Жылдарға арналған аудандық бюджет туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару



Дата01.07.2016
өлшемі63.13 Kb.
#169128
2013-2015 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 07 желтоқсандағы №7/77 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2184 болып тіркелген) шешіміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. 2013 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 6 551 156 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 4 983 616 мың теңге;

салықтық емес түсімдер

бойынша – 21 071 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан

түсетін түсімдер – 7 154 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 1 539 315 мың теңге.

2) шығындар – 6 551 156 мың теңге.

3) таза бюджеттік кредиттеу – 120 134 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 132 421 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 12 287 мың теңге.

4) қаржы активтерімен

операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін

сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге.

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 120 134 мың теңге.

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру

2

(профицитін пайдалану) – 120 134 мың теңге:



қарыздар түсімі – 132 421 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 12 287 мың теңге;

бюджет қаражатының

пайдаланатын қалдықтары – 0 теңге.

2. Аудандық бюджетте 2013 жылға республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер қаралғаны ескерілсін:

Мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру;

Негізгі орта және жалпы білім беру мемлекеттік мекемелеріндегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтау;

Мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы көлемін ұлғайту;

Үшдеңгейлік жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны арттыру;

Үйде оқытылатын мүгедек балаларды бағдарламалық қамтумен, жабдықтармен қамтамасыз ету;

Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері;

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында еңбекақыны ішінара субсидиялау;

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету;

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында жастар тәжірибиесі;

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу;

Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру;

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру;

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерді дамыту.

3. Аудандық бюджетте 2013 жылға республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттер қаралғаны ескерілсін:

Жетібай кентіндегі 624 орындық орта мектептің құрылысы;

Аққұдық селосын сумен қамту, Ақмая жерінде тұшыту қондырғысын жинақтау және ұңғымаларды жарақтандырудың қосымша жұмыстары;

3

Жетібай кентіндегі Астана және Аэропорт шағын аудандарына орта және төменгі газ құбырын тарту құрылысы, Жетібай кентіндегі Ауыл-2 шағын ауданына үш ГТП (газ таратушы пункт) орнатуымен төменгі қысымды газ құбырын тарту құрылысы;



Құрық селосында төрт қабатты коммуналдық екі тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік желілерінің құрылысы;

Мұнайшы кентіндегі төрт қабатты коммуналдық тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілерінің құрылысы;

Құланды селосында коммуналдық тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік желілерінің құрылысы;

Сенек селосында коммуналдық тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік желілерінің құрылысы;

Бостан селосында коммуналдық тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік желілерінің құрылысы;

Қарақия ауданында төрт қабатты коммуналдық тұрғын үй құрылысы (кейінге қалдыру шартымен)

4. Аудандық бюджетте 2013 жылға республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер қаралғаны ескерілсін:

Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға.

5. Облыстық бюджетке аудару үшін 2013 жылға аудандық бюджетте 2 315 429 мың теңге бюджеттік алулар қаралғандығы ескерілсін.

6. Аудан әкімдігінің қаулылары және аудандық мәслихаттың шешімдеріне сәйкес құқық берілсін:

ауылдық (селолық) елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының мамандарына, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық және фармацевтика мамандарына, мемлекеттік мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына бір жолғы коммуналдық қызметтерді өтеуге және отындарды сатып алуға 12100 теңге көлемінде әлеуметтік көмек белгіленсін;

ауылдық (селолық) елді мекендерде жұмыс жасайтын мемлекеттік білім беру ұйымдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына 25 пайыз жоғары жалақы және тарифтік мөлшерлеме белгіленсін.

Бір жолғы әлеуметтік көмек:

Азаматтардың өтініш-арыздары бойынша және аса мұқтаж отбасыларға берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек.

Мерекелік күндерде берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек:

Жеңіс күніне (9 мамыр)


4

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 мың теңге мөлшерінде;

Жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 60 мың теңге;

Жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға 50 мың теңге;

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне 40 мың теңге мөлшерінде;

1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дегі (Атом электр стансасы) апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға 20 мың теңге;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған адамдарға және 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамыр аралығында алты айдан кем емес тылда жұмыс істегендер (қызмет еткендер) және тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін ордендермен және медальдармен марапатталмаған адамдарға 10 мың теңге;

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына (Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлерінен басқа) 10 мың теңге.

Конституция күніне:

Асыраушысынан айырылған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға (балаларға) 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Дүниежүзілік мүгедектер мен қарттар күніне (қазан):

70 жастан асқан жалғызілікті зейнеткерлерге 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Барлық топтағы мүгедектерге және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

Облыс әкімінің гранты негізінде білім алуға тұрғындардың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын студенттерге – оқу ақысын төлеу және ай сайынғы стипендия.

Ай сайынғы қосымша үстемақы:

Үйден оқып және тәрбиеленетін бала кезден мүгедек балаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Коммуналдық шығын төлемдерінің ақысы жанбасылық табыстан артық отбасыларға – мұқтаждығына қарай.

Тоқсан сайынғы қосымша үстемақы:

Мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Асыраушысынан айырылған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға (балаларға) 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

5

7. 2 қосымшаға сәйкес 2014 жылға арналған аудандық бюджет бекітілсін.



8. 3 қосымшаға сәйкес 2015 жылға арналған аудандық бюджет бекітілсін.

9. 4 қосымшаға сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған 2013 жылға бюджеттік даму бағдарламалар тізбесі бекітілсін.

10. 5 қосымшаға сәйкес 2013-2015 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің орындалу процесінде секвестерге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.

11. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрағасы Аудандық мәслихаттың

хатшысы

Е.Таджибаев А. Мееров

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарақия аудандық экономика

және қаржы бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің бастығы

Ә.Әбдіхалықова



_________________________
20 желтоқсан 2012 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет