Жылдарға арналған аудандық бюджет туралы



Дата29.02.2016
өлшемі71.91 Kb.
#32361

2012 жылғы 21 желтоқсан 8/79




2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихаттың «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №7/77 (нормативтік құқықтық кесім мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2184 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. 2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет 1,2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 7 469 090 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 2 605 370 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 69 950 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша– 236 372 мың теңге;


трансферттер түсімдері бойынша – 4 557 398 мың теңге.

2) шығындар – 7 469 090 мың теңге;


3) таза бюджеттік кредиттеу – 222 070 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 251 860 мың теңге;


бюджеттік кредиттерді өтеу – 29 790 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;


5) бюджет тапшылығы (профициті) – 222 070 мың теңге;


6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 222 070 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 251 860 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 29 790 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

2. 2013 жылғы аудан бюджетінің кірістер нормативтері мынадай көлемде бекітілсін:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 пайыз;

2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 62,3 пайыз;

3) төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 пайыз;

4) әлеуметтік салық – 100 пайыз.

3. 2013 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен берілген 241 923 мың теңге көлемінде субвенция қарастырылғаны ескерілсін.

4. 2013 жылы республикалық бюджеттен аудандық бюджетке ағымдағы және даму нысаналы трансферттері мен бюджеттік кредит ескерілсін, оның қолдану реті аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес анықталады:

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік тапсырысты іске асыруға;

негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға;

үйде оқитын мүгедек балаларды жабдықтық, бағдарламалық қамтамасыз ету;

жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері;

мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының көлемін ұлғайту;

жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы аясында еңбекақыны ішінара субсидиялау;

жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы аясында жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету;

жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы аясында жастар практикасын ұйымдастыру;

жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы аясында мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

эпизотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге;

ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды іске асыруға;

«Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру;

Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыру;

Батыр селолық округіндегі 960 орын орта мектеп құрылысына;

Баянды селосынадағы 960 орын орта мектеп құрылысына;

Маңғыстау селосының Маңғыстау-5 елді мекенінен 960 орын орта мектеп құрылысына;

Басқұдық селолық округінедгі 960 орын орта мектеп құрылысына;

Маңғыстау селосының Маңғыстау-4 елді мекенінен 280 орын балабақша құрылысына;

Басқұдық селосының «Жаңа қоныс» тұрғын массиві құрылысын жайғастыру жоспары және жоспарлау жобасын жасау, электрмен қамтамасыз ету;

Басқұдық селосының «Жаңа қоныс» тұрғын массиві құрылысын жайғастыру жоспары және жоспарлау жобасын жасау, газбен қамтамасыз ету;

Батыр селосындағы БТҚС (бас төмендеткіш құрылғы стансиясы) – 110/10 - нан ЖТҚС (жинақталған трансформаторлық құрылғы стансиясы) және ЖТҚ (жинақталған тарату қондырғысы) 10 кВ-ға дейінгі 10кВ-ӘЖ құрылысына;

Батыр селосындағы жоғарғы қысымды газ жеткізу құбырының құрылысын аяқтауға;

Маңғыстау селосындағы 12-пәтерлік 4 тұрғын үйлердің инженерлік желілерінің құрылысы;

Маңғыстау селосындағы 4-қабатты 12-пәтерлік 2 тұрғын үйлердің құрылысы;

Батыр селосы Емір тұрғын үй массивіндегі 4-пәтерлік 8 тұрғын үйлердің құрылысы;

5. Құқық беруге:

Аудандық бюджеттен бөлінетін, азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер мынадай көлемде бекітілсін:

1) азаматтардың аз қамтылған топтарына өтініш-арыздары бойынша аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес бір жолғы материалдық-әлеуметтік көмек көрсету;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері мен атаулы күндер құрметіне біржолғы әлеуметтік көмек:



9 мамыр - Жеңіс күні мерекесі құрметіне берілетін әлеуметтік көмек:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 000 теңге көлемінде;

жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 60 000 теңге көлемінде, оның ішінде:

Ауғаныстанда әскери міндетін өтеу кезінде мүгедек болған әскери қызметшілерге 60 000 теңге;

Чернобыль АЭС (Атомдық электростнациясы)-індегі апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 60 000 теңге;

жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға 50 000 теңге, оның ішінде:

бұрынғы КСР (Кеңес Совет Республикасы) Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғаныстанға жіберілген әскери міндеттілерге 50 000 теңге;

Чернобыль АЭС (Атомдық электростнациясы) - індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға 50 000 теңге;

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне 40 000 теңге;

Ұлы Отан соғысы кезіндегі жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден, медалдармен марапатталған және де марапатталмаған, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне 10 000 теңге;

жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілгендердің басқа да санаттары (Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлерінен басқа) 10 000 теңге;

1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға 20 000 теңге;



Конституция күні мерекесіне берілетін әлеуметтік көмек:

асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушылардың балаларына 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;



Дүниежүзілік мүгедектер күніне берілетін әлеуметтік көмек (қазан):

барлық топтағы мүгедектер мен 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.



Дүниежүзілік қарттар күніне берілетін әлеуметтік көмек (қазан):

70 жастан асқан жалғызілікті зейнеткерлерге 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

3) облыс әкімінің гранты негізінде тұрғындардың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын ЖОО (жоғарғы оқу орны)-да білім алып жатқан студенттерге оқу ақысы мен ай сайынғы степендиясын төлеуге әлеуметтік көмек;

4) үйден оқып және тәрбиеленетін бала кезден мүгедек балаларға ай сайын 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек;

5) ай сайынғы тұрғын үй көмегі:

мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

коммуналдық шығын төлемдерінің ақысы жанбасылық табыстан артық отбасыларға мұқтаждығына қарай;

6) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 1,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушылардың балаларына 1,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

7) ауылдық (селолық) елді мекендерде тұрып, жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педогог қызметкерлеріне, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлеріне, мемлекеттік қамсыздандыру ұйымдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік мәдениет және спорт ұйымдарының қызметкерлеріне бір жолғы коммуналдық қызметтерді өтеуге және отындарды сатып алуға 12 100 теңге көлемінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмекке;

8) ауылдық (селолық) елді мекендерде жұмыс жасайтын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлеріне, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының қызметкерлеріне, әлеуметтік қамтамасыз ету мемлекеттік ұйымдарының қызметкерлеріне 25 пайыз жоғары жалақы (тарифтік мөлшерлеме) белгіленсін.

6.4-қосымшаға сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған 2013 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.

7. 5-қосымшаға сәйкес аудандық бюджетті атқару барысында секвестрге жатпайтын 2013 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.

8. 6-қосымшаға сәйкес 2013 жылға арналған әрбір ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.

9. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрағасы Аудандық мәслихат

хатшысы
С. Абишев Б. Назар

«КЕЛІСІЛДІ»

«Мұнайлы аудандық экономика

және қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бастығы

________________ Ш. Сұңғат



«___»___________ 2012 жыл




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет