Дәріс 12. Компьютерлік желілердің аппараттық құралдары: Кабельдік орталар. Сымсыз орталар. Желілік адаптерлер. Қайталаушылар және концентраторлар



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата21.12.2023
өлшемі434.07 Kb.
#487207
  1   2   3
lk-12



Дәріс 12. Компьютерлік желілердің аппараттық құралдары: Кабельдік орталар. 
Сымсыз орталар. Желілік адаптерлер. Қайталаушылар және концентраторлар 
1. Кабельдік орталар. 
2. Сымсыз орталар. 
3. Желілік адаптерлер. 
4. Қайталаушылар және концентраторлар. 
Негізгі түсініктер: коаксиалды кабель, опто-талшықты кабель, қос езулі (витая пара) 
кабель, желілік адаптер, қайталаушылар, концентраторлар. 
Тақырыптың мазмұны. Жергілікті компьютерлік желілер мына компоненттерден 
құрастырылады: 

компьютерлер (жұмысшы стансалар немесе серверлер); 

кабельдік жүйе; 

желілік адаптерлер; 

қосымша желілік қондырғылар. 
Қазіргі кезде компьютерлік желілерге қосу үшін кабельдерді қолданады. Желінің 
жұмысын қанағаттандыруына байланысты кабельдер үш түрге бөлінеді. Оларды 
компьютерлер арасында сигнал түрінде жібереді. 
Көптеген желілерде кабельдің үш түрі пайдалыналады: 

коаксиалды (coaxsial cable); 

есулі қос өткізгіш (twistedpair): экрандалмаған (unshielded) және эрандалған 
(shielded); 

оптикалы талшықты. 
Коаксиалды кабель кеңінен қолданылады (25-сурет). Бұл екі себеппен түсіндіріледі. 
Біріншіден, ол жеңіл және пайдалануға ыңғайлы, екіншіден, орнату өте қауіпсіз және 
қарапайым. Ең карапайым коаксиалды кабель мыс сымнан (core), қабықшадан, оны 
қоршайтын сыртқы темір тоқыма экраннан және қабықшадан кұрастырылады. 
Егер кабельде темір тоқымамен (тормен) қатар фольга қабаты болса, онда кабель қос 
экранды деп аталады. Күшті бөгеттер орын алатын жағдайда қос торды және екі қабат 
фольгалы кабельді пайдаланады. 
Есулі өткізгішке қарағанда коаксиалды кабель электромагниттік бөгеттерге төзімді
сигналдардың өшуі де аздау болады. Сигналдың өшуі (attenuation) дегеніміз - сигналдың 
кішіреюі. 
Коаксиалды кабельдің екі түрі бар: 

жіңішке; 

жуан. 


Жіңішке (thin) - диаметрі 0,5 см болатын иілгіш кабель. Ол қолдануда қарапайым және 
желінің кез келген түріне сәйкес келеді, компьютердің желілік тақшасына тікелей 
қосылады. Жіңішке коаксиалды кабель 185 м-ге дейін қашықтықта сигнал бере алады. 
Жіңішке кабель ұшында орналасқан Т-коннекторы арқылы BNC- коннекторына қосылады 
да, желілік тақшаға-адаптерге жалғанады. Жіңішке кабельде сигнал өткізу жылдамдығы 10 
Мбит/с артық болмайды. 
Жуан (thick) - диаметрі 1 см болатын қатты кабель. Ethernet - әйгілі желілік 
архитектурада пайдаланылған кабельдің бірінші түрі болғандықтан, оны кейде 
«стандартты Ethernet» деп атайды. 
Кабельдердің тоқ өткізгіш бөлігі не бірнеше мыс сымдардан, не бір мыс сымнан 
түрады. 
Кабельдің тоқ өткізгіш бөлігі неғұрлым жуан болса, соғүрлым сигнал үлкен 
қашықтықты қамтиды. Жуан кабель 500 м-ге дейін сигналдарды жеткізеді. Сондықтан жуан 
коаксиалды және жіңішке коаксиалды кабельден құрылған кішкене желілерді біріктіретін 
негізгі кабель магистраль (backbone) ретінде пайдаланылады. 
Жуан коаксиалды кабельге қосу үшін арнайы құрылғы - трансивер (transceiver) 
пайдаланылады (30-сурет). 
Трансивер «шаншу тармақтаушы» (piercing tap) немесе «вампир тісі» (vampire tap) деп 
аталатын арнайы коннектормен жабдықталған. Бұл тіс қабықшадан өтеді және тоқ өткізгіш 
сыммен қатынасады. 
Есулі қос өткізгіш (bwisted pair) 
Ең қарапайым бір-бірін айналдыра қайта өрілген жекеленген екі мыс сымдар. Бұл 
кабельдің екі түрі бар (31-сурет): экрандалмаған (unshielded, UTP) және экрандалған 


(shielded, STP). 
Бірнеше есулі қос өткізгіш, әдетте бір қорғау қабығына орналастырылады. Мұндай 
кабельде олардың саны әртүрлі болады. 
Бұл кабельдерді компьютерге косу үшін телефон коннекторы пайдаланылады (32-
сурет): 
Оптикалы талшықты кабель (ЗЗ-сурет). 
Сандар түрінде берілген сигналдарды сәуле арқылы таратады. Үлкен көлемді 
деректерді жоғары жылдамдықпен жіберуге арналған. 
Сигнал өткізгіш бөлігі шыны цилиндр, оны кейде талшықты пластиктан да жасайды. 
Бір кабель ішінде бірнеше өткізгіштер болады. Олардың біреуі сигнал беру үшін, ал екіншісі 
- қабылдау үшін. 
Мысты сымға қарағанда оптикалы талшықты кабельдерде деректерді беру 
жылдамдығы жоғары, бөгеттерге төзімді, бірақ қымбат. 
Желілік адаптер - комптьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз 
ететін құрылғы. 
Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, Token Ring жене ArcNett типтері жатады. 
Адаптердің әр типі деректерді тарату және желімен қатынасудың нақты бір 
технологиясына сәйкес келеді. Желілік адаптерлер - физикалық және арналық деңгейде 
желінің қызмет етуін қамтамасыз ететін желілік құрал. 
Желілік адаптер компьютердің перифериялық құралдар қатарына жатады, ол тікелей 
немесе 
басқа 
коммуникациялық 
құралдар 
арқылы 
басқа 
компьютерлермен 
байланыстырады және мәліметтерді жіберу аясымен тікелей өзара қарым-қатынаста 
болады. Бұл құрал, байланыстың сыртқы арналары бойынша белгілі бір электрмагнитті 
сигнал белгілерімен көрінетін сенімді мәліметтердің мәселелерін шешеді. Компьютердің 
кез келген бақылаушысы сияқты жүйелік адаптерлер операциялық жүйе драйверінің 
басқаруы бойынша жұмыс істейді, жүйелік адаптер және драйвер арасында функцияларды 
реттеу өндіруден өндіруге дейін өзгеруі мүмкін. 
Сервер немесе жұмыс стансасы болсын компьютер желіге ішкі тақша (плата), яғни - 
жүйелік адаптер арқылы қосылады (бірақ компьютерге қарама-қайшы порт арқылы 
қосылатын сыртқы желілік адаптерлер бар). Желілік адаптер аналық тақшаның ұясына 
қосылады. Желілік адаптерлер картасы әрбір жұмыс стансасына және деректер серверіне 
орнатылады. Жұмысшы станса деректер серверіне сұраныс жібереді де, деректер сервері 


дайын болған кезде желілік адаптер арқылы жауабын алады. Желілік адаптер қарама-
қарсы кодтарды өзгертеді, олар компьютердің ішінде қолданылып, сыртқы желі бойынша 
деректерді жіберу үшін күшті белгілер ағынымен баяу белгілер болып көрінеді. Желілік 
адаптер желінің кабельді жүйесімен, дербес компьютердің ішкі ақпараттық шинасымен 
және желілік операциялық жүйемен біркелкі болуы тиіс. 
Сымсыз желіні мына жағдайларда қолдану тиімді: 

адамдарға толы мекемелерде; 

бір орындарда жұмыс істемейтін адамдарға; 

оңашаланған мекемелерде; 

жоспарлау үнемі ауысып отыратын мекемелерде

құрылыста, қазба жұмысы жүріп жатқан жерлерде және т.с.с. 
Сымсыз желі, кабельді желі сияқты қызмет атқарады. Сымсыз 
адаптер тақшасы трансивермен әрбір компьютерге орнатылады, пайдаланушы 
компьютер кабельмен жалғанғандай жұмыс істей береді. 
Кабельді пайдаланбай-ақ сымсыз көпір деп аталатын компонент көмегімен ЖЕЖ-ні 
кеңейтуге болады. Ол 40 км қашықтықтағы мекемелер арасында байланысты 
қамтамасыздандырады. Кабелді желі мен спутниктік станса сигналдарды дестелі радионы 
біріктіру көмегімен береді және қабылдайды. 
Технологияға байланысты сымсыз желіні үш түрге бөлуге болады: 

жергілікті есептеуіш желі; 

кеңейтілген жергілікті есептеуіш желі; 

ұтқыр (мобилді) желі (тасымалданатын компьютер). 
Бұл желі түрлерінің арасындағы негізгі ерекешелік беру параметрі. Жергілікті және 
кеңейтілген жергілікті есептеуіш желілер желі қызмет ететін ұйымдарға жататын 
қабылдағыш пен хабарлағыштарды колданады. Тасымалданатын компьютер үшін 
сигналдар беру ортасы ретінде AT (T, MCI, Sprint) жергілікті телефон компаниялары мен 
олардың ортақ қатынау қызметі пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет