Жиынтықтардың басты техникалық кӛрсеткіштерін кӛрсету.
Жиынтықтардің басты айырмашылықтарын кӛрсетіңіз.
КИ-13905 жиынтығын диагностикалық жұмыс орнын дайындау.
Жинақты жанама жұмысқа дайындау.
Әдебиет
Негізгі әдебиет: 1,3,6
Қосымша әдебиет: 1,3,4,7,9
Зертханалық жұмыс 4.
Тақырып: «ЭМДП құрылғысының көмегімен дизельді
қозғалтқышты жалпы техникалық диагностикалық өлшеу жасау»
Жұмыстың мақсаты: Дизелді қозғалтқыштың техникалық күйін анықтауды үйрену. ЭМДП құрылғысы кӛмегімен диагностикалық ӛлшеу жасау технологиясын оқып үйрену.
Жұмыс орнындағы жабдықтар:
трактор МТЗ-80;
ЭМДП құрылғысы;
керекті құрал – саймандар;
Жұмысқа нұсқаулық
Қосымша сұрақтарға жауап беріп, жұмысқа рұқсат алу.
ЭМДП құрылғысымен және диагностикалық ӛлшеу әдістемесімен танысу.
Керекті ӛлшеулер жасап, қозғалтқыштың техникалық күйі туралы қорытынды жасау.
Жұмысқа толық қорытынды жасау.
Жалпы мәлімет
Электрондық майда құрылғы (ЭМДП) трактор мен комбайнды алқаптарда, техникалық қызмет стансаларында диагностикалық ӛлшеулер жасауға арналған. Диагностикалық ӛлшеулер 2-ТҚ және 3-ТҚ ӛткізгенде жүргізіледі.
ЭМДП құрылғысы:
Қозғалтқыштың иінді білігінің 0....2000 мин аралығында айналыс жылдамдығын, ауытқу ± 2,5%;
Қозғалтқыштың жанар май насосы секциясының жанар май беру бұрышының озуын, ұзақтығын (иінді білік айналысының 0...50 - ге дейінгі аралығында, ауытқу ± 5%);
Қозғалтқыш блогы мен трансмиссия агрегаттарының ақауы бар аймақтарындағы дірілдің салыстырмалы деңгейін ±15 ауытқумен;
Қозғалтқыштағы су мен майдың 0....100º С аралығындағы температурасын ± 2,5% ауытқумен ӛлшеуге болады
Құрылғының кӛмегімен трактордың құрамдық бірліктері мен механизмдерін тыңдауға болады. Прибор 10 шағын ӛлшемді ЦНК-0,45 аккумуляторларынан коректенеді. Прибор массасы 5 кг. Прибор ӛлшеуіш блоктан, ВМТ сезгішінен, жанармай беріп бастауын сезгіш тетіктен, температура сезгішінен, діріл сезгіштен, қосқыш кабельдерден, телефоннан тұрады.
Құрылғы: дірілді, иінді білік айналыс жиілігін, жанар май беру бұрышының озуын, ұзақтығын, су мен майдың температурасын ӛлшейтін 5 блоктан тұрады.
Прибордың беткі панелінде тілді индикатор, жұмыс түрін айырып- қосқыш, тексерілетін қозғалтқыш түрін айырып-қосқыш және жарықтық индикатор орналасқан.
Діріл сезгіш ИС-313 А түріндегі акселерометр базасында жасалған.
Температура сезгіш бір шетіне кремний стабилитрон дәнекерленген мыс түтікшеден жасалған.
ВМТ белгісін сезгіш электротехникалық болаттан жасалған. Сезгіш катушкасы ПЭТВ-Р-0,05 сымымен оралған. Орам басы бірге қосылып, экрандалған ӛрмемен жерге қосылады.
Жанармай беріп бастауын сезгіш тетік үшайырдан, сезгіш тетіктен тұрады. Сезгіш тетікке бүріккіш пен сорғыш клапан серіппесі орналасқан.
Басқа тағылатын телефон ДЭМ-4М түріндегі шуылға қарсы жабынмен жабылған 2телефондық капсуладан тұрады.
Сурет 1. Электрондық шағын ӛлшемді диагностикалық прибордың (ЭМДП-2) блок-схемасы. 1 – діріл сезгіш; 2 – кіру каскады; 3,4,9 – күшейткіштер; 5 – детектор; 6 – интенгратор; 7 – басқа тағылатын телефондар;
8 – ВМТ электромагниттық және тахометрлық сезгіші; 10 – келесу каскады; 11 – тахометрдық импульс калибраторы; 13 – электрлық импульс тоқтату блогы; 14 – отын беру датчигі; 15 – импульслар калибратор; 16 – жұмыс түрлерінің айырып-қосқыш; 17 – тіліндық индикаторы; 18 – формирователь; 19 – температурлық датчигі; 20 – саластыру схемасы; 21 – блок питания
Достарыңызбен бөлісу: |