Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлемтану
Әлеуметтануға кіріспе
Әлеуметтік қарым – қатынастар мен әлеуметтік институттар
Әлеуметтанулық ойлау. Әлеуметтанулық қиял.
Жауабы:
Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекеттері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді. Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым үзік-үзік болды. Бұл зерттеулердің кейбіреулері экономикалық, енді біреулері - заңгерлік, үшіншілері - шіркеулік, төртіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты өмір тұтастығын түсінуге бас қатырған жоқ. Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жүйелі қолданыла бастады, және де ол қолданылғанан кейін зерттеуде басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады. Қазіргі кезде біздің қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен және ой елегінен өткен, тез ұлғайып келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік құбылыстар туралы ортақ ғылым."Әлеуметтану" сөзін тұңғыш рет Огюст Конт озінің "Позитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да қажетті элементтерді бір ұғымға біріктірді. Платон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылымын саясат өнерінен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ғасырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола біріктіріліп жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлық түрлерінде зерттеген жоқ, және, Конт: барынша қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік ұғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді.Сонымен, Конт бірінші болып осынау кемшіліктерге ұтымдылық сәулесін септі, қоғам тұтас организм ретінде қарастырылуға тиіс деп кесіп айтып, және барлық байланыстарындағы әлеуметтікк құбылыстар туралы ғылымның фактыларды кеңінен байқап-бақылауға негізделген және саяси өнер мен революциялық мақсаттардан біржола арылған позитивтік ғылымның негізін қалауға тырысты. Әлеуметтану, Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға әбден сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық себептері мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік әдіске сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде болашақты болжап, прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді. Конттан кейін әлеуметтану негізінен ғылыми ой барысын күрт өзгерткен ілімнің бүкіл қуатын әбден сезіне білген кісілер еңбегінің арқасында дамыды. Жаратылыстық дүниені эволюциялық түсіндіру білімінің барлық салаларына бойлады. Жаратылыстық сұрыптау заңы және өмірді организмнің қоршаған ортаға бейімделу процесі ретінде түсіну осы заманғы биология мен психологияның өзегіне айналды. Эволюциялық философия сөзсіз кеңейіп, адам өмірінің әлеуметтік құбылыстарын да қамтуға тиіс болатын. Тіршілікті протоплазмадан адамға дейін зерттеп шыққан ғылым оның ішкі құрылысын түсіндірумен шектеле алмайтын еді. Ол оның толып жатқан сыртқы қатынастарымен, этностық топтармен, адамдардың жаратылыстық қоғамдарымен және оларда байқалатын барлық құбылыстармен танысып, сондай-ақ соның бәрі бүкіләлемдік эволюцияның нәтижесі емес не деген мәселелерін зерттеуге тиіс болатын.
Әлеуметтік ұйымдар сияқты әлеуметтік жүйенің маңызды элементі ‑ әлеуметтік институттар. Ол қоғам мүшелері үшін әлеуметтік мәнді қатынастарды тәртіпке, ретке келтірудің, тиянақтаудың, оларды міндетті етудің негізінде қалыптасады.Нақты индивидтердің, адамдардың, әлеуметтік топтардың, жіктердің және басқа қауымдастықтардың әлеуметтік байланыстары, өзара әрекеттері және қатынастары негізінде әлеуметтік институт пайда болады.Әлеуметтік институт — бұл адам баласының әлеуметтік ойының ұлы жемісі. Біздің тұрмысымыздың барлық маңызды салаларын қамтитын күнделікті өмірдің ұжымдық түрлері ондаған, тіпті жүздеген жылдар тұрақты қызмет етуге қабілетті. Әлеуметтік институтар адам өмірінде кездейсоқтық емес, тұрақтанған, сенімді әрекеттестік, жетекші рөл атқарады.Сол себепті де әлеуметтану үшін институттар талдаудың аса маңызды объектілердің бірі, ал олардың қызметін түсіндіру әлеуметтанудың өзегі болып саналады. Сол себепті де қазіргі әлеуметтану ғылымы институт проблемасына ерекше көңіл бөледі. Белгілі әлеуметтанушылар Г. Спенсер, и Э. Дюркгейм әлеуметтік институттарды әлеуметтік фабрика деп атаулары жайдан-жай емес.Қоғамда жеке әлеуметтік институттар ерте заманнан қалыптасқан. Мысалы, отбасы, мемлекет, білім және т.б. Уақыттың сұранысына орай жаңа әлеуметтік институттар пайда болады. Мысалы, Қазақстандағы қазіргі нарықтық және демократиялық жағдайлардан туындаған нарықтық институттар, демократиялық институттар және т.б.Күнделікті өмірде институтты әртүрлі әлеуметтік құрылым деп түсінеміз. Адамның қауіпсіздігі, оның білімі, денсаулығы, шаруашылық қызмет, демалыс, тағы басқа біздің күнделікті өміріміздің мәнін құрайтын құбылыстар институттық сипатқа ие болды. Бұл - институттанған, қалыптасқан, тәртіптелген, нығайтылған, жүйеге түскен әлеуметтік өмір. Мысалы, отбасы институты, білім институты, армия институты, дін институты, т.с.с.Әлеуметтанушылар арасында әлеуметтік институт терминін түсіндіруде бірыңғай пікір жоқ. Дегенмен мынандай анықтамалар ұсынуға болады. Әлеуметтік институт - бұл адамдардың мүдделерін қанағаттандыру мақсатында пайда болған, белгілі бір әлеуметтік мәні бар функцияларды атқаратын, әлеуметтік әрекеттестіктің тарихи қалыптасқан, нығайған, өзін-өзі тұрақты жаңартып отыратын, әлеуметтік жүйеде тығыз байланысқан, әлеуметтік нормалар мен ережелер, әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер негізінде мақсатқа бірге қол жеткізетін адамдардың ұйымдасқан бірлестігінің түрі. Әлеуметтік институт – бұл ең бірінші әлеуметтік құрылымның өмір сүруін қамтамасыз ететін әлдеқалай дәстүр, қоғамдық өмірдің уставы (жарғысы), адамдардың қызмет істейтін бірлестіктер және оларды ұжымдарға мақсатты біріктіретін ұйымдастырушы күш. Әлеуметтік институт ‑ бұл адамдардың біріккен тірлігінің тарихи қалыптасқан тұрақты ұйымы, іс‑әрекеті мен өзара әрекеті, олардың қызметінің әртүрлі саласын, мінез‑құлқын реттеуші және оларды әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер жүйесіне жинақтаушы тұрақты ережелер, нормалар мен тәртіптер (установки) кешені. Әлеуметтік институт – бұл дәстүрлер, нормалар және құндылықтарға негізделген адамдардың ұжымдық тірлігінің түрі, адамдарды ортақ мақсатқа жетуге күш‑жігерін ұйыстыратын ұйымның ерекше формасы. Қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, құқықтық, адамгершілік, сондай-ақ адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік ережелері мен мінез-құлқының нормаларын бойына сіңірген қоғамдық қызмет пен әлеуметтік қатынастардың белгілі ұйымы. Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік қызмет соншалықты әр алуан болса, әлеуеттік институт та шексіз. Мысалы, отбасы институты, дін институты, білім, өнер, ғылым, мәдениет институты, өндіріс, банк, несие, рента, сауда институты және т.б. болып кете береді. Яғни адамдардың мінез‑құлқын, іс‑әрекетін сипаттайтын кез келген тұрақты әлеуметтік құрылым әлеуметтік институт бола алады. Институт дегеніміз не? Соның анықтамасына тоқтала кетелік. Институт («институтты» латыннан аударғанда орнату деген мағынаны береді) дегеніміз адамдардың аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру үдерісі тәртіпке келтірген, тұрақты сипаты бар, өзін-өзі жаңартып отыратын әлеуметтік әрекеттер мен өзара қарым-қатынастардың жиынтығы
Әлеуметтік институттар өмірге қалай келеді және олардың ең мәнді сипаттары қандай? Әлеуметтік институттардың негізгі мақсаты – маңызды өмірлік қажеттілікті қанағаттандыру. Кез келген институт әлеуметтік қажеттіліктен туады, соған сай қызмет етеді. Мысал үшін отбасы институтын алайық. Ол, біріншіден, қоғамдық құндылықтар (махаббат, балаларға қатынас, отбасылық өмір). Екіншіден, қоғамдық рәсімдер (процедуры) (балалардың тәрбиесі, олардың денсаулығы, денесінің өсуі жөніндегі қамқорлық, отбасылық ережелер мен міндеттер). Үшіншіден, отбасындағы рөлдер мен мәртебелердің бір-бірімен араласып жатуы (отбасында ата мен ененің, әкенің, ананың, баланың, жас өспірімнің, аға мен қарындастардың рөлдері мен мәртебелері). Осылардың көмегімен отбасылық өмір жүзеге асады. Қауіпсіздік пен әлеуметтік тәртіпті әлеуметтік Һәм саяси институттардың аса маңызды түрі мемлекет қамтамасыз етеді. Білім беру мен жас ұрпақтарды әлеуметтендіруге, кадрларды дайындауға қажеттілікті білім институты қамтамасыз етеді. Рухани, оның ішінде барлығынан бұрын өмірлік мағыналы проблемаларды дін институты қамтамасыз етеді. Әлеуметтік институттар өздеріне тән әлеуметтік функцияларды атқарады. Бұл функциялар әртүрлі. Қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттар 6 топқа бөлінеді:
Экономикалық институттар: меншік, нарық, ақша, еңбек ақы, т.б. Бұл институттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады. Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және оларды пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша ‑ тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады. Еңбек ақы ‑ жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.
Саяси институттар: мемлекет, сот, армия, парламент, саяси партиялар және т.б. Бұлар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырады.
Рухани институттар: ғылым, білім, дін, мәдениет, тәрбие, моральдық ережелер, т. б. Бұл саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді.
4. Отбасы саласындағы институттар: отбасы, ана, әке, неке, балалары, т. б. Бұл институттар ‑ әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасуында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де берік болуы тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |