2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
2.1. Тапсырыс берушінің міндеттері:
2.1.1. Жолжүгі және оны жеткізудің шарттары туралы толық, нақты және шынайы ақпарат, сонымен қатар осы Келісімшартта ескерілген Орындаушының міндеттерінің жүзеге асырылуы үшін қажетті құжаттарды беру. Орындаушымен қажетті қосымша қызметтерді келістіру.
2.1.2. Орындаушыға жолжүгін ыдыстың ішіндегісіне қол сұға алмайтындай және Орындаушымен бекітілген «Көлік ыдысына үлгі талаптарын» қанағатандыратын формасы өзгертілген ыдыста беру (Келісімшарттың №2 қосымшасы).
2.1.3. Құрамында жарылғыш, радиоактивті, химиялық белсенді, улы, тез жанатын, уландырғыш, өзінен өзі жанатын заттары бар жолжүгін, халықаралық стандарттағы МЕМСТ 19433-88 сай қауіпті жүктерді, ҚР заңнамасына және РФ заңнамасына сәйкес тасымалдауға тиым салынған заттарды, сонымен қатар тасымалдануы арнайы жылжымалы құрамды не арнайы құрылғылар мен технологияларды не Орындаушыда арнайы рұқсаттың (лицензия) болуын талап ететін тауарлар мен заттарды жеткізуге арнап Орындаушының келісімінсіз тапсырмау.
2.1.4. Орындаушымен бірлесе отырып жолжүгінің әр қайсысын жеке жеткізу бойынша қызметтерді көрсету үшін талап етілетін көлік құжатын және өзге қажетті құжаттарды тиісінше ресімдеу.
2.1.5. 2.1.1, 2.1.2, 2.1.3, 2.1.4 тармақтарында көрсетілген міндеттерге Жөнелтуші жауапты, егер Тапсырыс беруші Жөнелтуші болмаса.
2.1.6. Орындаушының ынтасы бойынша жолжүгінің ішіндегі ыдыстың ішін тексеруде не жолжүгінің ішіндегісін қайта есептеуде және тиісті Акт жазу жағдайда өзінің өкілін не Жөнелтушінің өкілін қатыстыруды қамтамасыз ету.
2.1.7. Орындаушының қызметін төлеу. Орындаушының қызметін төлеуден Төлеуші бастартса, Орындаушыға тиісті барлық төлемдерді төлеу жөніндегі міндет Тапсырыс берушіге ауады.
2.1.8. Қойма қызметінің бағасы жолжүгін жеткізуді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің бағасына қосылуы жағдайдагі кезеңнің аяқталуы бойынша Орындаушының қойма қызметіне төлем төлеу.
2.1.9. Жеткізілген жолжүгін қабылдау не егер Тапсырыс беруші Алушы болмаса, Алушының оның алуын қамтамасыз ету.
2.1.10. Егер жеткізу қызметін төлеу үшінші тұлғамен жүзеге асырылса, Төлеуші туралы жолжүгін (көлік құжатын толтыру) тапсыру жағдайдагі ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету. Жолжүгін тапсыру жағдайда аталған ақпаратты ұсыну мүмкіндігі болмаса, Орындаушыға жазбаша түрде хабар беру. Көлік құжатында ақпарат және үшінші тұлғамен төлем туралы хабарлама болмаған жағдайда, Орындаушының №1 Прайс парағының 2 бөліміне және №3 Прайс парағының 2 бөліміне, №1 Прайс парағына және №3 Прайс парағына сәйкес бекітілген, сақтау мерзімінің мерзімінен асуы жағдайда Орындаушының қоймасында жолжүгі сақталған кезеңге қоймада сақталуына төлем төлеу.
2.1.11. Жолжүгі белгіленген бекетке орын санының кем шығуымен, сонымен қатар ыдысының жағдайы өзгеріспен келсе, Алушы Орындаушының өкілін қатыстыра отырып коммерциялық акт жазады. Жолжүгінде жатқан мүлікті анықтау мақсатында, Тараптар жолжүгімен бірлескен жолдама құжатын пайдаланады. Олар жоқ болған жағдайда, Алушы оларды Жөнелтушіден сұрап Орындаушыға ұсынуға міндетті. Егер Жөнелтуші және/не Алушы – заңды тұлға болса (ЖК), онда жүк жолжүгінің ішіндегісін және оның бағасын растайтын құжаттарды ұсынғанға дейін берілмейді, сонымен қатар қойма қызметі төленбейді. Егер Жөнелтуші және/не Алушы – жеке тұлға болса, онда жолжүгі жолжүгінің ішіндегі тізімдемемен беріледі.
2.1.12. Орау үшін қаптарды ұсыну бойынша қосымша қызметке тапсырыс беру кезінде, № 4 Прайс парағына сай, Жөнелтуші орындарды пломбалау жағдайда қатысуы керек.
2.1.13. 1 500 000 теңге және одан да көп тұратын жолжүгін жеткізуге беру кезінде, не жолжүгіндегі мүліктің құны 1кг 50 000 теңгені және одан да көпті құраса – Жөнелтуші міндетті түрде жолжүгінің құндылығын жариялауға міндетті.
2.1.14. Жеке (тұрмыстық) қажеттіліктерге арналған жөнелтілімдерді тапсыру жағдайда, егер жолжүгінің құны Жөнелтушінің бағасы бойынша 750 000 теңгені не одан да көпті құраса, не жолжүгіндегі шамамен бағасы 1кг 50 000 теңгені және одан да көпті құраса – Жөнелтуші міндетті түрде жолжүгінің құндылығын жариялауға міндетті.
2.2. Орындаушының міндеттері:
2.2.1. Тапсырыс берушінің жолжүгін белгіленген бекетке өзгерілмеген қалыпта және ыдысының жағдайында жеткізуді қамтамасыз ету.
2.2.2. №1 Прайс парағының 1 бөлімінде және №3 Прайс парағының 1 бөлімінде ескерілген мерзімдерді сақтай отырып, жеткізуді ұйымдастыру бойынша қызметті көрсетуді қамтамасыз ету.
2.2.3. Аталған мерзімдер қызметті дер жағдайда көрсетуге және Орындаушының шамасынан тыс бөгет болатын жағдайлардың пайда болуында ұзартылуы мүмкін, оларға, әсіресе мыналар жатады, қарсы тұра алмайтын күш, мемлекеттік органдардың шешімдері, тасымалдаушыларға конвенциялық тиымдар салу. Аталған мәселелердің пайда болуы туралы Орындаушы тез арада www.jde.kz сайтында, кеңселерде және Орындаушының тиеу аумақтарында ақпарат таратады.
2.2.4. Өз күшімен не үшінші тұлғаларды тарту арқылы қызметтер кешенін көрсету. Қызметтер негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Негізгі қызметтерге мыналар жатады:
-
қабылдау және жолжүгінің параметрлерін анықтау (орындардың саны, салмағы,көлемі);
-
орамның жетіспеушілігін жою үшін Жөнелтушіні жабыстырғышпен қамтамасыз ету;
-
жолжүгін жіберу бекетінде де, келіп жеткен бекетте де орау, егер мұндай орау Орындаушының ішкі технологиясы бойынша қажет етілсе, стрейч қаптамаға орау;
-
Орындаушының қоймаларында тиеу-түсіру жұмыстары. Орындаушының тікелей көлік құралына жолжүгін қабылдау, Орындаушының қоймасына қабылданды деп есептелінеді;
-
пломбаланған көлік құралында жеткізуді жүзеге асыру;
-
қажеттілігіне қарай, жолжүгін және көлік құралын қысқыштар мен құрал – жабдықтарды артынан бөлшектеу арқылы қажетті қысқыштармен және құрал – жабдықтармен тиеу және тасымалдау үшін қамтамасыз ету;
-
темір жол көлігімен жеткізу жағдайда жүру жолымен жолжүгіне еру;
-
Тапсырыс берушінің сұранысы бойынша Орындаушыға жолжүгінің орналасқан орны туралы www.jde.kz сайтында, сонымен қатар ауызша сұранысы бойынша, оның ішінде, телефон арқылы ақпаратты жариялау арқылы ақпараттандыру;
-
№1 Прайс парағының 2 бөлімінде және №3 Прайс парағының 2 бөлімінде анықталғандай, мерзім ішінде қойма қызметтерін жүзеге асыру;
-
Алушыға келіп жеткен жолжүгін беру.
Қосымша қызметтерге мыналар жатады:
-
№1 Прайс парағының 2 бөлімінде және №3 Прайс парағының 2 бөлімінде көрсетілгендей, мерзімінен асырып белгіленген бекетте қойма қызметтерін көрсету;
-
жөнелту және алу бекеттерінде жолжүгін автожекізу;
-
жолжүгін торлау, торланған жөнелтілімді жеткізу;
-
орау үшін қаптарды ұсыну және қаптарға жолжүгін пломбалауды жүзеге асыру;
-
жолжүгін іріктеу және топтау арқылы 1 (бір) ТКЖ бойынша жөнелтілімді өңдеу;
-
Алушының жолжүгін алатындағын растайтын, жолжүгін жөнелтуге құжаттардың жиынтығының көшірмелерін ұсыну (жолжүгін алуға сенімхат, Алушының қолы қойылған ТКЖ);
-
Алушының қолы қойылған ТКЖ көшірмелерін ұсыну;
-
жүкқұжаты бойынша ішкі есептумен жөнелтілімді қабылдау-беру;
-
0 С кем болмайтын температуралық режімді қамамасыз ете отырып жөнелтілімді жеткізу;
-
габаритті емес жөнелтілімді жеткізу;
-
өте габаритті емес жөнелтілімді жеткізу;
-
нәзік жөнелтілімді жеткізу қызметі;
-
Орындаушымен Келісімшарт бойынша жеткізу қызметін көрсетпей, жөнелтілімді тиеу-түсіру бойынша қызмет көрсету (негізгі қызметтен Жөнелтушінің бас тартуы);
-
жергілікті қоймаға жолжүгін қабылдау;
-
сонымен қатар негізгі қызметтің тізбесіне қосылмаған өзге қызметтер.
2.2.5. Өзіне негізгі және қосымша қызметтерді қосатын жеке Келісімшарт бойынша жолжүгін жеткізудің қызметі ерекше шарттармен көрсетілуі мүмкін.
2.2.6. Тапсырыс берушіге оның талабы бойынша жеткізу шарттары мен қызметі бағасы бар көлік құжатын ұсыну.
2.2.7. Тапсырыс берушіге не Төлеушіге Келісімшарт бойынша қызметті төлеу есебін ұсыну.
2.3. Тапсырыс берушінің құқықтары:
2.3.1. Жеткізу шарттарын дәлдеп алған Орындаушыға жазбаша тапсырмалар беру. Мұндай тапсырмалар олардың шынайылығына күмән туғызбаса ғана Орындаушымен орындалуға қабылданады:
-
заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер (мөрі бар болған жағдайда) – факсимильді тәсілмен мұндай нұсқауларды беруге құқылы;
-
жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер (мөрі жоқ) – нұсқауларды өз қолымен рәсімдейді және түпнұсқада жеке басының куәлігін көрсеткен Орындаушыға береді.
2.3.2. Орындаушының Прайс парағында көрсетілген кез-келген қызметті көрсетуді Орындаушыға тапсыру.
2.3.3. Жолжүгінің орны туралы ақпаратты Орындаушыдан алу.
2.3.4. Ерекше шарттармен жолжүгін жеткізу қызметін тапсыру.
2.4. Орындаушының құқықтары:
2.4.1. Келесі жағдайларда жеткізудің шарттары бойынша Тапсырма берушінің нұсқауларын орындаудан бас тартуға құқылы:
-
көліктің тиісті түрлерінде қолданылатын, нұсқаулардың тасымалдау ережелеріне не мемлекеттік органдардың шешімдеріне сәйкес келмеуі;
-
Орындаушының қолданылатын жеткізу технологияларына нұсқаулардың сәйкес келмеуі.
2.4.2. Егер Орындаушы Тапсырыс берушінің мүддесіне жұмыс істесе, көлік құжатында келісілген жеткізу шарттарынан және (не) Тапсырыс берушінің нұсқауларынан бас тарту.
2.4.3. Тапсырыс беруші қажетті құжаттарын, сонымен қатар жолжүгінің ерекшеліктері туралы ақпаратты, оны жеткізу туралы шарттар жөнінде және өз міндеттерін орындау үшін қажетті өзге ақпаратты бермегенше, міндеттерін орындауға кіріспеу.
2.4.4. Өз міндеттерін орындау үшін қажетті тапсырыс беруші ұсынған құжаттардың, сонымен қатар жол жүгінің сипаттамасы туралы ақпараттың, оны жеткізудің шарттарының және өзге ақпараттың шынайылығын тексеру. Тексеру Тапсырыс берушінің (Жөнелтушінің, Алушының) көзінше ішкі есептеу не жолжүгінің ішіндегілерін қарау арқылы жүзеге асырылады, олардың жолжүгінің болу орнында жоғы жағдайда ғана бұл жағдай орындала алмайды. Ішіндегі заттар мынандай жағдайларға тексеріледі: жұмыс істеу қабілеттілігіне, ақауларына, жолжүгінің ішіндегілердің сапасына байланысты, көзге көрінбейтін жасарын ақауларға, температуралық әсердің сезімталдығына. Мұндай тексеру Орындаушының міндеті емес, құқығы болып табылады.
2.4.5. Жол жүгін келесі жағдайларда бермеу керек:
-
негізгі және қосымша қызметтердің төлемі бойынша қарыздардың болуы жағдайда;
-
Жолжүгін кешіктіргені үшін Орындаушының шығындарын төлеу бойынша қарыздардың болуы (қойма қызметі);
-
үшінші тұлғаның қызметті төлеу туралы жазбаша хабарламаны алмауы жағдайда (ТКЖ мұндай ақпараттың болмауы жағдайда).
2.4.6. Орындаушы оның қоймасының аумағына Жөнелтушінің (Алушының) көлік құралының кіруі/шығуы жағдайда кіргізілген/шығарылған заттарды бақылауға көлік құралын тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
-
Жолжүгін қабылдау-беру ережелері
-
Жолжүгін қабылдау жүзеге асырылады:
-
Орындаушының қоймасында;
-
Тапсырыс берушінің (Жөнелтушінің) қоймасында не Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) көрсеткен басқа орында.
-
Бір көлік құжатымен ресімдеуге тиым салынады (және сәйкесінше, бір жолжүгінің құрамында жіберу):
-
өз ерекшеліктері бойынша ережелерге сәйкес көліктің тиісті түрлерінде қолданылатын тауарлар мен мүліктерді бір көлік құралында бірге тасымалдауға тиым салынады.
-
Өте габаритті жолжүгін габаритті және габаритті емес жөнелтілімдердің құрамында жіберуге. Өте габаритті жолжүгі жеке көлік құжатымен рәсімделеді.
-
Әр нақты жеткізу бойынша қызмет көрсету шарттары (жіберілу бекеті және белгіленген бекет, Жөнелтушінің, Алушының атауы, мекенжайы және телефондары, жолжүгінің орындарының саны, салмағы, көлемі және атауы, ыдыстың жағдайы, қосымша қызметтер тізімі) көлік құжатында тіркеледі.
-
Егер жолжүгіне жолдама құжаттар Жөнелтушімен жеке берілсе (жолжүгінің ішінде емес), Орындаушы оларды Алушыға ТКЖ және жолжүгін берумен бірге ұсынады.
-
Мемлекеттік бақылаудың (кедендік, санитарлық, мал дәрігерлік, фитоснитарлық және т.б.) жеке түрлеріне жататын тауарларды жөнелтілімге жеткізуді ұсыну жағдайда Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) Орындаушыға бақылаудың аталған түрлерінің рәсімдеріне жататын барлық құжаттарды және мәліметтерді ұсынуға міндетті. Мемлекеттік бақылаудың аталған түрлеріндегі салада Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының заңнамаларының талаптарын сақтамау салдарынан жеткізудің мүмкін болмауына байланысты барлық қауіптерді Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) өз мойнына алады. Осы тармақтың талаптарын Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) сақтамағанының салдарынан Орындаушы жасаған барлық шығындарды (көлік құралдарының тұрып қалу саларынан болған айыппұлдардың, алымдардың, шығындардың сомасын қосқанда және т.б.) Орындаушыға Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) өтейді.
-
Орындаушының қоймасында жолжүгін қабылдаудың тәртібі
-
Орындаушының қоймасында жөнелтілімдерді қабылдау қойманың жұмыс жасау жағдайда жүзеге асырылады. Қойманың мекенжайы мен жұмыс уақытын Орындаушы www.jde.kz сайтында, кеңседегі ақпарат стендерінде және Орындаушының тиеу кешендерінде, сонымен қатар Тапсырыс берушінің телефон арқылы жасалынған сұраныстары бойынша ақпаратты жариялау арқылы жүзеге асырылады.
-
Жөнелтуші Орындаушының тиеу аумақтарында қызықтырған бағытқа жолжүгінің қабылдау-беру актілерін алады. Жөнелтуші алдын-ала актті www.jde.kz сайтынан шығарып алуына және толтыруына сосын толтырылған актімен келуіне болады. Егер дұрыс толтырылмаса, қабылдау-беру актісі Орындаушының кеңесінен кейін қайта толтырылады.
-
Жол жүгінің бағыты ретінде Орындаушының тікелей тиеу аумағында Акт алынған соң, Жөнелтуші жүктің Алушыға берілуі керек нақты қаласын көрсетуі тиіс. Орындаушы мұндай жағдайда актте қандай бағыттың көрсетілуі керек екенін өз еркімен анықтайды. Жөнелтуші жолжүгінің қабылдау-беру актісіне Жөнелтушінің, Алушының, Төлеушінің атауларын, олардың телефондарын, нақты мекенжайларын, жолжүгіндегі мүліктің атауын және жолжүгін жеткізгені үшін төлеу орнын енгізеді.
-
Жолжүгін бере отырып, Жөнелтуші жолжүгінің толтырылған қабылдау-беру актісін Орындаушыға ұсынады.
-
Орындаушыға жолжүгін буып-түю мен соның ыдысы үшін төлемақы №4 бағалық анықтамалығына сәйкес төленеді.
-
Жолжүгін беру кезінде Жөнелтуші Орындаушымен бірге өткізілген жолжүгі орындарының есебін жүргізіп отыруға міндетті. Жөнелтуші мен Орындаушының деректері сәйкес келмеген жағдайда орындардың санын қайталап санап шығу керек.
-
Орындаушы Жөнелтушінің болуымен жолжүгіне өз бетінше таңба салады, мұнысы Жөнелтушінің таңба салудың дұрыстығымен келісетіндігін растайды.
-
Орындаушы жолжүгінің салмағы мен көлемін өлшейді. Алынған деректер Қабылдау-тапсыру актісіне енгізіледі. Жөнелтілімдердің салмағы математикалық дөңгелектеу ережелеріне сәйкес 1 (бүтін) киллограмға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі. Қабылданған жолжүгінің салмағы мен көлемі көліктік құжатта Орындаушының қызметтерінің бағасын есептеу үшін көрсетіледі.
-
Актіде «Ыдыстың елеулі түрде бүлінген жерлері бар» және «Ыдыстың аузы ашылған» белгілері болған жағдайда Орындаушы сол белгілерге сай келетін орындардың санын көрсетуі тиіс.
-
Орындаушы Жолжүгін қабылдау-тапсыру актісіне жолжүгінің параметрлері туралы (орындардың саны, көлемі, салмағы), сондай-ақ өздеріне тапсырыс берілген қосымша қызметтер туралы деректерді енгізгеннен кейін Жөнелтуші деректердің дұрыс енгізілуін тексеріп, содан кейін Актіге қол қояды.
-
Жолжүгін өткізгеннен кейін Жөнелтуші Жолжүгін қабылдау-тапсыру актісін ТКЖ ресімдеу үшін міндетті түрде Орындаушыға беруі тиіс.
-
Орындаушы ТКЖ-ның 3 (үш) данасын ресімдейді (біреуі жолжүгін қабылдау жағдайда Жөнелтушіге беріледі, екіншісі жолжүгімен берге Алушыға беріледі, үшіншісі Орындаушыда қалады), олар Жөнелтушінің дұрыс толтыруын тексереді және, қате болмаған жағдайда ТКЖ-ға Жөнелтуші қол қояды. Орындаушын жолжүгін қабылдағанын ТКЖ-да белгі соғумен растайды.
-
ТКЖ машинкамен, не компьютерде басумен, не қолмен жазумен толтырылады. Түзетілген мен сызылған жерлері болмауы тиіс. Көліктік құжаттағы барлық өзгертулер мен түзетулер оларды Орындаушы мен Тапсырыс берушінің уәкілетті тұлғалары қол қоюмен куәландырған жағдайда ғана күшінде болады.
-
Жолжүгін Тапсырыс берушінің (Жөнелтушінің) қоймасында не Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) белгілеген өзге жерде қабылдау-тапсыру тәртібі. Жолжүгін автокөлікпен жеткізу жағдайдагі қабылдау тәртібі.
-
Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) автокөлікпен жеткізуге тапсырыс беріліп және артынша автөкөлік қызметінің ақысы төленген деген шартпен жолжүгін өз қоймасында өткізуге құқылы.
-
Тапсырыс беруші Орындаушыға қызмет көрсету туралы жазбаша тапсырманы (әрі қарай мәтін бойынша «Тапсырма») жібереді (Келісімшарттың № 3 қосымшасы).
Тапсырмада келесі мәліметтер көрсетіледі:
-
Тапсырыс берушінің (Жөнелтушінің) атауы, Орындаушымен жасасқан Келісімшарттың нөмірі мен күні;
-
Жөнелтуші қоймасының не көліктік құрал берілетін өзге жердің мекенжайы;
-
көліктік құралдың берілген уақыты (өзінде көліктік құрал берілуі тиіс болатын уақыт аралығы), көліктік құралдың жақын келу мүмкіндігін ескерумен;
-
жіберілуі туралы мәліметтер (жолжүгінің саны, салмағы, ыдысы, габариттері, категориясы);
-
байланысатын тұлғаның аты-жөні, телефон нөмірі;
-
қосымша қызметтерді ұсынудың қажеттігін қоса алғандағы өзге түрдегі ақпарат.
-
Тапсырмаға Тапсырыс беруші қол қояды, соның мөртаңбасымен куәландырылады және факсимильді байланыс арқылы Орындаушыға ұсынылады. Сондай-ақ Тапсырманы www.jde.kz сайтында Тапсырманының пішімін толтырумен жіберуге болады. Орындаушыға берілген Тапсырма автокөлікпен жеткізу туралы өтінім болып табылады және оны Орындаушы қабылдағаннан (растағаннан) кейін міндетті сипатқа ие бола бастайды.
-
Орындаушы Тапсырманы тиеп жіберу күнінен бұрынғы бір күнгі күндізгі сағат 14:00 дейін қабылдайды. Тапсырма сағат 14:00 кейін ұсынылған жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушімен (Жөнелтушімен) соны орындау мерзімін келіседі, бұл жайлы Тапсырмаға жазба енгізіледі.
-
Тапсырманы техникалық және (не) технологиялық себептермен орындау мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ Тапсырманы мерзімін бұзумен берген не Тапсырманың бағандарын толтырмаған (қате не дәл емес түрде толтырған) жағдайда Орындаушы оны орындаудан бас тартуға құқылы.
-
Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) көліктік құралдардың Жөнелтуші қоймасының аумағына не Тапсырмада көрсетілген өзге тиеу орнына қатынауын қамтамасыз етуге міндетті.
-
Жөнелтушінің қоймасындағы не Жөнелтушінің қоймасы болып табылмайтын өзге орындардағы тиеу жұмыстарын Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) жүк тиеу жұмыстарын орындауды Орындаушыға тапсыруға құқылы (Орындаушының тиісті ұйымдастыру, техникалық және технологиялық мүмкіндіктері болған жағдайда), ол бұл жұмыстардың ақысын №2 бағалар анықтамалығына сәйкес, тапсырмада қызметке алдын ала тапсырыс берген деген шартпен төлеуі тиіс.
-
Жөнелтуші Орындаушының көліктік құралы келгеннен кейін жолжүгіне арналған ілеспе құжаттарды алдын-ала толтырып және жіберуге әзірленген жолжүгін дереу түрде ұсынуға міндетті.
-
Жолжүгін қабылдау жағдайда Тараптар Орындаушының пішімі бойынша Жолжүгін қабылдау-тапсыру актісін толтырады.
-
Жолжүгін Жөнелтушінің аумағында қабылдаған жағдайда жолжүгінің салмағы мен көлемі өлшенбейді. Жолжүгін қабылдау-тапсыру актісінде тек орын саны ғана көрсетіледі.
-
Жолжүгін беру кезінде Жөнелтуші өткізіліп отырған жолжүгінің есебін Орындаушымен бірлескен түрде жүргізіп отыруға міндетті. Жөнелтуші мен Орындаушының деректері бір-біріне сәйкес келмеген жағдайда орын саны қайта саналады.
-
Жолжүгін беру кезінде Жөнелтуші Жолжүгін қабылдау-тапсыру актісінде қажет етілетін қосымша қызметтердің тізімін көрсетуге міндетті.
-
Орындаушыға екі және одан көп Алушыға арналған жолжүгін беру кезінде Жөнелтуші жолжүгінің бетінде Орындаушыға көрінетіндей және ол түсінетіндей етіп Жөнелтушінің адресаттары туралы ақпаратты көрсетуге міндетті (орындарға тақташалар бекітіп қою, маркермен жазып көрсету).
-
Тиеу-жіберудің нормативтік уақытына Орындаушының Жолжүгін қабылдау-тапсыру актісін толтыруы кіреді.
-
Тапсырыс беруші Автокөлікпен жеткізу қызметіне қатысты тапсырмадан оған автокөлік келіп жеткеннен кейін бас тартқан жағдайда Тапсырыс беруші автокөліктің «бос жүрісінің» ақысын төлеуге міндетті болады.
-
Көліктік құрал құжаттарды алу үшін кеңсеге соққан жағдайда Тапсырыс беруші төлемақыны №2 Бағалық анықтамалығына сәйкес төлейді.
-
Егер Жөнелтушінің аумағына ену ақылы болса, Тапсырыс беруші Орындаушыға оның іс-жүзінде арқалаған шығынын өтеп беруге міндетті.
-
Егер жолжүгінің нақты салмағы мен көлемі Тапсырмада көрсетілгенінен кем болса, автокөлікпен жеткізу қызметінің төлемақы сомасы Тапсырмада көрсетілген жолжүгі параметрлерінің негізінде есептеледі.
-
Егер жолжүгінің нақты салмағы мен көлемі Тапсырмада көрсетілгенінен артық болса, қызметтің төлемақысы жолжүгінің нақты параметрлері бойынша жүзеге асырылады.
-
Жөнелтуші бір жолжүгінен артық мөлшерде автокөлікпен жеткізу қызметіне тапсырыс берген жағдайда жөнелтілімдердің жалпы салмағы мен көлемін қызметтердің ақысын №2 Бағалық анықтамалығына сәйкес төмендегідей шарттарды ұстанумен біріктіруге құқылы:
-
Бір Жөнелтушінің бірнеше жүгін бір көліктік құралмен жеткізу;
-
Тапсырыс берушінің жолжүгінің салмағын, көлемін біріктіргені туралы нұсқауы (жазбаша);
-
Бір көліктік құралға тиелген жолжүгінің барлық жеткізулерін бір Тапсырыс берушінің төлеуі.
-
Жолжүгін буып-түюге арнап қаптарды ұсыну қызметіне тапсырыс берген жағдайда орындарды Тапсырыс беруші өз бетінше жайғастырады, ал артынша Орындаушы Тапсырыс берушінің қатысуымен қаптардың аузына пломбы салады.
-
Орындаушының көліктік құралы нормативтік тиеу-түсіру уақытынан асумен текке тұрған жағдайда Тапсырыс беруші №2 Бағалық анықтамалығына сәйкес Орындаушыға төлемақыны төлейді.
Нормативтік тиеу-түсіру уақытының кестесі
Салмағы (кг)/ көлемі (м3)
|
|
Нормативтік тиеу-түсіру уақыты
|
0 және 5 аралығы / 0 және 0,01 аралығы
|
|
30
|
6 және 50 аралығы / 0,011 және 0,5 аралығы
|
|
30
|
51 және 300 аралығы / 0,51 және 1,5 аралығы
|
|
30
|
301 және 500 аралығы / 1,51 және 2,5 аралығы
|
|
30
|
501 және 1500 аралығы / 2,51 және 6 аралығы
|
|
30
|
1501 және 2500 аралығы / 6,01 және 10 аралығы
|
|
60
|
2501 және 5000 аралығы / 10,01 және 15 аралығы
|
|
60
|
5001 және 10000 аралығы / 15,01 және 25 аралығы
|
|
120
|
10001 және 15000 аралығы / 25,01 және 50 аралығы
|
|
180
|
15001 және 20000 аралығы / 50,01 және 80 аралығы
|
|
180
|
20001-нан жоғары / 80,01-ден жоғары
|
|
Есебі 15001 және 20000 кг аралығындағы сатылық дәрежелігі бойынша/ 50,01 және 80 м3 аралығындағы шама және қосылған бағалық анықтаманың тиісті сатылық дәрежелігі бойынша қалған салмағы/көлемі
|
-
Достарыңызбен бөлісу: |