«Шемонаиха ауданының 2014 жылғы
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттер туралы»
Анықтама
1. Өнеркәсіп
Жалпы облыс бойынша біздің аудан өнеркәсібінің үлес салмағы 4 %.
Аудан өнеркәсібі 4 ірі және 9 орта кәсіпорындармен сипатталады, сонымен қатар 15 жеке кәсіпкер өнеркәсіп өнімін шығарумен айналысады.
Қолданыстағы бағада өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 43,1 млрд.теңгені құрады, ол өткен жылдың деңгейіне 155,6 %, жоспар-тапсырмаға 125,3 %. Табиғи көлем индексі 138,5 % құрады.
Өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі:
2013 жыл – 6,2 млн.теңге, 34 мың доллар
2014 жыл – 10,2 млн.теңге, 56 мың доллар.
Аудандағы өнеркәсіптің негізгі үлесін тау-кен өнеркәсібінің саласы құрайды (72.4 %), онда өткен кезеңде сомасы 31,2 млрд.теңгеге өнім өндірілген, 2013 жылға 177,9 %. Табиғи көлем индексі 140,9 %.
Николаевский байыту фабрикасын қайта құру нәтижесінде Артемьесвский кенішінде кенді қайта өңдеу және металлдарды бір аттас концентраттарға шығару ұлғайды. Өндірілген өнім: мыс концентраттары – 136,5 мың тонна (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 182,2 %); мыс концентратындағы мыс – 27,7 мың тонна (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 189,7 %), мырыш концентраттары – 89,9 мың тонна (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 133,0 %), мырыш концентратындағы мырыш – 41,8 мың тонна (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 138,0 %).
Өңдеу өнеркәсібі жалпы көлемнен 38,4 % құрайды. Салада сомасы 10,9 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілген, ол 2013 жыл деңгейіне 115,6 % құрайды. Сала бойынша ТКИ – 1023,7 %.
Өңдеу саласында 2 жоба іске асу сатысында:
1. Ыдыс және орауыш материалдарды дайындау, жобаны бастаушы «Наумбетов И.И.» ШҚ, 120,0 млн.теңге, 25 кем емес жұмыс орны құрылады. Ағымдағы жағдайы: сатып алынған құрал-жабдықтарды орнату жүргізіліп жатыр.
2. Жалпы сомасы 84,3 млн.теңгеге ПЭТ үрлеу және күнбағыс майын құю үшін шөлмектерді этикет қағаз жапсыру бойынша желі (өндірістік қуаттылығы 6000 шөлмек/сағ) және шемішкелерді қауызынан айыру үшін ұсақтау кешені (өндірістік қуаттылығы 2500 кг/сағ). Жобаны бастаушы «Востоксельхозпродукт» ЖШС. Кәсіпорын «Өндіріс 2» бағдарламасы бойынша несие алды. Құрал-жабдық орнатылды.
-
Ауыл шаруашылығы
Ауданның ауыл шаруашылық көрсеткіштері облыс көлемінде 5 % құрайды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 15,8 млрд.теңгені құрады, жоспар-тапсырмадан 91,7 %.
Табиғи көлем индексі – 105,9 %.
Өсімдік шаруашылығы – 9,5 млрд. теңге, ТКИ – 108,0 %.
Ауыл шаруашылық дақылдары 139 мың гектар жерге егілді, оның ішінде:
жаздық егіс – 132 мың га, 2013 жыл деңгейіне – 121 %,
көп жылдық шөптер – 6 мың гектар,
пар – 700 гектар.
Ылғал сақтау технологиясы бойынша 40,3 мың га жерге егілді немесе жаздық егістен 30 %.
Дәнді және дәнді бұршақты дақылдарды жалпы жинау 140,9 мың тоннаны құрады (2013 жылға 122,5 %), орташа өнімділік 18,5 ц/га (125,0%), күнбағыс – 62,4 мың тонна (2013 жылға 105,2 %), орташа өнімділік 17,9 ц/га (121,8 %); картоп - 25,5 мың тонна, (2013 жылға 68,2 %) орташа өнімділік 170,5 ц/га (71,9 %).
Өсімдік шаруашылығын дамытуға 428,1 млн.теңге субсидия алынды (2013 жыл – 310,6 млн.теңге), 138 %:
- көктемгі егін жұмыстарын жүргізуге – 292,6 млн.теңге;
- гербицидтермен өңдеуге – 90,3 млн.теңге;
-
минералды тыңайтқыштар сатып алуға – 42,1 млн.теңге;
-
элиталы тұқымдардың құнын арзандатуға – 2,8 млн. теңге.
2014 жылы ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары жалпы сомасы 734 млн.теңгеге 35 бірлік ауыл шаруашылық техникасын сатып алды, оның ішінде «ҚазАгроқаржы» АҚ арқылы сомасы 380 млн.теңгеге 15 бірлік, «ШемАгрокредит» АҚ сомасы 45 млн.теңгеге 10 бірлік.
Мал шаруашылығының жалпы өнімі – 6,3 млрд.теңгені құрады, ТКИ – 102,4 %.
Ет - 102,0 % (5 503,5 тонна), сүт – 102,8 % (41 271,4 тонна), Жұмыртқа – 101,3 % (8 269,8 мың дана) өндірілді.
Мал басы: ІҚМ -102,3 % (26,2 мың бас), оның ішінде сиыр-103,8 % (10,1 мың бас), қой және ешкі-100,0 % (12,9 мың бас), жылқы – 100,1 % (3,2 мың бас), құстар – 100,2 % (65,5 мың бас).
Мал шаруашылығын дамытуға 463,8 млн.теңге (2013 жыл – 404,96 млн.теңге) субсидия алынды: сатылған өнім үшін сомасы 421,3 млн.теңге, оның ішінде: сиыр еті – 56,9 млн.теңге, сүт – 364,4 млн.теңге, асыл тұқымды мал шаруашылығы – 40,9 млн.теңге, араларды селекциялық- асыл тұқымдандыру – 1,6 млн.теңге.
3. Шағын бизнес
Шағын және орта бизнес саласында 4000 астам адам жұмыс істейді.
Жыл қорытындысы бойынша аудан кәсіпкерлерінен бюджетке 900 млн.теңге түсті, өткен кезеңге өсім 144 %.
Ауданда 222 шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, 2013 жыл деңгейіне 92,9 % (239 бірлік).
Әрекет ететін кәсіпорындар саны – 149 (2013 жыл деңгейіне 94,9 % - 157), оның ішінде белсенділер саны – 139 бірлік (2013 жыл деңгейіне 93,9 % - 148), жоспар тапсырмадан 95,2 %. Әрекет ететін кәсіпорындардың жалпы санынан белсенділері 93,3 % құрайды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 13 жоба іске асты, оның ішінде: пайыздық мөлшерлемені субсидиялау -10, кредиттер бойынша жартылай кепіл беру - 1, өндірістік инфрақұрылымды дамыту – 1.
«Өндіріс – Даму 2» өңдеу саласында ШОБ қаржыландыру бағдарламасы аясында 1 жоба іске асты.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 9,6 млрд.теңгені құрады, 2013 жыл деңгейіне 107,4 %, жоспар-тапсырмаға 104,0 %.
4. Инвестициялар мен инфрақұрылымдық кешендер
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9,3 млрд.теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне 54,5 %, жоспар-тапсырмаға 52,0 %.
Қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік бюджет қаражаты 19 % құрады, борыш қаражаттар – 4 %, меншік қаражаттар – 77 %.
Құрылыc жұмыстарының көлемі – 4,5 млрд.теңге, 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 100,8 %, жоспар-тапсырмадан 86,6 %.
Есепті кезеңде тұрғын үйді пайдалануға беру 10603 шаршы метрді құрады, (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 83,1 %), жоспар-тапсырмаға 101,0 %.
«Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында, жеке құрылыс жоспарланған Шемонаиха қ. №5 шағын ауданын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін электр желілері пайдалануға берілді. Шемонаиха қ. 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындалды.
«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 2 жоба іске асты: «Коневка ауылында су іркуіш құрылғыларының және су жүргізу трассасының құрылысы» және «Барашки ауылында су жүргізу желілерінің құрылысы». Екі жоба да пайдалануға берілді. 2015 жылға құны 266,0 млн.теңге «Красная Шемонаиха ауылында су іркуіш ғимараттар және су тарту желілерінің құрылысы» құрылысы жоспарланған.
5. Бюджет
2015 жылдың 1 қаңтарына жеке табыс бойынша аудан бюджеті 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанына 101,7 % орындалды, жоспар бойынша 1305,1 млн. теңге, нақты түскені 1327,3 млн. теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 112,3 %. Аудандық бюджет бойынша берешек – 0,1 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3 млн.теңгеге төмен (2012 жылы – 0,4 млн.теңге).
Алгоритмдер аясында қосымша 40,5 млн.теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне 135,9 % (2013 ж. – 29,8 млн.теңге).
2015 жылдың 1 қаңтарына бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік қаражаттарды игеру 99,9 % құрады, 4 613,7 млн.теңге игерілді, жоспар бойынша 4 618,9 млн.теңге. Шоттағы 5,2 млн. теңге қалдықтар: бос орындардан, уақытша еңбекке жарамсыз парағынан, мемлекеттік сатып алулардың қорытындысынан, коммуналдық қызметтерді пайдаланудың табиғи көлемінің өзгеруінен, әлеуметтік жәрдемақы алушылардың санының азаюынан, жабдықтаушылардың міндеттерін орындамауынан болды.
6. Халықты жұмыспен қамту
2014 жылдың қаңтар-желтоқсанына орташа айлық еңбекақы өткен жыл деңгейіне 11,3 % өсті және 96 506 теңгені құрады. 2014 жылы аз қамтылған азаматтар саны 2,8 % немесе 21 адамға азайды және 716 адамды құрады (2014 жылдың 1 қаңтарына 737 адам).
2015 жылдың 1 қаңтарына ресми тіркелген жұмыссыздар саны 178 адам, ол 2013 жылғы деңгейден 5,8 % төмен (189 адам). Талданып отырған кезеңде 502 жаңа жұмыс орындары құрылды, ол 2013 жылғы деңгейден 145,1 % жоғары (346 жұмыс орны).2015 жылға жоспар – 260 жұмыс орнын құру.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2013 жылғы деңгеймен салыстырғанда 20 % (2013 жылы – 233 адам, 2014 жылы – 186 адам), тұрғын үй көмегі – 20 % (2013 жылы – 721 адам, 2014 жылы – 580 адам), балалар жәрдемақысы – 21% (2013 жылы – 178 адам, 2014 жылы – 140 адам) азайған.
ЖҚЖК 2020 бағдарламасы аясында әлеуметтік жұмыс орындарына 58 адам жұмысқа орналастырылды (2013 жыл – 79 адам), 120 адам кәсіби оқумен қамтылды, оның ішінде 116 адам немесе 97 % жұмысқа орналастырылды (2013 жыл – 106 адам, жұмысқа орналасқандары 91 немесе 86 %), жастар практикасына 46 жас маман жіберілді, жастар практикасы аяқталғаннан соң 22 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды (2013 жыл – 40 адам, жұмысқа орналасқандары 100 %).
Ағымдағы жылы жұмыспен қамту бағдарламасына өнімсіз өзін өзі жұмыспен қамтыған 42 адамды, жұмыссыз 131 адамды, аз қамтылған 20 адамды жұмысқа тарту жоспарланған – нысаналы топтарды қамтудың жалпы жоспары 193 адамды құрайды. Біліктілігін арттыруға 20 адам, кадрларды қайта даярлауға – 20 адам, кадрларды кәсіби даярлауға 20 адам жіберіледі. Ауданның кәсіпорын және ЖШС әлеуметтік жұмыс орындарына 25 адамды, жастар практикасына 35 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған.
2014 жылы шағын несиелеуге 231,2 млн.теңге бөлінді, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға 104,7 млн.теңге: 446 бас ІҚМ сатып алынды, оның ішінде 55 бас төлдейтін мал, 700 бас құс, 44 жылқы, оның ішінде 37 төлдейтін мал басы, 209 ҰҚМ, 122 шошқа, 350 аралар ұясы; кәсіпкерлікті дамытуға 126,5 млн.теңге: туризмды дамыту, наубайхана, дәнекерлеу цехын, тігін ательесін, күнбағыс майын өңдеу бойынша цех, косметикалық салон ашу, корпустық жиһаз дайындайтын цехты, ағаш өңдеу цехын кеңейту, төлем терминалдарын орнату, ауыл шаруашылығы үшін мамандандырылған техника сатып алу, жүк және жолаушылар тасымалы.
2015 жылы қаржыландыру сомасы 250,0 млн.теңге шағын несиелеуге 93 адамды тарту жоспарланған, ол ауданда қосымша 90 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
7. Аумақтық даму
Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасында 84 мақсатты индикаторлар мен соңғы нәтиже көрсеткіштері қарастырылған. 2014 жыл қорытындысы бойынша 77 (жедел ақпарат) мақсатты индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілген немесе орындалу 91,6 %.
Выдриха тірек ауылдық елді мекенін дамытудың кешенді жоспары бойынша 2014 жылы 16 жоба іске асырылды (жоспардан 100 %), 288,9 млн.теңге игерілді (жоспардан 108,0 %, ауыл техникасын көп мөлшерде сатып алу есебінен), 38 жұмыс орны құрылды (жоспардан 100 %), оның ішінде: ауыл шаруашылығы саласында - 8 жоба, 6 жұмыс орны құрылды, 123,1 млн.теңге игерілді; кәсіпкерлік саласында- 2 жоба, 3 жұмыс орны құрылды, 2,0 млн.теңге игерілді; инфрақұрылым және абаттандыруда - 5 жоба, 9 жұмыс орны құрылды, 50,9 млн.теңге игерілді; әлеуметтік салада - 1 жоба, 20 жұмыс орны құрылды, 112,9 млн.теңге игерілді.
Шығыс Қазақстан облысының ауылдық округтерінің, ауылдарының, кенттерінің орталықтарын дамытудың іс-шаралар жоспары бойынша 2014 жылы 43 жоба іске асты (жоспардан 91,5 %), 11 384,3 млн.теңге игерілді (мал шаруашылығын дамытуға көп мөлшерде несие алынғандықтан 100,2 %), 134 жұмыс орны құрылды (100 %), оның ішінде: өнеркәсіп саласында 4 жоба, 35 жұмыс орны құрылды, 11 065,3 млн. теңге игерілді, ауыл шаруашылық саласында 14 жоба, 35 жұмыс орны құрылды, 97,8 млн.теңге игерілді; кәсіпкерлік саласында 8 жоба, 19 жұмыс орны құрылды, 38,0 млн.теңге игерілді; инфрақұрылым және абаттандыруда 13 жоба, 29 жұмыс орны құрылды, 129,9 млн.теңге игерілді; әлеуметтік салада 44 жоба, 22 жұмыс орны құрылды, 53,3 млн.теңге игерілді. Сомасы 17,5 млн.теңгеге 4 жоба іске асырылған жоқ, оның ішінде: «Октябрьский а. ұсақ ауыл шаруашылық құырылмдарын ірілендіру» құны 0,5 млн.теңге; ақша қаражаты болмағандықтан «Зевакино а. су құбыры желілірін ағымдағы жөндеу» құны 5,0 млн.теңге; Рассыпное а. «Шемонаихинский водоканал» КМК су құбыры желілерін ағымдағы жөндеу» құны 10,8 млн.теңге; жабдықтаушының болмауынан «Д.М.Карбышев атындағы мектептің жылыту жүйесін электроэнергияға ауыстыруға ЖСҚ дайындау» құны 1,2 млн.теңге.
Облыстың шекаралық аудандарын дамыту бойынша іс-шаралар жоспары бойынша 2014 жылы аудан бойынша сомасы 15 245,9 млн.теңгеге іс-шаралар өткізілді, 30 жұмыс орны құрылды.
Шемонаиха ауданының өзге де ауылдық елді мекендерін дамытудың іс-шаралар жоспары бойынша сомасы 81,6 млн.теңгеге ( жоспардан 99,9 % мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемдеу есебінен) 16 жоба іске асқан (100 %), 8 жұмыс орны құрылды (100 %), оның ішінде: ауыл шаруашылығы саласында 9 жоба, 3 жұмыс орны құрылды, 72,9 млн.теңге игерілді; кәсіпкерлікте 1 жоба, 3 жұмыс орны құрылды, 5,0 млн.теңге игерілді; инфрақұрылым және абаттандыруда 5 жоба, 1 жұмыс орны құрылды, 2,0 млн.теңге игерілді; әлеуметтік салада 1 жоба, 1 жұмыс орны құрылды, 1,7 млн.теңге игерілді.
8. Білім беру
Ауданда 5135 оқушысы бар жалпы білім беретін 24 мектеп, 1487 бала бар 3 қосымша білім беретін мекеме, ол жалпы оқушылар санынан 30 % құрайды, 1615 мектеп жасына дейінгі бала бар 3 балабақша, 380 мектеп жасына дейінгі балалар 6 «Мектеп-балабақша» кешені және 389 тәрбиеленушісі бар 14 шағын орталықтар (19 топ), 570 тәрбиеленушісі бар мектепке дейінгі 35 даярлық сыныбы (2013 ж. – 558) жұмыс істейді.
ҰБТ орташа балы 71,9 (2013 ж. – 70,2).
1 оқушыға ағымдағы шығындар 246,2 мың теңге.
1-ден 6 жасқа дейінгі мектепке дейінгі біліммен қамту – 1615 баланы құрайды ( 2013 жыл – 1895 бала, 82,3 %), 3-тен 6 жасқа дейін 1320 бала, 100 % (2013 жыл – 1597 бала, 100 %). МДББ кезекте 300 бала (2-ден 3 жасқа дейін). МДББ 1 балаға шығын – 160,1 мың теңге.
Бастауыш сынып оқушылары, аз қамтылған отбасынан, көп балалы отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Балаларды тамақпен қамтуға бөлінген қаражат:
2014 ж. қыркүйек-желтоқсан – 23 800 мың теңге;
2015 ж. қаңтар-мамыр – 24 599 мың теңге.
Балаларды бал және сүтпен қамтуға бөлінді:
2014 ж. қыркүйек – желтоқсан – 69 813 мың теңге;
2015 ж. қаңтар-мамыр – 17 827 мың теңге.
Октябрьский, Пруггерово және Медведка ауылдарында апатты жағдайдағы мектептердің орнына 3 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Шемонаиха қаласында балабақшаның құрлысы жалғасуда.
9.Денсаулық сақтау
Ауданда 569 бала туды, 2013 жылдың сәйкес кезеңінде 558 бала (+ 11 адам), 708 адам қайтыс болды, 2013 жылы 701 адам (+ 7 адам).
Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 жағдайға азайды және 22 жағдайды құрады, (2013 жыл– 35 жағдай).
Ауданда тиісті кезеңде ауданда ана өлімі тіркелген жоқ.
Бала өлімі 3 жағдай, (2013 жыл – 8 жағдай).
2014 жылы Первомайский ауылдық ауруханасында жылыту жүйесі сомасы 27,0 млн.теңгеге күрделі жөндеуден өтті.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Первомайский қарттарға және мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекеме» ММ сомасы 17,0 млн.теңгеге ғимарат және жертөле ағымдағы жөндеуден өтті.
10. Құқықтық тәртіп
Ауданда қылмысты алдын-алу және жедел жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданды. 516 қылмыс тіркелді, ол өткен жылдың сәйкес кезеңінен 16,9 % төмен (2013 жылғы қаңтар-желтоқсан – 621). Қылмыстарды ашу өткен жылғы деңгейден 1,4 пайызға жоғары: 2013 жыл 69,4, 2014 жыл – 70,8.
2015 жылға міндеттер:
- облыс экономикасының өсімін 4-5 % қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – путь в будущее» Қазақстан халықына жолдауының бағыттарының сапалы іске асуын қамтамасыз ету;
- облыстың барлық аймақтарында әрекет ететін мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асуын қамтамасыз ету және мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді бақылауды күшейту;
- шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жұмысты жандандыру;
- облыстың азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфляциялық үдерісін тежеу, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарларға негізсіз баға өсіруді болдырмау бойынша жұмысты жалғастыру;
- белгіленген уақытта көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ ауыл шаруашылық дәнді дақылдарын егу алаңдарын кеңейту бойынша белгіленген көлемді орындауды қамтамасыз ету;
- мектепке дейінгі білім берумен балаларды қамтуды ұлғайту, апатты жағдайдағы мектептер үлесін азайту бойынша жұмысты жалғастыру;
- ана және бала өлімін, әлеуметтік маңызды ауруларды азайту бойынша жұмысты жалғастыру;
- 2015 жылға арналған бюджеттік қаражаттарды игеру бойынша қабылданған міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету;
- 2015 жылға арналған бюджетке кіріс түсімдерінің бекітілген көлемін орындау бойынша шаралар қабылдау;
- балабақшаның құрылысын іске асыру бойынша шаралар қабылдау;
- тұрғын үй құрылысын іске асыруды қамтамасыз ету;
- инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмысты жалғастыру.
Экономика және бюджетті
жоспарлау бөлімінің басшысы А.Самойлова
Достарыңызбен бөлісу: |