2011-2013 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің негізгі параметрлері бойынша қысқаша мәлімет
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен айқындалған түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры жергілікті бюджет болып табылады.
Республикалық маңызы бар қаланың, елорданың жергілікті бюджеті республикалық маңызы бар қала, елорда мәслихатының шешімімен бекітіледі.
2009 жылдан бастап ҚР үш жылдық кезеңге арналған бюджет әзірленеді.
«Астана қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының шешімі 2011-2015 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің базалық болжамы негізінде құрылып, «Астана қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 408/54-IV шешімін іске асыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен іске асырылды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Астана қаласының бюджеті Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 9 ақпандағы № 429/57-IV, 2011 жылғы 11 наурыздағы № 438/59-IV, 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 445/60-IV, 2011 жылғы 16 маусымдағы № 456/63-IV және 2011 жылғы 11 тамыздағы № 473/67-IV, 2011 жылғы 27 қазандағы № 507/72-IV, 2011 жылғы 18 қарашадағы № 508/73-IV ешімдерімен 7 рет нақтыланды.
1-кесте
2011-2013 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің негізгі параметрлері
млрд. теңге
Атауы
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2
Бюджет тапшылығы – бюджет шығыстарының кірістерінен артуы.
013 жыл
|
Бекітілг.
|
Нақтыланғ.
|
Бекітлг.
|
Бекітілг.
|
Түсімдер
|
221,4
|
342,2
|
203,9
|
144,2
|
ЖӨӨ %
|
11,4
|
17,6
|
9,7
|
6,4
|
Кірістер, оның ішінде:
|
202,0
|
306,7
|
184,7
|
136,4
|
Салықтық түсімдер
|
67,3
|
78,4
|
72,2
|
75,5
|
Салықтық емес түсімдер
|
0,5
|
0,9
|
1,5
|
1,4
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсім
|
8,3
|
10,9
|
8,2
|
9,6
|
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттердің түсуі
|
125,9
|
216,6
|
102,8
|
49,9
|
|
|
|
|
|
Бюджет несиелерін өтеу
Қарыздың түсуі
|
0,6
0,8
|
0,6
2,1
|
0,9
-
|
0,9
-
|
Республикалық бюджеттің субвенциялары
|
18,0
|
18,0
|
18,3
|
6,9
|
Қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары
|
|
14,6
|
|
|
Шығыстар
|
221,4
|
342,2
|
203,8
|
144,1
|
ЖӨӨ %
|
11
|
|
9,6
|
6
|
Тапшылық
|
7,1
|
8,4
|
7,8
|
16,5
|
ЭӨӨ %
|
0,3
|
0,4
|
0,3
|
0,7
|
Анықтама:
|
|
|
|
|
ЖӨӨ көлемі
|
1 949,0
|
1949,0
|
2 107,2
|
2 250,7
|
ЖӨӨ - елдің ішінде жасалған тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағалардағы жиынтық құны.
Субвенции –. Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекiтiлген сома шегiнде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берiлетiн трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.
это бюджетные средства, передаваемые из республиканского бюджета местным бюджетам.
1-кесте
Астана қаласының салалар бойынша шығыстары
2011 жылғы бекітілген бюджет 2011 жылғы нақтыланған бюджет
Анықтама:
2012-2013 жылдарға арналған жергілікті бюджет шығыстарының үлесі салалар бойынша 2011 жылғы бекітілген бюджет деңгейінде жоспарланады.
2011-2013 жылғы жергілікті бюджет шығыстары Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларынан туындайтын іс-шараларды іске асыруға бағытталған.
2-кесте
«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV Заңымен қабылданған 2010-2013 жылдардағы негізгі әлеуметтік көрсеткіштер
Көрсеткіштер
|
2010 жылдың 01.01.бастап
|
2010 жылдың 1.04. бастап
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
Өмір сүру минимум
|
14 952
|
14 952
|
15 999
|
17 119
|
18 317
|
Зейнетақының ең төмен мөлшері
|
12 344
|
12 344
|
16 047
|
17 491
|
19 066
|
Базалық зейнетақы
|
5 981
|
5 981
|
8 000
|
8 560
|
9 159
|
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың зейнетақының орташа мөлшері
|
21 500
|
21 500
|
28 205
|
31 770
|
33 709
|
Жалақының ең төмен мөлшері
|
14 952
|
14 952
|
15 999
|
17 119
|
18 317
|
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК)
|
1 413
|
1 413
|
1 512
|
1 618
|
1 731
|
Мұғалімдердің орташа жалақысы*
|
44 130
|
55 163
|
71 712
|
71 712
|
71 712
|
Дәрігерлердің орташа жалақысы (еңбекақыны сараланған төлеудің есебімен)
|
53 012
|
66 265
|
86 145
|
86 145
|
86 145
|
*педагогикалық қызметкерлерге біліктілік санат үшін үстеменің есебінсіз
Жергілікті бюджеттің әлеуметтік салаға шығыстары
Астана қаласының бюджеті бағдарланған болып табылады. Астана қаласының нақтыланған бюджетінде 2011 жылдың 18 қарашасы жағдайына Астана қаласының жалпы бюджет мөлшерінің (342 209,9 млн.теңге) 26% (немесе 88 337,1 млн.теңге) әлеуметтік салаға бағытталған.
Астана қаласының 2011 жылғы бюджет шығыстарында 2011 жылы бюджет саласы қызметкерлері жалақысының 30% ұлғаюы, инфляция коэффициентінің 7% қолданылуы қарастырылды.
Еңбекақыны төлеуге арналған шығысты есептеген кезде «Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы басшылыққа алынды.
әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға:
млн.теңге
Атауы
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
әлеуметтік қамтамасыз ету саласына арналған бекітілген бюджет
|
4 793,6
|
4 089,6
|
4 351,4
|
О.і. әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін салуға және қайта жаңартуға
|
67,0
|
0
|
0
|
әлеуметтік қамтамасыз ету саласына арналған нақтыланған бюджет
|
5 199,7
|
4 089,6
|
4 351,4
|
О.і. әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін салуға және қайта жаңартуға
|
34,0
|
0
|
0
|
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша:
- жалғыз басты қарттар мен мүгедектерді, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды елорданың медициналық-әлеуметтік мекемелерінде әлеуметтік оңалту. Медициналық-әлеуметтік мекемелер қызметінің негізгі бағыттары – зейнеткерлерге, мүгедектерге, біреудің күтіміне мұқтаж мүгедектерге, мүмкіндіктері шектеулі балаларға қажеті әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету, мүгедектерді әлеуметтік-тұрмыстық және еңбек оңалтуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру, үйге жақын қолайлы өмір сүру жағдайын құру, әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсету, мемлекеттік әлеуметтік, медициналық, консультативтік және өзге де көмек көрсету;
- еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту, халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайту және жұмыссыздықты қысқарту мақсатында Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде шаралар кешені іске асырылуда;
- атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі көрсетіледі, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы беріледі;
- мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетіледі;
- қала бюджетінен жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің 20 түрінен артығы көрсетіледі. әлеуметтік көмек тегін қызметтер түрінде (тісті протездеу, санаторлық-емханалық емдеу, мүгедектерді тасымалдау, басылымдарға жазу), ақшалай төлемдер нысанында (қатты отын сатып алуға, мерекелік және мерейтой күндеріне, ЖОО оқу үшін төлеуге жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне; ерекше мәртебеге ие адамдарға; қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға жәрдемақылар) және қалалық жолаушылар көлігі бағдарларында жолақы төлемінен босату түрінде көрсетіледі.
Білімге:
млн.теңге
Атауы
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
Білім саласына арналған бекітілген бюджет
|
27 451,2
|
38 444,9
|
22 609,5
|
О.і. білім объектілерін салуға және қайта жаңартуға
|
8396,4
|
9796,8
|
645,8
|
Білім саласына арналған нақтыланған бюджет
|
29 208,1
|
38 444,9
|
22 609,5
|
О.і. білім объектілерін салуға және қайта жаңартуға
|
7 468,8
|
9796,8
|
645,8
|
Астана қаласының Білім басқармасы бойынша 2011-2013 жылдарға арналған бюджет мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеумен және оқытумен қамтуға, сапалы мектеп білімін қамтамасыз етуге, түзету мектептерінде балаларды арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтуға бағытталған. Елордада сапалы білімді қамтамасыз ету үшін педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру, білім беру объектілерін материалдық-техникалық жарақтандыру және күрделі, ағымдағы жөндеу шаралары қарастырылды. Сондай-ақ балалардың жеңілдікті санаттарына пайдалануға оқулықтар беру және жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптар оқушыларын тегін тамақтандыру қарастырылды.
Бұдан басқа, жасөпірімдер арасында құқық бұзушылықты, нашақорлық пен алкоголизмді төмендету іс-шараларын іске асыру мақсатында бюджетте балаларға қосымша білім беруге қаражат қарастырылды, ол балаларды балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерімен, спорт үйірмелерімен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, жетім-балаларды мамандандырылған білім ұйымдарында орналастурға қаражат қарастырылды. Смонымен қатар, жастар мен ересек халыққа кәсіптік білім алуы үшін жағдай жасауға қаражат қарастырылды.
Білім басқармасына ведомстволық бағынысты Астана қаласы ұйымдарының желісін: 60 бала бақша, 65 мектеп, 2 қазақ – түрік лицейі, 1 кешкі мектеп, 4 колледж, 7 кәсіби мектеп, 3 психологиялық – медициналық педагогикалық түзету орталығы, 2 сауықтыру орталығы, 1 балалар үйі, 1 кәмелет жасына толмағандарға арналған үй, 1 мектеп – интернаты, 1 дарынды балалар үшін мектеп, 1 отбасылық үлгідегі балалар ауылы, 1 кадрларды дайындау орталығы, 1 ақпараттандыру орталығы, 1 халықты бейімдеу орталығы құрайды және балаларды қосымша біліммен қамтуды 12 ұйым жүзеге асырады.
Денсаулық сақтауға:
млн.теңге
Атауы
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
Денсаулық сақтау саласына бекітілген бюджет
|
38 647,2
|
28 654,1
|
20 050,6
|
оның ішінде денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға
|
22 138,4
|
1 133,2
|
2 157,9
|
Денсаулық сақтау саласына нақтыланған бюджет
|
38 301,8
|
28 654,1
|
20 050,6
|
оның ішінде денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға
|
21 977,7
|
1 133,2
|
2 157,9
|
2011 жылға арналған денсаулық сақтау бойынша бюджет 16 868 954 мың теңге сомасында нақтыланды, оның ішінде күрделі шығыстарға 1 826 029 мың теңге.
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасына бағынысты медициналық ұйымдар желісін 23 медициналық ұйым құрайды, оның ішінде: 1845,25 кереуетке арналған 4 стационар, 11 амбултаторлық – емханалық ұйым (8 емхана, 1 «Демеу» отбасылық медицинаның оқу – практикалық орталығы, 1 ЖТҚС алдын алу және күрес орталығы, 1 «Стоматология» оқу – клиникалық орталығы), 1 қалалық шұғыл медициналық көмек көрсету станциясы, 5 өзге де ұйымдар және 2 білім беру медициналық ұйымы құрайды.
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің ұлғаюы:
- ана мен баланы қорғау қызметіне, сондай-ақ АМСК көрсетуге аса мән берілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауы;
- бекітілген нормативтерге және қызмет көрсетілетін халықтың санын ұлғайтуға сәйкес аумақтық учаскелерді (педиаторлық, терапевтік, акушерлік, фтизиаторлық) ірілендіру;
- 2011 жылдың мемлекеттік тапсырысының күтілетін орындалудан және халықтың өсуінен шыға отыра емделген аурулардың, дәрігерлердің барып тексерулерінің ұлғаюы;
- «Дәрі – дәрмек және бала мен емдік тағамдардың мамандандырылған өнімдері рецепт бойынша тегін берілетін амбулаторлық емдеу кезінде халықтың жеке санаттарының ауру түрлерінің тізбесін бекіту туралы» ҚР ДМ бұйрығына сәйкес Тізбеге халықтың жеке санатын емдеу үшін аса қажетті өмірлік маңызды қымбат препараттар енгізілу есебімен болды.
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсетуге бюджетті жоспарлау және есеп – айырысуларды құру кезінде Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерімен белгіленген қолданыстағы нормативтер, жоспарланған жылға арналған (динамикадағы соңғы бірнеше жылда денсаулық сақтау ұйымдары жұмыстарының көрсеткіштері негізінде анықталынған) және Қазақстан Республикасы бюджеті шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша болжамдық көрсеткіштер қолданылды.
Халыққа медициналық қызмет көрсетуге медициналық тапсырысты 693525 адам көлемінде орналастыру жоспарлануда, ол келесі тарифтерден тұрады: бекітілген тұрғынға адам басына шаққанда 265 теңге, кеңестік – диагностикалық көмек 190 теңгеден.
Штаттық лауазымдар медициналық ұйымдар мен олардың бөлімшелері жұмыстарының міндеттері мен көлемдері есебімен штаттық нормативтерге, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бекіткен бұйрықтарға сәйкес анықталынды.
Дәрі – дәрмектік шығындарды есептеу кезінде медикаменттерге, медицина құралдарына, медициналық мәндегі құралдарға, орау құралдарына, сондай-ақ реактивтерге және диагностикалық (зерттеу) қызметтерді жүргізу үшін қажетті шығыс материалдарына, дезинфекциялық құралдарға, рентген түсірілімдері үшін пленкаларға және т.б. шығыстар ескерілді.
Бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес көмек көрсететін ұйымдарда, күндізгі стационарда, үйдегі стационарда дәрі – дәрмекпен қамтамасыз ету Негізгі (өмірлік маңызды) дәрі – дәрмектер тізбесі негізінде осы ұйымның басшысы бекіткен дәрі – дәрмектік нысандарға сәйкес іске асырылады.
Мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістікке:
млн.теңге
Атауы
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
Мәдениет, спорт және туризм саласына бекітілген бюджет
|
25 480,9
|
22 864,3
|
6 271,7
|
оның ішінде мәдениет және спорт объектілерін салуға және қайта жаңартуға
|
19 313,3
|
17 031,4
|
180,3
|
Мәдениет, спорт және туризм саласына нақтыланған бюджет
|
15 627,5
|
22 864,3
|
6 271,7
|
оның ішінде мәдениет және спорт объектілерін салуға және қайта жаңартуға
|
3 971,3
|
17 031,4
|
180,3
|
Астана қаласының Мәдениет басқармасы бойынша 2011-2013 жылдарға арналған бюджет халықтың мәдени демалуын және ҚР орналасқан халықтың музыкалық өнерін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға, фестивальді, байқауларды, конкурстарды, жаңа жылдық іс-шараларды, мерейтойлық және естелік күндерін және басқа да мәдени – көпшілік іс-шараларды өткізуге бағытталды. Сондай-ақ, халықтың материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштерін жинауға және сақтауға, тарихи – мәдени мұраларды сақтауды қамтамасыз етуге, материалдық – техникалық базаны нығайтуға және театрландырылған ойын – сауық іс-шараларын, қойылымдарды, спекткальдерді, гастрольдерді ұйымдастыруға бағытталған. Сонымен бірге, жергілікті бюджет қаражаты оқырмандарды әдебиетке тартуға, кітапхана жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз етуге және дамытуға, кітап қорын қалыптастыруға және сақтауға бағытталған.
Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы бойынша 2011-2013 жылдарға арналған бюджет туристік саланы дамыту үшін жағдай жасауға, халықты жүйелі түрде дене тәрбиесі және көпшілік спортпен айналысуға тартуға, спорт резервін және халықаралық санаттағы спортшыларды дайындауға бағытталған.
Спортты дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары салауатты өмір салтын қалыптастыру, елордалық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру, спорт инфрақұрылымын дамыту, Астана қаласының қызмет көрсету және инфрақұрылым жүйесі дамыған халықаралық туристік орталық ретінде қалыптасуы болып табылады.
Астана қаласының спортшыларын дайындауға бөлінген қаржыландыру үздік қазақстандық спортшылардан тәжірибе ала және шеберлікке үйрете отыра еліміздің ұлттық құрамасымен бірге оқыту – жаттығу құрамына қатысуға мүмкіндік береді.
Халықтың белсенді демалысын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын бекіту үшін құрал ретінде дене тәрбиесін және спортты дамыту жөніндегі іс-шаралар, клубтарға олардың Қазақстан Республикасының чемпионаттарында, кубоктық матчтерде, спартакиадаларда және республикалық және халықаралық деңгейдегі өзге де жарыстарда жан-жақты көмек көрсету және қолдау көрсету өзекті болып табылады.
Маңызды түрде насихаттау факторының бірі 2011 жылдың 7 қысқы Азия ойындары болып табылды. Ойындар алдында Астана қаласына жоғары халықаралық стандарттарға жауап беретін әлемдік деңгейдегі спорт құралдарының қатары енгізілді. Республиканың өңірлері алдында басымды жаңа талаптарға сай спорт базаларының болуы әлеуметті топты спортпен шұғылдануға шақырады.
Астана қаласының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының
бастығы Ж.Ғ. Нұрпейісов
Бастықтың орынбасары Г.Т. Жүсіпова
Бюджеттік саясат бөлімінің бастығы М.Қ. Бекенова
Түсімдерді болжау бөлімінің бастығы Д.Н. Омарова
Достарыңызбен бөлісу: |