Жеке тұЛҒаны спорт ойындары арқылы саламатты өмір салтына


  ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ СПОРТ ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ САЛАМАТТЫ



Pdf көрінісі
бет4/26
Дата03.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#451185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Alimbekova Zheke tulga

2. 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ СПОРТ ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ САЛАМАТТЫ 

ӨМІР САЛТЫНА ТӘРБИЕЛЕУ ПСИХОЛОГИЯ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ПРОБЛЕМА 

 

Бүгінгі  таңда  Қазақстанда  күн  тәртібінде  тұрған  әлеуметтік  маңызы  зор 

мәселенің бірі – халық денсаулығы. Республика көлемінде халықтың 80 % - ы әр 

түрлі ауруға шалдыққан. Егеменді ел болғаннан бері қарай білім беру жүйесіне 

реформа  жүргізудің  салдарынан,  оқушы-жастардың  тәрбиеден  сырт  қалуы 

келеңсіз  жағдайға  соғып  отыр.  Яғни,  ата-аналардың,  оқытушы-мұғалімнің 

ішімдікке, есірткі, шылым шегуге бейімделіп, саналы түрде уақытынан  бұрын 

денсаулықтарын өз қолдарымен жоюда. 

Келесі бір мәселе, адам баласының өз қолымен жасаған табиғат апаты. Бір 

мысал алайық, атом радиациясының кеселінен су кепті, жер тозаңға, тас күлге 

айналды, өсімдік өсуін тоқтатты. Ауа қозғалысы өзгергендіктен, жер бетіндегі 

тіршілік күн өткен сайын апатқа  ұшырауда. Міне, тіршіліктің, болашақ  жанды 

заттардың жер бетінен жойылу қаупінің негізі осында. Бұл қағиданың негізінде, 

енді  адамзат  тіршілікті  сақтап  қалудың  жолын  іздеуде.  Демек,  денсаулықты 

сақтап, ұзақ өмір сүрудің бір-ақ жолы бар. Ол – саламатты өмір салты. 

Осындай  қағидалардың  негізіне  сүйене  отырып,  жеке  бастың  салауатты 

өмір  сүру  бағытының  негізгі  мәселесі  ретінде  осы  тұжырымдаманы  ұсынып 

отырмыз. 



Саламатты өмір сүрудің мақсаты. Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-

экономикалық  дамуында  орын  алып  отырған  қиындықтарға  қарамастан, 

салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы адамзаттық рухани 

байлықтарға негізделуі тиіс. Ол жеке бастың үйлесімді дамуына, денсаулықты 

нығайтуға, адамдардың  тіршілік үшін  белсенділігін арттыруға  ықпал  жасауды 

өзінің басты мақсаты етіп алуы керек. 

Осындай  арнаулы  нұсқауды  және  қоғамның  саламатты  өмір  сүруін  өз 

деңгейінде жеткізу барысындағы белгілі шараларды іске асыру үшін адамның 

жеке басына мынандай міндеттер жүктеледі: 

1. Ең әуелі, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін дене құрылысының 

биологиялық, физиологиялық, анатомиялық құрылымымен таныс болу. 

2.  Ағзаның  қай  мүшесінде  кемістік  пайда  болса,  оны  табиғи  заттардың 

әсерімен қалпына келтіру. 

3. Адам ағзасының өз деңгейінде дұрыс жұмыс істеуі үшін (әрине, өмірдің 

әр кезеңінде) оған саналы түрде жағдай жасау. 

4. Денсаулықты сақтаудың негізгі принципі – Аристотельдің «жанды дене 

қозғалмаса өледі» деген қағидасын басшылыққа алу.  

5. Табиғатта жанды да, жансыз да дененің өмір сүруінің негізгі көзі – ауа, 

күн,  су  құрылымдары  болғандықтан,  денсаулықты  сақтау  үшін  осы  аталған 

табиғат құбылыстарын дұрыс пайдалана білу. 

6. Жеке бастың тазалығы. 

7. Дұрыс тамақтану жүйесі. 

8. Экологияның  бұзылуына байланысты  күнделікті тіршілікте  сауықтыру 

жүйесін өз бетінше саналы түрде шығармашылық жүйемен үйлестіру. 

18 



9. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, ағзаның күш-қуатын пайдаланудың 

міндеттерін білу. 

10. Дененің жан-жақты үйлесімді дамуы. 

11. Дене  шынықтыру  – сауықтыру  ісін  меңгеру процесінде  жеке  бастың 

айқындалуы. 

12. Серуендеу және саяхат жасау жүйесінен хабардар болу. 



Саламатты  өмір  сүрудің  негізгі  принциптері.  Саламатты  өмір  сүрудің 

негізгі принципі – еш ауруға шалдықпай, адам өзін дертке жеткізбей-ақ, алдын 

ала мол денсаулық көзін ашу. Баяғыда Лұқпан Хакімнен: «өмірде байлық қымбат 

па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Ол біраз ойланып тұрып «байлық та, 

даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау 

қайыршы бақытты. Ал, бақыт дегеніміз не ? Ал, бақыт өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне 

жұмсап, ақылды, парсатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты»  деген 

екен. 


Бақытты адам өзінің жұмысқа деген ынтасын, санасын, рухани байлығын 

өмір бойы дамытып, еңбекке араласады. Тек қана дені сау адам өзінің үнемі ой-

өрісін  кеңейтіп,  өмірдегі  мақсатына  жетеді.  Сондықтан,  әрбір  адамның 

денсаулығының мықты болуы да өз қолында. Міне, денсаулықтың принципі де 

осында. Ешкімнің денсаулығына ешкім көмектеспейді және бәрін сатып аламын 

деген капиталистік принцип те жалаң ұрандау болып табылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет