Жылдарға арналған



бет1/3
Дата13.06.2016
өлшемі348.5 Kb.
#131409
  1   2   3




«Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

2011-2015 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары
1. Миссия

Қарағанды облысындағы туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында салааралық, аймақ аралық үйлестіру мен тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету.
Көкжиек

Қарағанды облысының салауатты өмір салты қағидаларының тиімді механизмін және бәсекелестікке қабылетті туристік индустрияны құру.



2.Ағымдағы жағдайды талдау және туризм мен спорт салаларының даму тенденциясы
2009 жылы басқарма қызметі Қазақстан Республикасының туризм, дене шынықтыру және спорттың 2007-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын және Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорттың 2008-2011 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасын, сондай-ақ 2010-2014 жылдарға арналған ҚР ТСМ Стратегиялық жоспарын орындауға бағытталды.


  1. Стратегиялық бағыт. Қарағанды облысының қазіргі заманғы бәсекеге қабылетті туристік инфрақұрылымын құру.

Қызмет саласы немесе ретке келтірілетін салалар дамуының негізгі көрсеткіштері
Туризм саласы

Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдарға арналған туризмді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші жылының қорытындысы бойынша туристік қызмет көрсеткіштерінің тұрақты өсу тенденциясын сақтау бақыланады. Алайда, 2009 жылы туризм саласының даму динамикасы туризм индустриясы көрсеткіштерінің тұрақсыз өсуімен сипатталады. 2009 жылы Қарағанды облысында қызмет көрсетушілер саны 247,9 мың адамды құрады, ол 2008 жылмен салыстырғанда 3,7 % көп.

Туристік саладағы көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 2311,5 млн теңгені құрады және 25,3% төмендеді. 2009 жылы кіретін және ішкі туризмнің туристік ағыны азайды. Осы бағыттағы келушілер саны тиісінше 19,1 % және 24,7% азайды. Елімізде саяхат жасайтын туристердің белсенділігі керісінше ұлғайды және сондықтан қаралған мерзімде ішкі туризмнің туристік ағыны өткен жылдармен салыстырғанда 8,4% ұлғайды (2008 жылы-201,2 мың адам, 2009 жылы-218,1 мың адам).

2009 жылы туристік қызметпен шұғылданатын 76 туристік фирма мен 7 жеке кәсіпкер 17,1 мың келушілерге қызмет көрсетті. Туристік жолдамалар 791,1 млн теңгеге сатылды, салыстырмалы бағада 2008 жылмен салыстырғанда 36 % төмен.

Есепті жылда 3053 нөмірлі орналастыру нысандарында 231 мың адамға және 2162,6 млн теңгеге қызмет көрсетілген.

2009 жылы туристік индустрия субьектілерінің туристік қызметінің табысы толығымен 46922,9 млн теңгені құрады.
Негізгі проблемаларға талдау

Сонымен қатар, бәсекеге қабылетті туристік индустрияны құру – алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін шешілетін бірқатар проблемалар бар:

1. Туристік және көліктік инфрақұрылымдардың жеткіліксіз дамуы:

- орналастыру нысандарының материалдық базасы, оған қонақ үйлер, пансионаттар, үйлер және демалыс базалары, сондай-ақ санаториялық курорттық мекеме материалдық-техникалық базаларының дамымағандығымен, құнының қымбаттауымен, туристік өнімдер сапасының және туристік нысандардағы сервистік қызметтің төмендегімен сипатталады. Бүгінгі күні туризм масштабы, туристер үшін тұратын орнына сұраныс пен сапасының түрлері халықаралық талаптарға сәйкес келмейді;

- көркемдік ландшафтар, тартымды және бағалы экскурсиялық нысандарға автомобильдік жолдардың нашар жағдайы, қорытындысында аймақтың көптеген обьектілері ішкі бұқаралық көп күндік туризм үшін қол жетпеуі;

- шалғай аудандарда шұғыл жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсету және желістің өтуіне бақылау жасау үшін сенімді ұялы байланыс құралы мен мүмкіншілігінің болмауы;

- авиа және теміржол жолаушылар тасымалдау географиясының шектеулігі, ішкі және сыртқа шығатын туристердің топпен баруы үшін көліктің барлық түрлеріне жолақы билеттеріне жеңілдік пен жеңілдік жүйесінің болмауынан аймақтағы көптеген нысандарға қол жетпеуі.
2. Туристердің демалатын орындарында сервис деңгейінің төмендігі

- Қарағанды облысының тарихи-мәдени орындары бойынша туристік желістерді жылжыту және насихаттаудың нашарлығы;

- облыста экологиялық және ауылдық туризмді дамыту үшін алыстағы аймақтарда жергілікті тұрғындар санынан білікті қызмет көрсететін қызметкерлердің болмауы (гид-аудармашылар, экскурсоводшылар, орналастыру орындарындағы қызмет көрсететін қызметкерлер-қонақ және аңшылар үйлері, кемпингтер);

- жол бойындағы инфрақұрылымдар нысандары сервисінің сапасы мен санының жетіспеушілігі.
3. Шетелде аймақты білу төмендігі

Облыста шығатын туризм дамыған, осыған байланысты шетелді аймақтың туристік өнімдерімен таныстыру бойынша іс шараларды белсендіру және тұрақтандыру қажеттілігі туындайды.
Ішкі және сыртқы факторлардың бағасы

Республикалық туристік рынокта облыстың бәсекеге қабылетті туризмін құру кезінде еліміздің туризмін тұрақты дамыту үшін жағдай жасау мен сапалы туристік қызмет көрсетуге өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру, тұрғындардың қамтылуын ұлғайту және өмір сүру деңгейін арттыру үшін отандық туристік рыноктың дамуы жеткіліксіз.

Туристік саланың дамуына негізінен сыртқы факторлар әсер етеді, оның ішінде әлемдік экономиканы, құқықтық реттеудің еліміздің ішінде сияқты шетелдеде экономикалық және саяси жағдай және т.б.

Бүгінгі күні туристік саланы дамыту үшін «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалық –инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негіз болып табылады (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы) (бұдан былай- ҮИИДМБ).

ҮИИДМБ аясында Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған болашағы бар туристік бағыттарды дамытудың салалық бағдарламасы жасалды (Үкміеттің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1048 қаулысы).

Мәслихаттың 2009 жылғы 12 желтоқсандағы ХХІ сессиясының № 264 шешімімен Қарағанды облысының 2010-2011 жылдарға арналған туризмді дамытудың шебер жоспары жасалып,бекітілген.

Сондай-ақ саланы дамытуға ішкі факторлар да әсер етеді, оған кадрлық саясат жатады (кадрларды даярлау және қайта даярлау, біліктілігін арттыру, жұмысты ұйымдастыру), отандық туристік өнімнің кәсіби маркетингі.

Бүгінгі күні туристік салаға кадрларды дайындауды жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі техникалық және кәсіби білім мекемелері жүзеге асырады. Облыста туризм саласының мамандарын 3 жоғары оқу орны дайындайды, 2009 жылы 74 маман дайындалды. Шетелдерден туристерді тарту бойынша туроператорлардың жұмысын күшейту қажет, ол шығатын туристік лептің тұрақтылығын қамтамасыз етіп ғана қоймай, облыстың туристік саласының табысын арттырады.

2. Стратегиялық бағыт. Қазақстан және халықаралық аренада облыс спортшыларының бәсекеге қабылеттігін арттыру және тұрғындардың дене тәрбиесі жүйесін модернизациялау

Қызмет немесе ретке келтірілетін салалар дамуының негізгі көрсеткіштері

Спорт саласында

Қарағанды облысында бүгінгі күні 45 спорт мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде 42 БЖСМ және ОРМБЖСМ, сондай-ақ ОЖСШМ, Ә.Молдағұлова атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, «Олимпиадалық резервті даярлау орталығы»ҚМКК, «Олимпиадалық резервті даярлау орталығы» ҚМКК, Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі. Сондай-ақ облыста Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жеке спорт мектебі жұмыс жасайды. 19578 бала мен жасөспірімдер шұғылданатын 121 жасөспірімдер клубы, сондай-ақ 46 дене шынықтыру-сауықтыру және 14 кәсіби клуб жұмыс жасайды. 2533 спорт ғимараты бар (912 ауылдық жерлерде). Оның ішінде 6 спорт сарайы, 25 стадион, 12 спорт кешені, 1 оқу-жаттығу орталығының құрама командасы, 44 спорт кешендері, 8 спорт манежі, 22 жүзу бассейні (17 жабық, 5-ашық), 659 спорт залы, 83 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 132 ату тирлері, бір ату орны, 2 яхт клуб, 39 теннис және 64 хоккей корттары, 261 қосалқы салынған спорт залдары бар. Сондай-ақ қарапайым спорт ғимараттарының 1177 бірлігі бар (алаңдар, алаңқайлар, жолдар). Осы құрылымдарға кіретіндер саны 733340 адамды құрайды, оның ішінде ауылдық жерлерде 19400 адам. Ағымдағы жылы облыс әкімінің бағдарламасы бойынша 19 кәсіби корт орнатылған және 2014 жылға дейін 114 корт орнатылатын болады. Сондай-ақ 2010 жылы Қарағанды қаласында «Мұз сарайы», «Теннис орталығы» және «Бокс орталығының» құрылысы басталды, құрылыс барлық халықаралық стандартқа сәйкес келеді.

Облыста спорттың 61 түрі дамыған (2008 жылы-57 түрі), оның 31-спортың олимпиадалық түріне жатады.



«Жол картасы» бағдарламасына сәйкес, 2009 жылы 14 спорт обьектісі 441 млн теңгеге жөнделді. Облыстық бюджет қаржысы есебінен 163,3 млн.тенгеге 8 спорт мектебіне күрделі жөндеу жүргізілді

2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 11 спорт нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 5 ауылдық аудандарда 1,2 млрд теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл сайын спорт мектептерін материалдық-техникалық жабдықтау үшін қаржы бөлінеді. 2008 жылы 57 млн теңге бөлінсе, 2009 жылы -71,1 млн теңге бөлінген.

2008 жылы 355 спорт іс-шарасы өткізіліп, оған 14800 адам қатысса, 2009 жылы 478 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 17 335 адам қатысты. 88 облыстық, 64 республикалық жарыс өткізілді, оның 22 Қазақстан Республикасының Чемпионаты.

2008-2009 жылдары облыс спортшылары әлем чемпионаттарында 15 медальды жеңіп алды, оның 5 алтын, Азия чемпионаттарында 45 медаль, оның 10 алтын. 2008 жылы облыс спортшылары 5 233 медальды иеленсе, оның 1646-алтын, 2009 жылы -6262 медаль, оның 2152 алтын. 2009 жылы әлем чемпионаттарында жеңіп алған медальдар бойынша Қарағанды облысы еліміздің 16 өңірі бойынша 1 орынды иеленген.

2009 жылы облыстың 797 спортшысы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының құрамына енді. 2009 жылы «Халықаралық топтағы спорт шебері» атағы 18 спортшыға берілді (2008 жылы-16 ), Қазақстан Республикасының спорт шеберіне 74 спортшы ұсынылды (2008 жылы-121).



Спорт және тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында 2953 маман жұмыс жасайды, оның 90,4 % жоғары дене шынықтыру білімі бар

2009 жылы жұмыс істейтін 569 жалпы білім беретін мектептің 518 (90,3%), мектебі аптасына дене шынықтыру сабақтарын үш реттен беруге ауысса, 242 мектеп бөліп оқытуға көшті.



Спорттың шаңғы түрімен шұғылданатын облыс тұрғындарының қамтылуы 3522 адамды құрайды. Шаңғы жарысы Қарағанды қаласында және Қарқаралы, Осакаров, Нұра, Абай аудандарында дамыған, бұл аудандарда 317 спортшы шұғылданады. ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы спорттың қысқы түрі бойынша ОБЖСМ балансында оқу-жаттығу үрдісін ұйымдастыруға жағдай жасалған 2 шаңғы базасы бар. Облыстың жалпы білім беретін 83 мектебінде шаңғы жабдықтарын сақтайтын пунктер бар. Белгіленген шаңғыроллерлері мен шаңғы жолдары жоқ.

Облыс бойынша мүгедектердің жалпы саны 49316 адамды құрайды, оның ішінде спортпен шұғылдануға кедергі келмейтін 25 139 адам бар. Спортпен шұғылданатын мүгедектер саны 2010 жылы 2388 адамды құрады. Спорт жұмыстары үш бағыт бойынша жүргізіледі:

- спорттың қол жетімділік түрі бойынша 9 қала мен 9 ауылдық аудандарда мүмкіншілігі шектеулі тұлғалар арасындағы спорттық бұқаралық жұмыс. Облыстағы мүгедектер арасындағы жарыстарды ұйымдастыру және өткізу бойынша мониторингке сәйкес, 2010 жылы 362 спорттық-бұқаралық іс шара өткізілді, ол 2009 жылмен салыстырғанда 247 іс-шараға көп. Мүгедектер арасындағы бұқаралық- дене шынықтыру және спорт жұмыстары Теміртау және Қарағанды қалаларында дамыған, жыл сайын түрлі спорт түрлері бойынша мүгедектер арасында спартакиада өткізіледі.

- ақыл ойы шектелген тұлғалар арасында бұқаралық- спорттық жұмыстар спорттың 12 түрі бойынша облыстың 13 түзету мекемелерінде жүргізіледі. 2007 жылдың қаңтар айынан бастап Қарағанды облысының Қазақстан Спешиал Олимпикс (ҚСО) филиалы өз жұмысын қайтадан бастады. ҚСО шұғылданушылар саны-1734 адам.

- үшінші – мектептің оқытушы-жаттықтырушылар ұжымы жұмыс істейтін жоғары спорт жетістігі бағыты.Мүгедектер спорты бойынша мектеп мүмкіншілігі шектеулі Қазақстан Республикасы азаматтарының спортпен шұғылдануы үшін Қарағанды облысындағы жалғыс спорт мекемесі болып табылады. Мүгедектер спорты бойынша ОСМ ММ түрлі ауру санатындағы мүгедектердің шұғылдануы үшін маңызды 7 спорт түрі дамуда. Біліктілігі жоғары деңгейдегі 17 оқытушы-жаттықтырушылар жұмыс істейді.

Негізгі проблемаларды талдау

Спорт нысандарының материалдық-техникалық жағдайын жақсартудың оң теңденциясымен қатар бұқаралық спортты және олимпиадалық спорт түрлерін дамытуда проблемалар бар:

  1. Материалдық-техникалық базаның және спорт инфрақұрылымдарының төменгі деңгейі:

1) облыстың жетекші спортшыларының материалдық қамтамасыз етілуі жеткіліксіз;

2) жаттықтырушылар мен оқытушылар штаты бірліктерінің жеткіліксіз саны (2010 жылы -19 адам қажеттілігі)

3) ауылдағы спортты дамыту проблемасы өте қиын жағдайда, ол ең алдымен материалдық-техникалық базаның болмауынан. Ауылдық жерлердегі бар 243 спорт залдың 201 жалпы білім беретін мектептерде орналасқан және оқу сабақтарын жүргізу үшін пайдаланылады.

Мекемелерде, оқу орындарында, тұрғындардың мекенжайлары бойынша және бұқаралық демалатын орындарда спорт ғимараттары, санитарлық мүліктері мен жабдықтарының жеткіліксіздігі сезіледі.

Көптеген қолданыстағы спорт ғимараттары оқу-жаттығу үрдістері мен жарыстарды жүргізу тәртібіне, халықаралық регламенттер, жетілген техникалық пайдаланудың нормативтері мен талаптарына сәйкес келмейді.

4) Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі спорт мүліктерімен жеткілікті қамтамасыз етілмеген.

2. Бұқаралық спорттың нашар дамуы.

Осы уақытқа дейін салалық спорт клубтарын құру мәселесі шешілмеуде. Әсіресе ауылдағы спортты дамыту проблемасы қиын. Сондай-ақ азаматтардың өздерінің дене шынықтыру және спортпен тұрақты шұғылдануға белсене қатыспайтыны проблема болып қалуда.

3.Қазіргі талаптарға жауап беретін спорттың ғылыми базасының болмауы, білікті мамандардың тапшылығы

1) спорт саласы білікті кадрларлардың жетіспеушілігін сезінуде.

2) ауылдық жерлерде спорт бойынша әдіскер жоқ

3) спорт ғимараттарының техникалық пайдалану мамандары жоқ, жоғары оқу орындары түлектерінің дайындық деңгейі қазіргі заман талаптарына жауап бермейді.
Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Облыс ішіндегі жағдайды бағалау саланың материалдық-техникалық базасын дамыту мен нығайтуға, нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге мүмкідік береітн халықаралық аренада қарағанды спортшыларының бәсекеге қабылеттігін арттыру үшін жоғарғы спорт жетістіктерін дамыту және тұрғындардың дене тәрбиесі жүйесін жетілдіру туралы куәландырады.

Қолдағы бар факторлық жағдайды талдау дене шынықтыру мен спортты танымал ету, жоғары топтағы спортшылар мен спорт резервін дайындау, мүмкіншілігі шектеулі адамдар арасында дене шынықтыру және спортты, тұрғындар арасындағы дене шынықтыру—бұқаралық қозғалысты, жоғарғы оқу орындарындағы студенттер мен оқушылардың дене тәрбиесін, мектеп жасына дейінгі және мектеп оқушыларының дене тәрбиесін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау туралы куәландырады.

Дене шынықтыру және спортты дамыту жағдайына бірқатар ішкі факторлар әсер етеді, негізінен жаһанданумен байланысты әлеуметтік-экономикалық факторлар. Ішкі факторларды қарағанда келесі негізгі аспектілер бөлінеді: спорт ғимараттарының шектеулігі мен спорт орталықтарының бос уақытын қамтамасыз етуге арналған жоғары бағасымен ерекшеленеді Балалар, жасөспірімдер және тұрғындар арасында спорт пен дене шынықтыруды насихаттау жеткілікті жүргізілмейді.



3 бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері



1. Стратегиялық бағыт. 1. Қарағанды облысының қазіргі заманғы бәсекеге қабылетті туристік инфрақұрылымын құру




    1. мақсат Бәсекеге қабылетті туристік индустрияны құру

013, 001 мақсаттарына қол жеткізуге арналған бюджет бағдарламасының коды




Мақсатты индикатор



Ақпарат көзі








Өлшем бірлігі

2009 жыл

(есеп)


2010 жыл

(жоспар)

2011 жыл

2012жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл




Туристік қызмет саласында қызмет көрсететін мекемелердің табыс жиынтығын ұлғайту, 2015 жылы 2008 жыл деңгейімен салыстырғанда 15 % ұлғайып, 2871,6 млн теңгені құрайды.

Статистикалық мәлімет


%

2,5

3,3

4,7

7,5

9,5

12

15




Задача 1.1.1 Туристік инфрақұрылымдарды дамытуды қамтамасыз ету






Ақпарат көзі


Өлшем бірлігі

2009 жыл

(есеп)


Жоспарлы мерзім




2010 жыл

(жоспар)

2011 жыл

2012жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл




1. Қонақ үйлерінің жаңадан құрылған жүйелерінің санын ұлғайту

Ресми мәлімет


бірлік

8

9

11

13

15

17

19




2.Туризм инфрақұрылымдарының жаңадан құрылған нысандарының санын ұлғайту

Ресми мәлімет



бірлік

-

-

1

1

2

2

3




3.Кіретін туризм көлемін ұлғайту

( 2008 жылы - 23,8 мың. адам)



Статистикалық мәлімет


мың.теңге

19,2

28,8

31,7

34,9

38,3

42,1

46,3




4.Ішкі туризм көлемін ұлғайту

( 2008 жылы - 201,2 мың адам)



Статистикалық мәлімет


мың.теңге

218,1

252,4

282,7

316,6

354,6

397,2

444,8




5. Туристік қызметті жылына 10%ұлғайту

(млн.теңге) және



2015 жылы 247,565 млн.теңгені құрайды

Статистикалық мәлімет


%

139,7

153,7

169,1

186,0

204,6

225,1

247,6




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін іс-шаралар


Жоспарлы мерзімдегі орындалу мерзімі




2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.




"Балқаш-Нурсая" халықаралық сауықтыру-туристік орталығының құрылысы













Х




Ұлытау ауданындағы туризм инфрақұрылымдары нысандарының құрылысы

Х

Х

Х










«Hot Line» туристерге ақпараттық көмек көрсететін Call-орталығын құру

Х

Х

Х

Х

Х




Кийіз үйлерді дайындайтын кәсіпорындарды (цехтарды) қалпына келтіру бойынша ұсыныстар енгізу




Х

Х










2* и 3* туркластты қонақ үйлерінің жүйесін дамыту және «2020 бизнесінің жол картасы» аясында аймақтарда іріктеу және қаржыландыру

Х

Х

Х

Х

Х




Экологиялық туризмді танымал ету жолымен экотуризмді дамыту үрдісінде жергілікті қоғамдастықты тартуды қамтамасыз ету

Х

Х

Х

Х

Х




Қонақ үйлерінің жүйелерін құру және дамыту:

Қонақ үйлерінің құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды іріктеу


Қонақ үйлердің құрылысы бойынша іріктелген инвестициялық жобаларды Аймақтық Үйлестіру штабының қарауы

Х

Х

Х

Х

Х




Экотуризмді ұйымдастыру кезінде экологиялық таза көлікті және қонақ үйлерін құрған кезде альтернативті энергия көзін пайдалануға жәрдемдесу

Х

Х

Х

Х

Х




Туристік ақпараттық орталықтарды құру




Х













Задача 1.1.2 Халықаралық және ішкі рынокта облыстың туристік беделін арттыру




Тікелей нәтижелер көрсеткіші


Ақпарат көзі


Өлшем бірлігі

2009 жыл

(есеп)


Жоспарлы мерзім




2010 жыл

(жоспар)

2011 жыл

(жоспар)

2012 жыл

(жоспар)

2013жыл

(жоспар)

2014жыл

(жоспар)

2015 жыл

(жоспар)




1.Облыс қатысатын шетелдердегі халықаралық туристік іс-шаралардың саны (көрмелер, жәрмеңкелер, биржалар және т.б. бірлік)

Ресми мәліметтер


бірлік

-

-

7

8

8

8

8




2. Облыс қатысатын республика аумағындағы көрмелер мен жәрмеңкелер саны, бірлік

Ресми мәліметтер


бірлік

2

3

5

6

6

6

6




3. Облыстың туристік әлеуеті туралы жарнамалық ақпараттық өнімдердің саны (баспа өнімдері), бірлік.

Ресми мәліметтер


бірлік

1500

аса


2000

аса


6000

аса


7000

аса


8000

аса


8000

аса


8000

аса





Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін іс-шаралар


Жоспарлы мерзімдегі орындалу мерзімі




2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.




Халықаралық туристік іс-шараларға қатысу, республика аумағында өтетін жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысу және өткізу,

Х

Х

Х

Х

Х




Ішкі туризм бойынша іс-шараларды өткізу және қатысу (туристердің слеты)

Х

Х

Х

Х

Х




Облыстың БАҚ туризмнің дамуын насихаттау, ақпараттық роликтердің саны

Х

Х

Х

Х

Х




Оқу орындарында «Туризм күні» сыныптық сағатын өткізу

Х

Х

Х

Х

Х




Астана қаласына ЖОО ең үздік студенттерінің туристік баруын ұйымдастыру

Х

Х

Х

Х

Х




www.visitkazakhstan.kz веб-сайтының толтырылуын қамтамасыз ету








































1.1.3 міндет Кадр ресурстарын жетілдіру





Тікелей нәтижелер көрсеткіші


Ақпарат көздері


Өлшем бірлігі

2009 жыл

(есеп)


Жоспарлы мерзім




2010 жыл

(жоспар)

2011 жыл

(жоспар)

2012 жыл

2013 жыл

2014

жыл


2015

жыл





Туристік индустрияның сетификаты бар мамандарының санын ұлғайту

Ресми мәліметтер

адам

-

100

150

180

200

210

230




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін іс-шаралар


Жоспарлы мерзімдегі орындалу мерзімі




2011 ж.

2011 ж.

2011 ж.

2011 ж.

2015 г.




Көрсететін қызметтерді жетілдіру бойынша туристік мекемелер үшін мастер класстар, семинар-тренингтер өткізу

Х

Х

Х

Х

Х




Гид –экскурсоводтарды дайындау бойынша курстарды ұйымдастыру







Х

Х

Х




2.Стратегиялық бағыт.


2.1.мақсаты Қазақстан және халықаралық аренада облыс спортшыларының бәсекеге қабылеттігін арттыру және тұрғындардың дене тәрбиесі жүйесін модернизациялау

001, 003, 004, 006, 007 мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар кодтары


Мақсатты индикатор


Ақпарат көздері


Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 ж (есеп)

2010 ж (ағымдағы жоспары)

2011ж.

2012 ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж





2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындардың үлесін ұлғайту (2009 ж. – 24,7) қарағанда 2013 жылы - 27%, 2015 жылы 29% дейін ұлғайту

Статистика

лық мәлімет




%

24,7

25

25,5

26

27

28

29


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет