2011 жыл Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің



бет1/3
Дата03.07.2016
өлшемі309 Kb.
#174673
  1   2   3


«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТІЛДІ»

Облыстық экономика және Сырдария ауданы әкімінің

бюджеттік жоспарлау басқармасының № Қаулысы

бастығы _________ Б. Шаменова Аудан әкімі __________С.Тәуіпбаев

«_____» ____________ 2011 жыл «_____» ____________ 2011 жыл

Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің

2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Тереңөзек, 2011 жыл

Мазмұны

  1. Миссия және пайымдау

  2. Ағымдағы жағдайды талдау

  3. Мемлекеттік орган қызметінің міндеттері және мақсаты, стратегиялық бағыттары, мақсатты индикаторлар және нәтиже көрсеткіштері

  4. Функционалдық мүмкіндіктердің дамуы

  5. Басқа жергілікті мемлекеттік органдармен өзара қарым қатынас

  6. Тәуекелдерді басқару

  7. Бюджеттік бағдарламалар

8. Нормативтік – құқықтық құжаттардың тізбелері


  1. Мисссия және пайымдау

Миссия:

Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің миссиясы – аудан экономикасының орнықты экономикалық өсуге ықпал ететін экономикалық саясат, сондай-ақ аудандық жоспарлау мен басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту. Экономикалық өсуге жәрдемдесу және ауданның экономикасының жоғары бәсекеге қол жеткізу мақсатында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыру.



Пайымдау:

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің көкжиегі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының, стратегиялық және орта мерзімдік жоспарларының, аудандық бюджетті және ауданның басқа даму бағдарламаларын қалыптастырылуының негізгі бағыттарын әзірлеу. Бөлімдегі мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, кәсіби даярлау жұмыстарын ұйымдастыру. Аудан экономикасын дағдарысқа төтеп беретіндей етіп жоспарлау, алдағы уақытта аудан экономикасын қарқынды дамытуға атсалысу.



2.Ағымдағы жағдайды талдау

    1. Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 2010 жылғы атқарған жұмысы.

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының, стратегиялық және орта мерзімдік жоспарларының, аудандық бюджетті және ауданның басқа да даму бағдарламаларын қалыптастырылуының негізгі бағыттарын әзірлейтін Сырдария ауданы әкімдігімен өкілеттік берілген аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

1) Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;

2) бюджеттік, инвестициялық саясатты қалыптастыру;

3) инвестицияларды бағыттаудың басымдықтарын қалыптастыру.



Функциялары:

1) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;

2) жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларды іске асыру жөніндегі қызметін саралау, талдау және үйлестіру;

3) орта мерзімдік жоспарлар әзірлеу;

4) ауыл аумақтарын дамытуға мониторинг жүргізу мақсатында тиісті үлгідегі ақпараттарды уақытылы және сапалы тапсыру;


  1. еңбекақы қоры туралы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ұсынған үлгісінде сапалы және уақытылы ақпарат жинақтау;

  2. бюджет жобасын әзірлеуде бюджеттік бағдарламалардың іс-жүзінде асырылуының тиімділігінің нәтижесіне баға беру;

  3. тиісті қаржы жылына аудандық бюджеттің жобасын және алдағы үш жылдық мерзімге аудандық бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін әзірлеу;

  4. жылдық қаржыландыру жоспарын бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша әзірлеп, бекіту және оны бюджеттік атқару жөніндегі уәкілетті органға беру;

  5. бюджеттік инвестициялардың көлемін айқындау;

  6. тиісті жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныстар енгізу;

  7. аудандық бюджеттік комиссиясының іс-қимылын қамтамасыз ету;

  8. жылдық қаржыландыру жоспарын әзірлеп бекіту және оны бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жіберу.

Кадр қызметі:

2010 жылдың 1-ші қарашасынан бастап, «Мемлекеттік   бюджеттің  және  Қазақстан Республикасы  Ұлттық банкінің сметасының  (бюджеті) есебінен  ұсталатын   органдардың штаттық санын  оңтайландыру  жөніндегі  шаралар туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, «Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» аудан әкімдігінің 2010 жылғы 1 қарашадағы №365 санды қаулысына сәйкес бөлім бойынша 6 штаттық бірлік 5 штаттық бірлікке дейін қысқартылып, қазіргі таңда бөлімде 1 бөлім бастығы, 1 сектор меңгерушісі, 3 бас маман. Есепті мерзім ішінде 1 әкімшілік қызметкер өз біліктілігің артты. Аттестациядан өткен қызметкер саны 2.



Бөлімнің негізгі міндеттерінің бірі бюджетті қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына аудан бойынша штат бірліктерінің есебін қорғау жұмыстары жүргізілді. 2011 жылға арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу мақсатында Бюджет Кодексінің талаптарына байланысты 2011 – 2013 жылдарға арналған аудандық бюджеттің шығыстары лимиті белгіленді. 2011-2013 жылға арналған бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің өтінімдері қабылданып, есептері зерттеліп, соның негізінде 2011-2013 жылға арналған аудандық бюджеттің жобасы әзірленді. 2010 жылдың 20 қазандағы аудан әкімдігінің №358 қаулысына сәйкес «Сырдария ауданының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы» Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың 27 тамызындағы №1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік – экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесінің 10 тармағына сәйкес, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2010 жылдың 1 наурызындағы №113 «2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамын әзірлеуге қажетті көрсеткіштердің нысандары мен тізбесі» бұйрығына, «Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық даму болжамы туралы» 2010 жылғы 27 қыркүйектегі №897 қаулыға сәйкес әзірленіп, бекітілді. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясы мен басым бағыттарын, аудандық бюджеттің болжамын, аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің болжамдалған шығыс көлемін қамтиды.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жергілікті мемлекеттік органның стратегиялық даму жоспарын және 3 жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджетті әзірлеу үшін негіз болып табылады. Халықтың тұрмыс деңгейін бақылау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 286 «Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтардың дамытуы мониторингісі туралы» қаулысына сәйкес ауданның ауыл аумақтарын дамуының жылдық мониторингісі жасалып, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тапсырылды.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтардың дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» «Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 286 қаулысына сәйкес, іс жоспарының тиісті тармақтарының, орындалуы және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға республикалық, жергілікті бюджеттерден, басқа көздерден бөлінген қаржылардың игерілуі жөніндегі есебі 2010 жылдың әр тоқсан сайын және жылдық есебін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тапсырылып отыр. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Премьер – Министрлігінің 2009 жылғы 28 шілдедегі №106-ө өкімінің 5-тармағын орындау мақсатында мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сейкес қолданыстағы барлық өңірлік бағдарламалар жоюға қойылды. Осыған сәйкес 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» заңының 7-бабының 5-тармағын, 1998 жылғы 24 наурыздағы «Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілер туралы» заңының 43-1 бабын басшылыққа ала отырып «Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» аудандық мәслихаттың 2010 жылдың 7 желтоқсандағы №282 шешіміне сәйкес қолданыстағы 6 бағдарламаның күші жойылды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 жарлығына сәйкес «Ауданның 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы» әзірлену үстінде.

2008-2010 жылдары ауданда экономиканың дамуын және тұрақты өсуін қамтамасыз етуге, халықтың тұрмыс жағдайын көтеруге, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға, сыртқы рынокта бәсекеге қабілеттілікті көтеруге бағытталған жұмыстар жалғасын тапты.


    1. Сырдария ауданының әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері.

Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасының, облыста және ауданда қабылдаған экономиканың барлық салаларында дағдарысқа төтеп беруге бағытталған жедел шаралардың арқасында, өндіріс қарқынының шұғыл түсіп кетуін болдырмауға, сондай-ақ нақты нәтижелерге қол жеткізу мүмкін болды.

Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында өңірдің инвестициялық әлеуетін ашу бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізілуде және экономиканың нақты секторына инвестиция салу ниеті бар инвесторларға барынша ықпал көрсетілуде.

2010 жылдың қаңтар – қараша айларында ауданның өнеркәсіп орындары (кіші, қосалқы шаруашылықтар мен үй шаруашылығы секторларын қосқанда) қолданыстағы бағамен 1116,8 млн. теңгенің өнімін өндірді, 2009 жылдың қаңтар – қарашадағы деңгейге қарағанда 153,7 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 2010 жылдың 11 айында 1065,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2009 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда нақты көлем индексі 155,7 пайыз болып отыр.

2010 жылдың қаңтар – қарашадағы сусындарды қоса, тамақ (ет, тағамдық өнімдер,ұн өнімдері өндірісі) өнімдерін өндіру көлемі 1062,1 млн. теңгені құраса, 2009 жылдың қаңтар – қазандағы деңгейге қарағанда нақты көлем индексі 156,0 пайыз.



Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі аудан бойынша 2008 жылы 105,4 пайызды (3524,8 млн. теңге), 2009 жылы – 103,5 пайызды (5286,1 млн. теңге) құрады.

2010 жылдың қантар-қараша айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі ағымдағы бағамен 6717,5 млн. теңгені құрады, ол 2010 жылдың сәйкес кезеңінен 4,6 пайызға артық.

Мал басының және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің өсу тенденциясы сақталуда. 2009 жылдың есепті кезеңінде өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда мүйізді ірі қара басы біркелкі (26198 бас болды), түйе 101,1 %-ды (842 бас болды) құрады.

Жетікөл ауылында «Асанас әулие» селолық тұтыну кооперативі құрылды. Бүгінгі таңда аталған кооператив сүт бағытындағы мал шаруашылығы саласын дамыту жұмыстарын жандандыруда.

Ауданда асыл тұқымды ірі қара саны 634 басқа, қой малының саны 4688 басқа, түйе малы 50 басқа жеткізіліп, асыл тұқымды мал өсіретін заңды тұлғалар саны 7-ні құрады. Бұл жұмыс өз жалғасын табатын болады.

2010 жылдың 11 айында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара басы 1,6 % - ға (26000 бас болды), қой мен ешкі 0,1% - ға (54973 бас болды), жылқы 2,6 % - ға (6892 бас болды), түйе 3,3 % - ға (855 бас болды) ұлғайды.

Сондай - ақ, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша есепті кезеңде ет өндірісі 100,9 % (3200,7 тонна), сүт өндірісі 101,5 % (7641,6 тонна), жұмыртқа 96,7 % (1093,0 мың дана) құрап отыр.

Мал өнімінің көлемін, сапасын арттырудың жолы мал басын асылдандыру, яғни асыл тұқымды бұқалар ұрығымен ұрықтандыру. Қазіргі кезде «Ақжарма Жер» ЖШС-де қолдан ұрықтандыру пункті қарқынды жұмыс жүргізуде. «Ақжарма жер» ЖШС-гі асыл тұқымды сүт бағытындағы сауын сиырлардан осы кезге дейін 294,2 тонна сүт өнімдерін өндіріп, сақтағанына 4413,0 мың теңге, 136 бас сиырды асыл тұқымды бұқа ұрығымен қолдан ұрықтандырғанына 190,4 мың теңге субсидия алды.

Конго Қырым қанды безгегі ауруына қолайсыз елді мекендерге жергілікті атқарушы органның резервінен 1600,0 мың теңге бөлініп, аса қауіпті жұқпалы ауру ошақтарын жою мақсатында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Шаруалар мен фермерлер нарықтың қатаң жағдайларына және бәсекелестігіне енуде тәжірибе жинақтап, өздеріне тиімді өнім түрлерін өндірумен айналысуда, соған сәйкес егістік алқабының онтайлы құрылымы қалыптасты.

2010 жылы аудан бойынша 31494 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды, оның ішінде дәнді дақылдар 18606 га, мал азығындық дақылдар 9454 га, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 2760 га, майлы және техникалық дақылдар 674 гектарды құрады. Жалпы егіс көлемінің 18135 гектары күріш дақылдары.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үстіміздегі жылдың егістігіне 8116 тонна сульфат аммоний, 1472 тонна карбамид, 1336 тонна аммофос, 1000 тонна суперфосфат тыңайтқыштарын пайдаланды.

Қазіргі таңда 632 гектар мақсарыдан 2107 центнер өнім алынып, орта өнім 3,3ц/га құрап отыр, 398 гектар жаздық бидай толық жинап 2438 центнер өнім алынып, 5,8 ц/га келуде. Ескі жоңышқа дақылының 4765 гектар бірінші орағы толық аяқталып 5900 тонна шөп жиналды. Екінші орақтан 4494 гектарын шөпке орып 6700 тонна, үшінші орақтан 3350 гектары орылып 3600 тонна барлығы 16200 тонна сапалы мал азығы жиналды. Орта өнім 34,0 ц/га келуде. 18135 гектар күріш толық жиналып, 85235 центнер астық алынды, орта өнім 47,0 ц/га-дан, картоп, көкеніс, бақша дақылдары да толық жиналып тиісінше орта өнім картоптан 140 центнерден, көкөністен 160 центнерден, бақшадан 170 центнерден келді.

2011 жылдың егісіне 5600 тонна (101,4%) күріш тұқымы дайындалып, 18400 гектар (100%) сүдігер айдалды.

«Алуан-АС» ЖШС-гі «Продкорпорация» АҚ-нан «Астық қолхаты» арқылы 339,0 млн. теңге несие алды. Н. Ілиясов ауылындағы «Айгерім» жеке кәсіпкер 500 м² жерге теплица салып, қызанақ, қияр, жуа, т.б. көкөніс өндіріп, жазғы демалыс лагеріне 2,5 тонна қияр, 200 кг қызанақ өнімдерін өткізді.

Тұрғын үй құрылысы бойынша ауданда 2008 жылы – 6,6 мың шаршы метр (бұдан әрі – мың ш.м.), 2009 жылы – 7,2 мың ш.м. құрады. 2010 жылдың 1 желтоқсанына барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдар және халықпен жалпы ауданы 6739,0 ш.м. тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Былтырғы жылмен салыстырғанда 124,8 пайызды көрсетіп отыр.

2010 жылы республикалық бюджеттен тұрғын үй құрылысына 11868,0 мың теңге, аудандық бюджеттен Тереңөзек кентінде бір пәтерлік екі бөлмелі 3 тұрғын үй құрылысына 18548,4 мың теңге, Бесарық ауылынан 1 үй салуға 6206 мың теңге қаржы қаралып жұмыстар толығымен аяқталды.



Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету.

Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету - бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады. «Таза су» өңірлік бағдарламасы шеңберінде 2008-2010 жылдары аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында елді мекендердегі ауыз сумен қамту жүйелерін күрделі жөндеу, оларды қайта жаңғыртуға мемлекеттік бюджеттен барлығы 1,9 млрд. теңге қаралып, тиісті жұмыстар жасалды. Оның ішінде 2010 жылы республикалық бюджеттен 317,0 млн. теңге қаралып, Тереңөзек кенті ауыз су жүйесін қайта қалпына келтірудің 2-ші кезеңі, А.Тоқмағанбетов ауылының ауыз су жүйесін қайта қалпына келтіру жобаларын іске асыруға жұмсалды. 2011-2012 жылдары бұл жобалармен қоса 4 елді мекеннің (Ақжарма, О.Мәлібаев, Бесарық, Аманкелді ауылдары) ауыз сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Жалпы аудан бойынша 9 елді мекеннің ауыз су мәселесі толық шешімін тапқан. А.Тоқмағанбетов ауылындағы тиісті жұмыстар үстіміздегі жылы толық аяқталады. Ақжарма, О.Мәлібаев, Бесарық, Аманкелді ауылдарының ауыз су жүйесін қайта қалпына келтіру жобалары халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» салалық бағдарламасына енгізілді.

Білім беру.

Ауданда 17 орта, 2 әуез мектебі, оқушылар үйі, кешкі мектеп, 14 (оның ішінде 1 – і санаторлық типтегі) мектепке дейінгі тәрбиені жүзеге асыратын балабақша және 3 шағын орталық жұмыс істейді. Салада 1097 мұғалім жұмыс жасайды.

Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіл әлемдік коммуникация желісіне шығу. Аудандағы барлық мектептер компьютерленді. Қазіргі күні аудан мектептерінде 603 компьютер бар, аудандағы 12 оқушыға 1 компьютерден келуде.

2010 жылғы ҰБТ-ға қатысуға аудан мектеп бітірушілерінен 328 оқушы қатысуға өтініш білдірді. Олар 2010 жылдың 6 маусым күні Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің базасында тестен өтті. Тест қорытындысымен аудан оқушыларының орташа балы 80,8 балды көрсетті, өткен жылғы тест қорытындысымен салыстырғанда 17,4 пайызға ұлғайған.

Мектеп бітірушілерден 8 оқушы «Алтын белгіге», 1 оқушы үздік аттестатқа үміткер болса, олардың 5-і өз білімдерін дәлелдеп «Алтын белгіге» ие болды.

ҰБТ-ы қорытындысы бойынша 328 оқушының 96-ы мемлекеттік грант иегері атанды.

Аудан бюджетінен мектептердің «жалпыға бірдей оқу қорына» 2009 жылы 36,7 млн. теңге қаралса, 2010 жылы 42,2 млн. теңге бөлінді. Бұл мектептердің ағымдағы шығындарына қаралған қаржының 3 пайызын құрап отыр. Міндетті оқу қорына бөлінген қаражат есебінен білім мекемелерінің 300 әлеуметік аз қамтылған отбасы балалары «Жалын» тынығу лагерінде демалды, 1042 балаға 5210,0 мың теңгеге киімдер алып берілді.

Аудан көлемінде «Мектепке жол» акциясы бойынша әрбір елді мекенде акциялар өткізіліп, демеушілер көмегімен 353 балаға киімдер, оқу құралдары алып берілді. Аудандық әуез мектебінің «Тұмар» бишілер тобы Шымкент қаласында өткен Республикалық «Балауса - 2010» ән - би байқауынан бірінші орынды, облыстық «Дельфийлік ойындарда» би номинациясы бойынша екінші орынды иеленді.

Үстіміздегі жылдың жазғы маусымында ауданнан тыс лагерлерде әлеуметтік аз қамтылған, әртүрлі деңгейдегі сайыстардың жеңімпаздары мен үздік оқитын 100 оқушы демалды.

Қазіргі таңда жазғы маусымда Көкшетау қаласындағы «Балдаурен» тынығу лагерінде 2 оқушы, «Ақсу- Жабағылы» (Оңтүстік Қазақстан) шипажайында 15 оқушы, «Бәйшешек» (Оңтүстік Қазақстан) спорттық – сауықтыру кешеніне 10 оқушы, «Тау самалы» (Оңтүстік Қазақстан) лагеріне 16 оқушы демалды.

Чезанатико қаласында «Эни» (Италия) лагеріне әлеуметтік аз қамтылған отбасының 4 оқушысы тынықты.

Денсаулық сақтау.

Қазіргі таңда аудандық денсаулық сақтау саласында 17 аудандық және ауылдық емдеу алдын-алу мекемелері халыққа қызмет көрсетеді.

Денсаулық сақтау саласында барлығы 785 қызметкер, оның ішінде 84 дәрігер, 394 орта буын қызметкерлері.

2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Шаған ауылдық ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.



Спорт.

Ауданда 1 стадион, 8 шағын спорт алаңы қызмет көрсетеді, оның ішінде 2010 жылы Қалжан ахун, Ақжарма және Шаған ауылдарында 3 шағын спорт алаңы іске қосылды.



Әлеуметтік сала.

Жыл сайын Елбасы халықтың әлеуметтік қорғауға зәру топтарын қорғауға арнайы тоқталды, осы тұрғыдан алғанда дәйекті саясат елдегі өмір сүру сапасын жақсарту.

Әлеуметтік көмектердің негізгі түрлері халықты жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша кешенді іс – шараларды жүзеге асыруға, мүгедектерді әлеуметтік қолдауға және аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған.

Ауданда бойынша 2010 жылы өңірлік бағдарлама бойынша 590 жаңа жұмыс орындарын ашу белгіленген болса, 2010 жылы 593 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2010 жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 1516 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасқандардың 200 тұрмысы төмен отбасыларынан, оның ішінде бірде-бір жұмыс істемейтін отбасыларынан 35 адам жұмысқа орналастырылды.

Ағымдағы жылы қоғамдық жұмыспен 820 жұмыссызды қамту белгіленіп, жергілікті бюджеттен 42129,0 мың. теңге қаржы бөлініп, 2010 жылдың 1 қантарына 956 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылып, қаржы толығымен игерілді.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 2010 жылға мемлекеттік бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындарына 9600,0 мың теңге, жастар практикасына 24000,0 мың теңге, барлығы 280 адамға 33600,0 мың теңге қаржы қаралып, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына қаржы 100,0 пайызға игеріліп, 221 жас маман мамандықтары бойынша 75 мекемеде практикадан, әлеуметтік жұмыс орнында 91 адам 13 мекемеде жұмыс жасады.

Халықтың аз қамтылған бөлігін әлеуметтік қорғау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек көрсету жалғасуда. 2010 жылға атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 18583,0 мың теңге бөлініп, 2010 жылдың 1 қантарына 163 отбасына (862 отбасы мүшелері) 6805,8 мың теңге тағайындалып, төленді.

2005 жылғы 28 маусымдағы "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Заңына сәйкес аудан бойынша 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға арналған жәрдемақы төлеуге бюджеттен барлығы 2010 жылға 85994,0 мың теңге қаржы қаралған. 2010 жылы 1640 отбасына (оның ішінде бала саны - 4908) барлығы 56010,0 мың тенге төленді.

Аудан бойынша 2010 жылға тұрғын үй көмегіне жергілікті бюджеттен барлығы 25920,0 мың теңге қаржы қаралып отыр. 2010 жылдың 12 айында 979 отбасына (отбасы мүшелері 5401 адам) 20942,1 мың теңгесі игерілді.

Жұмыссыздар саны 2015 жылы – 1,3 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 2011 жылы 6,6 пайызды, 2015 жылы 6,1 пайызды құрайтын болады.

Жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін факторлардың бірі олхалықаралық маңыздағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожолы құрылысы өтуде.

Сонымен қатар 2010-2012 жылдар аралығында Тереңөзек кентінің ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарының ІІ кезеңі, А.Тоқмағанбетов ауылдық округтерінің ауыз су жүйелері жұмыстары жүргізілуде.

Мәдениет.

Сырдария ауданы бойынша барлығы 34 мәдениет мекемелері мәдени қызмет көрсетуде. Олар - аудандық мәдениет үйі, кент мәдениет үйі, 4 ауылдық мәдениет үйлері, 10 ауылдық клубтар, аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, 15 ауылдық кітапханалар және аудандық тарихи-өлкетану музейі.

2010 жылы мәдениет саласына барлығы 153965,0 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде мәдениет мекемелерінің арнайы құрал - жабдықтармен қамтамасыз етуге 9797,0 мың теңге қаржы бөлініп, музыкалық аспаптар, музыкалық аппаратура және автокөлік алынды. .

Аудандық мәдениет үйі жанындағы халық театры ақпан айында С. Балғабаевтың «Біз де ғашық болғанбыз» спектаклімен 5 елді мекенге (А. Тоқмағанбетов, Қалжан ахун, С. Сейфуллин, Ақжарма, Н. Ілиясов елді мекендерге) өнер көрсетті.

2010 жылы сәуір айының 20-27-і аралығында Италияның Сан-Ремо қаласында Халықаралық «Сан-Ремо Джуниор» жастар шығармашылығы байқауына ауданымыздан жас әнші, түрлі деңгейдегі байқаулар лауреаты Ұлпан Әбдікәрімова қатысып, жүлделі ІІ-орынды жеңіп алды.

2010 жылдың мамыр айында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауда ауданымыздың намысын «Жұмыр қылыш» мемлекеттік қызметшілер командасы қорғап, ІІІ – орынға ие болды.

Аудандық мәдениет үйлері мен клубтары мемлекеттік кәсіпорны бойынша көптеген мәдени - көпшілік шаралар ұйымдастырылуда. 2010 жылдың 12 айында 964 мәдени шара өткізіліп, 140563 көрермен қатысты.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 17 кітапхананың қорында 2010 жылдың 12 айы қорытындысымен 375904 дана кітап бар.

Шағын және орта кәсіпкерлік. Әртараптандырудың өзегі және экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші кәсіпкерлік болады. Биылғы жолдауға сәйкес «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бастамасын алды. Бұл бағдарламаның мақсаты өнірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады.

Есептi мерзiмде аудан бойынша 1364 шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тiркелген, бұл өткен жылдың осы мерзіміне қарағанда 2,2 пайызға артып отыр.

Салада тiркелген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнде барлығы 4977 адам жұмыспен қамтылған, ол алдындағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,3 пайызды құрап отыр.

2010 жылдың қаңтар - қараша айларының қорытындысы бойынша салада өнімдер шығару 688,4 млн. теңге болып, 2009 жылдың 11 айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 0,4 пайызға өскен.

2010 жылдың есепті 11 ай мерзімі бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке 43,9 млн. теңгенің төлемдері өндіріліп, өткен жылғыдан 3,8 пайызға жоғары болды.

Есепті кезеңде қаржыландыру институттары тарапынан 320,6 млн. теңгенің несие қаражаттары беріліп, нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік желісінің дамуы біршама ұлғайды.

Сонымен қатар Жолдауда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаның басты мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады.

Аудан экономикасына сырттан инвестиция тарту арқылы ауданның әлеуметтік–экономикалық жағдайын жақсартуға, жаңадан кәсіпорындар ашуға және жұмыссыздарды жаңа жұмыс орындарымен қамтуға қол жеткізіліп, индустриалдық-инновациялық жұмыстар бастама ала бастады.



Көлік инфрақұрылымы және байланыс қызметі.

2010 жылдың қаңтар – қарашасындағы аудандағы жүк тасымалдау көлемі (коммерциялық тасмалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер тасыған жүк көлемін есепке алғанда) 3435,9 мың тонна жүкті құрады, бұл 2009 жылдың қаңтар – қарашасындағы жүк тасымалдаудан 5,7 пайызға артқан. Жүк айналымы 478,9 млн. тонна шақырымды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,5 пайызды құрады).

Тасылған жолаушылар саны (кәсіпкерлердің жолаушылар тасымалының көлемін есепке алғанда) 2165 мың жолаушы, 2009 жылдың қаңтар – қарашасымен салыстырғанда 114,9 пайызды құрады. Жолаушылар айналымы 42,2 млн. жолаушы шақырым (2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 114,1 пайыз болып отыр). Бұл салада негізгі қызмет көрсететін мекеме «Сыр тұлпары» ЖШС-гі болып табылады.

2010 жылдың 1 желтоқсанына аудандық телекоммуникация торабы арқылы негізгі телефон аппараттарының 4640 нөміріне қызмет көрсетілді.

Есепті кезеңде телефон нүктесін орнату бойынша түскен тапсырыстар толық қанағаттандырылып, қосымша 34 телефон нүктесі қосылды.

Бүгінгі күні кең жолақты Интернет желісіне «Мегалайн» қызметі арқылы қосылуда 557 абонент қамтылса, оның 214-і 2010 жылдың 11 айында қосылған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет