Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет46/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

Нормативтi актiлер:
Қазақстан Республикасының « Мемлекеттiк қызмет туралың 23.07.1999 жылғы Заңы, 04.06.2001 
жылғы өзгертулермен бiрге


9-тарау. Қылмыстың субъективтiк жағы
 
§1. Қылмыстың субъективтiк жағының түсiнiгi мен маңызы
Кез келген қылмыстық əрекет немесе əрекетсiздiк – бұл тек дененiң қимылы немесе дене қимылының 
болмауы ғана емес, ол адамның сыртқы ортаға, қоғамға, қоғамның өзге де мүшелерiне деген қатынасы. 
Осы қатынас қылмыстың психологиялық мазмұны болып табылады, яғни адамның өзi жасаған iс-
əрекетiнiң қоғамға қауiптi зардаптарын ұғынуы немесе ұғынбауы, оларға деген ерiктi қатынасы, қылмыс 
жасау кезiндегi субъектiнiң басшылыққа алатын ниеттерi, алдына қойған мақсаттары, сол кездегi сезiмдерi
– бұлардың бəрi қылмыстың субъективтiк жағын құрайды. Қылмыстың субъективтiк жағы қылмыстың iшкi
мəнi болып табылады.
“Субъективтiк жақ” терминi қылмыстық заңда қолданыл майды. Алайда, заңшығарушы оның мəнiн кiнə, 
ниет, мақсат ұғымдары арқылы ашады. Осы аталған ұғымдардың əрқайсысы қылмыстың психикалық мəнiн 
əр жағынан сипаттайды. 
Кiнə адамның өзi жасаған қоғамға қауiптi iс əрекетiне деген психикалық қатынасын бiлдiре отырып, кез-
келген қылмыс құрамының мiндеттi жəне негiзгi белгiсi болып табылады. Кiнə қасақаналық немесе 
абайсыздық түрiнде көрiнуi мүмкiн. Алайда, кiнəлi адам неге жəне не үшiн қылмыс жасады деген сұраққа 
кiнə жауап бермейдi. Бұл сұрақтарға жауапты қылмыс құрамының факультативтi белгiлерi болып 
табылатын қылмыс тың ниетi мен мақсаты бередi. Ниет–бұл адамды қылмыс жасауға итермелейтiн iшкi
сезiм. Ал, мақсат–бұл қылмыс жасаушы адамның қылмыс жасау арқылы қол жеткiзуге ұмтылатын 
нəтижесi. Қылмыстың ниетi мен мақсаты қылмыстық заң диспозициясында тiкелей көрсетiлген 
жағдайларда қылмыс құрамының мiндеттi белгiлерiнiң қатарына қосылады. Мысалы, ҚК-нiң 237-
бабындағы “бандитизм” құрамының субъективтiк жағының мiндеттi белгiсi болып азаматтарға немесе
ұйымдарға шабуыл жасау мақсаты табылады. 
Қылмыстың субъективтiк жағында эмоцияналдық жағдайлар да ерекше орын алады. Заңшығарушы бұл 
жағдайды қылмыс құрамының белгiлерiне қоспайды. Дегенмен, ҚК-тiң 98-бабы “жан күйзелiсi жағдайында 
адам өлтiру”, ҚК-тiң 108-бабы “денсаулыққа жан күйзелiс жағдайында зиян келтiру” қылмыстарында 
жəбiрленушiнiң заңсыз əрекеттерi тарапынан туындаған терең эмоционалдық жағдай жауаптылық пен
жазаны жеңiлдететiн мəн жай ретiнде қарастырылады. 
ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң кейбiр баптарында субъективтiк жақтың белгiлерi тiкелей көрсетiлген. Мысалы, 
ҚК-тiң 103 бабы “денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру” немесе ҚК-тiң 101 бабы “адамға абайсызда 
қаза келтiру” қылмыстары. 
Қылмыстың субъективтiк жағының қылмыстық-құқықтық маңызы ерекше. Ең алдымен, қылмыстың 
субъективтiк жағының барлық белгiлерiн нақты анықтау қоғамға қауiптi iс əрекеттi дұрыс саралаудың 
қажеттi алғы шарты болып табылады. 
Екiншiден, объективтi белгiлерi бойынша бiр бiрiне ұқсас қылмыстарды ажырату кезiнде субъективтiк 
жақтың белгiлерi негiзге алынады. Мысалы, ҚК-тiң 187-бабы “бөтен адамның мүлкiн қасақана жою 
немесе бүлдiру” жəне 188-бабы “бөтен адамның мүлкiн абайсызда жою немесе бүлдiру” қылмыстары тек 
кiнəнiң нысандары бойынша ғана ажыратылады. 
Үшiншiден, қылмыстың субъективтiк жағы белгiлi бiр шамада қылмыстық iс əрекеттiң жəне оны жасаған 
адамның қоғамға қауiптiлiк дəрежесiн анықтайды. Мысалы, алдын-ала жан-жақты дайындалып жасалған 
қылмыс кенеттен пайда болған жан күйзелiсi жағдайында жасалған қылмысқа қарағанда жоғары қауiптiлiк 
дəрежесiмен ерекшеленедi. 
Сонымен, субъективтiк жақты дұрыс анықтаудың қылмысты саралау жəне жазаны жеке даралау кезiнде 
құқықтық мағынасы едəуiр. Сондай-ақ, субъективтiк жақ қылмыстық құқықтың заңдылық, кiнəлi
жауаптылық, iзгiлiк, əдiлеттiлiк сияқты қағидаларын сақтаудың қажеттi шарты болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет