Курс жұмысының құрылымы. Курс жұмысы екі тарау және тараушалардан құралған.
Бірінші тарауда: «Жеке тұлға» феноменіне түсініктеме бере отырып, жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және қоғамдық мәнін ашуға бағытталған зерттеулер бандалған.
Екінші тарауда: Жеке адамның қалыптасу жолдары мен құралдары, дамуының қозғаушы күштері және факторлары көрсетілген. Курстық жұмыс кіріспеден, тарау, тараушалардан, қорытынды бөлімінен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымша бөлімдерінен құралған. Жалпы көлемі 31 бет (1 интервал).
І ТАРАУ.ЖЕКЕ АДАМ ФЕНОМЕНІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒА ТҮСІНІГІНЕ СИПАТТАМА
Жеке адам жөніндегі түсінік және жеке адамның қасиеттері
Жер бетінде адам ұзақ эволюцияның барысында өзінің жануарлын морфологиясын өзгертіп, денесінің тік жүру қалпына келуі, сөйтіп алдыңғы аяқтарының жүру қызметінен босап, қолға айналуы нәтижесінде пайда болды, бұған қоса дыбысты сөйлеу тілінің қалыптасуы-мұның бәрі мидың дамуына алып келеді. Адамның морфологиясыныц өзгерісі оның қоғамдық, дәлірек айтқанда, ұжымдық өмір сүруінің материалдың бірлігі, негізі десе де болады.
Адам биоәлеументтіктің бірлігі ретінде туады. Демек ол дүниеге келгенде толық қалыптасқан анатомия-физиологиялық жүйе түрінде келмейді; ол әлеуметтік жағдай барысында қалыптасады.
«Жеке адам» түсінігі «адам» түсінігіне қарағанда біршама тар мағынаға ие. Оның қоғамдьқ мәні мен әлеуметтік функциясы жеке адам сипатта-масының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Жеке адам тек қана қоғамдьқ ғылымдардың: тарих, философия, әлеуметтану, этика, эстетика, психология, педагогика тағы басқалардың зерттеу объектісі.
Жеке адам-қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық ролін атқаратын, саналы индивид. Роль дегеніміз - жеке адамның атқаратын әлеуметтік қызметі. Мәселен, ата-ананың ролі - балаларын тәрбиелеу, мектеп директорының ролі-мұғалімдер ұжымын басқару және оқушыларды оқыту барысын ұйымдастыру.[2].
Жеке адамның позициясы дегеніміз-оның қатынастарының жүйесі. Жеке адамның мәнді қатынастарына: өмірдің материалдық жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне-өзі мойнына алған міндеттерге, қоғамдьқ, еңбек міндеттеріне деген қатынастар жатады. Бұл қатынастар жеке адамның адамгершілік бейнесін,оның әлеуметтік бағдарын сипаттайды.
Қатынастарды тек олардың объектіге деген бағытына қарап қана айырмайды, сондай-ақ олардың аңғарылу деңгейіне байланысты да ажыратады. Әдетте қатынастарды аз аңғарылған және терең түсінілген деп бөледі. Аз аңғарылатын қатынастар дегеніміз-қуанту мен жек көру сезімдері. Терең түсіну дегеніміз - принципті қатынастар, олар ситуация таланттарымен емес, жеке адамның қалыптасқан адамгершілік мұратымен, ішкі сенімімен, парызбен міндеттерді сезінумен анықталады. Сөйтіп, материалистік философия мен психология жеке адамда әлеуметтік мәні тұрғысынан қарастырады. Жеке адам дегеніміз-ол да сол адам, тек ол бұл ретте қоғамдық мәні мен қоғамдық іс-әрекеті жағынан қарастырылады. Физиолог адамда организм ретінде зерттейді, әлеуметтанушы адамда жеке адам ретінде қарайды. Міне,сондықтан да жеке адаммен оның құрылымын анықтағанда әлеуметтік және биологиялық жағына бірдей орын беретін кейбір психологтармен келісуге болмайды. Жеке адам дегеніміз-саналы индивид. Жеке адамның қоғамдық ролін оның психологиясын талдамай тұрып түсіну мүмкін емес: іс-әрекетпен айналысу себебін, қабілеті мен мінез-құлқын, ал кейбір жағдайларды тіпті дене құрылысын тексеруге болады.
Жер бетінде адамнан қастерлі,адамнан артық еш нәрсе жоқ. Себебі адам бір бойына бүкіл әлемді сыйғызып тұрған ерекше құбылыс. Ұлы ойшылдар адамға мынадай анықтама береді: «Адам-ақыл иесі», «Адам-сана иесі», «Адам-бостандық иесі». Ақыл, сана және бостандық-адамның адамдық жігерлігінің сипаттамасы.
Адам жөнінде психологияда сөз қозғасақ, онда нақтылы жеке адам туралы айтатынымыз рас. Сонымен қатар адам жөніндегі ұғымда басқа да бір-біріне өзара жақын көптеген түсініктер бар: «адам», «индивид», «даралық», «тұлға». Жалпы алғанда бұл ұғымдар бір ғана мағына бергенімен, ал өмірде, ғылымда олардың әр-түрлі түсініктері болады.
Индивид /жеке адам/ -бұл әлдебір тұтастықтың өкілі ретіндегі жеке кісі (адамзатқа қатысты бір адам, белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі). Жеке адам ретінде жарық дүниеге келгенде адам біртіндеп жеке адам ретінде қалыптасады. Бұл процестің тарихи сипаты бар: дүниеге келгеннен кейін адам қоғамдық қатынастардың белгілі, тарихи тұрғыда қалыптасқан жүйе-сіне қосылады.
Жеке адам дегеніміз-әрбір кісінің әлеуметтік сипаттамасы, яғни мұның мәнін оның сапалы, не қаны, не дене құрылысы ғана білдіріп қоймайды, оның әлеуметтік сапасы айқындайды. Еңбектену арқылы пайда болған тіл-ойлау мен сөйлеуді тудырады, ал тілдің негізінде сөз жасалады. Сөз арқылы, сөйлесудің нәтижесінде адамдардың өзара қатынасы қалыптасып, жоғары тиімділікке қол жеткізеді. Адамдар тіл арқылы өздерінің сезімдік қабылдау процесінен шығып, объективті дүниені түсіндіруге ұмтылады.
Адам жаратылысынан іс-әрекет етуші тұлға, оның барлық ерекше қасиет-тері еңбектің нәтижесінде, тарихи даму арқылы қалыптасқан. Жеке адамның қоғамда өмір сүруі нәтижесінде бойына жинақтайтын сапалық қасиеті олардың өндірісте, қоғамдық еңбекте қалыптасатын күрделі және көпсапалы қатынастарын анықтайды. Даңқ, ақыл, байлық, тартымдылық және дарын-бәрі де адамның сапасы. Бұлардың әрқайсысы шын мәнісінде мазмұнды, себебі бір адамның мақсат-мүддесі адаммен қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Жеке адамның осы қасиеттері қоғамнан ажыратылса, оның жеке басының сапасы затпен қамтамасыз етілмеген ақшаның сатып алу қабілетіндей ғана болып қалады.
Даралық-жеке адамның өзіне ғана тән белгілі бір сипаттамасы. Мұны әр адамның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас ұштасуы деп түсінген жөн.
Даралық-адамды басқадан ажырататын өзіндік ерекше өзгешелігі. Әрбір адам айналадағы дүниені өзгеше түсініп, өзгеше қабылдайды, оның ақыл есінің, ойының, зейінінің өзіне гана тән ерекшеліктері бар құштарлығы мен өзіндік қиялы, өз қызығуы мен ұғатып, көңіл-күйінің ерекшеліктері, азды-көпті эмо-циялық тебіреністері, күшті не нашар дамыған ерік-жігері, түрлі мінез-бетістері болады. Адамның ішкі жан дүниесі, яғни қалыптаса келе қол жеткізген «мені» - ең тереңде жататын барынша нәзік те бағдарланатын өлшем. Жеке адамның ішкі жан дүниесі сол адаммен бірге туып, дамып жетілетін соның өзіне ғана тән нәрсе. Жеке адамның белгілі дәрежедегі психикалық және әлеуметтік тұрғыда даму деңгейі сол адамның өз алдына маңызды мақсаттар қойып,оларды орындай алуына мүмкіндік тудырады, оның бойында дербес көзқарас пен қарым-қатынас қалыптасып, өзіндік адамгершілік талаптар қоюмен іс-әрекетіп бағалауларына түрткі болады. [3].
Жеке адамға белгілі дәрежеде сипаттама берегенде оның белсенділігін бірінші кезекте қарастыру керек. Белсенділік-адамға өмірдегі өз орнымен жағдайын анықтауға, ұстаған адамзаттың позициясын аңғаруға мүмкіндік тудырады.
Адамның адамдығы негізінен алғанда оның іс үстінде немесе адамдар арасында болсын, өзін-өзі көрсете білуі арқылы анықталады. Жеке адамның «өзін-өзі жасай алу» қабілеті оның тағдырын, қоғамға қаншалықты бағалы екендігін, әрине, сондай-ақ бағалардың соған деген қатынасты мәнді түрде белгілейді.
Жеке адам-белгілі бір әлеуметтік ортада атқарылатын елеулі іс-әрекеттің нәтижесі ғана емес, оның себепшісі де. Қоғамдағы экономикалық саяси, әлеуметтік қатынастар әр-түрлі көріністерге ие болады. Олар әрбір жеке адамның әлеуметтік сапасын және оның іс-әрекетінің мазмұнын айырып, ажыратады. Атап айтқанда, адам осы процестің барысында өзін қоршаған ортамен қарым-қатынаста болады және сыртқы әлемге деген өзінің көзқарасын қалыптастырады. Адамның әлеуметтік қатынасы әлеуметтік сапа ретінде оның іс-әрекетінде және тәртібінде көрінеді. Адамның әлеуметтік сапасының элементтеріне оның белгілі бір іс-әрекетінің мақсаттары: әлеуметтік орнымен атқаратын әлеуметтік нормалармен құндылықтар, пайдаланатын жүйе белгіле-рі, әлеуметтік ролін орындауда мүмкіндік беретін білімдердің жиындығы, білім дәрежесі мен арнаулы дайындығы, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері, жігері және шешім қабылдауға дербестік дәрежесі жатады. Осы элементтердің жиынтығы-жеке адамның әлеуметтік сапасы жөніндегі түсінікті айқындайды.
Даралық дегеніміз-өзіндік өзгешілігі бар жеке адам. Даралық туралы сөз қозғағанда жеке адамның өзінше бөлек сыр-сипатын айтады. Әдетте «даралық» деген сөзбен жеке адамды басқалардан ерекшелендіріп тұратын қандай да бір басты қасиетін көрсетеді. Кез-келген адам өзінше дара, бірақ кейбір адамдардың даралығы тайға-таңба басқандай, мен мұндалап айқын көрініп тұрады да, басқаларыныкі онша байқала қоймайды.
Даралық интеллектілік, эмоциялық, еріктік салаларда немесе психикалық іс-әрекеттің барлық саласында бірден көрінуі мүмкін. Интеллектінің өзіндік ерекшілігі оның басқалар байқай бермейтіндігі көре білу қабілетінде, ин-формацияны өңдеу ерекшіліктерінде, яғни алдына мәселе қойып, оның шеше білуінде болып табылады. Сезімдердің ерекшелігі олардың белгілі біреуінің шеттен тыс дамуынан эмоциясының өте шапшаңдығынан көрінуі мүмкін. Ерік ерекшелігі ерік-жігердің күшінен, таңғажайып ерліктен немесе асқан ұстамды-лықтан көрініс табады. Өзінділік нақтылы адамның бойындағы қасиеттердің оның мінез-құлқы мен іс-әрекеттеріне ерекше өң беріп, үйлесін табады деу керек.
Даралық жеке адамды нақтырақ, дәлірек, солай болған соң да толығырақ сипатайды. Ол жеке адамның психологиясын зерттеген кезде де, сондай-ақ психологияның басқа бағыттары қарастырылғанда да зерттеудің тұрақты обьектісі болып табылады Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы адамдармен қарым-қатынас процесінде жүзеге асады. Жеке адам ұғымын индивид пен адамның ерекшелігі (индивидуальность) жөніндегі ұғымдардан ажырата білу қажет. Индивид ұғым кісінің адам баласына жататынын ғана білдіреді. Ал жеке адамның ерекшелігі жайындағы ұғым бір адамның екінші адаммен салыстырғандағы физикалық және психологиялық ерекшеліктерін, тек өзіне тән қасиеттерін білдіреді. Жеке адам ұғымы адамның өзіне тән қасиеттері мен атқаратын әлеуметтік қызметін түгел қамтиды. Идеализм жеке адамды әлеуметтік өмірден тыс, тарихты өз бетімен жасайтын рухани жан деп есептейді. Тарихи материализм жеке адамды қоғам дамуының нәтижесі, әлеуметтік ұжымның бір бөлігі, мүшесі деп ұйғарады. [5].
Жеке адамның дамуын филогенетикалық және онтогенетикалық тұрғыдан түсінуге болады. Адам өзінің жеке басын алғашқы қауымдағы ру бірлігінен ажыратып, ұжымнан бөлініп шыққаннан кейін барып жеке адам пайда болады. Онтогенетикалық тұрғыдан қарағанда индивид дайын күйінде жеке адам атрибутымен тумайды. Жеке адамның қарым-қатынас, еңбек негізінде қалыпта-сады. Яғни, қарым-қатынас біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс, адамдардың танымдық хабарлар, алмасуы, өзара түсілуі, бірін-бірі қабылдауы. Қарым-қатынассыз жеке адамның ешбір психикалық функциясы да психикалық процессі де, толығымен дамып, қалыптаспайды. Қоғамдағы және топтағы жеке адамның өмірі қарым-қатынассыз болуы мүмкін емес.
Жеке адамның бойында қаыптасқан бағытылық онымен байланысты қабылдаулармен эмоциялық реакциялардың таңдалып алуына әкеліп соғады. Міне, сондықтан да адам болмыстың қажеттілігіне, мүддесіне және бағдарына байланысты өзі көргісі келетін жайыттарды ғана аңғарады. Бейнелеу-объективті процес болғаны мен ол жеке адамның субъективтік қасиеттермен күрделене түседі.
Жеке адамның психикалық қасиеттері дегеніміз-индивидке тән психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың белгілі бір сандық-сапалық деңгейін қамтамасыз етіп отыратын тұрақты түзіліс. [6].
Процестердің өту сипаты не белсенділігінің функциялық деңгейіне немесе, басқа сөзбен айтқанда, жеке адамның психикалық белсенділік күйіне байланысты болады. Алайда психикалық тонустың белсенділігін қажетті қалыпқа келтіргенде бейнеленетін нәрсенің көлемі емес, мазмұны шешуші мәнге ие болады. Ықпал етудің немесе ниеттің қоғамдық және жеке бастық мәнін сезіну тиісінше эмоцияны туғызады, ал мұндай эмоциялар өздерін сипатына қарай, жеке адамның жалпы белсенділігінің деңгейін не жоғары көтеріп немесе төмендететін болады. Психикалық іс-әрекеттің қалыптасқан деңгейі инерция бойынша біраз уақыт сақталады. Бүкіл адам арғы психикалық белсенділік пайда болған көңіл күйіне байланысты өтіп отырады. Сонымен, жеке адамның психикалық өмірінің құрылымы күрделі, санқырлы және динамикалы болады екен. Оның барлық компоненттері өзара байланысты әрі біріне-бірі тәуелді. Жеке адамның дамуына байланысты оның құрылымында да өзгерістер болып жатады. Сонымен бірге әрбір жеке адамның құрылымы біршама тұрақты да, онда жеке адамға тән қасиеттер жинақталған, соларға қарап өмірдің белгілі бір жағдайында адамның қандай мінез көрсететінін күні бұрын-ақ білуге болады. Сөйтіп, әр адам өзгеруші мен тұрақтының қосындысы болып табылады және тек осының арқасында ғана адам өзімен-өзі бола алады, жағдайға икемдене өмір сүреді. [8].
Жеке адамның бағыттылығы дегеніміз-сол адам талғамы мен белсенділігін көрсететін ниеттер жүйесі. Ерте заманнан бері-ақ ойшылдар жеке адам белсенділігінің қайнар көзін табуға, адам өмірінің мәнін ашуға тырысып келеді. Басқалары адам өмірі мен ниетінің басты мақсаты борышын өтеу деп тапты. Қазіргі кездегі буржуазиялық психологияның қайсы бір ғалымдары жеке адам мінез құлқының мәнін тек биологиялың елігуден көруге тырысады. Қайсыбір жағдайларды адам қоғамдың борышты сезінуді басшылыққа алады, басқа кезде өз қажеттіліктерімен мүддесін, үшіншісінде-белгілі бір дәрежеде сезім негіздеріне байланысты әрекет етеді. Сонымен қатар, әрбір ересек адамда жеке негізгі бағытты белгілейтін әлдебір жетекші қасиет те болады. Олардың бірі өз өмірінің мәнін ғылым жолындағы істен тапса, басқалары-өнер саласынан, ал үшіншілері-қоғамдық қызметтен табады. Бұдан шығатын қорытынды да, іс-әрекет пен мінез-құлықты талдаған кезде негізгі талпынысы ғана емес, сондай-ақ жеке адамның моралъдік-психологиялың жағын да ескерген жөн, ал мұның өзі адамның өмірлік позициясын, оның болмыстың әр алуан қырына деген көзқарасын ашып береді. Сөйтіп,мотив ретінде алуан түрлі жайттар көрініс бере алады: адамның өзі түсініп-ұққан қажетсінуі мен мүддесі, оның дүниетанымы мен сенімін, сезімі мен ой ниеттері, яғни мұраты көрінеді. [9].
Адамның биологиялық қасиеттері оның организмнің морфологиялъқ, гене-тикалық құбылыстарынан және сондай-ақ, ми-жүйкелік, электрохимиялық, т.б. кейбір процестерден көрінеді, ал психикалъқ жағына адамның ішкі рухани дүниесі-саналы және санасыз іс-әрекеттері еркі, көңіл күйі, есі, мінез-құлқы, темпераменті жатады. Алайда адам қасиеттерінің ешқайсысы жеке-дара адам құбылысының біртұтастығын бере алмайды. Жеке адам ақыл ойы бар жан дейміз. Сонда оның ақыл ойы дегеніміз не?, ол тек биологиялъқ заңдылықтарға болғаны ма?, әлде әлеуметтік заңдылықтарға ғана бағына ма? Адамның ақыл-ойы аса күрделі ұйымдасқан биопсихоәлеуметтік құбылыс; оның материалдық негізі әрине биологиялық құбылыс болып табылады, ал мазмұны психикалық құбылыстар мен әлеуметтік құбылыстардың өзара араласуы екені сөзсіз: мұнда әлеуметтік құбылыс сезімдік - ақыл-ой, ерік процестері арқылы психикалық процесс түрінде көрініс табады. [10].
Жеке адам бойында айырығысыз бірлікте болатын әлеуметтік және биологиялық жақтары адамның алуан түрлі қасиеттері мен іс-әрекеттерінің тек екі жағын ғана абстрактілі ұғым ретінде бейнелендіреді. Мәселен, егер жеке адамның биологиялық қасиеттерін ғана талдау жолына түссек, онда оның тірі организмдік заңдыльқтарын ғана мойындау дәрежесіне түсеміз. Бұл тұрғыдан қарағанда, адам материя қозғалысының тек биологиялық формасының ғана иесі болып көрінеді. Алайда жеке адам тек тірі организм ғана, биологиялық түр ғана емес, ол ең алдымен қоғамдық қатынастардың субъектісі, егер адамның морфологиялық және психофизиялогиялық және рухани құрылымын талдауға көшсек, онда оның әлеуметтік психологиялық жан, яғни адамдың тұлға екенін ұғынамыз.
Жеке адамның әлеуметтік табиғатын талдап, оның тұлға екендігі жайында сөз еткенде, біз оның биологиялық жан екендігін естен шығармаймыз, тек антропологиялық ерекшеліктеріне ғана-дене құрылысы, қарапайым инстинктері сияқты психикалық процестері мен қасиеттерін зерттеу жағына т.б көңіл аудармаймыз. Біз, тірі организімнің бойында жүріп жатқан химиялық реакцияларының жаратылыстану-ғылыми мәніне көңіл бөлмейміз.
Адамды биологиялық және әлеуметтік құбылыстардың бірлігі ретінде қарастыру оның тұлға ретінде түсіндірудің психологиялық ұғымына жатады. Адамның биологиялық жағы негізінен тұқым құалаушылық механізіміне байланысты болады. Ал адам тұлғасының әлеуметтік жағы қоғамның мәдени-тарихи мазмұнымен анықталады. Адамның биологиялық жағы да, әлеуметтік жағы да жеке алғанда оның ішкі мәнін анықтап бере алмайды. Адамның мәнін анықтайтын-биологиялық жағы мен әлеуметтік жағын табиғи бірлігі. Бірақ түрліше дүниетанымдық және тәжірибелік мақсатта адамның биологиялық немесе әлеуметтік-психологиялық жағы басымрақ қарастырылуы мүмкін. Дегенмен қорытындысында адамның бұл екі жағы міндетті түрде бірлікте қаратырылуы тиіс. Мысалы, қоғамдық жағынан жетілуге, дамуға оның биологиялық, табиғи мәнінің қандай әсері бар немесе керісінше, адамның табиғи дамуына әлеуметтік-психологиялық жағдайлардың әсері қандай деген мәселелерді зерттегенде бір жағының басымырақ қаралуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |