Жеке тұЛҒаны спорт ойындары арқылы саламатты өмір салтына


©  Әлімбекова А.Ү., 2017  ©



Pdf көрінісі
бет2/26
Дата03.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#451185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Alimbekova Zheke tulga

© 

Әлімбекова А.Ү., 2017 



©

М.Х.Дулати атындағы  ТарМУ, 2017 

 



Алғы сөз 

Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында орын алып 

отырған қиындықтарға қарамастан, саламатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі 

түпкілікті, жалпы адамзаттық рухани байлықтарға негізделуі тиіс. Ол жеке бастың 

үйлесімді  дамуына,  денсаулықты  нығайтуға,  адамдардың  тіршілік  үшін 

белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы керек. 

Жан-жақты  дамыған,  ізгілікті  тұрғыдан  таза  және  рухани  бай  адамды 

қалыптастыру мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Жастардың 

дене  бітімінің  дамуы,  дене  дайындығы  және  саламатты  өмір  салтын 

қалыптастырудың  маңызды 

мәселелері  мемлекетіміздің 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың, Үкіметіміз бен қоғам өкілдерінің тұрақты қамқорлығы аясынан 

табылады. 

Президент қашан да «саламатты ұлт» мағынасын атап өтеді. Бұны қамтамасыз 

ететін – саламатты өмір салты мен спортпен шұғылдану екені баршамызға мәлім. 

Спорт  пен  саламатты  өмір  салты  «Қазақстан-2050»  стратегиясының  басты 

бағыттарының бірі. Мұнда: «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша 

назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті 

болып саналады. Алайда елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт 

құрал-жабдықтары  жетіспейді.  Осыған  байланысты  Үкімет  және  жергілікті 

органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы 

денешынықтыру–сауықтыру  нысандары,  соның  ішінде,  аула  нысандыры 

құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет». 

Біздің елде спорт - денсаулықтың кепілі болғандықтан, оған көңіл жақсы 

бөлінуде, оған  Елбасымыздың  келесі  сөзі  дәлел:   «2012  жылы  өткен  Лондон 

Олимпиадасында біздің спортшыларымыз 205 ұлттық құрама арасында 12-орын 

алды. Біздің команда көпұлтты Қазақстанның, көптеген этностардың берік және 

ынтымақты шаңырағының біртұтас жасағы ретінде сайысқа түсті. Олимпиададағы 

жеңіс салтанаты халқымызды одан әрі біріктіре түсті, патриотизмнің ұлы күшін 

танытты. Бұқаралық спорт пен жоғары жетістікке жеткізетін спорт кешенді жүйелі 

тәсілді  талап  етеді.  Тек  саламатты  ұлт  қана  бәсекелестікке  қабілетті  болмақ. 

Үкіметке әлемдік озық тәжірибені есепке ала отырып, Бұқаралық спорт пен жоғары 

жетістікке жеткізетін спортты  дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын». 

2010 жылғы Жолдауда Президент таяу онжылдыққа нақты міндеттер қойды. 

Оның  ішінде  Нұрсұлтан  Әбішұлы  «Саламатты  өмір  салты  мен  адамның  өз 

денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - міне, осылар денсаулық 

сақтау  саласындағы  және  халықтың  күнделікті  тұрмысындағы  мемлекеттік 

саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» екендігін атап көрсетті. 

Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес, сондай-ақ халық денсаулығының қазіргі 

жағдайына  және  Қазақстан  Республикасының  денсаулық  сақтау  жүйесіне 

жүргізілген  талдау  негізінде  Қазақстан  Республикасының  денсаулық  сақтау 

саласын  дамытудың  2011  -  2015  жылдарға  арналған  «Саламатты  Қазақстан» 

мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және іске асыру 

тетіктері айқындалды. 




Спорттық ойындарды барлық тұрғындар категориясы үшін – мектепке дейінгі 

жастағы балалардан бастап зейнеткерлерге дейін  дене тәрбиесі жүйесінің әмбебап 

құралы деп сенімділікпен айтуға болады. Олардың көмегімен жеке тұлғаның дене 

және рухани мәдениетінің негізін қалыптсатыру, денсаулығын нығайту, салауатты 

өмір сүру салтын қалыптастыру мақсатына жетуге болады. Дене тәрбиесі жүйесінің 

міндеттерін шешуде спорттық ойындардың рөлі өте үлкен. Дене тәрбиесінің негізгі 

міндеттері  –  біріншіден,  адамдардың  өмірге  керек  қимылының  ептілігі  мен 

дағдысын қалыптастыру,  дене  қасиеттерінің деңгейін  дамыту;  екіншіден,  осы 

қасиеттерді адамдардың қалап алған мамандықтарына (кәсіптік, спорттық т.б.) 

қолдану. 

Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуде спорттық ойындардың тиімділігі 

өте зор. 

Спорттық ойындар жалпы мекемелер және кәсіби білім беру дене тәрбиесінде 

кеңінен қолданылады. Оқу жұмысында бұл баскетбол, волейбол, гандбол, футбол 

спорт  түрлері;  сыныптан  тыс  дене  шынықтыру-спорттық  және  сауықтыру 

жұмыстарда,  аталған  спорттық  ойындардан  басқа  үстел  теннисі,  бадминтон, 

хоккей, теннис және т.б. спорттық ойындардың түрлері кеңінен қолданылады. 

Қосымша  білім  беру  жүйесінде  спорттық  ойындар  кеңінен  ұсынылған: 

балалар-жасөспірімдер  спорт  мектептерінде,  арнайы  олимпиадалық  резервтік 

балалар-жасөспірімдер мектептерінде, әртүрлі сауықтыру клубтарында, демалыс 

орындарындағы дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарында және т.с.с. 

Спорттық  ойындар  жалпы  дене  дайындығын,  дене  қуаты  қасиеттерін 

дамытуда және спортшылардың, әсіресе жас спортшылардың, қимыл тәжірибесін 

байытудың  тиімді  құралы  ретінде  барлық  спорт  түрлерінде  спортшыларды 

жаттықтыруда  кеңінен  қолданылады.  Сонымен  қатар  ойын  спорт  түрлерінде 

таңдап алған спорт түрінен басқа спорттық ойындардың  жалпы және арнайы дене 

дайындығы құралдарының санына кіреді. 

Көптеген әдіс-тәсілдердің ішінде спорттық ойындар алдыңғы орындардың 

бірінде болғандықтан, оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттырудың тиімді 

құралы  ретінде  жалпы  білім  беретін  мектептің  бағдарламасына  бастауыш 

сыныптардан бастап енгізілген.  

Әр жастағы жас ерекшеліктерін, ойын және әртүрлі ойын жаттығуларының 

оқушылардың ағзасына  әсер ету сипатын білу денені дамыту үшін  оңтайлы жағдай 

жасауға және оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет