Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар


«Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет16/25
Дата03.04.2023
өлшемі286.21 Kb.
#471655
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Қазақ тілі 11-сынып БЖБ (ЖМБ)

«Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-нұсқа



Оқу мақсаты

11.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру.

11.3.3.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе).



Бағалау критерийі

Білім алушы




  • мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

  • Берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеп толықтырады;

  • Қажетті ақпараттарды орынды қолдана отырып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп, аргументатаивті эссе жазады.

Ойлау дағдысының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут



1-тапсырма. Берілген мәтінді мұқият оқыңыз. Кестені толтырыңыз.
1-мәтін.
Әлем тез өзгереді, өнеркәсіптің дамуы да солай өзгеріп тұрады. «Өнертабыс – қол жеткізбейтін және күрделі дүние» деген түсінік ескірген. Пайдалы және қарапайым өнертабыстарды жасау күнделікті өмірімізді жақсартады. Олар көбінесе біраз міндеттерді орындауды жеңілдетеді, автокөліктер мен кір жуғыш машиналар өмірді жеңілдетеді; микроскоптар ой-өрісті және білімді кеңейтеді; теледидар мен радио өмірді қызықтырақ етеді; от сөндіргіштер адамның өмірін сақтап қалады және т.с. Әдеттегідей, көптеген өнертабыстар адамның бір нәрсені оңайлату немесе пайдалануға ыңғайлы етуге деген талпынысы бойынша жасалады. Бүкіл әлемде адамдар бірдей мәселелерді бастан кешеді және олардың шешімін табуға ұмтылады. 
Біз көптеген дүниелер үшін бұрынғы өнертапқыштарға міндеттіміз, себебі біз олардың шығармашылық нәтижелерін күнделікті пайдаланамыз. Дизельдік қозғауышты неміс инженері Рудольф Дизель жасаған; пастеризациялау процесін француз химигі Луи Пастер; Фаренгейт шкаласын – Пруссия физигі Габриель Фаренгейт; қуаттың өлшем бірлігі вольтты – итальяндық өнертапқыш Алессандро Вольта; сэндвичтерді – Граф Сэндвич; джинсыны – Леви Штраус ойлап тапқан.
Сонда да заманауи өнертапқыштар да бұрынғылардан кем емес. Мүмкін қазіргі өнертабыстардың атаулары оларды жасаған адамдардың аттарымен аталып тарихта сақталмаған шығар. Бірақ қазіргі заманғы компьютерлер, гаджеттер, электромобильдер және басқа да өнертабыстар аса назар аударуға және сый-құрметке лайық.
Отандық өнертапқыштарымыз да өнертабыстардың әлемдік жинағына өздерінің үлестерін енгізуде. 
Мұнай-газ секторында, химия саласында, медицинада, ветеринарияда ғылымды көп қажет ететін өнертабыстармен бірге қарапайым және әлеуметтік маңыздылығы бар өнертабыстар да бар. 

Мәтіндегі негізгі ой

Мәтін бойынша мәліметтер мен пікірлер

Мәтін бойынша негізгі ойды толықтыру














Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет