Жезқазған қаласы №10 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Абдраимова Женисгул Абибуллаевна. Тақырыбы



Дата04.03.2016
өлшемі77.44 Kb.
#39007
Жезқазған қаласы

10 орта мектебі



Бастауыш сынып мұғалімі:

Абдраимова Женисгул Абибуллаевна.

Тақырыбы:Тәуелсіздік белестері

Мақсаты: Оқушыларды елін,жерін,отанын сүюге үйрету.Егеменді

елімізге қамқор болуға,мемлекетімізді одан әрі

нығайту жастардың қолында екенін ұғындыру.

Көрнекілігі:Қанатты сөздер,плакат


Сабақтың барысы:

Әнұран орындалады.



1-жүргізуші:Қайырлы күн,құрметті қонақтар!

2-жүргізуші:Аяулы да ардақты ұстаздар!

1-жүргізуші:Білімді ұрпақ!

2-жүргізуші:Бүгін сіздердің алдарыңызда «Тәуелсіздік

белестері»атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.


1-жүргізуші:Әуелеттік Әнұранды аспанға,

Туымызды тіктік биік асқарға.

Жиырма жылда Елтаңбамыз жарқырап,

Тәуелсіздік бізге есігін ашқанда.

Өркендедік Ел болдық та кемелді.

Елім менің Ата заңын ардақтап,

Еркіндіктің шуағына бөленді.
2-жүргізуші: Отан!

Отан!


Сен болмасаң,не етер ем.

Өмірден өкінумен өтер ем.

Құс ұясыз,

Жыртқыш інсіз болмайды..

Отансыз жан өмірде оңбайды,

Өзін-өзі қорлайды да сорлайды,

Тірі адамға-сол қайғы.

Күн көреді Әкесіз де Анасыз.

Өмір сүрер,

Әйелсіз де баласыз.

Ал,Отансыз нағыз-сорлы панасыз.
1-жүргізуші:Ел тарихында Абылай хан армандаған үш жүздің басын

біріктіріп,дербес ел атандыру бақыты аңсатып барып,

ақыры басымызға қонды-ау!Әділет іздеген бабаны,Жерұйық

іздеген дананы,Ту ұстаған батырды,Ел басқарға биді

толғантқан Тәуелсіздік,еркіндік,ынтымақтық пен

бірлік мәселелері қай кезеңдеде тарих тұғырынан түсіп

көрген жоқ,.Аты-абыройына,айбары-аймағына лайықты еліме

аңсаған Егемендік орнады.


1-оқушы:

1991 жылы екі тарихи оқиға болып өтті.Біріншіден,«мызғымас держава»болып есептелген КСРО мемлекеті бір-ақ сәтте таратылды.Екіншіден одақтық бір мемлекеттің орнына 15 дербес республика пайда болды.Ескі мемлекеттік құрылыс бұзылып,жаңа тұрпатты мемлекет пен жаңа құқұқтық жүйе қалыптаса бастады.

Тәуелсіздік жолымен ,конституциялық актілер егізінде құқықтық жолмен орныға бастады.Осындай алғашқы акті 1990 жылы 25 қазанда қабылданған«Қазақ Советтік Социалистік Республикасының егемендігі туралы Декларация»болып табылды.

1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»Қазақстан Республикасының конституциялық заңы деп жарияланды.Бұл –еліміздің ешкімге тәуелсіз,еліміз ешкімге жалтақтамай,өз бетінші өмір сүріп келеді.Бұл тарихи құжат мемлекеттің тәуелсіздігіне жол ашып берді.


1-жүргізуші:

Қазақ халқы Тарих деп аталатынөмір толқынында ғаламат өзгерістерді бастан кешіріп,ХХІ ғасыр табалдырығын еңсесі биік ел болып аттап отыр.



2- жүргізуші:

Ел тарихы жылмен шектелмейді.Біз жаңа ғасырға,жаңа мыңжылдыққа өркениетті ел ртінде еніп отырмыз.



1- жүргізуші:

Қазақстан-қазақ халқының қасиетті атамекені,кіндік қаны тамған киелі жер.Тәңірі жер қайысар мал беріп,асты-үсті байлыққа тұнып тұрған осындай өлкені бұйыртқан халқымның арманы жоқ.



2-оқушы:

Қазақстан-менің Отаным.Мен Отанымды шын жүрекпен жақсы көрем.Мен отанымды сыртқы жаулардан қасық қаным қалғанша қорғаймын.Неге десең –Отаным менің алтын бесігім.



3-оқушы:

Тау шыңы...

Теңіз айдыны,

Қырларың,әнші құстарың

Бақытым менің барлығы,

Барлығы-Қазақстаным!



4-оқушы:

Сенен артық қасиет жоқ жер тегі,

Сен ұрпақтың күліп атар ертеңі

Тағдырыңды тапсыр маған туған жер,

Көркейтуге міндеттімін мен сені!

5-оқушы:

Қиялым күнде қанатын көкке сермеген,

Туған жер алтын бесігіс тербеген.

Жарық дүниеге келгенге шексіз ырзамын,

Осынау байтақ жерде мен!

6-оқушы:

Туған елім арқа тұтар асқарым,

Жырға қоссам таусылмайтын дастаным.

Аясында сендік қамқор құшатын,

Нұрға оранды аспаным

Хор: Отан

2- жүргізуші: Күндер өтті кешегі,

Жігер құм боп жасыған.

Несіне оны жасырам?

Әнұраным бүгінгі,

Баға жетпес асыл ән:

7-оқушы:

Аспан түстес көгілдір,

Тік бұрышты матаның.

Ортасында төгіп тұр,

Күн жаяды шапағын.

Астында оның қалқыған,

Қыран құстың бейнесін.

Азат елдің шалқыған,

Көңілі депбілерсін.

8-оқушы:

Ескі белгі-ұранда,

Сары алтындай сақталған

Күн,шұғыла,қыран да,

Алтын түспен апталған.

Сол жағында матаның,

Қызыл түсті жолақ тік:

Мұратындай атаның,

Әсем өрнек ол ұлттық.

Көк байрағы бабаның

Бүгінгі ұрпақ алауы,

Мияты әке,баланың-

Қазақcтан жалауы!!!

9-оқушы:

Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар,уық бар-

Әсем бейне сен көрген,

Жай бейне емес,ұғып ал!

Көгілдір түс аясы-

Бейбіт дала елесі.

Шаңырақ-жұрт панасы,

Уықтар-күн сәулесі.

Сүйсіндірген өзіңді,

Түсіне біл таңбаны:

Аңызда ұшқыр,төзімді,

Пырақ-халық арманы.
10-оқушы:

Жоғарыда түсер көз,

Бес тармақты жұлдызға

Ал Қазақстан деген сөз

Таныс барлық ұл-қызға

Мағыналы,сымбатты,

Бар осындай белгісіз-

Маған,саған қымбатты,

Елтаңбасы ол-еліміз!

11-оқушы:

Қасиетті Қазқстаным мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің

Елім,жерім,Отаным бақ-дәулетім,

Болашағым,өнер-білім,өркенім.

12-оқушы:

Отан деген әрбір жүрек дірілі,

Отан үшін болып келем үлгілі.

Менің,сенің үмітісіз ертеңгі

Қазақстаным-келешектің мекені.

Дарқан далам –сенсің менің қуатым,

Салт-дәстүр,тіліміз бен дініміз,

Бола бермек мәңгі менің жалауы




  1. жүргізуші: Қазақстан унитарлы мемлекет болып саналады.

Ол 14 әкімшілік терриоториялық обылысқа бөленген

жәнеде елімізде ірі де,әсем де пайдалы қазбаларға бай

қалалар көп.
Ойын:«Күн шұғыласы»

Қазақстанның байлықтарын жазып күн салу.

Күміс алтын мыс


1-жүргізуші:Міне,табиғат ананың бізге берген кереметтерін қалайша мақтанбаймыз!
2-жүргізуші:Алайда,осы табиғат-ананың берген сыйын,қорғай аялай алмасақ мынадай жағдайға тап боламыз.

Көрініс:

Қарт: О,адамдар туған еліңді,ата-қонысыңды,Отаныңды тастап қайда барасың?
Кемпір: Кетпеске амал барма,елім тозып,өзен көлім құрғап,жерімнің тоз-тозы шықты ғой.

Қарт: О,Жер-Ана,мұнша неге күңіренесің,неге мұнша зарланасың?

Саған не болған?Сенімен бірге бүкіл далаң түңіреніп тұр.



Жер-Ана: Мен неге күңіренбеймін, зарланбаймын?Қарашы мына кең

байтақ далама,не көрмеді,не болып жатыр!Мен де ,ел де тозды.Қарашы,мына,Аралыма,толқынды теңізім қайда,теңізді қақ жарып өтіп жатқан кемелерім қайда,теңізім тартылып,жердің соры шықты.Қайықтарым аударылып,балықтарымның қаңқалары қалды.

О,адамзат не ойың бар?
Қарт: Туған жерді сүю-парыз,

Сүю үшін- білу парыз.

Күзетінде тұру -парыз,

Қасиетін ұғу -парыз.


13-оқушы: Қазақ батыр ел деймін

Ұл мен қызы ер деймін

Ата қоныс жерімді

Мен ешкімге бермеймін.



14-оқушы: Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу,неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.


15-оқушы: Жеткен арман-жаса тәуелсіздігім,

Өз қолыма берген ерік тізгінін.

Ие болған әлем ілтипатына,

Дербес бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.


Мұғалімнің сөзі: Құрметті ата-аналар және қонақтар сіздерге арналған «Тәуелсіздік белестері» атты тәрбие сағатымызды аяқтай келе 20 жылда қандай жетістіктерге жеттік сол жылдарды айтып өтелік.
1991 жыл 1992 жыл 1993 жыл

16 желтоқсан 4 маусым 28 қаңтар
22 жыл
1993 жыл 1994 жыл 1997 жыл

15 қараша 30 маусым 20 қазан

Ән :Өз елім.

Көрнекіліктері:Тақырып,қағаздар,

альбом, газет, шар.

Өту барысы:

1.Тұңғыш Елбасымыздың өмірбаяны.

2.Тақпақтар сұрау.

3.Слайд көрсету..

4.Сұрақ –жауап алу.

5. Тұңғыш Елбасы туралы әңгіме жазып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет