Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар
Мазмұны
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
І ТАРАУ.ЖЕКЕ АДАМ ФЕНОМЕНІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒА ТҮСІНІГІНЕ СИПАТТАМА
Жеке адам жөніндегі түсінік және жеке адамның қасиеттері ..........................7
Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндетттері және оның қоғамдық мәні......12
Жеке ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ, ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ФАКТОРЛАРЫНА ТҮСІНІК
Тәрбиелеу-тұлға қалыптасуының негізгі жолы. Жанұялық тәрбие.............16
Жеке адамды қалыптастырудағы орта мен тұқым қуалаушылықтың ролі мен маңызы................................................................................................................19
Жеке тұлға қалыптастырудың құралы-мектеп. .............................................22
Жеке адамның қалыптасу кезеңіндегі ұжымның ролі..................................26
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................31
«Адам ақылды, кішпейіл, әділ, батыл да қайрымды болуға тиіс.Тек сонда ғана оның осынау «Адам» деген мәртебелі атпен аталуға құқылы болады».
К.Г. Паустовский
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Жеке адам дегеніміз - қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Қоғамдық дамуының нәтижесінің ең басты көрсеткіші ол - жеке адамның даму процесіне байланысты. Сондықтан егеменді еліміз Қазақстанда, қоғамда қандай да бір орынға ие бола алатын нақты бір іс-әрекет түрімен айналыса алатын алдына мақсат қоя отырын, болашағын жоспарлай алатын, мақсатына жетуде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білетін өзіндік дүниетанымы, көзқарасы қалыптастыратын, өз ойын дәлелдей алатын, білім алып, тәжірибе жинақтайтын, істеген ісіне есеп бере алатын, өмірлік ұстамы, идеялары, мұрат сенімі болатын, жалпы айтқанда жеке адамды қалыптастыру.
Қашан да болмасын, психология ғылымының ең негізгі мәселесі мен тақырыбы өзектілігі мен көкейкесті мәселесі - жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларды зерттеу болып табылады. Әрбір жеке адамның дамуының жоғарғы жетістігі, тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуына да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Яғни кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киім-кишек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, сыртқы ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түріне жататына күмән келтіруге болмайды. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым.
Зерттеу өзектілігі жеке адамды дамыту қажеттілігінен туындап отыр. Қорыта келгенде, жеке адамды жан-жақты және үйлесімді дамуына әсер етуші негізгі факторлардың бірі болып-қарым-қатынас болып табылады. Қоғам мүшесі жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе, материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланысты туындайтын қатынастардың ықпалында болады.
Қоғам жеке адамға мектептегі оқу мен тәрбие, радио, теледидар және де басқа бұқаралық насихат құралдары арқылы идеологиялық ықпал етеді. Жеке адамның қалыптасуына сонымен бірге оның өзі кіретін әлеуметтік топтың психологиясында әсер етеді. Қарым-қатынас процесінде адамдар бір-біріне ықпалын тигізеді, соның нәтижесінде көзқарастағы, әлеуметтік таңындағы ортақтық және қоғамға деген қатынастардың өзге де түрлеріне, еңбекке, адамдараға, өз басының қасиеттеріне ортақ көзқарас қалыптасады. Демек, жеке адамның өмірдің материалдық және саяси жағдайларын бейнелеуі ірілі-ұсақты әлеуметтік топтардық, ал социализм жағдайында-тұтас қоғамның идеологиясы мен психологиясына орайласып келеді екен.
Жеке адамның сыртқы ортамен қарым-қатынас ауқымы неғұрлым кең болса, оның өмірдің әр қилы жақтарымен байланысы соғұрлым алуан түрлі болады, ол қоғамдық қатынастар дүниесіне соғұрлым тереңірек бойлайды, соғұрлым оның өз рухани дүниесі байи түседі.
Жеке адамның әлеуметтік табиғатын талдап, оның тұлға екендігі жайында сөз еткенде, біз оның биологиялық жан екендігін естен шығармаймыз, тек антропологиялық ерекшеліктеріне ғана-дене құрылысы, қарапайым инстинктері сияқты психикалық процестері мен қасиеттерін зерттеу жағына т.б көңіл аудармаймыз. Біз, тірі организімнің бойында жүріп жатқан химиялық реакцияларының жаратылыстану-ғылыми мәніне көңіл бөлмейміз. Адамды биологиялық және әлеуметтік құбылыстардың бірлігі ретінде қарастыру оның тұлға ретінде түсіндірудің психологиялық ұғымына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |