Ғылыми жобаның өзектілігі:
Мағжан өлеңдерінде жырланған құнды ойлар қаншама уақыт өтсе де негізгі мәнін жойған жоқ. Күні бүгін бүкіл ұлтымызды, тіпті, жалпы адамзатты ойлантар мәселе болып отыр. Оның бір дәлелі «Әже» өлеңінде жатыр. Ата-әже деген ұғым қазақ үшін аса бағалы. Жастайынан бері қарттарын сыйлап өскен біздің халық оларды әрқашанда төрге шығарып, қадірлеп, пір тұтқан. Қай жерде көрсе де, қай жақта болса да, сәлемін түзу етіп, әрқашанда амандасып, хал-жағдайын біліп жүрген. Тіпті алыс сапарларға шықса да, әуелі үлкен кісілерден аталы бата алған. Ал қазір ше? Осылайша қарттарын сыйлаған дана халқымыз бүгінде қандай күй кешіп отыр деп пайымдайсыз? Осындай халықтық мәселенің өзектілігін назарға алуды жөн көрдім.
Пәні мен нысаны : Мағжан Жұмабаевтың көптомдық шығармалар жинағы, З.Қабдоловтың «Сөз өнері» кітабын басшылыққа алдым.
Ғылыми жобаның әдіс-тәсілдері: Жинақтау, топтау, баяндау, өзіндік ой қорыту, салыстыру,түсіндіру.
Ғылыми жұмыстың мақсаты:
1.Мағжан атамыздың «Әже» өлеңі арқылы Әже образын ашу, әдебиетті сүюге,
поэзияны көңіл дәнімен сүйсініп оқуға жетелеу;
2. Қазыналы қарттарымыз балаға берілетін тәрбиенің қайнар көзі екендігін көрсету;
3. Ауыз әдебиет – ұлттық тәрбиенің бастауы екенін ұғындыру;
4.Қарттарды, жасы үлкен кісілерді құрметтеуге, сыйлауға, оларды түсінуге жол ашу.
Ғылыми жобаның міндеттері:
1.М.Жұмабаевтың «Әже» өлеңін талдау, отбасындағы әженің алатын орнын ұғыну;
4.Ұлттық тәрбиені заманына қарай салыстыру;
5.Қарттарды сыйлауға,құрметтеуге бағыттау және өмірдің өзі бумеранг екенін ұғындыру;
6.Жиналған зерттеулердің нәтижесін қорытындылау.
Күтілетін нәтижесі:
1. Мағжан атамыздың «Әже» өлеңі арқылы Әже образын ашады;
2. Қазыналы қарттарымыз балаға берілетін тәрбиенің қайнар көзі екендігін ұғынып,
ата-әжесін тыңдауға, ақыл-кеңесін көңілге тоқуға дағдыланады.
3. Ауыз әдебиеті түрлерінің маңызын ұғынады;
4.Қарттарды, жасы үлкен кісілерді құрметтеуге, сыйлауға, оларды түсінуге талпынады.
Достарыңызбен бөлісу: |