Жер учаскесін жалдау туралы шарт шұбарқұдық кенті №



Дата24.02.2016
өлшемі95.39 Kb.
#12646
Жер учаскесін жалдау туралы

ШАРТ
Шұбарқұдық кенті №_______ «____»_______201 жыл.
Темір ауданы әкімдігінің уәкілетті органы «Темір аудандық жер қатынастары» ММ атынан Ереже негізінде жұмыс істейтін, әрі қарай Жалға беруші деп аталатын басшысы Мыңбаев Ұшқын Әнуарұлы бір жағынан «_____________» атынан жұмыс істейтін, әрі қарай Жалға алушы деп аталатын басшысы ________________________________________ екінші жағынан, төмендегілер туралы осы шартты жасасты:
1.ШАРТТЫҢ МӘНІ
1.1 ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 03 қазандағы №1496 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңының 444 бабына және Жалға беруші мемлекеттік меншік құқығына жататын жер учаскелерін Темір ауданы әкімдігінің «____»__________201___ ж. №___ қаулысының негізінде Жалға алушыға «____» жыл мерзіммен, «____»_________20____ жылға дейін береді (тапсырады).

1.2 ______ ауданы, __________________ (қалалық, кенттік, селолық) округі аумағында орналасқан.

Жалпы көлемі _____ га. оның ішінде : ауыл шаруашылық алқаптары га (егістік____ га, көп жылдық екпе шөптер____га, шабындық ____га, жайылым____га, тыңайға жерлер ____га ) басқада жерлер ____га ,құрылысқа ____га

________________________________________________________________________________________­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­__________________________________________________________________________

(жер учаскесінде орналасқан құрылыстар, ғимараттар тізбесі)

Нысаналы мақсатты: Ауылшаруашылық мақсатында шаруа қожалығымен айналысу үшін

пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпашылықтар________

бөлінуі немесе бөлінбеуі ________

бонитет баллы____________

1.3 Жыл сайынғы жалдау ақысы «____» (__________________) теңгені

құрайды.
2. ЖЕРГЕ ТӨЛЕМ АҚЫ
2.1 Жер учаскесін жалға алу түрі мен төлемақысының мерзімдері: Жер учаскесін жалдау ақысы, осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады «Жалға алушы» Салық кодексіне сәйкес бірдей үлеспен Шартқа отырған күннен бастап 30 күн ішінде КБК 104501, ИИК KZ24070105KSN0000000, БИК KKMFKZ2A, Астана қаласындағы Қазынашылық Комитеті бенефициарының Банкі, Кбе 11, Темір ауданы бойынша салық басқармасының бенефициары СТН 061300002342 шотына төлеуге жатады.

2.2 Жалдау ақысының ставкалары белгіленген болып табылмайды, Салық және басқада жер төлемдерін есептейтін реттелген тәртіппен Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес өзгеруі мүмкін.

2.3 Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 481 бабына сәйкес жер салығы ставкалары өзгерген кезде Жалға беруші жыл сайынғы жалдау ақысының мөлшерін осы шарттың 1 тармағының 3 тармақшасына өзгерістер енгізе отырып қайта қарайды.

3.ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1. Жалға алушының:

1) жер учаскесінің оның нысанасынан туындайтын мақсатта пайдалана отырып , жерде дербес шаруашылық жүргізуге;

2) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жағдайда келтірілген шығынды өтетуге;

3) ауыл шаруашылығы және өзгеде дақылдар мен екпелер себу мен отырғызуға , өндірілген ауыл шаруашылығы өнімі мен жер учаскесін пайдалану нәтижесінде алынған өзгеде өнімге және оны өткізуден түскен табысқа меншік жүргізуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекітілген тәртіппен мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қойған жағдайда , шығынды өтеуге;

5) жалға берушінің келісімімен белгіленген құрылыс, экологиялық , санитарлық-гигиениялық және өзгеде талаптарға сәйкес суландыру, құрғату және өзгеде мелиорациялық жұмыстар жүргізу , тоғандар мен өзгеде су айдындарын жасауға;

6) жалға берушінің келісімімен өз шаруашылығының қажеттері үшін жер учаскесінде бар құмды, сазды , қиыршық тасты және басқада кең таралған пайдалы қазбаларды , шымтезекті, екпелерді, жер үсті және жер асты суларын белгіленген тәртіппен пайдалануға, сондай-ақ жердің өзгеде пайдалы қасиеттерін пайдалануға құқығы бар;

3.2. Жалға алушы:

1) осы шарттың 2 тармағының 2.1. тармақшасына сәйкес жер учаскесін жер учаскесінің жалдау ақысын уақытылы енгізуге және 3 жұмыс ішінде «Жалға берушіге» төлем құжаттарының растайтын көшірмесімен қосымша хабарлауға құқығы бар;

2) жыл сайын жалдау ақысын Жалға берушіден анықтап тұруға;

3) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органдарына әр есептік кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемдердің (ағымдағы төлемдердің есептік сомасы ) есебін тапсырып отыруға;

4) осы шартқа есептік кезеңнің басынан кейін отырған жағдайда, шарт толтырылған келесі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей ағымдағы төлемдердің есептік сомасын ұсынуға,

жерді оның негізгі нысаналы мақсатына сәйкес және шартта көзделген тәртіпте пайдалануға ;

5) шарт қызметінің мерзімі аяқталатын немесе мерзімінен бұрын бұзылатын жағдайда 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей шарттың мерзімі біткен (мерзімінен бұрын бұзылған) күннен бастап ағымдағы төлемдердің есептік сомасын ұсынуға;

6) осы шартта көзделген тәртіппен , жерді оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға;

7) тиісті санитарлық жағдайына бекітілген және іргелес аумақты күтіп-ұстау іс шараларын жүзеге асыруға ;

8) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 33 бабының 2 тармағы 6 тармақшасы, 77 бабының 3 тармағына сәйкес талаптарын сақтауға, қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға және беруге, сонымен бірге кепілге салуға жол бермеуге;

9) жалдау шартын ұзарту үшін осы шарт аяқталуға 1 ай мерзімнен кем емес мерзімде жер учаскесі орналасқан жердегі атқарушы органға тиісті өтінішпен жолығу керек;

өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде қоршаған табиғи ортаға зиян келтіруге және экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бармеуге , өндірістің табиғатты қорғау технологиясын қолдануға;

10) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Жер кодексінде көзделген тәртіппен сервитуттар беруді қамтамасыз етуге;

11) жер пайадаланушыныңң мекен-жайы өзгерген жағдайда бір ай мерзім ішінде уәкілетті органды хабардар етуге;

12) санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес өндіріс технологияларын қолдануға, өздері жүзеге асыратын шаруашылық және өзге де қызмет нәтижесінде эпидемиологиялық, радиациялық және экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге;
13) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 140 бабына көзделген жерді қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;

14) уақытылы жер салығын, жер учаскесін пайдалану ақысын және басқа да Қазақстан Республикасы заңнамаларымен көзделген және шарт төлемдерін төлеуге;

15) жер учаскесінде шаруашылық және өзгеде қызметті жүзеге асыру кезінде құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзгеде арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелерді,нормативтерді) сақтауға;

16) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгіленген дердің жай-күйі мен пайдалануы туралы мәліметтерді уақытылы табыс етіп отыруға;

17) басқа меншік иелерімен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;

18) топырақтын ластануына, қоқыстануына, тозуына, және оның құнарлылығының нашарлауына, сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу құнарлы қабаттың біржола жоғалуын болғызбау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатымен оны сыдырып алуға жол бермеуге;

19) өздерінің меншігі болып табылмайтын анықталған өндіріс пен тұтыну қалдықтары туралы жергілікті атқарушы органдарга хабарлауға;

20) агрохимиялық іс-шаралар жүргізуге;

21) ауылшаруашылығы дақылдарын өсірудің қабылданған технологиялық картасына сай топырақ құнарлылығын арттырудың агротехникалық әдістерін, оның ішінде агротехнологиялық операцияларды сақтау жолымен қолдануға;

22) ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасына сәйкес ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің тозуына қарсы топырақ қорғау іс-шараларын жүзеге асыруға;

23) дақылдар айналымын ғылыми-негізделген сызбаларға сүйене отырып, ауыспалы егісті сақтауға;

24) ауылшаруашылығы дақылдарын өсіруде фитосанитариялық талаптарды орындау, тұқым шаруашылығы іс-шараларын жүргізу жолдары;

ауылшаруашылығы дақылдары тұқымдарының сорттарын ауыстырып отыру және жаңарту ғылыми негізделген мерзімдерін сақтау;

арамшөптер, ауру тудырғыштаржәне зиянкестермен күресуде, тұқымдарды зарарсыздандыруда фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу;

25) жайылымды суландыру іс-шараларын жүргізу;

26) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілген, жайылымдық жер көлеміне ауылшаруашылығы мал басы бірлігін жаю нормативін сақтауға;

27) Жер кодексімен және өзгеде заңнамалармен көзделген заң бұзушылықтарға жол бермеуге;

28) топырақтың мелиорациялық жагдайының төмендеуіне және топырақ құнарлылығының елеулі төмендеуге жол бермеуге;

29) тиісті органдарга тұрақты негізде келесі есептерді тапсыру керек:

1.Жер учаскесінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылардың қаржылық-өндірістік қызметі жөнінде жылдық есеп:

2.№2-СХ «Астықтың бар болуы мен қозғалысы туралы». №3-СХ «Майлы дақылдардың тұқымдарының бар болуы мен қозғалысы», №4-СХ «Егіс егу қортындысы», №24-СХ «Мал шаруашылығы жағдайының есебі», №29-СХ «Барлық жердегі ауыл шаруашылығы дақылдары өнімдерін жинау туралы», №6-р «Шаруа қожалықтарының жер алаптарының мәліметі»

30) сонымен бірге төмендегілер өздерімен бірге:

1. ауылшаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиялық картасы;

2. ауыспалы егіс пен танаптардың тарихы кітабы;

3. шаруашылық есебі кітабы ;

4. жайылым көлеміне ауылшаруашылығы мал басын жаю салмағы нормативі;

5. тұқымның сорттық, егістік, фитосанитарлық сапасын растайтын құжаттар;

6. пестицидтер (улы химикаттар) және агрохимикаттар қолдану актілері;

7. ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасы;

8. ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің паспорты болуы міндетті.


3.3 Жалға беруші:

1) осы Шарттың шарттарының орындалуына бақылау жүргізуге ;

2) жерді пайдалануға және қорғауға бақылау жүргізуге;

3) жер учаскесінің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануына бақылау жүргізу;

4) Жалға алушының шаруашылық қызметінің нәтижесінде жер сапасының және экологиялық ахуалдың нашарлауынан келтірілген шығындарды толық көлемде төлетуге;

6) Шарт мерзімі аяқталғаннан кейін жер учаскесінің жағдайын бақылауға және оны акт бойынша қабылдауға;

7) осы шарттың 2 тармағы 2.2 тармақшасына сәйкес жер учаскесін жалдау ақысына өзгеріс енгізуге;

8) Жалға алушы осы шарттың 3.2 тармағындағы шарттарын , сонымен бірге Жалға берушінің Шарттың шарттарын бұзушылықтарын . көрсетілген мерзімге дейін жою жөніндегі ескертуін орындамаған жағдайда , Шартты бір жақты негізде және мерзімінен бұрын бұзуға құқығы бар;



3.4 Жалға беруші:

1) Жалға алушыға жер учаскелерін шарт шарттарына сәйкес ахуалда беруге;

2) Жалға алушыға шағындар өтеуге, сонымен бірге жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарған жағдайға басқа жерден оның қалауы бойынша жер учаскесін беруге;

3) өз бастамасымен мерзімінен бұрын шартты бұзған жағдайда толық көлемде шығынды өтееуге;

4) жер учаскесінің ауыртпашылықтары мен шектеулері жөнінде Жалға алушыны хабардар етуге;

5) егер мұндай игеру мен жақсарту Шартта көрсетілген жағдайда, ауыл шаруашылыгы алаптарын игеруде және жақсартуда Жалға алушының шартқа сәйкес толықтай немесе бір бөлік шеккен шығындарын өтеуге міндетті;



4. ҚОСЫМША ШАРТТАР

4.1 Жалға беруші конкурыстық өтініште осы жер учаскесінің аумағында өндіріс көлемін және салық төлемдерін ұлғайтыуға , әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және қолдауға ықпал ететін қосымша міндеттер қабылдаған болса , шарт мерзімі кезеңінде бұл шарттардың күші бар және өзгертуге жатпайды.



5. ТАЛАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
5.1 Келісілген мерзімде жалдау ақысын төлемеген жағдайда Жалға алушы әрбір өткен күн үшін тұрақсыздық ақысын төлейді. Тұрақсыздық айыбының мөлшері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасын негізге ала отырып есептеледі.

5.2 Мерзімі өту күні 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

5.3 тұрақсыздық айыбын төлеу Жалға берушіні осы шарттағы өз міндеттерін орындаудан босатпайды;

5.4 Шарт шарттарын бұзганы үшін тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік алады.


6. ДАУЛАРДЫҢ ҚАРАУ ТӘРТІБІ
6.1 Шарт бойынша немесе әрекетке байланысты туындауы мүмкін кез-келген түсініспеушіліктер мен наразылықтар тараптардың арасындағы келіссөздер арқылы мүмкіндігіне қарай шешіледі.

6.2 Келіссөздер арқылы шешілмеген шарттан туындайтын барлық түсінбеушіліктер сот тәртібімен қаралады.



7. ШАРТ МЕРЗІМІН БҰЗУ ЖӘНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ
7.1 Шарт екі жақты келісіммен кез-келген уақытта бұзылуы мүмкін.

7.2 Жалға алушы осы шарттың 3 бөлімінің 3.2. тармағының шартарын орындамаған жағдайда , мерзімінен бұрын бұзуға 30 күнтізбелік күн қалғанда тиісті жазбаша ескерту жолымен , Шартты бір жақты негізде және мерзімінен бұрын бұзуға құқығы бар.

7.3 Шарт шарттарын өзгерту , оның мерзімінен бұрын бұзылуы шарттың 3 бөлімінің 3.2 тармағындағы шарттарын және Қазақстан Республикасының Салық кодексімен бекітілген салық органдарының талаптарын орындамаған жағдайда жіберіледі.
8.ШАРТ ӘРЕКЕТІ
1. Шарт шартқа отырған күннен бастап күшіне енеді , әділет органдарына міндетті тіркеуден өтуге жатады және __________ жылдан __________ дейін әрекет етеді.

Шарт екі данада жасалынды , оның біреуі Жалға алушыға, екінші данасы Жалға берушіге беріледі.


9. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ ЖӘНЕ РЕКВИЗИТТЕРІ

Орналасқан жері:

Темір ауданы Шұбарқұдық кенті,

Желтоқсан көшесі, №5 үй.

Есеп-айрысу шоты:

РНН: 061300211278

ЖСК-KZ71070103KSN0613000

Темір аудандық жер қатынастары


бөлімінің басшысы: ______________Ұ.Мыңбаев

(қолы)

М.О.

Орналаскан жері:



________________________а\о.
ЖСН_____________________
р\ с______________________
Бай. тел.___________________
«__________________»Ш/Қ-нің басшысы:

____________________________________

(қолы)

М.О.









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет