Жилкубаева А. Ш. ф.ғ. д



бет3/5
Дата25.04.2022
өлшемі108 Kb.
#456763
1   2   3   4   5
Сапанова, Жилкубаева, Амангелди

Қарабайыр қазанат,
Қалбыр өкпе, жез тірсек
Ат жүйрігін алалық (Манас, 293).
Ш. Жанәбілов жылқының барлық түріне ортақ атаулар: тақымға басқан ат, қырсау, керден (керенау), барлыққан, тісеген, су жалды, сабылған, соқтыққан, жонды, тік жонды, ешкі бас, қой басты, қайшы құлақ, мәстек құлақ, маймақ, тарпаң, қызба, қоңылтақ, қоңторғай, шырсыз, қолау, жабық жалды, су жалды, қатпа, көкбақа, зорыққан жылқы сәйгүлік ат, тұлпар, оқ жетпес, ер арқа жылқы деп бөлсе, жылқы үйіріне байланысты атауларды: биелер, ат-айғырлар, бойдақ жылқылар деп бір, биелерді құлынды, қысырақтар, ал ат-айғырларды айғырлар, саяқтар деп өзара бөледі. Бие атауларын ары қарай буаз, құлынды, тайлы, мес, тел, сақа, сақа қулық, үлкен қулық, қасабалы, асау, шарланған, бошалауық, құт, құнды, құртық бие деп топтаған жайлы өз еңбегінде толық қарастырған деп жазады А. Амангелді [4, 9-10 ].
Этнограф А.У. Тоқтабай тарихи деректер бойынша қазақтың қазір генефондысы жоғалып кеткен: арғымақ, қазанат, қарабайыр, қазмойын, сауран сойы, шекті, найман-қарабайыр т.б. жылқыларының аталық жағы араб, түрікмен, ферғана арғымақтары болғаны жайлы сөз етеді.
Қызылорда халқының жергілікті тіл ерекшелігінде бөрі құлақ деген атау ұшырасады. Ондай атау құлағы бөрінің құлағына ұқсас жылқы малына тән. Сондай-ақ аталмыш аймақта бір адамнан басқаға саудырмайтын сүтті биені бір көнек деп атау да қолданыста бар [3,198]. Ұзын сирақты, бұты терең жылқыны дере аяқ дейді. Бәйгеге салғанда дере аяқ жылқыдан көп үміт күтуге болады [2, 224]. Мысалы: Басының пішініне қарай: Тәует бас, Шал бас, Бөкен бас, Құлан бас, Қу бас, Үйрек бас, Сүйрік бас, Ұзын бас, Қысқа бас, Доғал бас, Ешкі бас, Бұлан бас, Түйме бас, Дорба бас, Қоян бас, Бақа бас, Орақ бас және т.б. 20-дан аса сынға бөлінеді. «Өстіп, аттың барлық мүшелерінің, сынына байланысты сөздерді жинағанда 200-ге жуық сөз болды, мұндай зерттелу әдісі қазақты қойып, жалпы жылқы тану ғылымында болмаған» дейді ғалым [6].
ХІХ ғасырдың аяғында Торғай облысының мал дәрігерлері болып істеген М. Преображенский, А. Добромыслов қазақтың жылқы түстеріне байланысты сөздердің көптігі сонша, орыс, еуропалық тілге аудару мүмкін еместігін айта келіп, арнайы зерттеу қажеттігін сөз еткен. Жылқы түстерінің шығу тегін, неліктен алуан түрлі болып бөлінетінін алғаш тексерген Ч. Дарвин. Ұлы ғалымның пайымдауынша, үй жылқылары ілкіде бір-ақ түстен қара жолағы бар қызыл (көк – А.Т.) торы жылқылардан тараған. Бұл пікірдің дұрыстығын қазіргі күнге дейін жылқыларда жиі кездесетін құйрығынан бастап мойнына дейін бүкіл арқасында созылып жатқан қара жолақтар, аяғында кездесетін жолақтар, сирек болса да мойнында, басына таяу шығатын жолақтар –– атавизмнің жұрнақтары екенін дәлелдейді [6,34].
Этнограф А. Тоқтабай жылқы түстерін баран топ, қылаң топ деп екіге бөліп, баранға: торы, шабдар, жирен, күрең, кер, қара, қоңыр түстерді, қылаңға: көк (ақ), сары, бөрте, құла, шұбар, бурыл, ала түстерді жатқызады. «Көптеген жылдар бойы жылқы түстерін жинап, жүйелеген кезде аңғарғанымыз – ең көп кездесетін түс көк (ақ) – 49, құла – 35, торы – 28 болып шықты, аз кездесетіндері бөрте – 7, күрең – 9, шабдар – 10, бурыл – 16, мұндай түсті жылқылар аз кездеседі, жылқының түсіне, түгіне байланысты 358 сөз дана әлемде ешбір елдің сөз қорында жоқ құбылыс – деп, қорытынды жасауға болатына көз жеткізген». Сирек кездесетін шұбар, ақбоз, қаракөк т.б. жылқылар екі ел арасындағы тарту-таралғыға тартылған, дипломатиялық келіссөздерде маңызды болған. «Қазақтардың Цин императоры Цяньлунге сәйгүлік сыйлауы» атты суретті 1758 жылы Итальян суретшісі Джузепе Кастильони салғаны белгілі. Ең бір қызығы осы оқиға қазақ фольклорында сақталған.
Ақболат онан кейін – күші мықты,
Жан екен жаны жомарт, кісілікті,
Мәмбінің екі басты атын сыйлап,
Шянлуңды шалқадан түсіріпті.
Жырдағы «екі басты жылқы» деп отырғаны маңдайының қақ ортасынан құйрығына, шабынан бастап иегіне дейін бір жағы ақ, екінші жағы қап-қара түсті жылқы болған. Сонда бір жағынан қараса ақбоз, екінші жағынан қараса қарагер болып көрінген. Қазақ мұндай жылқыны «нысаналы жылқы» дейді. Император Шянлуңның (Цянлун – А.Т.) таңданғанынан шалқасынан түстіріпті» – деп отырғаны осы. Сөйтіп мұндай нысаналы атты қазақ делегациясы Қытай императорына сыйлаған оқиға сурет болып сақталып, жыр болып жырланып бізге біздің заманымызға жетіп отыр, – дейді тарихшы-этнограф [6,34].
С. Қондыбай да ат түстерінің (шұбар ат, кер ат, құла ат, күрең ат, жирен ат, торы ат, көк ат, тарлан ат, бурыл ат, теңбіл ат, боз қоңыр ат, боз сары ат, қара ат, боз ат немесе қылаң ат) тізімін бере келе «аталған түстер, әрине, толық тізім емес» деп ескертеді.
Белгілі зерттеуші Ж. Бабалықұлы жылқы түстерінің бір мыңға жақын болатынын анықтаған. Этнограф Х. Арғынбаев жылқының түсі дәстүрлі 4 топқа бөлінеді деп атап көрсетеді: 1) қылаң; 2) баран; 3) ала; 4) шұбар [7,29]. Қара (қара ат, қара айғыр, қара жорға, қара дөнен т.б.) – сыртқы түгі түбіне дейін шымқай қара, ұшы жылтыр қылшықты болып келетін жылқы түсі. Мысалы, Қара арғымақ қартайса, Қарға адым жер мұң болар – деген қазақ мақалы да бар. Сөз айтпай үш жүз мақпал қара, асыл жылқысын айдап беріп, өзін ажалдан алып қалған құлды босатып алады. Боз (боз ат, боз айғыр, боз дөнен, боз жорға т.б.) – қылаң түсті жылқының бір түрі, яғни ол ақ пен сұр түстің екі арасындағы ақшыл қылаң түске жатады. Боз інген дегендегі боз шымқай ақ емес, ақшыл көкке жақын түс. Торы (торы ат, торы тай, торы қасқа т.б.) – түк бітісі тобылғы түстес, жал-құйрық, сирақтары қара қошқыл болып келетін жылқы түсі. Торы түс қазақ жылқысында өте жиі кездесетіндіктен торы атауы да жиі қолданылады. Қазақ тілінде торыға байланысты қара торы, құла торы, кер торы, тобылғы торы сияқты атаулар көп. Қылаң – дене түгінде бозғылт, сұрғылт, көкшіл, ақшыл, сарғылт қылшығы бар жылқы түстерінің жалпы атауы. Дегенмен қылаң көбінесе қылаң сары, қылаң боз, қылаң торы түрінде негізгі түстің реңкін білдіру үшін қолданылады Мысалы, Қос қылаңы – Жоламанның ұшқан құспен жарысар бедеулер. Қылаң тобына жататын түстердің негізгісі – ақ. Жылқының ақ бозын халық қасиетті санайды. Қолбасшылардың, хандар мен әміршілердің жорық аттарының ақ боз болып келуі тегін емес. “Ақ ат мінген сайыпқыран жорықта кілең жеңіске жетеді. Әдетте, мұндай атты сардар немесе патшаның өзі мінсе жарасады”, – дейді Омар Хайям. Тағы кешегідей сес көрсетіп, жалаң қылыштарын басынан жоғары көтере, нөкерлерін соңынан ертіп жасыл туын желбірете, қамалды жанай ақ боз ақалтекесін ойнатқан Абдолла әмірші...
Көре сала ер Манас
Қаһары келіп, көз жайнап,
Көкірегінеде кек қайнап,
Қара келдек шоқпарын
Қолына ұстай үйіріп,
Белін бекем буына,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет