Жеке тұЛҒаның АҒымдағы шотын қосу шарты


-бап. Айырбастаулар бойынша қызметтер



бет3/3
Дата05.07.2016
өлшемі459.99 Kb.
#180726
1   2   3

19-бап. Айырбастаулар бойынша қызметтер
19.1. Клиент конверсиялау операцияларын реттейтін қолданыстағы заңнаманы сақтауға міндеттенеді. Айырбастаулар, осы Шарттың 5 Бабында айтылған жағдайларды қоспағанда, Клиенттің тиісті түрде ресімделген нұсқауы негізінде Шоттағы бар ақшаның шегінде іске асырылады.

19.2. Клиент Банкте ашылған кез-келген банктік шотынан ақшаны бір валютадан екінші валютаға айырбастауды жүргізуге Банкке уәкілеттік беруге құқылы. Бұл ретте айырбастаулар болатын валюта тізімін Банк өз бетінше анықтайды.

19.3. Банк қолданыстағы заңнамаға сәйкес айырбастаулар бойынша жүргізетін операциялар:

шетел валютасынан қазақстандық теңгеге;

қазақстандық теңгеден шетел валютасына;

шетел валютасынан басқа шетел валютасына.

Айырбастаулар бойынша операцияларды жүргізетін валюта тізімін Банк өз бетінше анықтайды және өз қалауы бойынша өзгертуі мүмкін.

19.4. Операциялар операция жасалатын күнге Банктің белгілеген ағымдағы айырбастау бағамы бойынша іске сырылады.



20-бап. Интернет-банкинг


    1. Банк Клиентке осы Шарттың тәртібіне және талаптарына сәйкес Интернет желісінің(www.myhalyk.kz) қорғалған арнасы арқылы өз бетінше қашықтан Шот бойынша операцияларды жүргізуі және ақпарат алуы үшін «Жеке тұлғаларға арналған «Интернет-банкинг» (бұдан әрі – «Интернет жүйесі)» атты өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесінің қызметтерін ұсынады.

    2. Клиент «Интернет-банкинг» жүйесінің қызмет көрсету талаптары туралы, көрсетілетін қызметтер тізімімен және жүйеге тіркелу ережесімен Банктің филиалдарындағы клиенттер үшін ақпараттар орналасқан жерде (ақпараттық тақтада), Банктің электрондық мекен-жайы бойынша мына сайттарынан www.halykbank.kz, www.myhalyk.kz таныса алады.

    3. Клиент қызметті пайдаланғанда «Интернет-банкинг» жүйесіне енуге рұқсат алумен байланысты Банктің талаптарын орындауға міндеттенеді.

    4. Клиенттерге «Интернет-банкинг» жүйесі қызметтерін беру және тіркеу қорғалған Интернет желісі арқылы Банктің: https://www.mybank.kz web-сайтында іске асырылады. Клиентке өзінің дербес компьютерінен Банктің көрсетілген web-сайтына кіру және осы web-сайтта орналасқан Клиентті тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тіркеу рәсімінен өту қажет.

    5. Тіркеуден кейін Клиент өзінің «Интернет-банкинг» жүйесіне қол жеткізу параметрлерін (логин, пароль) жаттап алуға және ол туралы ешкімге айтпауға тиіс. Бұдан әрі «Интернет-банкинг» жүйесіне Клиент логин мен парольді енгізу арқылы кіруді жүзеге асырады.

    6. «Интернет-банкинг» жүйесінде тіркелу Клиентке мынадай мүмкіндіктер береді:

1) мынадай төлемдерді іске асыру:

  • коммуналдық;

  • бюджеттік (салықтар, алымдар, баж салықтары, айыппұлдар);

  • телефон және ұялы байланыс қызметі үшін ақы;

  • кабельдік телевидение қызметінің ақысы;

  • жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақылық шотына зейнетақы аударымдарын немесе үшінші тұлғаның жеке зейнетақылық шоты;

2) мынадай аударымдарды жүзеге асыру:



  • өз банктік шотынан Банкте және басқа банктерде ашылған кез-келген шоттарға;

  • өз VISA карточкасынан кез-келген VISA карточкасына;

3) «қарау» режимінде Банкте ашылған барлық банктік шоттарға тәулік бойы қолжетімділік алу;

4) Банктің автоматтандырылған банктік жүйелеріндегі оларға деген қолжетімділік режиміне байланысты банктік шоттар бойынша операцияларды жүзеге асыру;

5) Банкте ашылған барлық банктік шоттар бойынша ақша қозғалысының тарихын қадағалап отыру, сондай-ақ шоттар бойынша үзінділер алу, оның ішінде несиелік берешек ахуалы туралы үзінді және несиелік шоттар бойынша өтеу кестелерін жасақтау;

6) Банктің төлем жүйелерінде операция жүзеге асырылған сәтте белгіленген валюталарды қолма-қол ақшасыз түрде сатып алу/сату бағдамдарына байланысты Банкте ашылған банктік шоттар арасындағы аударымдар кезінде валюталарды қолма-қол ақшасыз түрде конвертациялауды жүзеге асыру;

7) жалақылық карточка шығаруға өтінім рәсімдеу;

8) анықтамалық және басқа да ақпаратты алу.

Операциялардың бұл тізімі толық емес және «Интернет-банкинг» жүйесі дамыған сайын толықтырылып отырады.


    1. «Интернет-банкинг» жүйесі ұсынатын операциялар тізімінің өзгерісі туралы хабарландыру ақпаратты Банктің web-сайты беттерінде орналастыру арқылы іске асырылады.

    2. Операциялар Банктің ішкі құжаттарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

    3. Клиенттің «Интернет-банкинг» жүйесінде жүзеге асырған операциялары Клиенттің бастамасымен жасалған деп саналады және Клиенттен алған нұсқауларға теңестіріледі. Бұл ретте Банкке орындау үшін жіберілген электрондық құжаттардағы деректемелердің мазмұны мен енгізілуінің дұрыстығы үшін толық жауапкершілік арқалайды. Даулы оқиғалар туындаған жағдайда Клиенттің «Интернет-банкинг» жүйесінде жүзеге асырған операциялары оның аударуға берген келісіміне дәлел болып табылады.

    4. Банктік қызмет «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы берілген жағдайда Банк пен Клиент арасындағы ақпарат алмасу Клиентті динамикалық сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады, яғни аутентификациялау және Клиенттің электрондық банктік қызметтерді бір реттік пароль (біржолғы код) пайдалану жолымен алу құқығын дәлелдеу рәсімі арқылы жүзеге асырылады.

    5. Бір реттік парольдар Клиентке «Мобильдік банкинг» қызметін беру аясында мобильдік байланыс операторлары арқылы SMS-хабарламалар түрінде беріледі.

    6. «Интернет-банкинг» жүйесі қызметтерін пайдалануда Клиенттің міндеттері мынадай:

1) Банктің «Интернет-банкинг» жүйесінде операцияларды жүзеге асыруға қолжетімділік беруге байланысты талаптарын орындау;

2) «Интернет-банкинг» жүйесінде операцияларды жүзеге асырғаны үшін қолданыстағы Тарифтерге сәйкес комиссиялық сыйақы төлеу;

3) өзінің авторизациялану параметрлері туралы ақпаратты (тұтынушы аты, пароль) басқа тұлғаларға жария етпеу/бермеу. Бұл ретте Клиенттің авторизациялану параметрлері туралы ақпаратты басқа тұлғаларға жария етуіне/беруіне байланысты туындауы мүмкін барлық шығыстар мен шығындарды Клиент өзі көтереді және Банктен оларды өтеп беруді талап етуге құқысыз;

4) дербес компьютерді Интернет жүйесіне қосуды қамтамасыз ету;

5) Клиенттің банктік шоттарына «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы рұқсатсыз қолжетімділік анықталған немесе рұқсатсыз қолжетімділік болғанына күдік туған жағдайда Банк тарапынан «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы операциялар жүргізуге қолжетімділікті оқшаулау мақсатымен Банкке дереу хабар беру;

6) «Интернет-банкинг» жүйесін пайдалануды «Интернет-банкинг» жүйесін пайдаланушы нұсқаулығына толық сәйкес түрде жүзеге асыру;

7) «Интернет-банкинг» жүйесін пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін сақтау, әрбір жұмыс сеансынан кейін «Интернет-банкинг» жүйесімен жұмыс үшін ашылған Интернет желісімен барлық қосылыстар сессиясын жабуды қамтамасыз ету;

8) төлем жасау қажет болған жағдайда банктік шотта Банктің әрекет етуші тарифтеріне сәйкес төлемді жүзеге асыруға және комиссиялық сыйақыны төлеуге қажетті көлемде ақша сомасын қамтамасыз ету;



    1. Клиенттің құқықтары:

1) Шартта қарастырылған талаптармен «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы операциялар жүргізу;

2) Банктен Шарт бойынша міндеттемелерін тиісті түрде орындауды талап ету;

3) Банкке «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтері үшін Банк тарифтеріне сәйкес сыйақы сомаларын шартсыз тәртіппен төлеу;

4) «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтерінен бас тарту.



    1. Банктің басты міндеттері:

1) Клиент «Интернет-банкинг» жүйесінде тіркелгеннен кейін оған сол арқылы қызмет көрсетілетін Банк web-сайтының тиісті түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

2) Клиентке жүргізіліп жатқан «Интернет-банкинг» жүйесінде операциялар жүргізу қолжетімділігін бұзуы және кедергі келтіруі мүмкін техникалық жұмыстар туралы тиісті ақпаратты web-сайт беттерінде орналастыру арқылы хабардар ету;

3) Клиент Шарт талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасы талаптарын сақтаған жағдайда Клиенттің электрондық құжаттарын орындау;

4) Клиенттің «Интернет-банкинг» жүйесінде жүргізген ақша аударымдары туралы электрондық құжаттарын олар Банкке келіп түскен күннен кейінгі банктік күннен кешіктірмей орындау. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 581-бабының 7) тармақшасына сәйкес салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді аудару үшін Банк салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді салық төлеуші-Клиенттің банктік шотынан ақшаны шығысқа жазу операциялары атқарылатын күні аударады;

5) алынған, жүргізілген және қабылданбаған электрондық төлем құжаттарын электрондық есепке алу журналында тіркеу;

6) Қажетті анықтамалық материалды web-сайтта орналастыру арқылы Клиентті «Интернет-банкинг» жүйесін пайдаланушы нұсқаулығымен таныстыру;

7) «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы көрсетілетін банктік қызметтер бойынша жаңа тарифтер күшіне енгенге дейін кем дегенде 10 күн ішінде Банк тарифтерінің өзгерісі туралы хабарлау;

8) Клиенттің бастамасы бойынша «Интернет-банкинг» жүйесі қызметін көрсетуді доғару;

9) Клиенттің операциялары бойынша құпияны сақтау және тек Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайларда және шекте ғана олар бойынша мәліметтер беру.


    1. Банктің басты құқықтары:

1) мынадай жағдайларда Клиенттің қолжетімділігін уақытша оқшаулау және операцияларды орындауды уақытша тоқтата тұру:

мұндай шара, Банктің пікірінше, «Интернет-банкинг» жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайда;

Клиенттің өзінің авторизациялану параметрлері туралы ақпаратты (тұтынушы аты, пароль) басқа тұлғаларға бергені анықталғанда. Бұл ретте Банк Клиенттің осындай ақпаратты басқа тұлғаларға бергені туралы Банк хабардар болмай тұрғанда жүзеге асырған операциялары үшін жауапкершілік арқаламайды, өтцкені оларды Клиент жасады деп саналады;

жүзеге асырылған операция үшін Банктің сыйақысын төлеу үшін тиісті банктік шотта ақша жеткіліксіз болған жағдайда;

Клиенттің жүзеге асырылатын операцияның деректемелерін толық емес (теріс) көрсетуі, оны жүзеге асыру мерзімін сақтамауы, жүргізілетін операцияның Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкессіздігі;

жеке парольді үштен артық рет теріс енгізу талпыныстары және мұны қауіпсіздік жүйесін бұзу ретінде қарастыру;

төлем карточкасының жаңа нөмірі қайта тіркелмеген жағдайда;

үш айлық биллинг кезеңі үшін комиссия төленбеген жағдайда;

2) филиалдардың құрылымдық бөлімшелеріндегі өзгерістер туралы Клиентті алдын-ала және Банктің www.halykbank.kz сайтында хабарландыра отырып Шарт пен Тарифтерді біржақты өзгерту;

3) Клиенттің Банкте ашқан кез-келген банктік шотынан Клиенттің Банк алдындағы кез-келген берешегі бойынша осындай банктік шоттарды тікелей дебеттеу арқылы ақша алып алу;

4) Банктің пікірінше, «Интернет-банкинг» жүйесінің қауіпсіздігі рәсімдерін бұзу немесе бұзуға талпыну оқиғалары болған жағдайларда ақша аударымын орындауды тоқтата тұру;

5) Клиенттің банктік шотына рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау және алаяқтық операцияларының алдын алу мақсатында үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аударымдарын жасауға шектеулер (сомасы бойынша) белгілеу;



6) бағдарламалық жасақтаманы ауыстыру және алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін «Интернет-банкинг» жүйесінің жұмысын уақытша тоқтату.

    1. Банк пен Клиент Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Шартпен белгіленген талаптарға сәйкес Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілік арқалайды.


21-бап. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

    1. Клиент Банкте ашылған өзінің бір Шотынан екіншісіне ақша аударуға ұзақ мерзімді тапсырма беруге құқылы. Банк Клиенттің нұсқауынсыз үшінші тұлғалардың шоттарына аударым жасау мақсатымен Тараптардың қосымша келісімі бойынша ғана Шоттан ақша ала алады.

    2. Клиент міндеттері:

      1. осымен Клиент оның валюталық Шоты бойынша жасалатын барлық операциялар кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес екенін немесе үшінші тұлға ретіндегі заңды тұлғалармен жасалатын келісімшарт пен шарттарды төлеумен байланысты емес екенін осы өтініштің растығына жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, растайды және кепілдік береді;

      2. ұлттық валютада да, шетел валютасында да төлемнің негізділігін дәлелдейтін құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес беру;

      3. Клиенттің шетел валютасындағы операцияларын жүргізуге қатысушы шетелдік банк-корреспонденттің сұратуы бойынша Банк айқындаған қажетті мерзімде және көлемде мәліметтер, түсініктемелер немесе құжаттарды Банкке ұсыну;

      4. шетел валютасында жүргізілетін операциясына аяқтау үшін Банкте жоқ, бірақ шетел банкі–корреспондентінің сұранысы бойынша мәліметтер, түсініктер және қажетті құжаттарды талап ету сұранысы Банктен келген жағдайда, ондай мәліметтер, түсініктер және қажетті құжаттарды Банк анықтаған көлемде және мерзімде Банкке ұсыну;

      5. Банк алдында несиелік берешегі болған жағдайда, Банкті басқа банктерде ашылған банктік шоттары туралы ол шоттардың ашылу күнінен 5(бес) жұмыс күні арасында хабардар ету.

    3. Банктің құқықтары:

      1. Клиенттің қосымша акцептсінсіз Банкке Шоттағы валютадан басқа валютадағы келіп түскен ақшаға операция жасайтын күнгі Банктің белгілеген бағамы бойынша ақша айырбастауды іске асыру;

      2. Қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын тексеру мақсатымен, сонымен қатар валюталық операцияны жүзеге асыру үшін шетелдік банк-корреспонденттің талап етуіне байланысты, бірақ ондай құжаттар мен түсініктердің Банкте болмауына байланысты Клиенттен жасалатын операцияға қатысты қосымша ақпараттар мен құжаттарды талап ету;




      1. Клиент Шот арқылы жалақысын/зейнетақысын және (немесе) мемлекеттік бюджеттен жәрдемақыларын және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерін жәрдемақылық арнаулы шотқа алатын болғанда, жалақысын/зейнетақысын және (немесе) мемлекеттік бюджеттен алатын жәрдемақыларын және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алатын әлеуметтік төлемдерін есептеу үшін Клиенттің жұмыс берушісіне және (немесе) «Мемлекеттік зейнетақы төлемдері жөніндегі орталық» РМК-на Шарттың талаптары, Клиенттің СТН/ЖСН нөмірі, сондай ақ Клиенттің банктік құпиясы болып табылатын ашылған шотының/жәрдемақылық арнаулы шотының нөмірі туралы ақпаратты беру, бұған Клиент осымен сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді. Бұл ретте Клиент банктік құпия болып табылатын ақпаратты ашуға Банкке өзінің осы жазбаша келісімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен анықталған тәртіпте өзінің жеке Банкте болған кезінде Шарттың ажыратылмас бөлігі Өтінішке қол қою арқылы Банкке рұқсат бергенін растайды.


3-БӨЛІМ. Жәрдемақылық арнаулы шот жүргізу
22-бап. Жәрдемақылық арнаулы шот бойынша жүзеге

асырылатын операциялар

    1. Жәрдемақылық арнаулы шот ашылған жағдайда Банк Клиенттің пайдасына тек мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақылар және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер түріндегі ақшаларды ғана қабылдау міндеттемесін өзіне жүктеп алады. Басқа көздерден ақша келіп түскен жағдайда төлем құжаты ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі №179 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қол ақшасыз түрдегі төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру ережелерінің 22-2 тармағына сәйкес акцептіден бас тарта отырып бастамашыға қайтарылады.

    2. Жәрдемақылық арнаулы шот бойынша белгілі бір жұмыс режимі әрекет етеді:

Клиенттің және (немесе) үшінші тұлғалардың Жәрдемақылық арнаулы шотқа қолма-қол ақшалы түрде жарна енгізууіне тыйым салынады;

Жәрдемақылық арнаулы шотқа қолма-қол ақшасыз түрдегі түсімдер осы Шарттың 22.1 тармағына сәйкес жүзеге асырылады;

Клиенттің өз ағымдағы шотына/карточка базасындағы ағымдағы шотына аударымдар жасауды қоспағанда, Жәрдемақылық арнаулы шоттан қолма-қол ақшасыз түрде аударымдар жасауға тыйым салынады;

Банктен алған заемдар бойынша және басқа қаржылық ұйымдар берген заемдар бойынша Жәрдемақылық арнаулы шоттағы ақшадан құн өндіріп алу мүмкін емес;

Жәрдемақылық арнаулы шот депозиттік және кредиттік шарттар бойынша есеп айырысуларға қатыса алмайды;

Жәрдемақылық арнаулы шот бойынша Банк «Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесінің қызметтерін клиентке ұсынбайды;

Жәрдемақылық арнаулы шот бойынша теңгені басқа валюта түріне айырбастау операциялары жүзеге асырылмайды;

Заем беруге байланысты қызметтер бойынша комиссиялар мен сыйақыларды қоспағанда, Жәрдемақылық арнаулы шоттан Банк Тарифтерімен қарастырылған барлық комиссиялар ұсталуы мүмкін.



    1. Жәрдемақылық арнаулы шот бойынша шығыс операцияларды үшінші тұлғалар тек Клиенттің атынан берілген нотариалдық куәландырылған сенімхат негізінде ғана, сондай-ақ Клиенттің заңды өкілдері мен қамқоршылары қолданыстағы заңнамамен қарастырылған тәртіппен ғана жүзеге асыра алады.


23-бап. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

    1. Клиент Жәрдемақылық арнаулы шотынан тек Банкте ашылған ағымдағы шотына/карточка базасындағы ағымдағы шотына ақша аударымдарын жасауға Банкке ұзақ мерзімді тапсырма беруге құқылы.

    2. Банк Клиенттің банктік заемдары бойынша берешегін өтеу есебінен Жәрдемақылық арнаулы шотынан ақша алып алуға жол бермеуге міндеттенеді.


4-БӨЛІМ. Қорытынды ережелер


    1. Тараптар, олардың құқықтық мирасқорлары және сенім білдірген тұлғалары осы Шартты орындауға міндетті.

    2. Осы Шарттағы баптардың атаулары мен басқа да тақырыптар ыңғайлылық үшін қолданылған және олар аталған құжаттардың қандай да бір ережелеріне түсіндіру және /немесе қандай да бір шектеулер мен сипаттамалардан тұрмайды, сол сияқты осы Шарттың баптарының орналасу тәртібі бір баптың екінші бапқа қарағанда басымдығын білдірмейді.

    3. Осы шарттың қандай да бір немесе одан да көп ережесі күшін жойғанда, қажетсіз болғанда немесе кез- келген байланыста заңды түрде қамтамасыз етілмейтін болғанда, онда ол осы Шарттағы басқа ережелердің заңдылығына және әрекет етуін қандай да бір жағдаймен әсер етуге немесе әлсіретуге тиіс емес.

    4. Тараптың осы Шарттың ішіндегі кез-келген құқығын пайдаланбағаны немесе уақытында пайдаланбағаны оның ол құқықтан бас тартуы деп есептелмеуі керек, сондай-ақ ондай Тараптың өзінің басқа құқықтарын іске асыруына әсер етпеуі тиіс. Барлық құқықтары да, сондай-ақ міндеттері де осы Шартқа сәйкес оның басқа құқықтары мен міндеттерінен ерекше емес, шарттың бір бөлігі болып табылады.

    5. Банк осы Шартқа және Тарифтерге өзгерістер енгізу, сондай-ақ Клиенттің Шоты болуына байланысты Банктің көрсететін жаңа қызмет түрлерін кеңейту құқығын өзіне қалдырады және ондай өзгерістер туралы осы Шарттың 7.7. тармағында қарастырылған тәртіпте Клиентті хабардар етуге міндетті. Клиент ондай хабарламаны алған соң өзгерістермен келіспеген жағдайда дереу ол туралы Банкті жазбаша түрде ескертуі керек, бірақ оны хабарламаны алған күннен 10 (он ) күнтізбелік күннен кешіктірмеуі тиіс. Осы Шарт пен Тарифтерге өзгерістер енгізілген соң олар жаңа /өзгерілген редакцияда қолданыста болады.

    6. Клиент осымен Банктің алғашқы талабы бойынша Банк бекіткен мерзімде Банктің «өз клиентіңді біл» барлық процедурасына және /немесе басқа да процедураларға және /немесе қолданыстағы заңнамамен қарастырылған сондай процедураларға қажетті талаптарын сақтау және іске асыру мүмкіндігіне қажет құжаттамаларды және /немесе ақпаратты беруге міндеттенеді.

    7. Осы шартқа қатысты барлық құжаттар Тараптардың таңдауы бойынша мемлекеттік және орыс тілінде жасалды. Мәтін мазмұны бойынша әртүрлі түсіну болған жағдайда, басымдылық орыс тіліндегі мәтінге беріледі. Бұл ретте Өтінішті, Клиенттің нұсқаулықтарын Клиент өз қалауы бойынша жоғарыда көрсетілген тілдердің біреуінде толтыруға және қол қоюға құқылы.




1 Бұл бөлімде Шот ұғымы аясында жеке тұлғаның ағымдағы шоты қарастырылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет