«Аз халықтың маңдайында бақ тұрмайды» деушi едi. Алла өзi жар
болсын!
Бiр кем дүние.
Арша бесік
Ұлы Мұхтар Əуезов: «Бесігіңді түзе!» – деді.
Ел болу үшін, ұлт болу үшін, ұлы болу үшін ə дегенде бесігіңді түзе.
Əуелгі тəрбиенің анасы – бесік, əрі-беріден кейін,
бесік ананың
құрсағынан басталады. Америкалық атақты биші Айседора Дункан:
– Мен билеуді анамның құрсағында жатқанда үйрендім, – дейді екен.
Өйткені анасы шампан ішуге құмар екен. Шампанның уыты құрсақта
жатқан сəбиге де əсер еткен ғой.
Мұхаң айтқан «бесігіңді түзе» деген сөзде терең мағына бар. Соның бірі
–
бесік ағашының таза, сапалы болуы. Ал сапалы бесік – арша ағашынан
жасалған бесік.
Арша аса қасиетті ағаш. Қасиетті болатыны – оған анау -мынау ауру-
сырқау жоламайды. Түрлі
микробтарды, құбыжықтарды өлтіретін күші бар.
Арша бесікке қызамық, қара шешек сияқты бəлелі аурулар дарымайды.
Мен туған 1932 жылы сəбилер қара шешектен қынадай қырылды. Бұған
алдымен
Сталин
мен
Голощекиннің
қолдан
жасаған
геноциді,
ашаршылығы, «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын»
деген сұрқия
саясаты себеп болды.
Алланың құдіреті екен, жарық дүниеде тататын дəм-тұзым бар екен, сол
қырғыннан мен аман қалыппын.
Кім біледі, мені ажалдан арашалап қалған арша бесік шығар.
Бірақ арша бесік жұрттың бəрінде болмаған да шығар.
Шамаң жетсе, арша бесік тап. Аршаны көп өсір. Тұқымын құрта берме.
Арша бесікке құт құйылады.
Шіркін, сол арша бесікке бөленетін нəресте көп болса ғой.
Əй, бірақ аз ғой.
Бір кем дүние. Зор кем...
Достарыңызбен бөлісу: