Желтоќсанныњ жиырма екісі



бет1/7
Дата14.05.2024
өлшемі1.09 Mb.
#501006
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
М.Жұмабаев Әже


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ
 
Мағжан Жұмабаевтың «Әже» өлеңінің бүгінгі күнмен сабақтастығы
/Ғылыми жұмыс/
Секция: Қазақ әдебиеті
Оқушы: Нұратқызы Нұршапағат
Сынып: 8
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Айтжанова Алмагуль Усеровна
Аннотация
Ғылыми жобаның проблемасы: Ұялы телефон - ұлттық тәрбиенің әлсіреуі
Қазіргі таңда, еңбектеген бала да, еңкейген қарт та қолданатын ұялы телефон өмірімізді күрт өзгертті. Қажеттіліктен гөрі қызығы бітпей тұр. Ұялы телефонға тынымсыз телміру адамның физикалық денсаулығына да ықпалын тигізіп, балалардың тіпті үлкендердің ашушаң, агрессивті болуына әкеліп жатыр. Аналарымыз баласын әлеуметтік желілерге кіру арқылы емізіп, балаға кішкентайынан тыныш отыру, жыламау үшін телефонды беріп қойып, оны қалай пайдалануды үйретуі.Жастарымыздың ғаламтор көзі арқылы батысқа еліктеп, жүріс-тұрысында, сөйлеген сөзінде, киім киісінде оғаштық көрініп, Мағжан атамыз айтқан ұлттық тәрбиеден жұрдай болып бара жатқан жоқ па?Ал, жастарымызға ақыл беретін үлкендер ше?Аталар картақұмар, әжелер киноқұмар болып кеткен сыңайлы. Бұрын аталарымыздың карта ойнамақ түгілі, «сімбіруге» уақыты болмайтын. Әжелеріміз болса, ұршық иіріп, балаларына, немере-шөберелеріне киім тоқитын. Қазір бәрі басқаша.
Ананың әлдиімен, әженің әңгімесімен, ертегісімен өспеген ұл-қыздарымыздың болашағы не болмақ?
Ғылыми жобаның проблемасын шешу болжамы: Егер, біз,Мағжан атамыздың «Әже» өлеңін халық арасында көптеп жариялап, насихаттайтын болсақ, (баспа беттерінде, әлеуметтік желілерде(себебі қарттарымыз көбінесе газет-журналдар оқиды, көпшілік қауым әлеуметтік желілерде отырады) қазақ отбасында қазыналы қарттарымыздың жастар тәрбиесінде үлесі басым екендігін ұғындырып, жастарымызға ақыл-кеңестерін айтып, іс-әркеттерімен үлгі-өнеге көрсетіп, немерелерін ертегі, қисса-дастандармен, аңыз-әңгімелермен ұйықтатып отырса, үйдегі әжелеріміз ұл-қыздарына үнемі құлағына алтын сырға етіп, насихаттаса, санамызда өшіп бара жатырған ұлттық тәрбиені қайта жандатар едік. Сонымен қатар, «Әже» өлеңін «Қазақ әдебиеті» пәні оқу бағдарламасына қоссақ. Сонда жасөспірімдерді кітапқа деген құмарлығын оятумен қатар, өмірінің соңына дейін өмірін балаларын бағып-қағуға арнаған әке-шешесінің ата-анасын құрметтеу,сыйлау керектігін ұғынатын еді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет