Жазықтықтағы нүктенің координаталары



бет1/5
Дата03.01.2022
өлшемі86 Kb.
#451287
түріСабақ
  1   2   3   4   5
000442f1-db6afd9e


Сабақ жоспары №

Пән: геометрия Сынып: 8«а» Күні:



Сабақтың тақырыбы: Жазықтықтағы нүктенің координаталары. Кесіндінің ортасының координаталары.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі туралы білімін кеңейтеді; Координаталары бойынша нүктені салуын үйренеді; Координаталық жазықтықтағы берілген нүктенің координаталарын табады, координаталары берілген нүктені координаталық жазықтықта салу дағдысын қалыптастырады; кесіндінің ұштарының координаталары бойынша оның ортасының координаталарын табуды үйренеді.

Дамытушылық: Оқушылардың топпен жұмыс істеуін, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, шыдамдылыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке өз бетінше еңбектену белсенділіктерін дамытады, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіреді.

Тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл болуға үйренеді, өзара бір-біріне көмегін қалыптастыра отырып, өз біліміне ғана емес, басқа оқушының да біліміне жауапкершілікпен қарауға дағдыланады, өзін - өзі басқаруға үйренеді;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: СТО

Ішінара іздену, зерттеу әдісі: анализ, синтез, салыстыру, рефлексия жасай білу. Әр кезеңде оқытуды ұйымдастыру түрлері: Жекеше, жұптық, топтық- ұжымдық


Пән аралық байланыс: сурет, тарих, математика.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, формулалар, түрлі – түсті борлар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет