Психикалық процестерді, қасиеттер мен күйлерді жүйелеу және талдау
Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері мен процестері. Жеке түлғаның қасиеттері туралы әр түрлі ілімдер бар. Солардың ішінен шындыққа жақыны және бұл жөнінде арнайы тәжірибе арқылы зерттеп оның мәнісін анықтауға із салған неміс психолог К.Левин ілімі.
Бұл ғылыми тұжырым бойынша адамның әр қилы істері мен мінез-құлық ерекшеліктері оның мүддесі мен қажетгілігін анықтайды. Қасиеттілікті қанағаттардыру мен оған қатысты заттар арасындағы байланыс та өзгермелі сол байланысты адам өзінің іс-әрекеті арқылы өзгертеді. Адамды іс-әрекетке ұмтылдырушы – қажеттілік десек, қажеттілік – адам бойындағы күш-қуат. Дене күші қажеттілікке байланысты қозады. К. Левин зерттеулерінде адамның қажеттілігін қанағаттандыру-дың екі тәсілі аталған. Біріншісі – адам басқа адамдармен салыстырғанда қандай да бір дәрежеге ие болғысы келетіндігі және өзін қоршаған ортада өзіндік орын алуға ұмтылуы. Екіншіде, адам бірсарынды іспен шұғылданса, онда оның қызығуы таусылады. Бұл тәсілдер адамның жеке басының қасиеттерін зерттеуге арналған. Әлеуметтік қүбылыстарды зерттеу тәсілін “социометрия” – әлеуметтік өлшеу – деп атайды. Бұл тәсілдің негізін салушы психолог Дж. Морено. Бұл әдіс арқылы топтағы адамдардың өзара қатынасындағы наразылығын не татулығын тиісті әдістерге сүйене отырып өлшеуге болады. Мұндай қатынасты зерттеу үшін топтағы адамдарға сұрақ-жауап анкетасы даярланады. Анкетадағы қалауға байланысты мазмұн екі түрге бөлінеді: біреуі – сол кісі өзге кісімен қаншалықты дос, оны шынайы ұната ма, ұнатпай ма, соған байланысты келеді. Екінші түрі – өзге адамның жеке басының қасиеттерін қалайды. Адамның психикалық қасиеттерін құрастыратын: 1) жеке тұлғаның бақыты; 2) темперамент; 3) мінез; 4) қабілет. Әр адамның өзгешелігі көптеген себептерге байланысты – ең алдымен айналысқан іс-әрекетке, от басындағы тәрбиеге мектептегі тәрбиеге және басқа да өмірлік жағдайларға. Ал психикалық процестерге жататын – түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау, зейін. Эмоциялық қасиеттер – сезімдер. Жігерлік қасиеттер – ерік. Нақты іс-әрекетте психикалық процестер тығыз байланысып жатады да оларға адамның психикалық қасиеттері нақты әсер етеді. Сол байланыстардың ішінде жеке тұлғаның бағыты ерекше маңызды орын алады. Жеке тұлғаның бағыты – көзқарас, пікір, қажеттіліктер, қызығулар, бейімділік, іс-әрекет пен тәртіптің негізін салатын себептер, әдет және дағдылардан құрастырылады да солардан көрінеді. Бұлар өмір бойы қалыптасатын болады.
Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде? ңЖанң дегеніміз не және оның табиғаты қалай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.
Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болады.
Ресейлік атақты психолог Борис Герасимович Ананьғв адам танымының жүйесін 4 негізгі ұғымға бөліп қарады: индивид, іс-әрекет субъктісі, тұлға және жеке даралық.
Индивидң түсінігінің бірнеше мәні бар. Алдымен, индивид - ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens түрінің өкілі. Мұнда адамның биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады. Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды.
Б.Г.Ананьев индивидтің бірінші және екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса, жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттері, үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады.
Индивидтің бірінші қасиеттерінің жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың динамикасы және органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп, темперамент пен адам нышандарының ерекшеліктерін жасайды.