"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер



Дата30.06.2016
өлшемі355.71 Kb.
#168156
Қарағанды облысы әкімдігінің
2013 жылғы 27 мамырдағы
N 31/01 қаулысымен
бекітілген

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңына сәйкес әзірленді.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 14-1 бабының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi N 745 "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 1 қарашадағы N 1392 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы жер учаскесінің пайдалану мақсатын өзгертуге шешім (бұдан әрі – шешім) немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.
      6. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) көрсетеді. Жергілікті атқарушы органның мекенжайы мен жұмыс кестесі осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      7. Мүдделi органдар бөлiгiндегi әкiмшiлiк рәсiмдер:


      жергілікті атқарушы орган осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес өтінішті тіркейді және уәкілетті органға жібереді;
      уәкілетті орган шешімнің жобасын немесе бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапты дайындайды және оны жергілікті атқарушы органға жібереді.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 37 күн;
      2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;
      3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.
      9. Құқықтық режимі, жер учаскесінің санатқа тиесілігі және жерді аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсат етілген пайдалану негізінде нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру мүмкін емес болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.
      Осы стандарттың 14-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызмет алушының құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын уақытта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде жазбаша хабардар етеді.
      Жергілікті атқарушы орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет алушыға бекiтілген шешім немесе қызмет беруден бас тарту туралы уәжделген жауап бермеген жағдайда, онда беру мерзімінің өткен күнінен бастап шешім берілді деп есептеледі.
      10. Мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттiк көрсетілетін қызметті алу үшiн өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесiн берген сәтке дейiнгi мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсету кезеңдерi:
      1) мемлекеттік қызмет алушы шешімді беру туралы өтінішті жергілікті атқарушы органға береді;
      2) жергілікті атқарушы орган өтінішті тіркейді және өтінішті уәкілетті органға жібереді;
      3) уәкілетті орган, осы Регламентке 4-қосымшада көрсетілген, өтінішті қарауды жүзеге асырады, шешімнің жобасын не бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапты дайындайды және оны жергілікті атқарушы органға жібереді.
      4) жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызмет алушыға шешімді не бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапты жолдайды.
      11. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалар саны ең аз дегенде бiр қызметкер құрайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      12. Құжаттардың қабылдануы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органда жүзеге асырылады.


      Жергілікті атқарушы органның кеңсе қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет алушыға осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі, онда:
      1) өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
      2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күні, (уақыты) мен орны;
      5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
      13. Өтініш бланкілері мекенжайлары және телефондары осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген жергілікті атқарушы органның кеңсе қызметкерлерімен беріледі.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
      1) осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі;
      4) салықтық қарыздың жоқтығы туралы салық органдарынан анықтама;
      5) жер учаскесіне ауыртпалықтардың жоқтығы туралы әділет органдарынан анықтама;
      6) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісі (қажет болғанда);
      7) елді мекеннің бас жоспарына сәйкес құрылыс объектілерін салған жағдайда, жылжымайтын мүліктердің әр бұрынғы меншік иесімен жер учаскесін сатып алу бойынша жасалған келісім шарттың көшірмелері (қажет болғанда);
      8) жылжымайтын мүлік объектісіне құқықты куәландыратын құжаттың көшірмесі (қажет болғанда);
      9) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық төлқұжаты (қажет болғанда);
      10) мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлғаға;
      11) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы куәлігі, заңды тұлғаның өкілеттігін куәландыратын құжат және мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлғаларға.
      Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін қайтарылады.
      15. Шешім мемлекеттік қызмет алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға беріледі.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) қатысады:
      1) жергілікті атқарушы органның кеңсесi;
      2) жергілікті атқарушы органның басшылығы;
      3) уәкiлеттi органның кеңсесi;
      4) уәкiлеттi органның басшылығы;
      5) уәкілетті органның жауапты орындаушысы.
      17. Әрбiр әкiмшiлiк iс-қимылдардың (рәсiмдердiң) орындалу мерзiмiн көрсетумен әрбір ҚФБ әкiмшiлiк iс-қимыл (рәсiмнің) дәйектілігі мен өзара іс-қимылының мәтіндiк кестелік сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшада келтiрiлген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет
көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      18. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы N 1392 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес бұл мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.



"Жер учаскесінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша

Жергілікті атқарушы органның мекенжайы мен жұмыс кестесі

Жергілікті атқарушы органның атауы

Мекенжайы

Жұмыс кестесі

Телефон нөмірі

Электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

"Қарағанды облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы,
Әлиханов көшесі, 13

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-7212-42-11-54

kanc_oblakimat@krg.gov.kz

"Қарағанды қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы,
Бейбітшілік бульвары, 39

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-7212-42-14-09

Akimat07@mail.ru

"Балқаш қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Балқаш қаласы,
Ш. Уәлиханов көшесі, 3

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-36-4-99-95

Blh_canselyaria@krg.gov.kz

"Қаражал қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қаражал қаласы,
Абай көшесі, 9

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-32-2-64-74

karajal_akimat@mail.ru

"Приозерск қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Приозерск қаласы,
Пушкин көшесі, 7

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-39-54-0-48

prio_org@krg.gov.kz

"Саран қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Саран қаласы,
Жамбыл көшесі, 67

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-37-2-52-08

sar_apparat@krg.gov.kz

"Сәтпаев қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Сәтпаев қаласы,
Сәтпаев даңғылы, 108

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-63-33-6-36

satpaevakim@mail.ru

"Теміртау қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Теміртау қаласы,
Тәуелсіздік бульвары, 12

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-3-92-26-03

Akimat.temirtau@krg.gov.kz

"Шахтинск қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Шахтинск қаласы,
Абай көшесі, 50 А

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-56-4-08-44

shahtinsk_cancel@krg.gov.kz

"Абай ауданының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Абай қаласы,
Жеңіс даңғылы, 3

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-31-4-65-23

abay_control@mail.ru

"Ақтоғай ауданының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай селосы,
Бөкейхан көшесі, 4

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-37-21-2-33

ergan_77@mail.ru

"Бұқар жырау ауданының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Ботақара кенті,
Абылайхан көшесі, 39

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-72-154-2-11-18

b-jiraulakimat@mail.ru

"Жаңаарқа ауданының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, 5

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

43-40-66

zanaarka_akimat@mail.ru

"Қарқаралы ауданының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қарқаралы қаласы,
Т. Әубәкіров, көшесі, 23 үй

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-46-31-0-00

karkar_org@krg.gov.kz

"Нұра ауданының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Киевка кенті,
К. Мыңбаев көшесі, 44

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-44-2-26-31

akimat_nura@mail.ru

"Осакаровка ауданының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Осакаровка кенті,
Новая көшесі, 33

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-49-41-8-42

osak_kense@mail.ru

"Ұлытау ауданының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Ұлытау кенті,
Абай көшесі, 27

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-35-21-3-39

ulytauakim@krg.gov.kz

ulutau_akimat@mail.ru



"Шет ауданының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Ақсу-Аюлы селосы,
Шортанбай жырау көшесі, 24

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-31-21417

akimshet@mail.ru

"Жер учаскесінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша

Облыс әкіміне (облыс, қала, аудан)


________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) кімнен
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
________________________________________
немесе заңды тұлғаның толық атауы)
________________________________________
ИИН/БИН ________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның куәландыратын
________________________________________
құжаттарының деректемелері, жеке
куәлігі, мекенжайы, телефоны)
________________________________________

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге
шешім беруге өтініш

      Сізден менің жеке меншігімдегі (жер пайдаланудағы)


_____________________________________________________________________
мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі __________________________
жер учаскесінің ____________________________________________ нысаналы
мақсатына ___________________________________________________________
           (нысаналы мақсатын өзгерту қажеттілігінің себебін көрсету)
байланысты өзгертуді сұраймын.

      Күні __________    Өтініш беруші ______________________________


                                       (жеке не уәкілетті тұлғаның
                                       тегі, аты, әкесінің аты немесе
                                       заңды тұлғаның атауы қолы)
                                       ______________________________

"Жер учаскесінің нысаналы


мақсатын өзгертуге шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
3-қосымша

Әкiмшiлiк iс-қимылдар (рәсiмдер) дәйектілігі мен
өзара іс-қимылының сипаттамасы

1-кесте. ҚФБ iс-қимылдарының сипаттамасы

Негiзгi үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылдары

Iс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) N

1

2

3

ҚФБ атауы

Жергілікті атқарушы органның кеңсесі

Жергілікті атқарушы органның басшылығы

Уәкілетті органның кеңсесі

Iс-қимылдың (үдерістің, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, тіркеу, қолхат беру

Хат-хабармен танысу, орындау үшiн жауапты уәкілетті органды айқындау

Құжаттарды қабылдау, тіркеу, қарар қою үшін құжаттарды басшылыққа жiберу

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешiм)

Қарар қою үшiн құжаттарды басшылыққа жiберу

Қарар қою, құжаттарды жауапты уәкілетті органға жiберу

Қарар қою үшiн құжаттарды басшылыққа жiберу

Орындау мерзiмдері

30 минут

жұмыс күні ішінде

30 минут



Iс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) N

4

ҚФБ атауы

Уәкiлеттi органның басшылығы

Iс-қимылдың (үдерістің, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Хат-хабармен танысу, орындау үшiн жауапты орындаушыны белгілеу

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкiмдiк шешiм)

Қарар қою, құжаттарды жауапты орындаушыға жiберу

Орындау мерзiмдерi

Жұмыс күні ішінде

Келесi iс-қимылдың нөмiрi

5



Iс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) N

5

6

ҚФБ атауы

Жауапты орындаушы

Уәкiлеттi органның басшылығы

Iс-қимылдың (үдерістің, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттардың толықтығын тексеру, шешімді не бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапты дайындау

Шешім жобасына не бас тарту туралы уәжделген жауапқа бұрыштама қою

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешiм)

Құжаттар мен материалдарды басшылыққа беру

Шешім жобасына не бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапқа қол қою үшін жергілікті атқарушы органның басшылығына беру

Орындалу мерзiмi

33 жұмыс күні ішінде

Жұмыс күні ішінде



Iс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) N

12

13

ҚФБ атауы

Жергілікті атқарушы органның кеңсесі

Жергілікті атқарушы органның басшылығы

Iс-қимылдың (үдерістің, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау

Хат-хабармен танысу

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешiм)

Қол қою үшiн құжаттарды басшылыққа жiберу

Шешімге не бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапқа қол қою

Орындау мерзiмi

30 минут

30 минут



Iс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) N

14

ҚФБ атауы

Жергілікті атқарушы органның кеңсесі

Iс-қимылдардың (үдерістің, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Мемлекеттік қызметті алушыға шешімді не бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапты беру

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешiм)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну журналындағы мемлекеттік қызмет алушының қолы

Орындалу мерзiмi

10 минут

      2-кесте. Пайдалану нұсқасы. Негізгі үдеріс 

1-топ
Жергілікті атқарушы органның кеңсесі

ҚФБ 2-тобы
Жергілікті атқарушы органның басшылығы

ҚФБ 3-тобы
Уәкілетті органның кеңсесі

4-топ
Уәкілетті органның басшылығы

ҚФБ 5-тобы
Жауапты орындаушы

N 1 іс-қимыл
Құжаттарды қабылдау, тіркеу, қолхат беру, қарар қою үшiн құжаттарды басшылыққа жiберу

N 2 іс-қимыл
Хат-хабармен танысу, орындау үшiн жауапты уәкілетті органды айқындау

N 3 іс-қимыл
Құжаттарды қабылдау, тіркеу, қарар қою үшін құжаттарды басшылыққа жiберу

N 4 іс-қимыл
Орындау үшін жауапты орындаушыны айқындау, қарар қою

N 5 іс-қимыл
Құжаттардың толықтығын тексеру, шешімді не бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапты дайындау, құжаттарды материалдармен басшылыққа беру

N 8 іс-қимыл
Құжаттарды қабылдау, құжаттарды қол қою үшін басшылыққа жіберу



N 7 іс-қимыл
Құжаттарды жергілікті атқарушы органға жіберу

N 6 іс-қимыл
Шешім жобасына не бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапқа бұрыштама қою





N 9 іс-қимыл
Хат-хабармен танысу, шешімге не бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапқа қол қою







N 10 іс-қимыл
Мемлекеттік қызмет алушыға шешімді не бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапты беру









"Жер учаскесінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 4-қосымша

Уәкілетті орган

Уәкілетті органның атауы

Заңды мекенжайы

Жауапты

Байланыс телефоны

Электрондық мекенжайы

"Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы,
Гоголя көшесі, 34

Басқарма бастығы

8-7212-56-61-89

uzo_kanc@krg.gov.kz

"Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы,
Бейбітшілік бульвары, 39

Бөлім бастығы

8-7212-78-55-34

bota_kuku@mail.ru

"Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Балқаш қаласы,
Уәлиханов көшесі, 5

Бөлім бастығы

8-710-36-4-10-59

blh_ozo@mail.ru

"Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Жезқазған қаласы,
Алашахан даңғылы, 1

Бөлім бастығы

8-710-2-73-30-12

sutbayalice@mail.ru

"Қаражал қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қаражал қаласының,
Сарытоқа көшесі, 1

Бөлім бастығы

8-710-32-2-63-99

arh_karazal@mail.ru

"Приозерск қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Приозерск қаласы,
Пушкин көшесі, 9/2

Бөлім бастығы

8-710-39-5-32-48

prio_zo@krg.gov.kz

"Сәтпаев қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Сәтпаев қаласы,
Сәтпаев даңғылы, 108

Бөлім бастығы

8-710-63-3-84-69

dosbol.kz@mail.ru

"Саран қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Саран қаласы,
Жамбыл көшесі, 67

Бөлім бастығы

8-721-37-4-44-03

info@ozosaran.kz

"Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Теміртау қаласы,
6-ықшам ауданы, 14 үй

Бөлім бастығы

8-721-3-93-11-10

zemkom-temirtau@mail.ru

"Шахтинск қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шахтинск қаласы,
Абай көшесі, 50

Бөлім бастығы

8-721-56-5-57-55

iks.2@mail.ru

"Абай қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Абай қаласы,
Энгельс көшесі, 34

Бөлім бастығы

8-721-31-4-16-43

zemelnoe@mail.ru

"Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай селосы,
Бөкейхан көшесі, 4

Бөлім бастығы

8-710-37-2-12-92

Zem.kom.aktogai@mail.ru

"Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ботақара кенті,
Қазыбек би көшесі, 50 А

Бөлім бастығы

8-721-54-2-18-32

bukarfarkad@topmail.

"Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, 2

Бөлім бастығы

8-710-30-2-89-40

zher_zhanaarka@mail.ru

"Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қарқаралы қаласы,
Т. Әубәкіров көшесі, 23

Бөлім бастығы

8-721-46-3-14-04

diko_111@mail.ru

"Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Киевка кенті,
Сейфуллин көшесі, 34

Бөлім бастығы

8-721-44-2-10-94

Zem.nura@mail.ru

"Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Осакаров кенті,
Новая көшесі, 33

Бөлім бастығы

8-721-49-4-20-84

dika_30@mail.ru

"Ұлытау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ұлытау кенті,
Абай көшесі, 27

Бөлім бастығы

8-710-35-2-13-22

zem_kom@mail.ru

"Шет ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақсу-Аюлы селосы,
Шортанбай жырау көшесі, 26

Бөлім бастығы

8-710-31-2-12-70

Altynai_erzhanova-2011@mail.ru


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет