Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының әрбiр бiрлiгiн тiркеу және қайта тiркеу



бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі466 Kb.
#3210
  1   2   3   4
"Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының әрбiр бiрлiгiн тiркеу және қайта тiркеу" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 қазандағы N 1668 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" газетi 2009 жыл 3 қараша N 361-362 (25759) Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 45, 428-құжат


      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.21 № 1091 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына және «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.21 № 1091 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      1. Қоса берiлiп отырған "Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының әрбiр бiрлiгiн тiркеу және қайта тiркеу" мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.21 № 1091 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                    К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2009 жылғы 26 қазандағы
N 1668 қаулысымен  
бекiтiлген      

"Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының
әрбiр бiрлiгiн тiркеу және қайта тiркеу"
мемлекеттiк қызмет стандарты

      Ескерту. Мем.қызмет стандарты жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.21 № 1091 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi осы стандарттың 9-тармағында көрсетiлген кестеге сәйкес осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекен жайлар бойынша Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көлiктегi iшкi iстер департаменттерiнiң, қалалық, аудандық iшкi iстер органдарының лицензия-рұқсат беру жүйесiнiң бөлiнiстерi (бұдан әрi - ЛРЖ бөлiнiстерi) көрсетедi.


      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының әр бiрлiгiн тiркеу және қайта тiркеу» мемлекеттiк қызметi «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының және 15-бабы 2-тармағының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесi негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерi туралы толық ақпарат Iшкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрi - IIМ), облыстардың, Алматы және Астана қалалары iшкi iстер департаменттерiнiң (бұдан әрi - IIД) www.mvd.kz Иитернет - ресурсының «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмiнде орналастырылған, олардың тiзбесi осы стандартқа 1-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздерi мен ЛРЖ бөлiнiстерiндегi стендiлерде орналастырылған.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi аяқтау нысаны: жеке тұлғаға қаруды сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге, заңды тұлғаға қаруды сақтауға берiлген рұқсат қағаз немесе дәлелдi бас тарту болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет:
      1) 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдiктерге;
      2) ерекше жарғылық мiндеттерi бар заңды тұлғалардың қызметкерлерiне;
      3) 19 жасқа толған күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметкерлерiне;
      4) ерекше жарғылық мiндеттерi бар заңды тұлғаларға;
      5) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет қызметi бөлiнiстерiн қоспағанда, күзет қызметiмен айналысуға лицензиялары бар субъектiлерге (заңды тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге);
      6) спорт ұйымдарына (бұдан әрi - өтiнiш берушiлер) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған және iшкi iстер органдарында олар тiркелген сәттен бастап:
      өзге де субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алуды не жергiлiктi жерге шыға отырып тексерудi қажет етпейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшiн қарау кезiнде күнтiзбелiк он бес күндi;
      өзге де субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алуды не жергiлiктi жерге шыға отырып, тексерудi қажет ететiн жеке және  (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшiн қарау кезiнде күнтiзбелiк отыз күндi құрайды;
      2) қажеттi құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге берiлетiн ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды;
      3) қажеттi құжаттарды тапсырған кезде тұтынушыға қызмет көрсетуге берiлетiн ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды;
      4) қаруды сақтауға, сақтауға немесе алып жүруге рұқсат алу кезiнде берiлетiн ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсеткенi үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 Салық кодексi) Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 540-бабына сәйкес мемлекеттiк баж алынады, ол жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтiк қаруының әр бiрлiгiн тiркеу және  қайта тiркеу үшiн (суық аңшы, сигналдық, жас ағызатын немесе тiтiркендiргiш заттармен оқталған механикалық шашыртқылар, аэрозольдiк және басқа да құрылғылар, ұңғы энергиясы 7,5 Дж аспайтын және калибрi 4,5 мм дейiнгi пневматикалық қаруларды қоспағанда) мемлекеттiк алым төлеу күнi белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10 пайызын құрайды.
      Мемлекеттiк баж Қазақстан Республикасының банк мекемелерi арқылы төленедi, олар төлемнiң мөлшерi мен төленген күнiн растайтын түбiртек бередi.
      9. ЛРЖ бөлiнiстерiнде сатып алуға рұқсат және тiркеу (қайта тiркеу) мәселелерi бойынша азаматтар мен ұйымдардың өкiлдерiн қабылдау әр дүйсенбi және бейсенбi күндерi сағат 9-00—ден бастап 18-00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13-00-ден 14-30-ға дейiн және айына екi рет жұмыс iстемейтiн күндерi сағат 9-00-ден 13-00-ге дейiн жүзеге асырылады.
      Қабылдау кезек бойынша, алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз жүргiзiледi.
      10. ЛРЖ бөлiнiстерiнiң үй-жайлары ғимараттың бiрiншi қабатында орналасады, iшкi iстер органдарының (бұдан әрi - ИО) басқа бөлiмшелерiнен бөлек, дене мүмкiндiктерi шектелген адамдарға арналған пандустары бар кiретiн есiгi болады. Күту залы, құжаттарды толтыратын орындары қажеттi құжаттар тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi, жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтiк қаруының әр бiрлiгiн тiркеу және қайта тiркеу мәселелерiн реттейтiн, сондай-ақ лицензия-рұқсат беру жүйесiнiң ережесiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк туралы ескертпе берiлетiн нормативтiк құқықтық актiлердiң үзiндiлерi (үзiндi-көшiрмелерi) бар стендiлермен жабдықталады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Қажеттi құжаттар мен талаптар тiзбесi:


      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесi (бұдан әрi - Ереже) талаптарына сәйкес сатып алынған азаматтық қаруды тiркеу (оны сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсат алу) үшiн Қазақстан Республикасының азаматы аумақтығы бойынша IIО, IIД-ге:
      3x4 см мөлшерiндегi екi фотосуреттi;
      қаруды тiркегенi (қайта тiркегенi) және қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат беру үшiн мемлекеттiк бажды төлегенi туралы түбiртектер;
      қаруды сатып алу көзiн көрсететiн құжатты (рұқсаттың немесе өтiнiштiң телнұсқасын);
      қаруды дүкеннен алғаш рет сатып алу кезiнде және одан кейiнгi әрбiр 5 жылда IIО-да қайта тiркеу кезiнде сатып алынған шолақ аңшы қаруынан оқты және гильзаларды бақылау мақсатында атып көру туралы актiнi ұсынады.
      Өзiн-өзi қорғауға арналған ұзын тегiс ұңғылы атыс қаруы, оның iшiнде жарақат салатын патрондары бар қару денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi нормаларына сәйкес аңшылық куәлiгi болмай-ақ, оны алып жүру құқығынсыз тiркеледi.
      Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың әскери қызметшiлерi, арнайы органдардың арнаулы атағы бар қызметкерлерi азаматтық қаруды тiркеуi (оны сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат алуы) үшiн қаруды иеленуге көру қабiлетiнiң бұзылуына, психикалық ауруына, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты қарсы айғақтардың жоқ екенi туралы медициналық қорытынды талап етiлмейдi.
      Қазақстан Республикасының аумағында кемiнде бiр жыл мерзiмге тұру үшiн iшкi iстер органдарында белгiленген тәртiппен тiркелген шетелдiктер газды тапаншалар мен револьверлердi, ұңғысыз атыс қаруын өздерi азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерiнiң қолдаухаты бойынша жалпы негiзде тiркейдi (оларды сақтауға және алып жүруге рұқсат алады);
      2) Қазақстан Республикасының азаматы қайта тiркеу (азаматтық қаруды сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсаттың жарамдылық мерзiмiн ұзарту) үшiн аумақтық IIО, IIД-ға Ереженiң талаптарына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      3) Ереже талаптарына сәйкес сатып алынған қызметтiк қаруды тiркеу (оны сақтауға және пайдалануға рұқсат алу) үшiн заңды тұлға немесе жеке кәсiпкер аумақтылығы бойынша IIО, IIД-ге:
      сатып алынған қарудың саны (әр бiрлiктiң түрi, үлгiсi, моделi, жүйесi, калибрi, нөмiрi, шығарылған жылы) туралы; қаруды сақтау мен пайдалануға жауапты адам, сондай-ақ қаруды алуға рұқсаты бар адамдар, оның iшiнде күзет қызметкерларi туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi мен жерi) көрсетiлетiн ұйым басшысының өтiнiшiн;
      заңды тұлға басшысының немесе жеке кәсiпкердiң қару мен оның патрондарының сақталуы үшiн жауапты адамды тағайындау туралы бұйрығының көшiрмесi;
      көру қабiлетiнiң бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизмге немесе нашақорлыққа байланысты қару ұстауға қарсы айғақтар жоқ екенi туралы медициналық қорытынды;
      қаруды қауiпсiз ұстаудың ережелерiн бiлетiндiгiн тексеру туралы анықтамалар;
      қаруды сатып алу көзiн көрсететiн құжатты (IIО, IIД беретiн лицензияның телнұсқасын);
      қаруды сақтауға рұқсат беру үшiн мемлекеттiк баж төлегенi туралы түбiртектi;
      қаруды сақтауға арналған үй-жайдың жарамдылығы туралы IIО, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен мекемелерiнiң өкiлдерi жасаған актiнi (қаруды сақтауға арналған жаңа объектiнi ашу кезiнде ұсынылады) ұсынады;
      4) Ереженiң 2, 3, 4, 4-1 (құпия), 4-2 (құпия), 6, 7, 7-1, 7-2, 8, 9, 10, 10-2, 10-3 (құпия) және  10-4-қосымшаларында көрсетiлген заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер қызметкерлерiнiң қызметтiк және азаматтық қаруды тiркеуi (оларды сақтауға және алып жүруге рұқсат алуы) үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:
      заңды тұлға басшысының немесе жеке кәсiпкердiң өтiнiшi (қолдаухаты);
      қаруды тiркеуге үмiткер адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы мен жерi көрсетiлген тiзiмi қосымшасымен;
      заңды тұлға басшысының немесе жеке кәсiпкердiң адамды лауазымға тағайындау туралы және қызметтiк қаруды жеке бекiту туралы бұйрықтарының көшiрмелерi;
      ұйым басшысының адамды лауазымға тағайындау туралы және қызметтiк қаруды жеке бекiтiп беру туралы бұйрықтарының көшiрмелерi;
      қаруды тiркеуге үмiткер адамның жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
      3x4 см мөлшерiндегi екi фотосуретi;
      күзетшiлердi (күзет қызметi субъектiлерi үшiн) даярлау (қайта даярлау) жөнiндегi мамандандырылған оқу орталықтары берген күзетшi ретiндегi жұмысқа даярлықтан өткенiн растайтын куәлiктерi;
      қару ұстау қауiпсiздiгi ережесiн бiлуiн тексеру туралы "Динамо" дене тәрбиесi-спорт қоғамы берген (күзет қызметi субъектiлерiн қоспағанда) анықтамалар;
      көру қабiлетiнiң бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты қару ұстауға қарсылық жоқ екенi туралы медициналық қорытынды;
      қаруды тiркегенi және қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсат беру үшiн мемлекеттiк баж төлегенi туралы түбiртектер.
      12. Өтiнiш берушi мемлекеттiк қызметтi алуға өтiнiштi осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес аумақтық IIО, IIД-ге тапсырады. Өтiнiштi толтыру үлгiлерi ЛРЖ-ның бөлiнiстерiнде орналасқан стендiлерде бар.
      13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша аумақтық IIО-ның, IIД-нiң кеңсесiне тапсырылады.
      Кеңсе қызметкерi өтiнiш берушiнiң құжаттарын қабылдайды және тiркейдi.
      14. Құжаттарды тiркегеннен кейiн кеңсе қызметкерi оларды IIО-ның, IIД-нiң басшылығына танысу үшiн жiбередi. Басшылық ЛРЖ-ның қызметкерiне құжатты қарау үшiн жазады.
      ЛРЖ-ның қызметкерi өтiнiш берушi ұсынған құжаттардың толықтығын тексередi, сатып алынған қаруды тiркейдi және/немесе қайта тiркейдi (оны сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсат ресiмдейдi) және IIО, IIД, IIМ басшылары қол қойғаннан кейiн өтiнiш берушiге бередi.
      Рұқсат беруден бас тартылған жағдайда өтiнiш берушiге Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде бұл туралы жазбаша түрде хабарланады.
      15. Өтiнiш берушiге осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы талон берiледi.
      16. Қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттарды ЛРЖ-ның осы рұқсаттарды ресiмдеген қызметкерi өтiнiш берушiнiң өзiне не сенiмхат бойынша уәкiлеттi адамға бередi.
      17. Мыналар:
      1) өтiнiш берушiнiң осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық тiзбесiн ұсынбауы,
      2) мемлекеттiк қызмет көрсетуден ерiктi түрде бас тарту;
      3) қоғамдық тәртiпке немесе белгiленген басқару тәртiбiне қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайтадан жасауы;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, рұқсат алу мүмкiндiгiн жоятын мән-жайлардың туындауы;
      5) азаматтық және қызметтiк қару иесiнiң көрсетiлген қарудың баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруiне әкеп соққан қаруды конструкциялық өзгертуi;
      6) азаматтық және қызметтiк қарудың азаматтық және қызметтiк қару мен олардың патрондары айналымы техникалық регламенттерге, сондай-ақ криминалдық талаптарға сәйкес келмеуi;
      7) егер адам:
      жасы 18 жасқа толмаса (азаматтық қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсатты ресiмдеу кезiнде);
      жасы 19 жасқа толмаса (күзет қызметi субъектiлерi қызметкерлерiнiң қызметтiк қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсатты ресiмдеуi кезiнде);
      қасақана қылмыс жасағаны үшiн жойылмаған немесе заңнамада белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы болса;
      тұрақты тұратын жерi болмаса;
      қаруды сақтау үшiн тиiстi жағдайлары болмаса (сейфтiң немесе металл шкафтың немесе бөтен адамдардың қаруды алуға мүмкiндiгiн болдырмайтын өзге құрылыстың жоқтығы);
      аумақтығы бойынша IIО, IIД-ге қаруды ұстау қауiпсiздiгi ережесiн бiлуiн тексеруден өткенiн растайтын құжаттарды ұсынбаса, мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн негiздер болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. ЛРЖ бөлiнiстерiнiң қызметi адамдардың конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышын орындау кезiнде заңдылықты және IIО қызметкерiнiң ар-намыс кодексiн сақтауға негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оны сақтауды қамтамасыз ету, қорғау және құпиялылық қағидаттарында жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелерi

      19. ЛРЖ бөлiнiстерi жұмысының нәтижелерi осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      20. Осы мемлекеттiк қызметтi көрсететiн мемлекеттiк органның және оның аумақтық мекемелерiнiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен қол қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәнi жыл сайын IIМ Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. ЛРБЖ қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерiне заңнамада белгiленген тәртiппен осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген IIО-ның, IIД-нiң, IIМ Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң, IIМ-нiң жоғары тұрған басшыларына шағымдануға болады.


      22. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта арқылы не IIО-ның, IIД-нiң, IIМ-нiң кеңселерi арқылы жұмыс күндерi сағат 9-00 бастап 18-00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiн, сондай-ақ сенбiде сағат 9-00 бастап сағат 13-00-ге дейiн қолма-қол қабылданады.
      23. Әдепсiз қызмет көрсету туралы шағым заңнамада белгiленген тәртiппен осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген IIО-ның, IIД-нiң, IIМ Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң, IIМ-нiң жоғары тұрған басшылығына берiледi.
      24. Шағым жазбаша түрде ерiктi нысанды пошта, электрондық пошта не IIО-ның, IIД-нiң, IIМ Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң, IIМ-нiң кеңсесi арқылы қабылданады.
      Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, пошталық мекен жайы, заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Шағымға өтiнiш берушi қол қоюы керек.
      25. Қабылданған шағым iшкi iстер органының ақпараттарды есепке алу журналына тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгiленген мерзiмде қаралады. Өтiнiш берушiге өтiнiштi/арызды қабылдаған адамның тегi және аты-жөнi, күнi мен уақыты көрсетiле отырып, талон (стандартқа 4-қосымша) берiледi.
      Шағымды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге пошта немесе электрондық пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      26. IIМ Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Тәуелсiздiк даңғылы, 1, интернет-ресурсы: www.mvd.kz қабылдау бөлмесiнiң телефоны (7172) 71-40-75.

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1668 қаулысымен 
бекiтiлген мемлекеттiк
қызмет стандартына 
1-қосымша      

Тармақша N

Iшкi iстер департаменттерi

Заңды мекен жайы

Интернет-ресурсы

Iшкi iстер департаметтерi хатшылығының телефондары

Лицензия-рұқсат беру жүйесi телефондары

1

2

3

4

5

6

1.

Астана қаласының Iшкi iстер департаментi

Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 19

www.ast.dvd.mvd.kz

71-61-98, 71-61-99

71-61-70, 71-60-18. 71-63-66

1)

«Алматы» ауданының Iшкi iстер басқармасы

Астана қаласы, Жансүгiров көшесi. 2




71-68-63

71-67-37

2)

«Сарыарқа» ауданының Iшкi iстер басқармасы

Астана қаласы, Есенберлин көшесi, 1




71-66-32

71-66-46

3)

«Есiл» ауданының Iшкi iстер басқармасы

Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 21




79-88-02,
79-88-10

79-88-02

2.

Ақмола облысының iшкi iстер департаментi

Көкшетау қаласы, Горький көшесi, 35

www.akmdvd.onlaine.kz

29-11-24, 29-11-25

25-00-35

1)

Көкшетау қаласының Iшкi iстер басқармасы

Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 121

 
 


25-78-05, 29-96-79

23-03-49

2)

Степногор қаласының iшкi iстер бөлiмi

Степногор қаласы, 5-шағын аудан, 49

 
 


5-82-02

5-82-02

3)

1 Ақкөл ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ақкөл қаласы, Октябрь көшесi, 2

 
 


2-10-02

2-10-02

4)

Аршалы ауданының iшкi iстер бөлiмi

Аршалы ауылы, Ташенов көшесi, 47

 
 


2-17-44

2-17-44

5)

Астрахан ауданының iшкi iстерi бөлiмi

Астрахан ауылы, Байтұрсынов көшесi, 16

 
 


2-13-02

2-13-02

6)

Атбасар ауданының iшкi iстер бөлiмi

Атбасар қаласы, Урицк көшесi. 38

 
 


4-37-40

4-37-40

7)

Бұланды ауданының iшкi iстер бөлiмi

Макинск қаласы, Сейфуллин көшесi, 135

 
 


2-10-02

2-10-02

8)

Егiндiкөл ауданының iшкi iстер бөлiмi

Егiндiкөл ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi, 8

 
 


2-14-85

2-14-85

9)

Еңбекшiлдер ауданының iшкi iстер бөлiмi

Степняк қаласы, Ленин көшесi, 79

 
 


2-30-40

2-30-40

10)

Ерейментау ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ерейментау қаласы, Бөгенбай көшесi, 79

 
 


3-32-68

3-32-68

11)

Есiл ауданының iшкi iстер бөлiмi

Есiл қаласы, Әуезов көшесi, 63

 
 


2-12-02

2-12-02

12)

Жақсы ауданының iшкi iстер бөлiмi

Жақсы ауылы, Тұрлыбаев көшесi, 34

 
 


2-12-89

2-12-89

13)

Жарқайың ауданының iшкi iстер бөлiмi

Державинск қаласы, Захаров көшесi, 33

 
 


9-63-33

9-63-33

14)

Зерендi ауданының iшкi iстер бөлiмi

Зерендi ауылы, Iлиясов көшесi, 42

 
 


3-44-02

3-44-02

15)

Қорғалжын ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесi, 8

 
 


2-14-35

2-14-35

16)

Сандықтау ауданының iшкi iстер бөлiмi

Балкашино ауылы, Абай көшесi, 101

 
 


5-00-02

5-00-02

17)

Целиноград ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ақмол ауылы

 
 


92-4-18

92-4-18

18)

Шортанды ауданының iшкi iстер бөлiмi

Шортанды ауылы, Советская көшесi, 21

 
 


2-75-02

2-75-02

3.

Алматы қаласының Iшкi iстер департаментi

Алматы қаласы, Масанчи көшесi, 57а

www.almaty.polise.kz

254-41-55, 254-42-24

254-47-81, 254-42-17, 254-42-15,
254-47-97, 254-40-83

1)

Алатау ауданының Iшкi iстер басқармасы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесi, 78

 
 


298-54-85

298-54-85

2)

Алмалы ауданының Iшкi iстер басқармасы

Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесi, 109

 
 


254-46-29

254-46-22

3)

Әуезов ауданының Iшкi iстер басқармасы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесi, 76

 
 


298-53-53

221-09-86

4)

Бостандық ауданының Iшкi iстер басқармасы

Алматы қаласы, Радостовец көшесi, 205

 
 


254-47-34

395-05-43

5)

Жетiсу ауданының Iшкi iстер басқармасы

Алматы қаласы, Райымбек көшесi, 158 а

 
 


279-96-88

233-69-18

6)

Медеу ауданының Iшкi iстер басқармасы

Алматы қаласы, Зенков көшесi, 37

 
 


254-48-18

254-48-15

7)

Түрiксiб ауданының Iшкi iстер басқармасы

Алматы қаласы, Рихард Зорге көшесi, 14

 
 


298-54-09

298-54-45

4.

Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi

Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жубановтар көшесi, 271

www.aktobepolise.kz

51-27-55, 93-03-03

52-02-09, 93-01-07

1)

Ақтөбе қаласының Iшкi iстер басқармасы

Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесi, 21,

 
 


21-23-38, 40-41-08

97-08-77, 97-08-70

2)

Әйтеке би ауданының iшкi iстер бөлiмi

Комсомол ауылы, Ардагер көшесi, 7

 
 


2-14-29

2-17-75

3)

Алға ауданының iшкi iстер бөлiмi

Алға қаласы, Мұхамбетов көшесi, 28

 
 


3-11-02

3-37-02

4)

Байғанин ауданының iшкi iстер бөлiмi

Байғанин ауылы, Советтер көшесi, 15

 
 


22-1-74

22-6-82

5)

Ырғыз ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ырғыз ауылы, Ленин көшесi, 14

 
 


2-12-27

2-12-03

6)

Қарғалы ауданының iшкi iстер бөлiмi

Бадамша ауылы, Пацаев көшесi, 9

 
 


23-6-31

22-8-57

7)

Мәртөк ауданының iшкi iстер бөлiмi

Мәртөк ауылы, Ления көшесi, 45

 
 


2-14-04

2-14-90

8)

Мұғалжар ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қандыағаш қаласы, Жамбыл көшесi, 74а

 
 


3-66-08

3-61-38

9)

Темiр ауданының iшкi iстер бөлiмi

Шұбар құдық ауылы, Желтоқсан көшесi, 1

 
 


2-23-60

2-32-02

10)

Ойыл ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ойыл ауылы, Қойшығұлов көшесi, 42

 
 


2-18-98

2-17-17

11)

Қобда ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қобда ауылы, Астана көшесi, 97

 
 


2-16-92

2-16-95

12)

Хромтау ауданының iшкi iстер бөлiмi

Хромтау қаласы, Абай даңғылы, 10

 
 


2-12-37

2-16-24

13)

Шалқар ауданының iшкi iстер бөлiмi

Шалқар қаласы, Есет Көтiбарұлы көшесi, 88

 
 


2-14-61

2-14-63

5.

Алматы облысының Iшкi iстер департаментi

Талдықорған қаласы Жансүгiров көшесi, 91/95

www.jetisu-police.kz

60-02-11, 60-01-54

60-01-15, 60-01-08

1)

Талдықорған қаласының Iшкi iстер басқармасы

Талдықорған қаласы, Абай көшесi, 249

 
 


60-86-04

24-42-00

2)

Еңбекшi қазақ ауданының Iшкi iстер басқармасы

Есiк қаласы, Тоқатаев көшесi, 105

 
 


4-48-89

4-48-89

3)

Iле ауданының Iшкi iстер басқармасы

Өтеген батыр ауылы. Батталханов көшесi

 
 


51-72-14

51-72-14

4)

Қарасай ауданының Iшкi iстер басқармасы

Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесi, 90

 
 


98-34-22

2-28-06

5)

Талғар ауданының Iшкi iстер басқармасы

Талғар қаласы, Абылайхан көшесi, 120

 
 


295-61-05

295-61-05

6)

Қапшағай қаласының iшкi iстер бөлiмi

Қапшағай каласы, Қонаев көшесi, 4

 
 


4-17-98

4-10-98

7)

Текелi қаласының iшкi iстер бөлiмi

Текелi қаласы, Қонаев көшесi, 104

 
 


4-51-18

4-51-18

8)

Ақсу ауданының iшкi iстер бөлiмi

Жансүгiров кентi, Жекебаев көшесi, 104

 
 


2-15-95

2-15-95


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет