Үш бидің басын қосқан кім?
Жауабы: Абылай хан
Қазақтың тұңғыш биі кім?
Жауабы: Майқы би
Үш арсызды ата
Жауабы: Үш арсыз
1. Ұйқы арсыз.
2. Күлкі арсыз.
3. Тамақ арсыз.
Қазақ хандығы тарихында үш жүздің билері қандай тауда кездесті? Жауабы: Ордабасы
«Сұратқан хан ақымақ па, әлде сұраған сен ақымақ па?» деп қандай шешен, қандай жағдайда айтады?
Жауабы: Ұшып бара жатқан қаңбақты көрген хан Жиреншеге қаңбақтың қайда ұшып бара жатқанын біліп кел деп жұмсаған кезде Жиренше шешеннің ханға берген жауабы
Үш даусызды ата
Жауабы: Үш даусыз
1. Мінез.
2. Кәрілік.
3. Ажал.
Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздері нешеге бөлінеді? Атап айт Жауабы: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау
Ысты елінен шыққан әрі батыр, әрі шешен тұлға кім?
Жауабы: Бөлтірік шешен
Жеті қазынаны ата.
Жауабы: Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық
Шешендік арнауға нелер жатады?
Жауабы: бата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту, естірту
«Көш бастау қиын емес – Қонатын жерде су бар. Қол бастау қиын емес – Шабатын жерде жау бар. Шаршы топта сөз бастау қиын – Шешімін таппас дау бар», – деп шешендік өнердің қиындығын айтып кеткен жырау кім?
Жауабы: Бұқар жырау
Абай Құнанбайұлы айтқан бес асыл іс пен бес дұшпанды ата
Жауабы: Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс көнсеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпанды білсеңіз
Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді қалай атаған? Жауабы: Риторика
Қазақ шешендік өнерін неше кезеңге бөліп қарауға болады? Атап айт
Жауабы:
1. ХІ-ХІІІ ғ – Майқы, Аяз би
2. ХІV-ХVІ ғ – Асан қайғы, Жиренше
3. ХVІІІ ғ – Төле, Қазыбек, Әйтеке билер.
Үш ғайыпты ата.
Жауабы: ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып
Достарыңызбен бөлісу: |