Жаугашева с. К. Пивень л. И. Асмагамбетова м. Т. Дилдабекова н. Т



бет1/3
Дата02.07.2016
өлшемі449.75 Kb.
#173001
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

ЖАУГАШЕВА С.К. ПИВЕНЬ Л. И.

АСМАГАМБЕТОВА М.Т. ДИЛДАБЕКОВА Н.Т.

АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ ШЫРЫШТЫ ҚАБАТЫНА ЖӘНЕ

ТІСТІҢ ПУЛЬПАСЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАР
Оқу-әдістемелік құрал

ҚАРАҒАНДЫ - 2008

ӘОЖ 616.314 -002:615. 24

КБЖ 56.6 я 7

А 91


Пікір берушілер:

Кусаинова Д.Д. – Фармакологияны зерттеу лабораториясының меңгерушісі, АО «НПЦ «Фитохимия», м.ғ.к.

Мажитов Т.М. – ҚММА клиникалық фармакология курсына жауапты, м.ғ.д., доцент

Сексенова Л.Ш. – ҚММА доценттiқ терапевтікалық курсының жауапты, м.ғ.к., доцент

А 91 Ауыз қуысының шырышты қабатына және тістің пульпасына әсер ететін заттар : Оқу-әдістемелік құрал / Жаугашева С.К., Пивень Л.И., Асмагамбетова М.Т., Дилдабекова Н.Т.– Қарағанды: 2008. – 38 б.

КБЖ 56.6 я 7

Оқу-әдістемелік құралдар медициналық жоғары оқу орындарының III курс студенттеріне арналған. Нұсқау стоматологиялық факультеттің студенттері үшін арналған. Онда ауыз қуысының шырышты қабатына және тіс пульпасына тікелей әсер ету ұшін қолданылатын дәрілік заттардың негізгі топтары туралы жаңа мәліметтер берілген

ҚММА ӘК отырысында талқыланды және қабылданды № 5 Хаттама 19.04.07

ҚММА Ғылыми Кеңесінің шешілімімен басылымға ұсынылды № 10 Хаттама26.04.07

К І Р І С П Е

Қазіргі кезде дәрілік заттардың көпшілік саны фармакотерапияның мүмкіншіліктерін бір жағынан кеңейтеді, ал басқа жағынан нақты науқасқа жоғары әсерлі дәрілік заттың таңдалуы киынға түседі. Стоматологиялық тәжірибеде дәрілік заттардың таңдаудың өзіндік қиыншылықтары бар. Біріншіден науқасты стоматологиялық тексеруге дайындағанда адекватты дәрілік заттарды (седативті, транквилизаторлар, нейролептиктер, т.б.) тағайындау керек. Екіншіден стоматологиялық науқасты емдеудің әр түрлі кезеңдерінде қолданылатын өзіндік дәрілік заттардың таңдалуы қажет. Сонымен қатар стоматологиялық аурулар әр түрлі қосымша аурулардың асқынуларымен жүрүі мүмкін (гипертониялық ауру, жүрек қыспасы, бронх демікпесі, т.б). Көптеген стоматологиялық ауруларды жергілікті емдеумен шектелмейді, жүйелік түрде дәрілік заттарды қолдануын талап етеді. Сондықтан дәрігер-стоматолог өзіндік патологияларды емдеудегі қолданылуын және асқынуларды алдын-алу үшін көптеген дәрілік заттар түралы мәлімет білу тиіс.



АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ ШЫРЫШТЫ ҚАБАТЫНА ЖӘНЕ

ТІСТІҢ ПУЛЬПАСЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАР
Ауыз қуысының шырышты қабатына әсер ететін заттарды , әсер ету қызметі және фармакологиялық орналасуы бойынша айырмашылықтары бар. Әр жақтан жиналған дәрілік заттар тобының бөлінуі ауыз қүысының шырышты қабатына тікелей әсер ету үшін қолдануымен ерекшеленеді. Тағайындау мақсаты бойынша дәрілік заттар келесі топтарға жіктеледі :

1.Ауыз қуысының шырышты қабатына қорғаныш әсер ететін заттар

1.1. Түтастырғыш заттар

1.2. Жүмсартқыш заттар

2.Ауыз қуысына жергілікті емдік әсер ететін заттар.

2.1. Дезодирлеуші препараттар

2.2. Кератопластикалық заттар

2.3. Саливация (сулайтын) үдерісіне әсер ететін заттар

2.4. Тістің пульпасына әсер ететін заттар

1) Тістің пульпасын некроздауға арналған заттар (девитализациялық заттар)

2) Биологиялық тәсілмен пульпиттерді емдеудегі тістің пульпасын сақтауға

арналған дәрілік заттар



3. Ауыз қуысының шырышты қабатының тамыр қабырғаларының өткізгіштігін және қабыну үдерістерін төмендетуге арналған дәрілік заттар.

3.1. Ферметтік препараттар

3.2. Стероидтық қабынуға қарсы дәрілік заттар

3.3. Стероидтық емес қабынуға қарсы дәрілік заттар



4. Ауыз қуысының микрофлорасына әсер ететін заттар

4.1. Антисептиктер

4.2. Антибиотиктер

4.3. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілік заттар



4.4. Вирустарға қарсы дәрілік заттар

5. Метаболизм, регенерация және иммунитетті күшейтетін дәрілк заттар.

6. Аллергияға қарсы дәрілік заттар

1. Ауыз қуысының шырышты қабатына қорғаныш әсер ететін заттар


    1. Тұтастырғыш заттар

Өсімдіктен алынған түтастырғыш заттар стоматологияда түнба, қайнатпа, экстракттар тұндырмасы ретінде: тауқалақай жапырағының, тұймедақ гүлдерінен, таңқүрайдың шөбінен және тағы басқа өсімдіктерден алынғандар қолданылады. Әсер ету механизмі: торшаның беткей қабатының ақуыздары, жартылай коагуляция салдарынан шырышты қабатқа түтастырғыш затты қолданғанда, альбуминатты жамылғы пайда болады. Пайда болған жамылғы сезімтал жүйке талшықтарын қорғап, ауырсыну сезімді төмендетеді, сілекей бөлінуін шектеп, тамырларды тарылтып, өткізгіштігін төмендетеді. Сонымен қатар түтастырғыш заттар қабыну үдерісін дамытатын ферменттердің ақуыздарын коагуляцияға ұшыратады. Осы тіндердегі барлық өзгерістер кешені , жергілікті қабынуға қарсы әсер болып саналады. Органикалық тұтастырғыш заттар, тек тұтастырғыш зат ретінде емес, сонымен қатар микробтарға қарсы әсері бар, регенерация үдерісін күшейтетін және эфир майлар, гликозидтер, тағы басқа түтастырғыш әсері бар, заттар болып табылады. Көрсеткіштері: гингивиттер, пародонтиттер және тағы басқа ауыз қуысының аурулары.

Тауқалақай жапырағы. Тауқалақай жапырағы қатайтатын немесе 1% эфир майынан тұрады. Тұнба түрінде 1:10 немесе 1:20 концентрациясында кептірілген жапырақ түрінде және сальвин атты түндырма түрінде шығарылады, оны қолдану алдында дистиляцияланған суда немесе хлорид натрий физиологиялық ерітіндісінде 5-рет араластырады. Тауқалақай препараттарын ауыз қуысының қабынуларында, (катаралды, ойық-жаралы некрозды гингивиттер, афталық стоматитте, және басқада жарақаттарда) ауыз қуысын шаю үшін қолданылады.

Түймедақ гүлдері. Түймедақ гүлдеренің құрымында 0,3% эфир майы, азулен, антемис қышқылы,және тағы басқа заттар бар. Азулен қышқылы қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсер етіп , ауыз құысындағы регенераторлы үдерістерді күшейтеді. Түймедақ гүлдерін (1:20 концентрациясында) тұнба, қайнатпа түрінде (бір ас қасық түймедақ гүлдерін бір стакан қайнаған суға араластыру) және түймедақ гүлдерінен алынған экстракт түрінде ромазулан препаратын ( 0,5 стакан суға 40 тамшы ) қосып суығаннан кейін шаю үшін, қолданылады.


    1. Жұмсартқыш заттар

Жұмсартқыш заттарға глицерин, вазелин, ланолин, өрік майы, шемішке майы және Шостаков бальзамы сияқты майлар немесе май тәрізді заттар жатады. Олардың әсер ету механизмі физико-химиялық қасиеттеріне байланысты болатындықтан тіндердің беткейінде қорғаныш жамылғы түзіп, тітіркенуден сақтап, қабыну үдерісін төмендетеді. Сонымен қатар винилинніңде, бактериостатикалық әсері бар. Ол таза немесе 20-25% өсімдіктің майлы ерітіндісі түрінде қолданылады. Гастритке, ойық-жаралы ауруға қарсы1,4 г капсула түрінде ішіледі. Стоматологиялық тәжірибеде жұмсартқыш заттарды негіз түрінде жұмсақ және сұйық дәрілік заттарды жасау үшін қолданылады. Ол этиологиясы әр түрлі стоматит, гингивит, хейлитті емдеу мақсатында тағайындалады.
2. Ауыз қуысын жергілікті емдеуге арналған дәрілік заттар
2.1.Дезодорирлеуші заттар

Әр түрлі аурулардың ағымы ауыз қуысынан жағымсыз иіс болуымен белгіленеді.Иістің сипаты нақты патологияның қосымша белгісі болып табылады. Мысалы: Қант диабеті, туберкулез, мерез, асқазан аурулары, ойық-жаралы некрозды гингивостоматитер, пародонтиттермен, ауырғанда науқастың аузынан жағымсыз иіс шығады. Біріншіден, патогенездік терапия қарастырылады. Стоматологиялық тәжірибеде дезодорирлеуші заттар әр түрлі ауруларда болатын жағымсыз иістерді жоюға немесе болдыртпауға арналған. Олар симптоматикалық терапиясында қолданылады. Ақуыздың денатурациясына,ферменттердің әсерінен тежелуіне байланысты әр түрлі дезодаранттардың әсер ету механизмі әрқилы.

Стоматологияда дезодорирлеуші заттар ретінде шаятын, жуатын тотықтар (сутек тотығы, перманганат калия), әлсіз қышқылдар мен сілтілер (бор қышқылы, борат және гидрокарбонат натрия), қош иісті эфир майлары (жалбыз, ванилді, т.б.) қолданылады. органикалық тұтастырғыш ретінде хлораминді пайдаланады. Әлсіз қышқылдар мен сілтілер ауыз қуысының pH-ын өзгертіп, жағымсыз иісі бар шырышты сұйықтықты ерітеді. Сонымен қатар, белгілі концентрациялы бұл препараттардың саңырауқұлақтарға қарсы белсенділік байқалтады.
2.2. Кератопластикалық заттар

Кератопластикалық заттарды әртүрлі фармакологиялық препараттар топтарына жатқызады: өсімдіктен алынған (каланхоэ шырыны, дәрілік календула түндырмасы, итшомырт майы, итмұрын майы), жануарлардан алынған (прополис, пропосол, ретинол), хиимялық жолмен алынғандар (токоферол, ливиан, метилурацил ) жатады.

Кератопластикалық заттардың әсер ету механизмдері әр түрлі. Бүл қосылыстар антидене, фагоциттік үдерістің қалыптасуына, торшалардың өсуі мен көбеюін жақсартады, өткізгіштігін реттеп, торша мембранасын қалпына келтіреді, торшаның және торшааралық мембраналарын синтездейді, тіндік тыныс алу үдерістеріне қатысады. Бұл препараттар тобының эсері ауыз қуысының шырышты қабатының регенерациялы үдерістерінің белсенділігін арттыруы. Кератопластикалық заттар ауыз қуысының шырышты қабатының эрозиялы ойық-жаралы зақымдары белсенді эпителизациялану кезінде комплексті емдеу үшін кең қолданылады. Оларды майлы ерітіндісі түрінде жасалады жараға жағады .


    1. Сілекейдің бөліну үдерістеріне әсер ететін заттар

Ауыз қуысының белгілі бір патологиялық үдерістерінде , саливицияны күшейту үшін суланғыш заттарды қолданады. Саливацияның жоғарлауын жергілікті (1% пилокарпин ерітіндісін 10-15 тамшыдан күніне 3-рет ) және резобтивті әсері (1 % галантамин ерітіндісін 1мл б/е немесе 5 % йодид калий ерітіндісі 1 ас қасықтан 3-рет) қолданылады. Шетелде «Жуу қосындысы» ретінде бір литр дистиляцияланған суда: 15,0 борат және натри гидрокарбонат, 35,0 глицерин, 3,0 сүйық фенолды ерітеді. «Жуу қосындысын «ауыз қуысына операция жасау алдында, жарақаттанғанда, перикоронаритте т.б. қолданылады.

    1. Тістің пульпасына әсер ететін заттар

Берілген заттар екі негізгі топқа бөлінеді:

1) Тістің пульпасын өлеттенуіне арналған заттар ( девитализдеуші ) заттар.

2) Биологиялық тәсілмен пульпитті емдеу нәтижесінде тістің пульпасын сақтауға қолданылатын дәрілік заттар.

Тістің пульпасын өлеттенуіне қолданылатын заттар ( девитализдеуші заттар )

Тістің пульпасын өлеттенуіне мышьяк және формальдегид қолданады.
Мышьякты ангидрид. Мышьякты ангидридті 0,0008 мөлшерде қолданады, бірақ осы мөлшердің өзі периодонтқа жиналып, мышьякты пириодонтитті дамытуы мүмкін. Сондықтан биологиялық тәсілмен пульпитті емдеуге болмайтын жағдайда, тістің пульпасын девитализациялау үшін қолданылады. Мышьякты ангидриттің девитализациалаушы әсер ету механизмі ол: сульфгидрильды топтарменен байланысып, ферментті жүйені (тиолдық ферменттерді) тежеу нәтижесінде сутектің бөлінуі байқалады. Тиолдық ферменттердің тежелуінің салдарынан, тіндік тыныс алуы бузылады және зат алмасудың өзгеруімен торшаның өлеттенуіне ұшырайды.Мышьякты ангидридті тістің пульпасының өлеттенуі үшін арнайы пастасы колданылады оның құрамына кіретіндер: жансыздандырғыш зат, тимол және қосымша заттар. Жансыздандырғыш затты (жиі кокаинді) ауырсынуды басу үшін құрамына қосылады, себебі мышьяк тіндердің қызаруына, ісінуіне әкеледі соның нәтижесінде, нервтік талшықтардың қысылуымен ауырсынудың жоғарылауы байқалады. Ауырсынудың жоғарылауы, капиллярлардың кеңеюімен және өлеттенген тіндердің ыдырауымен белсенді түрде гистаминнің бөлінуімен сипатталады. Кристаллдық тимолдың пастаның құрамына қосылуы ол антисептикалық әсер көрсетіп, нақты безендіруші затсыз белгілі бір консистенция береді. Мышьякты пастаны қойғаннан соң пульпаның өлеттенуі бяу басталады.Сондықтан мышьякты пастаны белгілі бір уақытқа қойылады: бір түбірлі тістерге – 24 сағ.,ал көп түбірлі тістерге – 48 сағ. Тістердің түбірлерінің физиологиялық резобциясы кезінде болатын сүтті тістердің пульпиттерін емдеуде мышьякты пастаны кариозды қуыстарға қою ұзақтығы 18-24 сағ.қысқартылады. Бірақ осы шектелген қысқартылған уақытада қолданылған препараттан мышьякты перидонтит дамуы мүмкін. Мышьяқа сезімталдығы жоғары болғанда, резорбтивті әсері асқазан ішек жолдарының және бауыр паренхимасының токсикалық зақымдалуымен сипатталады (жедел бауыр жеткіліксіздігіне дейін). Мышьякпен жедел улануда емдеуін тез арада бастау керек. Сорылған мышьяктың белсенділігін басу үшін парентералды унитиолды енгізу керек.Унитиолдың молекуласында бос сульфгидрилді топтар бар, олар мышьякпен байланысып тұрақты кешен түзеді. Жедел улануды емдеу кезінде қан айналымының бұзылыстарын және шокты көріністерін жоюға шара қолданылады (анальгетиктерді енгізу, қанның сары су алмастырушы сұйықтықтарды тамыр ішілік құю ).

Формальдегид. Формальдегид - альдегидтер және спирттер тобындағы антисептик болып табылады. Микробқа қарсы және дезодорирлеуші әсерлері анық белгіленген. Формальдегидтің ерітіндісінің әсерінен аққұыздың денатурациясына ушырап, тістің пульпасының тығыздалуына және өлеттенуіне әкеледі. Формальдегидте тітіркедіргіш әсері белсенді, бірақ қолданғанда периодонтиттің асқынуы кездеспейді өйткені тығыздалған пульпа тіндері формальдегидтің периодонтқа диффузиясын тежейді. Тістің пульпасының өлеттенуіне Микулин пастасы қолданылады оның құрамына кіретін заттар:формалин, кокаин, тимол және фенол.

2) Биологиялық тәсілмен пульпитті емдеудегі тістің пульпасын сақтауға қолданылатын препараттар.

Тістің тіндеріне және перидонтқа инфекцияның таратылмауы үшін пульпаның маңызы зор. Сондықтан қазір биологиялық тәсілмен пульпитті емдеу пульпаның өмір сүрү қасиетін сақтауға болады. Бул тәсілді барлық сау жас адамдарда жедел ошақты пульпиттерде және кариозды қуысты тазалағанда байкаусызда зақымдалған кезде қолданылады. Түрақты тістердің түбірлеренің толық дамымаған кезінде биологиялық тәсіл пульпиттің пролиферативті түрін емдеуге қолданылады. Бүл жағдайда түбірлік пульпаның өмір сүрүі сақталады. Пульпитті биологиялық тәсілдермен емдеудегі тіс пульпасына фармакологиялық әсердің есептері: қабыну үдерістерін жою, ауырсынуды басу, репаративті үдерістерді күшейту. Пульпитті биологиялық тәсілмен емдеудегі фармакотерапия есептері бойынша дәрілік заттар жиынтығына кіретіндер: антимикробты әсер көрсететін (антибиотиктер: бициллин, стрептомицин, левомицетин, экмолин, микроцид; антисептиктер: фурациллин, этакридин, винилин; сульфаниламидтер: сульфацил натрий, норсульфазол,этазол,т.б.) - пульпаның қабыну үдерісін бәсеңдететін ферменттер: трипсин, химотрипсин; кортикоидтар -гидрокортизон, преднизолон) – ауырсыну синдромын төмендететін (анестезин, мефенаминат натрия), орын басар дентинің пайда болуын белсендіретін (пластикобелсендіруші, кальци гидратының тотығы қурамдас) Кальци гидратының тотығы белсенді компонент ретінде кальцин – пастасы және кальмецин қурамына кіреді кальци гидратының тотығынан басқа қурамында қанның қурғақ сары суы және сульфацил натриі бар. Осы дәрілік зат кешені препаратқа антисептикалық, жергілікті имунореттеуші және пластикобелсендіруші әсер корсетеді. Биологиялық тәсілмен пульпитті емдеуіндегі препараттар паста немесе ерітінді түрінде аппликациялық тәсілімен қолданылады.
3. Ауыз қуысының шырышты қабатының тамыр қабырғаларының өткізгіштігін

және қабыну үдерістерін төмендетуге арналған дәрілік заттар
Көптеген патологиялық үдерістердің генезінде қабынудың маңызы зор, сондықтан қызаруды, ісінүді, ауырсынуды, дене қызуын азайту үшін фармакодинамикасының және фармакокинетикасының айырмашылығы бар әр түрлі топтағы қабынуға қарсы және ауырсынуды басатын заттар қолданылады.

Стоматит, гингивит, хейлит, глоссит, пульпиттерді емдеуде жергілікті: (ферменттер, глюкокортикодтар және қабынуға қарсы стеройдты емес заттар, майлар, резорбтивті заттар) наркотикалық емес анальгетиктер, витаминдер, кальций түздары қолданылады.


3.1. Ферменттік препараттар

Ауыз қуысындығы некроздалған және қабынған тіндерге тікелей әсер етуүшін, протеолитикалық әсері бар ферменттерді қолданады (ируксол, гиалуронидаза, трипсин, химотрипсин). Әсер ету механизмі: ферментті препараттар, рибозаның спиртті тобындағы фосфор қышқылының қалдығынан шыққан полинуклеотиттегі диэфирлі байланысты үзіп, оның гидролизденуіне әкеледі, соның нәтижесінде қабыну үдерістерінен пайда болған ірің, шырыш және тағы басқа заттардың сүйытылуына әкеледі.



Ируксол - ауыз қуысының эрозивті ойықжаралармен зақымдалуында, жазылмайтын жараларда, абсцедирлеуші пародонттың қабыну ауруларында қолданылады.

Дәрілік түрі : жағар май ( мазь )



Гиалуронидаза - созылмалы қабыну ауруларында қолданылады: контрактурада, күйіктерден кейінгі тыртықтарда. Енгізу жолдары: тері астына, бұлшықетке, тыртықталған тіндер астына.

Трипсин, химотрипсин - ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуында, пародонттарда, остеомиелиттерде, іріңді жараларда. Енгізу жолдары: жергілікті, бұлшықетке , электрофорез түрінде тағайындалады.

3.2. Стероидтық қабынуға қарсы дәрілік заттар

Глюкокортикодтар қабынуға қарсы әсері жоғары заттар, олар қабынудың барлық фазаларына әсері зор. Глюкокортикоидтардың қабынуға қарсы әсері липокартин ақұызы арқылы (лейкоциттерде, эпителиалды торшалаларда) фосфолипаза А2-нің белсенділігінің тежелуімен негізделеді. Бұл фермент, мембранадағы фосфолипидтерінің гидролизіне қатынасып, соның нәтижесінде арахидон қышқылы босатылады, ол қабыну медиаторларының синтезі үшін, субстрат болып табылады, яғни простогландин және лейкотриен үшін. Сол себептен глюкокортикоидтар қабыну медиаторларының дамуын тежейді және қабынудың эксудативті фазасын төмендетеді. Глюкокортикодтар капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді, протеолитикалық лизосомалды ферменттердің шығуын төмендетеді, альтерация фазасын төмендетеді.

Глюкокортикоидтар қабыну ошағына моноциттердің өтүін шектейді, фибробластардың бөлінуін тежеп антипролиферативті әсер көрсетеді яғни тіндерде тыртықты болдыртпайды. Негізгі препараттар: гидрокартизон, метилпреднизалон, триамциналон, флуметазон. Жергілікті қолдану үшін. Қолданылу көрсеткіштері: микробқа байланысты емес этиологиясы, ауыз қуысының аллергиялық және қабыну аурулары кезінде.

Преднизолон-гемисукцинат 25 мг леофилизирленген ампула түрінде шығарылады. Ол шокта, коллапста, жедел жүрек жеткіліксіздігінде, ауыр аллергиялық үдерістерде қолданылады. Көк тамырға немесе бұлшық етке енгізіледі.Ампуладағы дәрілік затты 35-37С жылытылған 5 мл иньекцияға арналған суға ерітеді. Көк тамырға ерітіндіні 250-500 мл натри хлор изотониялық ерітіндісінде, 5% глюкоза ерітіндісінде немесе 40 декстранда ерітіп енгізеді. Шок кезінде бір реттік дозасы 50-150 мг (ауыр жағыдайда 400 мг дейін ). Қайта 3-4 сағаттан кейін енгізіледі. Тәуліктік дозасы 300-1200 мг құрайды.

Синалар және флуцинар құрамында флюоцинол ацитониді бар мазь болып табылады. Төменгі концентрацияларда әсер етіп, жергілікті қолданғанда нашар сіңіріледі. Синаларды жергілікті қолданғанда 40-есе гидрокартизоннан белсендірек болып келеді. Құрамында 0,025% дәрілік заты бар мазь, крем немесе эмульсия түрінде қолданылады. Ауыз қуысының шырышты қабатының инфицирлену жағдайында құрамында 0,25% синалар және 0,5% неомицин сульфаттан туратын синалар майы қолданылады.

3.3. Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар

Стеродты емес қабынуға қарсы заттардың үш негізгі фармакологиялық қасиеті бар, олар қабынған тіндерде циклооксигеназаны тежеп ,простогландиннің синтезін төмендетеді.



  • қабынуға қарсы әсері: простогландиндердің синтезін тежейді, әсіресе ПГЕ2, ПГІ2 вазодилятацияны төмендетеді , және жанамалы ісінуді басады. Бұл жабық кеңістікте қолайлы болуы мұмкін,яғни тіс кеңістігінде.

  • анальгетикалық әсері : простогландиндердің синтезін тежейді, брадикинин, серотонин сияқты қабыну медиаторларына ноцицепторлардың (ауырсыну рецепторларының ), брадикинин және серотонин сияқты қабыну медиаторларына сезімталдығы төмендейді.

  • ыстықты төмендету әсері: орталық жүйке жүиедегі, әсіресе гипоталамустағы простогландиндердің деңгейі төмендейді, себебі простогландиндер қабыну пирогені - интерлейкин -1 - дің синтезіне жауапты.

Ацетилсалицил қышқылы - қалтырау жағдайында, ауырсыну, невралгия және жақ -бет аймағының қабынулы ауруы, және ауыз қүысының шырышты қабатының қабыну ауруларында қолданылады.

Диклофенак – пульпит, периодонтит, пародонтит, ауыз қуысының шырышты қабатының және терінің қабыну ауруларында, жарақаттан кейінгі ауырсыну синдромы кезінде, самай-төменгі жақ буынының артроздары және артриттер кезінде қолданылады. Тағайындалуы: 1 % мазды ішке және жергілікті қолдану.

Индометацин - самай - төменгі жақ буынының артроздарымен артриттерін емдеу үшін қолданылады. Невралгия, миалгия, ауыз қуысындағы тіндердің қабынуларын емдеуге қолданылады. Қолданылуы: 1% мазды ішке және жергілікті қолданылады.
4. Ауыз қуысының микрофлорасына әсер ететін заттар
Стоматологиялық тәжірибеде келесі микробтарға қарсызаттарды қолданады :


    1. Антисептиктер

    2. Антибиотиктер және сульфаниламидті препараттар

    3. Саңырауқұлақтарға қарсызаттар

    4. Вирустарға қарсы заттар

4.1 Антисептиктер

Әр түрлі химиялық топтардағы антисептиктер таңдамалы әсері жоқ және стоматологиялық тәжірибеде дезинфекциялық және дезодорирлеуші зат ретінде стоматит, гингивит, пульпиттерді емдеу үшін, тіс жегі кезінде тіс тінін сұртұ үшін, инфекциялық жараларды өңдеу кезінде кеңінен қолданылады:



  • йодинол,

  • мирамистин,

  • сангвиритрин,

  • хлоргексидин,

  • хлорофиллипт,

Йодинол: микробқа қарсы әсер ету механизмі, йодинолдың құрамындағы босатылатын галоген, ақұыздарды денатурацияға ұшыратады. Йодинол құрамында поливинил спиртінде белсенді молекулярлы йод бар, ол йодтың босаңсуын үстап тұрады және тіндермен байланысуын ұзартады. Йодинолдың спиртті ерітіндісінің артықшылығы, ол суда жақсы ериді және аллергиялық үрдісті тудырмайды. Көрсеткіштері: Іріңді жаралар, периодонтиттер, одонтогенді синуситтер. Қолданылуы және мөлшерленуі :1 % ерітіндімен, іріңді жараларды және түбір өзектерін жуу.

Хлоргексидин: грамм оң және грамм теріс бактерияларды, Candida туысындағы саңырауқұлақтарды жояды. Көрсеткіштері: тіс жегі, ауыз қуысының іріңді қабынулары, пародонта ,жараларды және хиругтың қолын өңдеу үшін қолданады.

Мирамистин: антисептикалық және жараны жазатын зат, жергілікті спецификалық емес иммунды жауапты белсендіреді. Көрсеткіштері : тіс жегі, стоматит.

Қолданылуы және мөлшерленуі:0,01 % ерітіндімен ауыз қуысының зақымдалған жерін, кілегейлі қабықшасын өңдейді.

Сангвиритрин. Көрсеткіштері: ашытқыш саңырауқұлақтар және аралас флора әсерінен туындаған терінің және шырышты қабаттың зақымданулары, пародонттың қабыну аурулары. Қолданылуы және мөлшерленуі: 0,2 % спиртті ерітіндісін аппликация түрінде пародонталды қапшыққа енгізеді.

Хлорофиллипт: эвкалипт жапырағындағы хлорофилдің қоспасы. Фармакологиялық әсері: антибактериалдық. Көрсеткіштері: тіс жегісінің асқынуларында, пародонттың іріңді және қан ағуымен көрінетін қабыну ауруларында. Қолданылуы және мөлшерленуі: 1 % спиртті ерітіндісін периодонтит кезінде, тістің тамырлы өзектерін өңдеу үшін.

Сутек тотығы және калии перманганаты. Сутек тотығының тотықтырғышы және калии перманганаты әлсіз антисептикалық және дезодирлеуші әсерлерге ие. Әсер ету қағидасы оттегінің босансуымен байланысты. Ауыз қуысында сутек тотығы тіндердің каталаза әсерінен ыдырап, органикалық заттармен әрекетесіп антимикробты белсенділік әсері төмен молекулярлы оттегі бөлінеді. Сутек тотығының дезодирлеуші әсері, зақымдалған тіндердің механикалық тазалануымен түсіндіріледі. Препарат официалды сутек тотығы ерітінді түрінде (құрамында 2,7- 3,3% сутек тотығы, дезодирлеуші әсер корсету үшін, бір стақан суға 1-2 шай қасық сутек тотығын араластырып қолданылады) және концентрирленген сутек тотығы ерітіндісі пергидроль түрінде (құрамында 27,5 - 31 % H2O2 ), дезодорант түрінде 10 тамшыны бір стақан суға ерітіп қолданады.3 % концентрациядағы препаратты тіс жегін және асқынуларын емдеу кезінде кариозды қуыстарды өңдеу үшін қолданылады. Ауыз қуысының шырышты қабатын өңдеу үшін 1 – 2 % сутек тотығы ерітіндісін қолданады. Калии перманганат органикалық заттармен бірге атомарлы оттегін ыдыратады (2KМno4 + H2O - 2 KOH + 2MnO2 + 3O). Атомарлы оттегінің антисептикалық әсері молекулярлыға қарағанда белсендірек. Атомарлы оттегі антимикробты және дезодирлеуші әсер көрсетеді, ал пайда болған марганец окисі (MnO2) түтастырғыш әсер көрсетеді. Дезодирлеуші ісер көрсету үшін 0,001 – 0,1 % ерітіндісін қолданады. Жоғары концентрацияда калии перманганат тітіркедіргіш және кұйдіргіш әсерге ие. Әлсіз ерітіндіні (0,001 – 0,02 % ойық жаралы некрозды гингивиттерді және стоматиттерде өлеттенген тіндердің бөлінуін күшейту үшін қолданады. Ауыз қуысының шырышты қабатының катаралды қабынуы кезінде қолдануға болмайды, себебі қайта пайда болған эпителиалды торшалар зақымдалуы мүмкін.

4.2. Синтетикалық антибактериалды заттар

Жақ - бет аймағының іріңді қабыну үрдістері кезінде комплекісті емдеу ретінде , бүл препараттарды ішке және жергілікті (остеомиелит, пародонтит , абсцесс ) және операциядан кейін асқынуларды емдеу үшін қолданады.

Диоксидин: хиноксалин тобындағы синтетикалық әсер ету спектрі кең , микробқа қарсы препарат. Көрсеткіштері: жақ–бет аймағының флегмонасы және абсцессі. Қолданылуы және мөлшерленуі: 1 % ерітіндімен шприц арқылы өңдейді.

Метронидазол 5 – нитроимидазол туындысындағы спектірі кең, микробқа қарсы әсері бар, спора түзбейтін анаэробты микробтарға белсенді болып келетін препарат. Әсер ету механизмі: метронидазол микроб торшасының ішіне еніп, редуктаза әсерінен нитротобының редукциясында, синтез ингибирлеуші және микроорганизмдердің ДНК синтезін бүзатын белсенді метаболит түзеді. Көрсеткіштері: аралас (аэробты және анаэробты) әр жерде шоғырланған инфекциялар, пародонт аурулары, жақ-бет аймағының іріңді қабыну үрдістері. Қолданылуы және мөлшерленуі : алғашқы күндері ішке күніне 0,25 - 0,5 2 - рет, кейін 0,25 күніне 3 - рет. Дистильденген суда таблетканы ерітіп, жергілікті пародонталды қапшықтарды өңдеуге қолданады.
4. 2. Антибиотиктер

Антибиотиктер стоматологияда созылмалы іріңді қабынуларды емдеуге қолданылады. Бет - жақ аймағындағы қабынулар периостит, остеомиелит, абсцесс, флегмона, одонтогенді сепсис, ауыз қуысының ауыр асқынуларын емдеуге қолданылады. Инфекциялық асқынуларды алдын-алу үшін стоматологиялық операция алдында анамнезінде эндокардит, қант диабеті, гломерулонефрит аурулары бар, қауып тобындағы науқастарға антибиотиктер тағайындалады (кесте 1). Терапиядағы химиотерапевтік заттардың таңдалуы. Әр түрлі аурулардағы химиотерапияның әсері, қоздырғыштың химиотерапиялық заттарға сезімталдығы және зақымдалу ошағындағы концентрациясы байланысты (кесте 1.) .




Қоздырғыш

Таңдау препараттары

Резервті препар-р(таңдау преп-ға қоздырғыштың тұрақсыздығы немесе науқастың өтімсіздігі )

1

2

3

( бензилпенициллинге сезімтал ) стафилакок

Бензилпенициллиннің аса жоғары мөлшері

 

( бензилпенициллинге тұрақты ) стафилакок

Метициклин, клоксациллин, оксациллин

Цефалоспорины

( метициллинге тұрақты) стафилакок

Ванкомицин

Сульфаниламидтер, эритромицин, линкомицин, тетрациклин, цефалоспориндер, нитрофурандар

Анаэробты пиогенды стептокок

Бензилпенициллин

Сульфаниламидтер, эритромицин, линкомицин, тетрациклин, цефалоспориндер

Стрептококк

Бензилпенициллин

Цефалоспориндер, эритромицин, линкомицин, тетрациклин, сульфаниламидтер

Пневмококк

Бензилпенициллин

Ампициллин, цефалоспориндер, эритромицин, тетрациклиндер.

Гонококк

Бензилпенициллин

 

Менингококк

Бензилпенициллин

 

Ішек таяқшасы

Ампициллин, гентамицин, полимиксиндер

Цефалоспориндер; канамицин,хлорамфеникол, сульфаниламидтер

Клебсиелла (Фридлендер таяқша -сы )

Цефалоспориндер, канамицин (немесе гентамицин) + цефалоспориндер

Тетрациклиндер, хлорамфеникол

Инфлуэнцы таяқшасы

Ампициллин, хлорамфеникол

Сульфаниламидтер, стрептомицин, тетрациклиндер

Энтерококк

Ампициллин, бензилпени-циллин + аминогликозидтер

Ванкомицин, ристомицин, эритромицин + аминогликозидтер

Мирабелды протейлер

Цефалоспориндер, ампициллин

Ампициллин, гентамицин, канамицин, тетрациклиндер

Вульгарлы протейлер

Карбенициллин, канамицин

Гентамицин, тетрациклиндер, хлорамфеникол

Листерилер

Ампициллин + стрептомицин

Эритромицин, тетрациклин, хлорамфеникол

Ацинетобактерилер

Гентамицин, канамицин

Карбенициллин, полимиксин В

Стрептобацилдер

Бензипенициллин

Цефалоспориндер, эритромицин, тетрациклиндер

Фузобактерилер

бензил-пенициллиннің аса жоғары мөлшерлері

Хлорамфеникол, эритромицин, линкомицин, клиндамицин, тетра-циклиндер, инъекцияға арналған фурагин

Бактероидтар

Хлорамфеникол, метронидазол

Карбенициллин, клиндамицин

Лямблии

Метронидазол

Фуразолидон + эритромицин, акрихин, хлоридин

Энтеробактерилер

Гентамицин

Карбенициллин, канамицин, тетрациклиндер

Көк іріңді таяқша

Гентамицин, полимиксин В, нитроксолин, карбенициллин

Тобрамицин, амикацин

Кесте 1 . Қоздырғыштарға байланысты химиотерапевтикалық заттардың таңдалы.


Азитромицин (сумамед) макролидтер тобындағы жартылай синтетикалық антибиотик. Эритромицинге қарағанда, әсер ету спектрі кең, фармакокинетикалық қасиеті жоғары, қолданылуы қысқыртылған. Азитромициннің барлық макролиттерден айырмашылығы, Н.іnfluenzae-ға қатысты белсенділігі жоғары, грам оң кокктарға белсенділігі төмен. Мусоplasma, Chlamydia pneumoniae, Legionella , Moraxella ,сияқты тағы басқа респираторлы патогендерге белсенділігі жоғары. Азитромицин қышқылдыққа тұрақты, пероралды енгізгенде тез сіңіріледі, тіндерге таралып, торша ішілік әсер етеді, оның жоғары концентрациясы фибробластар және макрофагтарда кездеседі. Жартылай шығару кезеңі Т 1/2 - 50 сағат. Кері әсерлері: әлсіз ас қазан бүзылыстары, абдоминалды ауырсыну, (эритромициннен төмен), бас ауру, бас айналу. Азитромицин цитохром Р 450 белсенділігін тежемейді.

Амоксацилин – кең спектрлі әсер ететін жартылай синтетикалық пенициллин болып табылады. Ол бензилпенициллинге қарағанда гидрофилді, сондықтан теріден оңай өтеді, грам оң теріс микробактерияларға белсенділігі жоғары. Амоксацилин пеницилиназа түзетін микроорганизімдерге әсер етпейді. Ампициллинге өте ұқсас, бірақ ерекшеліктері бар:



  • биотөзімділігі жоғары,

  • тағаммен әсерлеспейді,

  • қанда жоғары концентрацияланады,

  • диареяны аз тудырады,

  • H. influensae-ға қатысты, белсенділігі төмен.



Этиологиясы

Препараттардың

Таңдалуы

Альтернативті

Спирохеттер
P.intermedia
P.gingivalis


Феноксиметилпенициллин

Амоксициллин/клавуланат
Линкосамид

Өлеттенген тіндерді алып тастау. Антисептиктермен ауыз қуысын шаю.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет