Кiлегейлi қабықтың iшкi қабаттары (iшкi эпителий, ортаңғы дәнекер, етті) азық жылжуын оңайлататын сөл, шырын бөлетiн бездерге бай. Тез бұзылады. Өңдеу кезiнде бұл қабатты бөлiп тастау жалпы iшектiң микробтармен ластануын азайтады. Жалпы iшек құрамында 10 % дейiн нәруыз, 1-2 % май, 1% шамасында минералды тұздар, экстративтi заттар, дәрумендер, ферменттер бар. Iшектiң сапалық көрсеткiштерiне оның - серпiмдiлiгi, мықтылығы, созылу және жиырылуға бейiмдiлiгi, газ өткiзгiштiгi, зиянсыздығы және қорытқыш қасиеттерi жатады.

Iшек әр түрлi ферменттер және микробтарға өте бай. Сондықтан, оны жедел өңдемесе тез бұзылады. Сойылған мал iшiнен тез алынбаған (30 мин артық) iшек қарайып кетедi, майы тоңазып оны ажырату қиындайды, ал 2-3 сағаттан кейiн бұзыла бастайды. Сондықтан, малды сою барысында iшектi тез айырып алып өңдейдi және консервiлейдi. Iшектi өңдеудiң екi түрi бар: жартылай және толық. Қасапхана жағдайларында iшек жуылғаннан кейiн тұздап, ет комбинаттарына жiберiледi (жартылай өңдеу). Шұжық дайындау бөлiмдерi бар, құрал-жабдықтары сай, ет өңдеу кәсiпорындарында iшек толық өңделуден өтедi.
Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет !!!

http://melimde.com
Достарыңызбен бөлісу: |