабы: Бұқар жырау

  1. Абай Құнанбайұлы айтқан бес асыл іс пен бес дұшпанды ата

Жауабы: Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс көнсеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпанды білсеңіз


  1. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді қалай атаған? Жауабы: Риторика

  2. Қазақ шешендік өнерін неше кезеңге бөліп қарауға болады? Атап айт

Жауабы:
1. ХІ-ХІІІ ғ – Майқы, Аяз би
2. ХІV-ХVІ ғ – Асан қайғы, Жиренше
3. ХVІІІ ғ – Төле, Қазыбек, Әйтеке билер.

  1. Үш ғайыпты ата.

Жауабы: ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет