Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпаратты беру нысандарын бекіту туралы



Дата26.02.2016
өлшемі282.91 Kb.
#27137
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 21.04.2014 17:04:22
Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпаратты беру нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 331 бұйрығы

 

«Ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына және «Мемлекеттiк статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоспарланған отырған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша ақпараттың нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы ақпараттың нысаны бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген толтырылған нысандарды мыналар электронды түрде «Қазақстандық қамту» Интернет-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ұсынады және электронды-цифрлы қол қойып куәландырады:

1) ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, елу және одан да көп пайыз акциялары (жарғылық қапиталдағы қатысу үлесі) ұлттық басқару холдингтеріне, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алулары жергілікті қамту мониторингіне жататын ұйымдар;

3) концессионерлер.

3. Жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша ақпараттың нысаны жыл сайын сатып алуды жоспарлап отырған жылдың 1 ақпанына дейін ұсынылады.

Сатып алынған тауарлары, жұмыстары және қызметтері бойынша ақпараттардың нысаны тоқсан сайын, өсу қорытындысымен есеп беру мерзімінен кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей ұсынылады.

4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жергілікті қамтуды дамыту департаменті (С. Кәмелі) заңды тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5. «Ұйымдардың тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылдағы 13 маусымдағы № 196 бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 7792 нөмірмен тіркелген, 2012 жылғы 8 тамыздағы «Казахстанская правда» газетінде №256-257 (27075-27076); 2012 жылғы 8 тамыздағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 477-482 (27555) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

6. Осы бұйрық «Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 965 қаулысына сәйкес ұсынатын тауарларды, жұмыстарды жергілікті қамту мониторингі субъектілері ұсынатын жоспарланған және сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы ақпаратқа қолданылмайды.



7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е.Сауранбаевқа жүктелсін.

8. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Орынбасары -

Индустрия және жаңа технологиялар

министрі

 

 

 

Ә. Исекешев

 

КЕЛІСІЛГЕН

Қазақстан Республикасы

Статистика агентігінің төрағасы

___________________А. Смаилов

2013 ж. «____» _________________

 

Қазақстан Республикасы



Премьер-Министрінің орынбасары -

Қазақстан Республикасы Индустрия және

жаңа технологиялар министрінің

2013 жылғы 25 қазандағы

331 бұйрығына



1-қосымша

 


әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша ақпарат нысаны

 

Есептік кезең 20___ ж.

Индексі № 1- ЖО нысаны.

Кезеңділігі: жылдық.

 

Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Ұлттық басқару холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, елу және одан да көп пайыз акциялары (жарғылық қапиталдағы қатысу үлесі) ұлттық басқару холдингтеріне, ұлттық холдингте, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алулары жергілікті қамту мониторингіне жататын ұйымдар; концессионерлер тапсырады.

 

Ұсынылатын орын: Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.

Тапсыру мерзімі - сатып алуды жоспарлап отырған жылдың 1 ақпанына дейін ұсынылады.

 

Тапсырыс берушінің БСН-і

Тапсырыс берушінің атауы

ЭҚ ӨЖ коды (6 белгі)

Сатып алынатын ТЖҚ атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы

Өлшеу бірлігінің коды (МӨБЖ сәйкес)

Заттай көріністегі сатып алу көлемі

Жоспарланған сатып алу сомасы, теңге

Сатып алуды өткізу орны (ӘАОЖ коды)

Сатып алуды өткізу мерзімі

Тауарды жеткізу, жұмысты атқару, қызметті көрсету мерзімі

Сатып алудың жылдық жоспары

Мемлекеттік тілде

 

Орыс тілінде

 

Мемлекеттік тілде

 

Орыс тілінде

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

 

 

«Жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша ақпарат» нысанын толтыру

 түсініктемесі

 

1. «Жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша ақпарат» нысаны «Ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына сәйкес және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. «Жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша ақпарат» нысаны жыл сайын сатып алуды жоспарлап отырған жылдың 1 ақпанына дейін ұсынылады.

3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде елу және одан да көп (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) дауыс беруші акцияларының пайыздары тиесілі ұйымдармен толтырылған ақпарат нысандары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тұлғасында шоғырланып ұсынылады.

4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары - «Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұйымдардың жергілікті қамту бойынша ақпаратты жинауын, талдауын және ұсынуын, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбесіне сәйкес қазақстандық қамту мониторингіне жататын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды қамтамасыз етеді.

5. Нысан келесі бейнемен толады:

1-бағанда тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

2-бағанда тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің атауы мемлекеттік тілде көрсетіледі (мемлекеттік тілдегі атауы мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес көрсетіледі);

3-бағанда тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің атауы орыс тілінде көрсетіледі (орыс тіліндегі атауы мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес көрсетіледі);

4-бағанда өнімнің коды экономикалық қызмет түрлері бойынша 6 белгі деңгейінде көрсетіледі (мысалы: 01.11.33);

5-бағанда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы мемлекеттік тілде (символдардың шексіз санына рұқсат) көрсетіледі;

6-бағанда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы орыс тілінде (символдардың шексіз санына рұқсат) көрсетіледі;

7-бағанда өлшем бірлігінің мемлекетаралық жіктеушісіне сәйкес өлшем бірлігінің коды көрсетіледі (тауарлар бойынша толтыруға арналған баған, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды);

8-бағанда заттай көріністегі сатып алудың көлемі көрсетіледі (тауарлар бойынша толтыру үшін баған, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 50,5);

9-бағанда сатып алудың жоспарланып отырған сомасы, теңгемен көрсетіледі (егер сатып алудың жоспарланып отырған сомасына қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) қосылса, онда сатып алудың жоспарланып отырған сомасы ҚҚС - мен көрсетіледі);

10-бағанда сатып алу өткізілетін орны көрсетіледі (әкімшілік-аумақтық объекттілер жіктеушісіне сәйкес) (алаң пішімі: мәтіндік, 9 сан, мысалы: 710000000);

11-бағанда сатып алуды өткізудің мерзімі көрсетіледі (мысалы: 2011 жылғы мамыр);

12-бағанда тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің мерзімі еркін нысанда көрсетіледі (міндетті түрде толтырылуы керек алаң, мысалы 2 жарты жылдық);

13-бағанда сатып алу жылы көрсетіледі (мысалы: 2012);

6. Ақпарат нысаны тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша және толтырылады және электронды түрде.xls форматында (Microsoft Excel 2003) ұсынылады.

7. Ақпарат нысаны тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға жоспарланған номенклатураларға (лоттарға) сәйкес толтырылады.

8. Грамматикалық қателермен немесе өзгерген пішімде толтырылған ақпарат нысаны қабылданбайды.

 

Қазақстан Республикасы



Премьер-Министрінің орынбасары -

Қазақстан Республикасы Индустрия және

жаңа технологиялар министрінің

2013 жылғы 25 қазандағы

331 бұйрығына

2-қосымша

 


әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы ақпараттың нысаны

 

Есептік кезең: өсу қорытындысыбар ___ тоқсан, 20___ ж.

Индексі № 2-ТЖҚ-К1 нысаны, № 2-ТЖҚ-К2 нысаны. 

Кезеңділігі: тоқсан сайын, өсу қорытындысымен.

 

Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Ұлттық басқару холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, елу және одан да көп пайыз акциялары (жарғылық қапиталдағы қатысу үлесі) ұлттық басқару холдингтеріне, ұлттық холдингте, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алулары жергілікті қамту мониторингіне жататын ұйымдар; концессионерлер.

 

Ұсынылатын орын: Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.

Ұсыну мерзімі - есептік беру кезеңнен кейінгі айдың 25 күнімен кешіктірмей.

 

1 - кесте

 

Тапсырыс берушінің БСН

ТЖҚ тапсырыс

берушінің атауы

Тапсырыс беруші өңірінің коды (КАТО-ға сәйкес)

Сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге құжаттың №

Сатып алуды растайтын шартты және өзге құжатты жасау күні (кк.аа.жжжж)

Сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге құжаттың мерзімі аяқталатын күн (кк.аа.жжжж)

Есептік кезең ішінде сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сомасы, теңге

Сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге құжаттың жалпы сомасы, теңге

Орындалған шарттың жалпы іс жүзіндегі сомасы, теңге

 

ТЖҚ жеткізушінің атауы

Жеткізушінің БСН (ЖСН)

Мемлекеттік тілде

Орыс тілінде

Мемлекеттік тілде

Орыс тілінде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Кестенің жалғасы

Жеткізуші елінің коды

Жеткізуші өңірінің коды (КАТО-ға сәйкес)

ТЖҚ жеткізушінің

заңды

мекенжайы

Сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге құжаттың мәртебесі

Мемлекеттік тілде

Мемлекеттік тілде

14

15

16

17

18



«Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат» нысанын толтыру бойынша

түсініктеме

 

1. «Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат» нысаны «Ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына сәйкес және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. «Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат» нысаны тоқсан сайын, өсу қорытындысымен есептік кезеңненмерзімінен кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей ұсынылады.

3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға елу және одан да көп (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) дауыс беруші акцияларының пайыздары тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдармен толтырылған ақпарат нысандары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тұлғасында шоғырланып ұсынылады.

4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары «Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұйымдардың жергілікті қамту бойынша ақпаратты жинауын, талдауын және ұсынуын, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбесіне сәйкес қазақстандық қамту мониторингіне жататын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды қамтамасыз етеді.

5. Нысан мынадай түрде толтырылады:

1-бағанда тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

2-бағанда тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің атауы мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес мемлекеттік тілде көрсетіледі;

3-бағанда тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің атауы мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес орыс тілінде көрсетіледі;

4-бағанда тапсырыс беруші өңірінің коды әкімшілік-аумақтық объекттілер жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі (алаң пішімі: мәтіндік, 9 цифр, мысалы: 711000000);

5-бағанда сатып алуды растайтын шарттың және өзге құжаттың нөмірі көрсетіледі, шарттың немесе өзге құжаттың бір күндегі нөмірі көрсетілген жағдайда, құжатқа бірегей нөмір беріледі, мысалы: 100/1;

6-бағанда сатып алуды растайтын шарттың және өзге құжаттың жасалған күні көрсетіледі (кк.аа.жжжж). Егер сатып алу шартты жасаспай жүзеге асырылса, онда 7-бағанда сатып алуды жүзеге асыруды растайтын өзге құжаттың күні көрсетіледі (алаң пішімі: күні, күн, ай, жыл сандарының араларын бөлу белгісі, «.» белгісі, әріптер жазылмайды, мысалы: 01.01.2011, бос бағанбар кестені толтыру үшін мысал: 0);

7-бағанда сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге құжаттың мерзімі аяқталатын күн көрсетіледі (кк.аа.жжжж). Егер сатып алу шартты жасаспай жүзеге асырылса, сатып алуды жүзеге асыруды растайтын өзге құжаттың мерзімі аяқталатын күн көрсетіледі. Егер шартта құжаттың мерзімі аяқталатын күн айтылмаса, әрекеттің шамамен аяқталатын күні немесе қаржылық жылдың соңы көрсетіледі (мысалы: 31.12.2012);

8-бағанда есептілік кезең ішінде сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сомасы теңгемен көрсетіледі, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы құжаттармен расталмаған аванстық төлемдер, алдын-ала және басқа төлемдер көрсетілмейді. Егер шарт ұзақ мерзімді немесе ауыспалы болса, онда қаржылық жылдың өспелі қорытындысымен есептік кезең ішіндегі сома көрсетіледі. Егер еспетік кезеңде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жүзеге асырылмаса, 0 мәні көрсетіледі;

9-бағанда сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге құжаттың жалпы сомасы теңгемен көрсетіледі. Егер шартта шарттың жалпы сомасы ескерілмесе, осы шарт бойынша осы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға жоспарланған сома көрсетіледі. Егер шарт ұзақ мерзімді болса, онда шарттың барлық әрекет ету кезеңіне шарттың жалпы сомасы көрсетіледі (мысалы: 1000,5).

10-бағанда орындалған шарттың жалпы нақты сомасы теңгемен көрсетіледі (мысалы: 1000,5). Бұл ретте:

Егер шарттың мәртебесі - «жасалған» немесе «ұзақ мерзімді жасалған» болса («0» немесе «3.0.»), 0 мәні көрсетіледі;

Егер шарттың мәртебесі - «орындалған» немесе «ұзақ мерзімді орындалған» болса («1» немесе «3.1»), орындалған шарттың нақты жалпы сомасы көрсетіледі;

Егер шарттың мәртебесі - «бұзылған» немесе «ұзақ мерзімді бұзылған» болса («2» немесе «3.2»), бірақ шартты бұзу туралы келісімнің (хабарламаның) негізінде жеткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің бір бөлігі тапсырыс берушіде қалады және шарт ішінара орындалған деген шешім қабылданса, онда орындалған шарттың нақты жалпы сомасы көрсетіледі.

Егер шарттың мәртебесі - «бұзылған» немесе «ұзақ мерзімді бұзылған» болса («2» немесе «3.2») және көрсетілген қол қойылған келісімнің негізінде жеткізілген тауарларды, орындалған жұмыстарды шартты бұзу туралы табылмаса, қызметтерді қайтару шешімі қабылданса, онда «0» мәні көрсетіледі.

11-бағанда тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушінің атауы мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес мемлекеттік тілде көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, онда осы жеткізушінің елінде тіркелгенін растайтын құжатқа сәйкес жеткізушінің атауы көрсетіледі (мысалы: «Жетісу» ЖШС);

12-бағанда тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушінің атауы мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес орыс тілінде көрсетіледі. Егер жеткізушінің Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, онда осы жеткізушінің елінде тіркелгенін растайтын құжатқа сәйкес жеткізуші атауы көрсетіледі (мысалы: ТОО «Жетысу»);

13-бағанда тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, онда ол толтырылмайды;

14-бағанда жеткізуші елінің коды елдер жіктеушіне сәйкес көрсетіледі (мысалы: 398);

15-бағанда жеткізуші өңірінің коды әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес көрсетіледі (мысалы: 710000000). Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, жол толтырылмайды;

16-бағанда жеткізушінің заңды мекенжайы мемлекеттік тілде көрсетіледі: елді-мекен, көше, үй, кеңсе. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының бей резиденті болып табылса, онда осы жеткізушінің заңды мекенжайы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды растайтын құжаттардың деректемелеріне сәйкес көрсетіледі (мысалы: Қазақстан, Астана қ., Иманов к-сі., 9);

17-бағанда жеткізушінің заңды мекенжайы орыс тілінде көрсетіледі: елді мекен, көше, үй, кеңсе. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, онда аталған жеткізушінің заңды мекенжайы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды растайтын құжаттардың деректемелеріне сәйкес көрсетіледі (мысалы: Казахстан, г. Астана, ул. Иманова, 9);

18-бағанда шарттың немесе сатып алуды растайтын өзге құжаттың мәртебесі көрсетіледі, яғни шарттардың немесе сатып алуды растайтын өзгеіде құжаттардың мәртебелерінің жіктеуішке сәйкес шарт мәртебесінің коды көрсетіледі:

«0» мәртебесі жасалған шарттар бойынша көрсетіледі;

«1» мәртебесі төлеміне байланысты емес, шарт бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды растайтын соңғы құжаттың негізінде орындалған шарттар бойынша көрсетіледі;

«2» мәртебесі шартты бұзу туралы келісімнің (хабарламаның) негізінде бұзалған шарттар бойынша көрсетіледі;

«3.0» мәртебесі жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша көрсетіледі;

«3.1.» мәртебесі төлеміне байланысты емес, шарт бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды растайтын соңғы құжаттың негізінде орындалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша көрсетіледі;

«3.2» мәртебесі шартты бұзу туралы келісімнің (хабарламаның) негізінде бұзылған ұзақ мерзімді шарттар бойынша көрсетіледі (төменде көрсетілген).

 

Жіктеу коды

Атауы

0

Жасалды

1

Орындалды

2

Бұзылды

3.0

Ұзақ мерзімді жасалды

3.1

Ұзақ мерзімді орындалды

3.2

Ұзақ мерзімді бұзылды

 

6. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу болмаған жағдайда, ақпарат нысаны бос бағаншамен кесте түрінде беріледі (есептің файлы бір жолмен беріледі, 2-кесте толтырылмайды).

7. Сатып алу сомасы егер тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізуші ҚҚС төлеуші және сатып алу сомасы ҚҚС қамтыған жағдайда, ҚҚС-мен көрсетіледі. Егер жеткізуші ҚҚС-ны төлеуші болмаса және сатып алу санасы ҚҚС-ны қамтымаса, сатып алу сомасы ҚҚС-сыз көрсетіледі.

8. Ұзақ мерзімді немесе ауыспалы шарттарды жасаған кезде шарттың нөмірі, шартты жасаған күні және шарттың қолданылу мерзімінің аяқталған күні, шарттың сомасы (теңгемен) шартқа сәйкес көрсетіледі. Сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің сомасы есептік қаржылық жыл бойынша көрсетіледі. Ұзақ мерзімді және ауыспалы шарттар бойынша сома қаржы жылы аяқталған соң есептік қаржылық жыл бойынша 8-бағанда көрсетіледі (2-кесте ұсынылады).

9. Шартты келесі кезеңге ұзартқан кезде, шарттың нөмірі, шарт жасалған күн негізгі шартқа сәйкес көрсетіледі, шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн және шарттың жалпы сомасы (теңгемен) екі тараптың жазбаша және ауызша келісуі негізінде шартты ұзарту талаптарына сәйкес көрсетіледі. Егер шарт келесі қаржылық жылға ұзартылып және жаңа шарт ретінде әрекет етсе, онда ол ұзақ мерзімді шарт болып есептелмейді.

10. «1» мәртебесі бар шарттар немесе өзге де құжаттар бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат нысаны, есептік кезеңге 1-кестенің 8-бағанының жалпы сомасына 2-кесте ұсынылады. Бұдан басқа, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат нысаны, олар бойынша тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бір бөлігі тапсырыс берушіде қалатын шарттар және өзге де құжаттар бойынша мәртебесі бар 2-кесте ұсынылады. Бір қаржылық жыл аяқталған соң сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат нысаны, 2-кесте «3.0» мәртебесі бар жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, «3.1» мәртебесі бар орындалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, есептік қаржылық жылының тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бір бөлігі тапсырыс берушіде қалатын «3.2» мәртебесі бар бұзылған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, сондай-ақ «0» мәртебесі бар ауыспалы шарттар бойынша 8-бағанның сомасына есептік қаржылық жыл бойынша ұсынылады.

11. Ақпарат нысаны электронды түрде.xls форматында (Microsoft Excel 2003) ұсынылады.

12. Қателермен толтырылған немесе өзгерген пішімде ұсынылған ақпарат нысаны қабылданбайды.

 

2-кесте

 


Сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге де құжаттың №

Сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге де құжаттың жасалған күні (кк.аа.жжжж.)

Тапсырыс берушінің БСН

ЭҚ ӨЖ коды (6 символ)

Сатып алынатын ТЖҚ атауы және қысқаш

(қосымша) сипаттамасы



Өлшем бірлігінің коды (МӨБЖ сәйкес)

Сатып алу көлемі

СТ-KZ нысанының сертификаты

Жергілікті қамту

мемлекеттік тілде

орыс тілінде

заттай көріністе

құндық көріністе,

теңге




Сериясы

Беретін органның коды

Берілген жылы

Берілген күні

тауарда, %

жұмыста/қызметте, %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

 


«Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат» нысанын толтыру бойынша

түсініктеме

 

1. «Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат» нысаны «Ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына сәйкес және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. «Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат» нысаны тоқсан сайын, өсу қорытындысымен есептік кезеңнен мерзімінен кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей ұсынылады.

3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға елу және одан да көп (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) дауыс беруші акцияларының пайыздары тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдармен толтырылған ақпарат нысандары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тұлғасында шоғырланып ұсынылады.

4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары «Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұйымдардың жергілікті қамту бойынша ақпаратты жинауын, талдауын және ұсынуын, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбесіне сәйкес қазақстандық қамту мониторингіне жататын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды қамтамасыз етеді.

5. Нысан мынадай түрде толтырылады:

1-бағанда 1-кестедегі шарттың немесе өзге құжаттың нөмірімен бірдей сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге құжаттың нөмірі көрсетіледі (мысалы: 100/1).

2-бағанда 1-кестедегі шартты жасау немесе өзге де құжаттың күнімен бірдей сатып алуды растайтын шартты жасау немесе өзге де құжаттың күні көрсетіледі (мысалы: 01.01.2011).

3-бағанда 1-кестедегі тауарларды, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестіндіру нөмірімен бірдей тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестіндіру нөмірі көрсетіледі.

4-бағанда 6 символ деңгейінде экономикалық қызмет түрлері бойынша коды көрсетіледі (мысалы: 01.11.33).

5-бағанда сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (символдардың шексіз санына рұқсат етіледі) мемлекеттік тілде көрсетіледі.

6-бағанда сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (символдардың шексіз санына рұқсат етіледі) орыс тілінде көрсетіледі.

7-бағанда өлшем бірлігінің мемлекетаралық жіктеушіне сәйкес өлшем бірлігінің коды көрсетіледі (тауарлар бойынша толтыруға арналған баған, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 006).

8-бағанда сатып алудың көлемі заттай көріністе көрсетіледі (тауарлар бойынша толтыруға арналған баған, жұмыстар, қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 50,5).

9-бағанда сатып алудың көлемі құндық көріністегі теңгеде көрсетіледі (мысалы: 1240,5).

10-бағанда CT-KZ нысаны сертификатының нөмірі көрсетіледі (баған тауарлар бойынша толтыру үшін, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 00023).

11-бағанда CT-KZ нысаны сертификатының сериясы көрсетіледі (CT-KZ сертификатының бланкісінің нөміріне сәйкес, тауарлар бойынша толтырылады, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 0001689).

12-бағанда CT-KZ нысанының сертификатын берген органның коды көрсетіледі (тауарлар бойынша толтыруға арналған баған, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 650).

13-бағанда CT-KZ нысанының сертификаты берілген жылы көрсетіледі (тауарлар бойынша толтыруға арналған, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 2, сертификат 2012 жылы берілген).

14-бағанда CT-KZ нысанының сертификатында көрсетілген тауардағы жергілікті қамту (%) көрсетіледі. CT-KZ нысанының сертификаты болмаған жағдайда 0 мәні көрсетіледі (баған тауарлар бойынша толтыру үшін, жұмыстар, қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 01.01.2012).

15-бағанда CT-KZ нысанының сертификаты берілген күні көрсетіледі (тауарлар бойынша толтыруға арналған баған, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 54).

16-бағанда CT-KZ нысанының сертификатында көрсетілген жұмыстағы/қызметтегі жергілікті қамту (%) көрсетіледі (жұмыстар/қызметтер бойынша толтыруға арналған баған, тауарлар бойынша толтырылмайды, мысалы: 95).

6. 2-кесте тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды растайтын «1» мәртебесі бар шарттар мен өзге де құжаттар бойынша және олар бойынша тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бір бөлігі тапсырыс берушілерде қалатын «2» мәртебесі бар шарттар немесе өзге де құжаттар бойынша толтырылады. Бір қаржылық жыл аяқталғаннан кейін 2-кесте «3.0» мәртебесі бар жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, «3.1» мәртебесі бар орындалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, олар бойынша есептік қаржылық жылына тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бір бөлігі тапсырыс берушіде қалатын «3.2» мәртебесі бар бұзылған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, сондай-ақ «0» мәртебесі бар ауыспалы шарттар бойынша толтырылады.

7. 2-кесте тауардың жеткізілуін, жұмыстың орындалуын, қызметтің көрсетілуін іс жүзінде растайтын шарттар немесе өзге де құжаттар негізінде алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің (лоттардың) номенклатурасын көрсете отырып толтырылады (егер 1-кестеде бір шарт немесе өзге де құжат бойынша бірнеше тауар сатып алынған болса, онда шарт туралы ақпарат жеке жолмен көрсетіледі, ал 2-кестеде әрбір тауар жеке жолмен заттай көріністе және сатып алу сомасымен қоса көрсетіледі).

8. Егер тауарлардың жеткізілуі фактісін растайтын жеке шартта немесе өзге де құжаттарда бірнеше тауар номенклатуралары (лоттары) көрсетілсе, әрбір номенклатура (лоттары) ЭҚ ӨЖ коды, атаулары, өлшем бірліктері, көлемдері және жергілікті қамтуы сатып алуды растайтын шарттың немесе өзгеде құжаттың сол деректемелері жеке жолда көрсетіледі.

9. Егер жұмыстардың орындалуы фактісін растайтын шартта немесе өзге де құжаттарда бірнеше тауар номенклатуралары (лоттары) көрсетілсе, әрбір номенклатура (лоттары) ЭҚ ӨЖ коды, атаулары, өлшем бірліктері, көлемдері және жергілікті қамтуы сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге де құжаттың сол деректемелері жеке жолда көрсетіледі.

10. Егер қызметтердің көрсетілуі фактісін растайтын шартта немесе өзге де құжаттарда бірнеше тауар номенклатуралары (лоттары) көрсетілсе, әрбір номенклатура (лоттары) ЭҚ ӨЖ коды, атаулары, өлшем бірліктері, көлемдері және жергілікті қамтуы сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге де құжаттың сол деректемелері жеке жолда көрсетіледі.

11. Ақпарат нысаны электронды түрде, өсу қорытындысымен есептік тоқсанға.xls форматында (Microsoft Excel 2003) ұсынылады және тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша жеке толтырылады.

12. Қателермен немесе өзгерген пішімде толтырылған ақпарат нысаны қабылданбайды.

 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет