Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ



бет3/19
Дата10.10.2022
өлшемі0.78 Mb.
#462342
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
!2-ЖБ Қазақ тілі(Т1) 3-сынып-финал (5)

2-тапсырма
Оқыған мәтіннен қандай ой түйдің? Көмекші сөздерді пайдаланып, ойыңды жаз.


Көмекші сөздер: менің ойымша, себебі, өйткені, сондықтан.

Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннің түрлерін ажыратады
Мәтін бойынша пікір білдіруге арналған сұрақтарға жауап береді

1


мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа
жауап береді;

1

мәтіннің мазмұнына қатысты өз ойын
білдіреді;

1

мәтіннің түрін анықтайды;

1

Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін жазады

2


мәтіннің негізгі ойына сәйкес қорытынды
жасай отырып, пайымдау мәтінін жазады;

1

көмекші сөздерді орынды қолданады;

1

сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады;

1

сөйлем құрылымын сақтап жазады.

1

Жалпы балл

7

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні





Бағалау критерийі

Тапсыр ма


Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіннің түрлерін ажыратады
Мәтін бойынша пікір білдіруге арналған сұрақтарға жауап береді

1

Мәтіннің түрін анықтауда, мәтіннің мазмұнына қатысты көзқарасын айтуда қиналады.

Мәтіннің түрін анықтауда/ мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап беруде қателеседі.

Мәтіннің түрін дұрыс анықтайды және мәтіннің мазмұнына қатысты көзқарасын айтады.

Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін жазады

2

Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, пайымдау мәтінін жазуда қиналады.

Мәтіннің негізгі ойына сәйкес қорытынды жасауда/ көмекші сөздерді қолдануда/ сөйлемдердің құрылымын сақтауда қателіктер жібереді.

Көмекші сөздерге сүйеніп, оқыған мәтін бойынша пайымдау мәтінін жазады.
    1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ




  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.


Спецификация 3-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.


  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


«Қазақ тілі» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).




  1. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу





    1. Ұзақтығы 40 минут

Балл саны - 16 балл
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.


    1. Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.


Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі–оқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет