Жетписбаев батыр адамович


§3. Адамның жасы қылмыс субъектiсiнiң белгiсi ретiнде



Pdf көрінісі
бет43/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§3. Адамның жасы қылмыс субъектiсiнiң белгiсi ретiнде
 
Қылмыс жасаған адамды қылмыс субъектiсi деп тану үшiн ол заңда белгiленген белгiлi бiр жасқа толған 
болуы қажет. ҚР қылмыстық заңында қылмыстық жауаптылық басталатын жас – 16 жас деп белгiленген. 
Ал заңда атап көрсетiлген нақты қылмыстар үшiн қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады.
Қылмыстық жауаптылық басталатын жасты белгiлеу қажеттiлiгi адамның өз iс əрекетiнiң сипаты мен 
əлеуметтiк маңызын түсiну, өз тiлегiн жəне қажеттiлiгiн қоғамдық тыйым салу талаптарымен сəйкестендiру 
қабiлеттiлiгiмен жəне қылмыстық жазаны дұрыс қабылдау қабiлеттiлiгiмен байланысты.
Қоршаған дүниенiң құбылыстарын тану, олардың iшкi байланысын түсiну жəне түрлi əрекеттердiң 
арасынан дұрысын таңдау қабiлеттерi адамда туған кезден емес, кейiнiректе, оның биологиялық жəне 
əлеуметтiк даму деңгейiне қарай адамның құқықтық санасы белгiлi бiр деңгейге жеткенде ғана пайда 
болады. Сондықтан қылмыстық жауаптылық белгiлi бiр жасқа толған кезден басталады ҚК 15-бабының 1-
бөлiгiне сəйкес қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатады. 
Қылмыстық жауаптылықтың жалпы жасын 16 жас деп белгiлеу кез келген қылмыс үшiн қылмыстық 
жауаптылық осы жастан басталады деген сөз емес. ҚК Ерекше бөлiгiнде көрсетiлген кейбiр қылмыстар 
үшiн 18 жастан (мысалы, əскери қылмыстар, кəмелетке толмағанды қылмысқа тарту қылмысы үшiн жəне 
т.б), сондай-ақ субъектiнiң ерекше белгiлерiне байланысты одан да жоғары 25 жастан (көрiнеу əдiлетсiз сот 
үкiмiн, шешiмiн немесе өзгедей сот актiсiн шығару қылмысы үшiн) басталады. Қоғамға қауiптi iс-əрекеттi 
жасаған адамның жасын анықтау кезiнде оның қылмыс жасау сəтiндегi жасы ескерiлетiндiгiн ұмытпау 
қажет. Заңдағы қылмыстық жауаптылықтың төменгi жас шегiнiң қатаң белгiленуi қылмыс жасаған 
адамның жасын нақты анықтауды талап етедi. Бұл мəселе адамның жеке басын куəландыратын тиiстi 
құжаттар (туу туралы куəлiк, жеке куəлiгi жəне т.б.) негiзiнде шешiледi. Адам туылған күнi емес, келесi 
тəулiктен бастап белгiлi бiр жасқа толды деп саналады. Адамның туылған күнiн куəландыратын құжаттар
болмаған жағдайда адамның жасын сот-медициналық сараптама тағайындау арқылы анықтайды. Бұл 
жағдайда субъектiнiң туылған күнi сараптама атаған жылдың ең соңғы күнi, яғни 31 желтоқсан деп 
есептеледi, ал ең төменгi жəне ең жоғарғы жас берiп анықтағанда, сараптама болжаған ең төменгi жас 
алынады.
ҚК 15-бабының 2-бөлiгiнде нақты көрсетiлген қылмыстар үшiн заңшығарушы қылмыстық жауаптылық 
жасын – 14 жас деп белгiленген. Қылмыстық жауаптылықтың мұндай төменгi жасын белгiлеуде 
заңшығарушы мынадай бiрқатар жағдайларды ескерген:
1)
ҚК 15-бабының 2-бөлiгiнде көрсетiлген қылмыстардың қоғамға қауiптiлiгi мен құқыққа қайшылығын
адамның 14 жаста ұғынуға мүмкiндiгiнiң бар екендiгiн жəне өз əрекетiне есеп бере алатындығын,


2)
Осы қылмыстардың көпшiлiгiнiң жасөспiрiмдер арасында кең таратылғандығын;
3)
Бұл қылмыстардың қоғамға қауiптiлiгiнiң жəне ауырлығының жоғары екендiгiн;
Аталған бапта көрсетiлген қылмыстардың тiзiмi түпкiлiктi болып табылады ол кеңейтiлуге жатпайды. 
Сондай-ақ, бұл қылмыстар үшiн қылмыстық жауаптылық, егер олар қасақана жасалса ғана 14 жастан 
басталады. 
Қылмыс белгiлерi бар əрекеттi жасаған жасы 14 жасқа толмаған жасөспiрiмдер қылмыстық жауаптылыққа 
тартылмайды, олар iшкi iстер органының ұсыныстары бойынша кəмелетке толмағандар дың iстерi 
жөнiндегi комиссияның қорытындысымен тəрбиелеу сипатындағы мəжбүрлеу шаралары қолданылып
соттың ұйғарымымен арнайы оқыту-тəрбиелеу мекемелерiне жiберiледi. Оларды 11 жастан 14 жас 
аралығындағы құқық бұзушыларға арналған арнайы жалпы бiлiм беретiн мектепке орналастырады.
Егер сот жасөспiрiмдi арнайы оқыту-тəрбиелеу мекемесiне жiберудiң қажетi жоқ деп тапса, материалдарды 
кəмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi комиссияға тəрбиелеу сипатындағы басқа да шараларды
қолдану үшiн жiбередi.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық басталатын ең төменгi жас 14 жас (ҚК 15-бабының 2-бөлiгiндегi 
қылмыстар үшiн), жалпы жауаптылық жасы – 16 жас (ҚК Ерекше бөлiмiндегi қылмыстарға толық көлемде 
жауап беретiн жас), арнайы субъектiнiң жас шамасы – 18 жастан, 25 жастан белгiленген.
Қылмыстық заңда қылмыстық жауаптылық басталатын төменгi жас белгiленгенiмен, қылмыстық 
жауаптылықтың жоғарғы жасы шексiз. Яғни, ересек қартайған жаста қылмыс жасаған адам қылмыс
субъектiсi ретiнде танылады деген сөз. Алайда, заңшығарушы iзгiлiк қағидасына сүйенiп мұндай адамдарға 
қатысты жазалардың кейбiр түрлерiн қолдануда бiрқатар шектеулердi қарастырады. Мысалы, өлiм жазасы 
мен өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы үкiм шыққан кезде 65 жасқа толған ер адамдарға, ал 
қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы 55 жастан асқан əйелдер мен 60 жастан асқан ер адамдарға 
тағайындалмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет