Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет52/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§5. Кiнəнiң екi нысаны
 
ҚР ҚК 19-бабына сəйкес кiнəнiң екi, қасақаналық жəне абайсыздық нысандары бар. Осыған байланысты 
бiр қылмыстар тек қасақаналықпен, екiншiлерi тек абайсыздықпен жасалуы мүмкiн. Көпшiлiк жағдайларда 
қылмыс кiнəнiң белгiлi бiр нысанымен жасалады. Алайда, кейде заңшығарушы заңда қоғамға қауiптi 
əрекетке қатысты кiнəнi жəне оның зардабына қатысты кiнəнiң нысанын жеке анықтау қажет болып 
табылатын қылмыс құрамдарын да қарастырады. Мұндай жағдайларда бiр қылмыста кiнəнiң екi түрлi 
нысаны қатарласып қатысады. Қылмыстық құқық теориясы мен практикасында бiр қылмыста қасақаналық 
пен абайсыздықтың мұндай қатысуын 
″кiнəнiң екi нысаны″, ″кiнəнiң аралас нысаны″, ″қос кiнə″ деп атау 
қалыптасқан.


 Бұл жөнiнде ҚК 22-бабында 
″Егер қасақана қылмыс жасаудың салдарынан заң бойынша неғұрлым қатаң 
жазаға əкеп соқтыратын жəне адамның ниетiмен қамтылмаған ауыр зардаптар келтiрiлсе, мұндай зардаптар 
үшiн қылмыстық жауаптылық, егер адам олардың пайда болатынын алдын ала бiлсе, бiрақ осыған 
жеткiлiктi негiздерсiз оларды болдырмауға менмендiкпен сенген жағдайда немесе егер адам бұл 
зардаптардың пайда болуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлмесе, бiрақ болжауға тиiс жəне болжай алатын 
болған жағдайда ғана пайда болады. Тұтас алғанда мұндай қылмыс қасақана жасалған деп танылады
″ - деп 
нақты көрсетiлген.
Сонымен, кiнəнiң екi нысаны деген бiр қылмыста қылмыс құрамының субъективтiк жағының екiге 
бөлiнуiн сипаттайтын екi жеке кiнə нысандарының қатар келуi.
Мұнда субъектiнiң жасаған қоғамға қауiптi əрекетi қасақаналықпен, ал одан туатын қоғамға қауiптi зардап 
абайсыздық кiнəмен сипатталады. Мысалы, ҚК 187 бабының 3 бөлiгiнiң 

а

тармағы бойынша 

Бөтен 
адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру абайсызда адам өлiмiне əкеп соқса

. Көрiп 
отырғанымыздай, кiнəнiң екi нысанымен жасалатын қылмыстар белгiлi бiр қылмыстың ауырлататын 
белгiлерiнде ғана кездеседi. Яғни, мұндай қылмыстар дың субъективтiк ерекшелiктерi сонда, субъектiнiң 
психикалық қатынасы қылмыстың негiзгi құрамына қатысты тiкелей немесе жанама қасақаналықты, ал 
ауырлататын белгiнi құрайтын қылмыс зардабына қатысты менмендiк немесе немқұрайдылық түрiндегi 
абайсыздықты құрайды. Заңның өзiнде тiкелей айтылғандай, тұтас алғанда мұндай қылмыс қасақана 
қылмыстардың қатарына жатқызылады. Себебi, қылмыстың негiзгi құрамын құрайтын қоғамға қауiптi 
əрекетке деген субъектiнiң психикалық қатынасы белгiлi бiр қылмысты қасақана не абайсыз деп тану 
кезiнде негiзге алынады.
Сонымен, кiнəнiң екi нысанымен жасалатын қылмыстар мына белгiлердi иемденедi:
1)
Қылмысты жасау нəтижесiнде екi түрлi зардап туады;
2)
Осы екi зардапқа қатысты кiнəнiң екi түрлi нысаны қатысады;
3)
Кiнəнiң екi нысаны тек ауырлатылған қылмыс құрамдарында ғана кездеседi;
4)
Кiнəнiң екi нысанымен жасалатын қылмыстар қасақана қылмыстардың қатарына жатқызады.
Кiнəнiң екi нысанымен жасалатын қылмыстардың субъективтiк мазмұнын зерттеу мұндай 
қылмыстарды қасақана жəне абайсыз қылмыстардан, сонымен қатар объективтiк белгiлер бойынша 
ұқсас қылмыстардан ажырату үшiн жəне қылмыстарды дұрыс саралау үшiн маңызды болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет