Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы « 1 » қарашадағы
№ 1392 қаулысымен
бекітілген
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган), мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және Коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі - орталық) арқылы, сондай-ақ, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: жартылай автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 14-1 және 150 баптарының, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет жөніндегі ақпарат:
1) уәкілетті органның арнайы ақпараттық стенділерінде орналастырылады және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады;
2) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған;
4) орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталықтың 1414 телефон нөмірі арқылы беріледі.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі (уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған (қол қойылған) электронды және/немесе қағаз түрдегі жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы уәкілетті органның бұйрығы (бұдан әрі – бұйрық) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету – 7 жұмыс күні;
2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минут;
3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Жұмыс кестесі:
1) орталықтарда: күн сайын, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, демалыс және еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
2) уәкілетті органның: күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері.
Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
3) порталда – тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет:
1) мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған орталық ғимаратында көрсетіледі. Ғимаратта анықтама бюросы, күту креслолары, ақпараттық стенділер орналастырылады;
2) мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған орталық ғимаратында көрсетіледі. Ғимаратта анықтама бюросы, күту креслолары, ақпараттық стенділер орналастырылады;
3) порталда – «жеке кабинет» арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
уәкілетті органға немесе орталыққа жүгінген жағдайда:
1) мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын берген кезде:
осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама –заңды тұлға үшін (бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып заңды тұлғаны (қаржылық институтты) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама);
жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі – жеке кәсіпкер үшін (бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама).
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (қаржылық институтты)/жеке кәсіпкерді филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болады;
жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;
мемлекеттік қызмет алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілеттігін куәландыратын құжат – мемлекеттік қызмет алушының өкілі жүгінген кезде;
мемлекеттік қызмет алушының сенімхаттың және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;
жобаланып отырған учаскенің орналасу орнының (жерге орналастыру объектісінің шекарасы мен олардын координаттары) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі графикалық мәліметтерге сәйкестігі бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынмен келісілген жерге орналастыру жобасы;
жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі (қажет болғанда);
тиісті жергілікті атқарушы органдармен құрылған жер учаскелерін жеке меншікке беру бойынша жер комиссиясының оң қорытындысының көшірмесі(қортынды комиссиямен қызметті алу өтінішін қараған кезде дайындалады);
2) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:
осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
мемлекеттік қызмет алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілеттігін куәландыратын құжат – мемлекеттік қызмет алушының өкілі жүгінген кезде;
жобаланып отырған учаскенің орналасу орнының (жерге орналастыру объектісінің шекарсы мен олардын координаттары) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі графикалық мәліметтерге сәйкестігі бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынмен келісілген жерге орналастыру;
жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі (қажет болғанда);
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғанын мемлекеттік тіркеліуі туралы куәлігі, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігін уәкілетті кәсіпорын портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен уәкілетті қызметкерлердің ЭЦҚ куәландырылған құжаттардың мәліметтері;
порталда:
1) мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын берген кезде:
мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама –заңды тұлға үшін (бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып заңды тұлғаны (қаржылық институтты) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама);
жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі – жеке кәсіпкер үшін (бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама).
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (қаржылық институтты)/жеке кәсіпкерді филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болады;
жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;
жобаланып отырған учаскенің орналасу орнының (жерге орналастыру объектісінің шекарасы мен олардын координаттары) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі графикалық мәліметтерге сәйкестігі бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынмен келісілген жерге орналастыру жобасы – құжаттың электрондық көшірмесі;
жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі (қажет болғанда) – құжаттың электрондық көшірмесі;
тиісті жергілікті атқарушы органдармен құрылған жер учаскелерін жеке меншікке беру бойынша жер комиссиясының оң қорытындысының көшірмесі(қортынды комиссиямен қызметті алу өтінішін қараған кезде дайындалады);
2) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:
мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;
жобаланып отырған учаскенің орналасу орнының (жерге орналастыру объектісінің шекарсы мен олардын координаттары) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі графикалық мәліметтерге сәйкестігі бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынмен келісілген жерге орналастыру жобасы – құжаттың электрондық көшірмесі;
жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі (қажет болғанда) – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғанын мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігін уәкілетті кәсіпорын портал арқылы тиісти мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен уәкілетті қызметкерлердің ЭЦҚ куәландырылған құжаттардың мәліметтері.
Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушының құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын уақытта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде жазбаша ақпараттандырады. Одан әрі уәкілетті орган аталған негіздеме бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға құқығы жоқ.
12. Өтініш бланкілері мекенжайлары және телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның кеңсе қызметкерлерімен беріледі.
Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған мәліметтер нысаны сұрауын электрондық құжат түрінде толтыру қажет.
Орталықтарда өтініштердің бекітілген нысандағы бланкiлері күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның интернет ресурсында www.con.gov.kz орналастырылады.
13. Құжаттарды қабылдау жер учаскесінің орналасқан орнына байланысты осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның уәкілетті тұлғасымен жүзеге асырылады.
Порталда электрондық сұранысты жіберу мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұраныс автоматты түрде қызметті тандауға байланысты мемлекеттік органға – адресатқа жіберіледі.
Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
14. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушыға осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:
1) сұраудың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныстың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жолданады.
Орталық арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушыға:
сұрау салудың нөмiрi және қабылдау күнi;
сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттарды беру күнi, уақыты және орны;
құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған орталық қызметкерінің тегi, аты, әкесiнiң аты;
өтініш берушінің тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкілетті өкілдің тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiле отырып, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
15. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
уәкілетті органда – осы стандарттың 1-қосымшада көрсетілген адрестарда (мемлекеттік қызмет алушыға немесе сенімхат бойынша өкіліне) қолма-қол беріледі;
порталда – «жеке кабинетте» ұсынылады.
Дайын құжаттарды мемлекеттік қызмет алушыға берудi орталық қызметкері мерзiмi көрсетiлген қолхат негiзiнде жүзеге асырады.
16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады, егер құрастырылған жерге орналастыру жобасы:
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарына және нормаларына;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiне сәйкес болмаған жағдайда.
Мемлекеттік қызмет алушыға жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiтпеуге негіз болған құжатты және бекітпеу себептерін жою үшін мемлекеттік қызметті алушының кейінгі іс-қимылын көрсете отырып жазбаша хабарлама жолданады.
Егер уәкілетті орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті алушыға бекiтілген жерге орналастыру жобасын бермесе немесе қызмет көрсетуден уәждеп бас тартпаса, онда бекіту мерзімінің аяқталуына байланысты жерге орналастыру жобасын бекітілді деп есептеледі.
Уәкілетті орган белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті алушыға бекiтілген жерге орналастыру жобасын немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты бермеген жағдайда, оны беру күнінін мерзімі өткеннен кейін жерге орналастыру жобасы бекiтілген болып есептеледі.
Уәкілетті орган қызметті көрсету мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызметті алушыға бекiтілген жерге орналастыру жобасын беруге міндетті.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның және орталықтың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік міндеттерді орындау кезінде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) түбегейлі және толық ақпарат беру;
5) ақпаратты қорғау және құпиялылықты сақтау;
6) белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет алушы алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет алуушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын осыған құзыреті бар Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі басшысының бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымдарды дайындауға жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушы уәкілетті орган белгілеген жауапты қызметкерге жүгіне алады. Мекенжайлары және телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
21. Мемлекеттік қызметті көрсетуді ұйымдастыруға облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жауапты болып табылады. Мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мекенжайы және телефондары осы стандарттың 5-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының жауапты лауазымды адамына жүгіне алады.
22. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсетуге шағым:
мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 5-қосымшасында көрсетілген және жергілікті атқарушы органның үй-жайларында орналасқан стенділерде көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органның аппарат басшысының атына жолданады;
порталдағы – «кері байланыс» сілтемесі арқылы жолданады.
23. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электронды түрде (қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда) немесе қолма-қол қабылданады.
25. Қабылданған шағым:
1) жауапты кеңсе қызметкерімен кіріс құжаттарын тіркеу журналында;
2) порталдағы «жеке кабинетте» тіркеледі.
Мемлекеттік қызмет алушыға күні мен уақыты, шағымды (арызды) қабылдаған тұлғаның аты-жөні және берілген шағымға жауап алатын орны, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың белгіленген мерзімдері – күнтізбелік 30 күн, ал қосымша ақпарат алуды және зерделеуді талап етпеген жағдайда – күнтізбелік 15 күн.
Шағымды қарау нәтижелері жазбаша түрде пошта арқылы хабардар етіледі.
Мемлекеттік қызмет алушы порталдағы «жеке кабинеттен» электрондық өтініш жолдаған кезде мамандандырылған кәсіпорындардың өтінішті өңдеуі барысында жаңартылатын өтініш туралы (өтініштің жеткендігі туралы белгі, тіркелуі, орындалуы, қаралғандығы туралы немесе қараудан бас тарту туралы) ақпарат қолжетімді болады.
26. Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, уәкілетті орган оларды 6 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі
уәкілетті органдардың тізбесі
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің атауы
|
Орналасқан жері,
мекенжайы
|
Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты адам
|
Байланыс
телефоны
|
Элек-трондық мекенжайы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Ақмола облысы
|
«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі
|
Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 Б
|
Басқарма бастығы
|
8-716-2 25-34-71
|
uzo_akm@mail.ru
|
«Ақкөл ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Ақкөл ауданы,
Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 81
|
Бөлім бастығы
|
8 -716-38 2-25-48
|
zem_akkol@ mail.ru
|
«Аршалы ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Ташенов көшесі, 47
|
Бөлім бастығы
|
8-716-44 2-13-56
|
zem archaly@ mail.ru
|
«Астрахан ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50
|
Бөлім бастығы
|
8-716-41 2-38-65
|
astrshan_zem@ mail.ru
|
«Атбасар ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесі,9
|
Бөлім бастығы
|
8-716-43 2-13-45, 2-43-71
|
atbasar_ozo@ mail.ru
|
«Бұланды ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19
|
Бөлім бастығы
|
8-716-46 2-38-15
|
zem-bul@ mail.ru
|
«Егіндікөл ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 6
|
Бөлім бастығы
|
8-716-42 2-15-10
|
otdelzemotnegin@ mail.ru
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
«Еңбекшілдер ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесі, 109
|
Бөлім бастығы
|
8-716-39 2-14-73 2-22-83
|
uzoenbek@ mail.ru
|
«Ерейментау ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, А. Құнанбаев көшесі, 136
|
Бөлім бастығы
|
8-716-33 2-12-74
|
eremenzem@ mail.ru
|
«Есіл ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Есіл ауданы, Есіл қаласы, Д.Қонаев көшесі, 13
|
Бөлім бастығы
|
8-716-47 2-16-47
|
Esil_zemcom@ mail.ru
|
«Жақсы ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Ленин көшесі, 32
|
Бөлім бастығы
|
8-716-35 2-20-11
|
bota_99_29_@ mail.ru
|
«Жарқайың ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Захаров көшесі, 16/4
|
Бөлім бастығы
|
8-716-48 9-23-87
|
otzemot@ kokshetau.online.kz
|
«Зеренді ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Бейбітшілік көшесі, 81
|
Бөлім бастығы
|
8-716-32 21-9-91 21-1-87
|
OZO_ZER@ mail.ru
|
«Қорғалжын ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесі, 9
|
Бөлім бастығы
|
8-716-37 2-16-21
|
Zemkorg@ mail.ru
|
«Сандықтау ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылайхан көшесі, 119
|
Бөлім бастығы
|
8-716-40 9-13-56
|
zand_zem_@ mail.ru
|
«Целиноград ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15
|
Бөлім бастығы
|
8-716-51 3-11-24 3-11-64
|
Zimcom73@ mail.ru
|
«Шортанды ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Лермонтов көшесі, 13
|
Бөлім бастығы
|
8-716-31 2-26-40 2-18-80
|
zemshort@ mail.ru
|
«Бурабай ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Бурабай ауданы, Щучье қаласы, Абылайхан көшесі, 34
|
Бөлім бастығы
|
8-716-36 4-22-89
|
OZOHR@ mail.ru
|
«Степногор қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Степногор қаласы, 4-ші шағын аудан, 1-ші ғимарат
|
Бөлім бастығы
|
8-716-45 6-25-12
|
zem_step@ mail.ru
|
«Көкшетау қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89
|
Бөлім бастығы
|
8-716-2 25-35-56 25-46-79
|
ozo@mail.ru
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Ақтөбе облысы
|
«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі
|
Ақтөбе қаласы,
Әбілхайыр хан даңғылы, 40
|
Басқарма бастығы
|
8-713-2 56-03-55
|
zem_otnosh@mail.kz
|
«Әйтеке би ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Балдырған көшесі, 10
|
Бөлім бастығы
|
8-713-39 2-15-72
|
Zemotdel_Aitek@mail.ru
|
«Алға ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Алға ауданы, Алға қаласы, 5-ші шағын аудан, 4
|
Бөлім бастығы
|
8-713-37 3-10-37
|
Alga-zem
@mail.ru
|
«Байғанин ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Д. Қонаев көшесі, 36
|
Бөлім бастығы
|
8-713-45 2-25-57
|
Baiganin_zemotno@mail.ru
|
«Ырғыз ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Әбілхайыр хан көшесі, 28
|
Бөлім бастығы
|
8-713-43 2-10-61
|
irgizzem@kz
|
«Қарғалы ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесі, 32
|
Бөлім бастығы
|
8-713-42 2-27-66
|
Kargalazem@kz
|
«Қобда ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Қобда ауданы, Желтоқсан көшесі, 26
|
Бөлім бастығы
|
8-713-41 2-16-34
|
hobdazem@ mail.ru
|
«Мәртөк ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Мәртөк ауданы, Мәртөк кенті, Сейфуллин көшесі, 38
|
Бөлім бастығы
|
8-713-31 2-11-10
|
Martukzher@mail.ru
|
«Мұғалжар ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Гагарин көшесі, 6
|
Бөлім бастығы
|
8-713-33 36-5-29
|
Mur.zemotdel@mail.ru
|
«Темір ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 5
|
Бөлім бастығы
|
8-713-46 2-21-22
|
Zem_otnoh@mail.kz
|
«Ойыл ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 69
|
Бөлім бастығы
|
8-713-32 2-18-80
|
Zem_komytet@mail.ru
|
«Шалқар ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесі, 63
|
Бөлім бастығы
|
8-713-35 2-13-29
|
Zhalkar-gkb @mail.ru
|
«Хромтау ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Спорт көшесі, 2
|
Бөлім бастығы
|
8-713-36 2-51-47
|
Khromtau zem @mail.ru
|
«Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 2
|
Бөлім бастығы
|
8-713-2 21-25-56
|
zem.komytet@mail.ru
|
Алматы облысы
|
«Алматы облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі
|
Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 36/42
|
Басқарма бастығы
|
8-728-2 27-01-25,
ф. 24-16-70
|
yprzo@mail.ru
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
«Ақсу ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Ақсу ауданы, Жансүгіров кенті, Желтоқсан көшесі, 5
|
Бөлім бастығы
|
8-728-32 2-21-26 2-16-60
|
zemotdelaks@megaline.kz
|
«Алакөл ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 91г
|
Бөлім бастығы
|
8-728-33 2-33-33 2-22-08
|
akimat_Alako@mail.ru
|
«Балқаш ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 66
|
Бөлім бастығы
|
8-727-73 9-12-15 9-16-82
|
bagi_88@mail.ru
|
«Еңбекшіқазақ ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Тоқатаев көшесі, 53
|
Бөлім бастығы
|
8-727-75 4-54-07 4-57-77
|
Beiseuov Busashevieh
|
«Ескелді ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Сәтпаев көшесі, 65
|
Бөлім бастығы
|
8-728-36 3-00-66 3-17-68
|
otdel_zhkh @mail.ru
|
«Жамбыл ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Қараш батыр көшесі, 117
|
Бөлім бастығы
|
8-727-70 2-29-51 2-07-44 2-15-11
|
Umirzakova Saruar
|
«Іле ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Абай көшесі, 23
|
Бөлім бастығы
|
8-727-52 2-26-91 2-09-78
|
IIiiorgodel08. @mail.ru
|
«Қарасай ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Қарасай ауданы, Қаскелең ауылы, Гаражная көшесі, 34
|
Бөлім бастығы
|
8-727-71 2-00-41 2-58-41
|
karasay_akimat @ram bler .ru
|
«Қаратал ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Космолданов көшесі, 21
|
Бөлім бастығы
|
8-728-34 2-10-45
|
org_karatal @mail.ru
|
«Кербұлақ ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті, Момышұлы көшесі, ХҚК ғимараты
|
Бөлім бастығы
|
8-728-40 2-16-01 3-22-53
|
kerbakimbux @mail.ru
|
«Көксу ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Көксу ауданы, Балпық би кенті, Мырзабекұлы көшесі, 38
|
Бөлім бастығы
|
8-728-38 2-08-61 2-03-07
|
fkimat-koksu @mail.ru
|
«Панфилов ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацк көшесі, 131
|
Бөлім бастығы
|
8-728-31 5-11-36 5-01-19
|
js_rima @bk.ru
|
«Райымбек ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Райымбек ауданы, Кеген ауылы, Әзімжапов көшесі, 3
|
Бөлім бастығы
|
8-727-77 2-15-69 2-15-24
|
raimbek_akimat @mail.ru
|
«Сарқанд ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Сарқанд ауданы, Сарқант қаласы, Тынышбаев көшесі, 8
|
Бөлім бастығы
|
8-728-39 2-17-93 2-32-79
|
sarkand-2009 @mail.ru
|
«Талғар ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Талғар ауданы, Талғар қаласы, Рысқұлов көшесі, 98
|
Бөлім бастығы
|
8-727-73 88-16-71 88-16-72
|
talgar-akimat @rambler.ru
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
«Ұйғыр ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Кентал Исламов көшесі, 70
|
Бөлім бастығы
|
8-727-78 2-16-50 2-16-96
|
www.uigur-akimat.kz
|
«Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Қапшағай қаласы, Қойшымапов көшесі, 4
|
Бөлім бастығы
|
8-727-72 4-07-75 4-14-04
|
O_sholpan_67 @mail.ru
|
«Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Текелі қаласы, Абылайхан көшесі, 34
|
Бөлім бастығы
|
8-728-35 4-27-96
|
akimat_tekeliforever.kz ozeo @mail.ru
|
«Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 36/42
|
Бөлім бастығы
|
8-728-2 24-01-45 24-19-76
|
zemotdelaks@mtgaline.kz
|
Атырау облысы
|
«Атырау облысы жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі
|
Атырау қаласы, Абай көшесі, 10 А
|
Басқарма бастығы
|
8-712-2 35-46-00,
35-44-06
|
Atyrau_uzo@mail.kz
|
«Жылыой ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Жылыой ауданы Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 7
|
Бөлім бастығы
|
8-712-37 5-09-01
|
zemkom_kulsary@mail.ru
|
«Индер ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Индер ауданы, Индер кенті, Меңдіғалиев көшесі, 30/12
|
Бөлім бастығы
|
8-712-34 2-17-96
|
InderRZO@mail.ru
|
«Исатай ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Ынтымақ көшесі, 23
|
Бөлім бастығы
|
8-712-31 2-01-59
|
Isatai_Zem.com@mail.ru
|
«Құрманғазы ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы, Көшекбаев көшесі, 25
|
Бөлім бастығы
|
8-712-33 2-14-47
|
Z_o_kurmangazy@mail.ru
|
«Қызылқоға ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Сәтпаев көшесі, 24
|
Бөлім бастығы
|
8-712-38 2-15-18
|
Suindik_k@mail.ru
|
«Мақат ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Мақат ауданы, Мақат кенті, Орталық алаң көшесі, 2
|
Бөлім бастығы
|
8-712-39 3-22-04
|
rafaell 81 @mail.ru
|
«Махамбет ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі, 13
|
Бөлім бастығы
|
8-712-36 2-19-45
|
Zhukovg1950@mail.ru
|
Достарыңызбен бөлісу: |