1
|
БОТАНИКА ІЛІМІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ, НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ. ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
2.ӨСІМДІК ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ. ЦИТОПЛАЗМА, ОНЫҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ, ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ МЕН ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Биология ғылымының классиктері (Ж.Кювье,Ж.Б.Ламарк,Ч.Дарвин, К.Линней, К.Ф.Рулье,А. Каверзнев, М.Ломоносовтың және т.б) еңбектеріндегі палеонтологиялық еңбектерге қарағанда адамзат ертеден-ақ өсімдіктер дүниесімен таныс болып, оларды өз қажеттеріне жаратқан. Мысалы, ежелгі тас ғасырындағы (палеолиттегі-осыдан 800 мың жылдан бастап 13 мың жылға дейінгі) адамдардың өздеріде жабайы өсімдіктердің тұқымын, жемісін, жемтамырын жеп күнелткен. Біздің эрамыздан 6 мың жыл бұрын болған Жаңа тас ғасырының (неолиттің) адамдары жабайы өсімдіктердің тұқымын егіп өсіре бастаған. Бұған неолит заманындағы адамдардың мекен-жайларынан кейінгі кездерде зығыр талшығынан істелген ұлпалардың, жаңғақ пен талшын жемістерінің,алма,алмұрт және жүзім тұқымдары қалдығының табылуы дәлел.
Біздің эрамыздан 3-3,5 мың жыл бұрын жүзім өсірі кәсібі өрістеген, тегі жағынан біріне-бірі жақын өсімдіктерді өзара телу және кесінділеп өсіру әдістері де қолданылған. Осыдан 2-3мың жылдар шамасы бұрын біраз жерлерде мақта, әртүрлі дәнді дақылдар және бұршақ тұқымдас өсімдіктердің түрлері өсірілген.
Сонымен адам баласы мыңдаған жылдар бойы өсімдіктерді өсіріп,олардың ішінен жақсыларын таңдап,тұқымға қалдырып отырған.Сөйтіп,өсімдікті сұрыптау жұмысы басталған.Көне заманның өзінде-ақ өсімдіктердің мәдени және әр түрлі қажетке жарайтын жабайы түрлері көбейе түседі.Ал оларды бір жүйеге салып,зерттеу ісін өмірдің өзі қажет етеді.Осыдан келіп бұларды зерттеуге,қасиеттерін білуге ынта туады.
Өсімдіктер дүниесін бір жүйеге келтіру бізге ескі грек философтары мен рим ғалымдарының еңбектерінен белгілі.
Көне заман ғалымдары әуелгі кезде өсңмдіктерге медициналық (дәрі-дәрмектік), азық-түліктік(шаруашылық) тұрғысынан ғана қарады. Сол кездің «ботаниктерін» ризотомдар (тамыр қазушылар)-өсімдік шикізатын жинаушылар.
Фармакопалдар-дәрі-дәрмектік өсімдіктерді сатушылар. Геопониктер (георгиктер) –қажетті өсімдіктер түрлерін өсіруге маманданушылар деп бөлген.
Гомер мен Геродоттың еңбектерінде өсімдіктердің 60-тан астам, ал атақты Гипократтың (біздің ғасырымыздан 460-377 жыл бұрын өмір сүрген) еңбегінде 200-ден астам әр алуан өсімдік түрлері баяндалған.
Аристотель (384-322) мен Аристокл Платонның (427-347) шәкірті (біздің заманымыздан бұрынғы 371-286 жылдары өмір сүрген)Теофраст (Тиртам)өз отанының және басқа жерлердің 500-ден астам түрлі өсімдіктерін жинап,оларды ағаштар,бұталар,шөптер деп жіктеді.Сонымен қатар құрлықтағы өсімдіктері және теңіз өсімдіктері деп бөлді.
Теофраст өсімдіктерді жүйелеуде олардың тіршілік формаларын ескерді және өз классификациясының негізі етіп экологиялық көрсеткішті қолданды. Сөйтіп, ол «Өсімдіктер тарихы» («История растений») «Өсімдіктердің себебі туралы» («О причине растений») атты бағалы еңбектерін қалдарды.
Теофраст еңбектерінде өсімдіктердің географиялық жағдайларға қарай таралуы, биологиялық негізгі қасиеттері, келтіретін пайдалары, қолдан өсірудің жолдары баяндалады. Сондай-ақ осы кездегі ботаника ғылымының негізгі бөлімдері көрсетіледі. Сондықтан да Теофрасты «ботаниканың атасы» деп атаған.
Өсімдіктерді сипаттау жөніндегі мәліметтерді рим ғалымы Үлкен Цлинийдің (Гай Секунд,біздің заманымыздың 24-79 жылдарында) еңбектерінен де табуға болады. Ол агрономиялық және медициналық мәні бар 100-ден астам өсімдікті сипаттап жазды.Ол ағаштарды экзотикалық,жұпар-иісті,бақшалақ,жемістік деп жіктеп,топқа бөлді.
Біздің заманымыздың бірінші ғасырында өмір сүрген Диоскорид еңбектерінде 600 түрлі өсімдіктер сипатталады.
Үлкен Плинй «Табиғат тарихы» («естественная история») атты мол еңбек (37 кітап) қалдырды.Бұл еңбегінде ол табиғат жөнінде көп деректер береді. Жалпы алғанда Шығыс елдерінде де өсімдіктер жөніндегі білім жинақталған.Әсіресе араб ғалымдарының қалдырған еңбектері өз алдына мол қазына.Бірақ олар өсімдіктерді көбінесе медициналық жағынанға нқарастырады. ХI ғасырдың 20 жылдарында жазылған Абу-Али Ибн-Синаның (Авиценнаның,979-1037) «Медициналық конон» деп аталатын еңбегі өсімдіктердің дәрі-дәрмектік қасиеттері жөнінде ғана айтылады. Ботаника жөніндегі деректер,тек ХV ғана қанат жая бастады.Бұл кехде Теофрастың шығармалары грек тілінен латын тіліне, Ибн Синаның «Медциналық кононы» араб тілінен латын тіліне аударылды. Сонымен қатар дәрі шқптер жөнінде жинақтар шыға бастады.ХV ғасырдың аяғы мен ХVI ғасырдың бас кезінде саяхатшылар Еуропада өспейтін,өсімдіктерді басқа елдерден әкелдң.Емдік қасиеттері бар өсімдіктерді кептіріп сақтау әдістері табылды.Кептірілген өсімдіктер алғашында құрғақ бақша деп, кейәннен бұл гербарий деп аталды.Басқа жақтардан әкелген өсімдік түрлерінің тұқымы,әсіресе,олардың ішінен пайдалылары,арнаулы жерлерде егіліп өсірілді,бұларды ХVI ғасырдың өзінде-ақ аптекалық бақ немесе ботаникалық бақ деп атайтын болды.
Өсімдіктердің алуан түрлерін өз аттарымен атап,оларды танып-білуде және дертке қарсы емдік қасиеттерін ашуда емгерлер (травники) шыға бастады. Сөйтіп, өсімдіктер жөніндегі жинақталған материалдар, оларды морфологиялық жағынан бір жүйеге келтіруді, сондай-ақ нақтылы өз атымен атауды, бұларды ғылыми тұрғыдан мұқият зерттеуді қажет етті.
Ботаник К.Баугин (1550-1624) 600-ге жуық өсімдік түрін зерттеп,оларды сипаттап жазып шықты.Тіпті өсімдіктердің кейбір түрлерінің табиғи топтарын жасауға да әрекеттенді. Түр жөніндегі Ламарктың бұл ілімін сол кезде қуаттамағандардың бірі француздың аса көрнекті ғалымы Жорж Кювье (1769-1832) еді. Ж.Кювье тірі табиғаттың өзгеруі жөніндегі Ламарктың материалистік идеясын жоққа шығарғысы келді. XIX ғасырдағы прогресшіл Ч.Дарвин, К.А.Тимирязев, И.В.Мичурин және т.б. ғалымдар түр жөніндегі және өсімдіктер жүйесін жасау туралы Ламарктың ілімін өте жоғары бағалады. Ф.Энгельс те өз кезінде Ламарктың еңбектерін эволюциялық ғылымның пионерлерінің бірі деп атап көрсетті. Ламарктың «түр өзгереді» деген негізгі қағидасы Дарвин теориясының негізгі арқауы болды.
Чарлз Роберт Дарвин (1809-1882) – органикалық дүниенің тарихи даму заңын материалистік тұрғыдан тұңғыш рет ашқан ғалым. Ч.Дарвиннің түрдің пайда болуы жөніндегі бұл теориясын ашуда асыранды жануарлардың жаңа тұқымдары мен мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару жолындағы жиналған орасан көп мәліметтерге
сүйенді.
|
1
|