Желтоқсан



бет1/22
Дата24.08.2022
өлшемі442 Kb.
#460029
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
серуен қыс - копия


Желтоқсан


Серуен №1


Маусымдық өзгерістерді бақылау


Мақсаты:

  • Қыс басындағы табиғаттағы өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру (күн қысқарады, түн ұзарады);

  • Қыс мезгілінің басындағы қысқа тән белгілерді көре білу және өлең жолдарынан таба білу.


  • Бақылау барысы:

Көркем сөз
Желтоқсан - қыстың алғашқы айы. Қоңыр бұлт астынан күн әлсіз сығалайды. Сондықтан да қысты «тұнжыр қыс деп атайды». Күн қысқа, түн ұзақ, бұл айда күн көзі сирек көрінеді. Желтоқсанда түнде қатты аяз болады, өзендер мен көлдерде қалың мұз қатады.
Балаларға сұрақтар:
желтоқсан айы қай айдан соң келеді?
қараша айына қарағанда балабақша ауласында қандай өзгерістер болды?

  • Кұз мезгілімен салыстырғанда адамдар киімінде қандай өзгерістер пайда болды?

  • Біздің ауладан қыс белгілерін іздеп табыңдар?

Еңбек
Ағаштар түбін қармен көму..
Мақсаты: тірі табиғатқа деген көмек көрсету ықыласын арттыруға тәрбиелеу..
Қимылды ойындар: Қар лақтырып ойнау
Мақсаты: затты лақтыру дағдыларын бекіту.
Бір аяқпен секіру.
Мақсаты: тепе-теңдікті сақтауға баулу.
Жаттығу ойындары: Қозғалыстарын дамыту.
Мақсаты: тепе-теңдікті сақтап қозғалыс жасағанда өз-өзін сақтандыруға үйрету.


Халық болжамы: - Егер тауық ерте қонақтаса, аяз болады.

Желтоқсан
Серуен №2
Бақшаны бақылау
Мақсаты: — қыс мезгіліндегі бақшада болатын өзгерістермен таныстыру;
— зерттеу қызметіне деген қызығушылықта-рын арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет