Жіктелуі: І тапшылық



бет1/2
Дата21.02.2024
өлшемі37 Kb.
#492711
түріҚұрамы
  1   2
1-Анемия


Анемия


Анемия – қан көлемі бірлігінде Нb мөлшерінің Э-мен қатар азаюымен сипатталатын организмнің патологиялық жағдайы.
Кез келген анемияның негізі не Нb (немесе Э-ң) нашар түзілуі, не құрамында Нb бар клеткалардың ыдырауы болады.
Жіктелуі:
І Тапшылық

  • теміртапшылық

  • витаминтапшылық

  • белоктапшылық (ақуыз)

ІІ Гипо- және апластикалық

ІІІ Гемолитикалық

  • туа біткен

  • жүре пайда болған

ІV Геморрагиялық

  • жедел

  • созылмалы

V Әр-түрлі аурулардан кейін дамитын анемиялар (екіншілік)
Анемия балалар арасында, әсіресе ерте жастағыларда жиі кездеседі. Бұл кезеңде баланың өсуі жылдам және организмнің солай өсуіне эритропоэз үлгермейді, сондықтан Нb деңгейімен Э-р мөлшерінің төмендеуі байқалады. Қызыл қан көрсеткіштерінің төмендеу деңгейі құрсақ организмінде құрсақіші өмірінің соңғы 3 айында Fe қорының жиналуына байланысты. Баланың өсу барысында организмге тұрақты түрде көп мөлшерде Fe, маңызды белоктар, витаминдер және микроэлементтер қажет. Сондықтан қоректену бұзылысы, инфекциялар әсері, сүйек миының жұмысын тежейтін дәрі-дәрмектер қолдану анемияның пайда болуына соқтырады.
Қызыл қан көрсеткіштерінің алғашқы төмендеуін «ерте» немесе «физиологиялық» анемия деп атайды, ол баланың құрсақтан тыс жаңа жағдайға бейімделуі нәтижесінде жетіліп туған нәрестелерде 2,5-3 айында,шала туғандарда 1,5-2 айында байқалады. Емді қажет етпейді.
«Кеш» анемия жетіліп туғандарда 6 айдан кейін, шала туғандарда 3-4 айында дамиды, көбінесе тапшылық анемиясы, емді қажет етеді.
Тапшылық анемиясы
Нb молекуласы құрылысына қажет өнімдердің организмге түсуі азайып не олардың сіңірілуі бұзылған туындайтын анемияларды тапшылық анемиялары деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет