Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы


№ 4 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред



бет2/6
Дата01.07.2016
өлшемі358 Kb.
#170511
1   2   3   4   5   6
№ 4 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

16. Тарату комиссиясы мынадай іс-шараларды жүргізеді:

1) жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде талап қою тәртібін, мерзімін және кредиторлардың өз талап-шағымдарын (өтініштерін) қоюына құқылы мекен-жайды міндетті түрде көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы ақпаратты орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде кешіктірмей жариялайды;

2) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мүлікті және онымен жасалған мәмілені тіркеуді жүзеге асыратын органдарды, сондай-ақ осы жинақтаушы зейнетақы қорының бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімі жүйесін қалыптастыруды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушысын жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етеді және тарату комиссиясы жасамайтын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін басыбайлы беру жөніндегі мәмілені тіркеуге тыйым салуды, сондай-ақ кепіл ұстаушы болып табылатын таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкінен ауыртпалықты алып тастауға тыйым салуды белгілейді;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген мерзімде жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы салық органдарына хабарлайды;

3) жинақтаушы зейнетақы қорын тарату бойынша міндеттердің тарату комиссиясына жүктелгенін растайтын құжатты жинақтаушы зейнетақы қорының басшыларына қол қойдыра отырып таныстырады;

4) жинақтаушы зейнетақы қорының басшыларынан, не жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігінен (жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша басқарушысынан) қабылдау-өткізу туралы акт жасай отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының мөртабандарын, мөрлерін, электронды ақпарат тасымалдаушыларын, бағдарламалық қамтамасыз етуін, бланкілері мен басқа да барлық құжаттарын тез арада талап етеді;

5) қабылдау-өткізу актісі бойынша активтерді, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін қабылдайды;

6) жинақтаушы зейнетақы қорының кассасына тез арада түгендеу жүргізеді, Ереженің 51-тармағымен көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимитін қоспағанда, ақша қалдығын таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдағы шоттарына есептейді;

7) жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының банктік шоттарын салыстырып тексереді, оларды жабады және таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының теңгемен және қажет болғанда шетел валютасымен ағымдағы шоттарын ашады;

8) жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешім және тарату комиссиясының тағайындалғаны туралы хабарландыруды жинақтаушы зейнетақы қорының клиенттері (кредиторлары) үшін көрнекі жерге орналастырады;

9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес басшы қызметкерлерді, қажет болғанда өзге қызметкерлерді де жұмыстан босатады;



10) жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізеді;

11) жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін анықтайды;

12) жинақтаушы зейнетақы қорын тарату мақсаттарына сәйкес активтерін басқарады;

13) жинақтаушы зейнетақы қорының атынан сотта талап қояды және мүддесін білдіреді;

14) жинақтаушы зейнетақы қорының бағдарламалық қамтамасыз етуін және электронды ақпарат тасымалдаушыларын, сондай-ақ басқа да ақпараттарын сақтауды қамтамасыз етеді;

15) толық материалдық жауап беретін адамдар тобын, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізудің және жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық және басқа да есебін жасаудың электронды жүйесіне кіре алатын адамдарды белгілейді және олармен толық материалдық жауапкершілік туралы шартты жасайды

16) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының істері белгіленген заңнамалық тәртіппен қабылданған соң жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты адам тағайындалады;

17) жинақтаушы зейнетақы қорының тарату процесі басталған күнге электронды түрдегі есепке алу-бухгалтерлік ақпаратты шығарады. Мұндай ақпарат электронды түрде жоқ болған жағдайда қағазға шығарылған ақпарат негізге алынады;

18) кредиторлар тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекен-жайларын белгілейді және талдау есебінің деректерімен салыстырады;

19) ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

20) ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

21) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторларының талаптарының заңдылығын анықтайды және оларды жинақтаушы зейнетақы қорының бекітілген аралық тарату балансына және кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес қанағаттандырады;

22) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін еңбек шарттарын, қызметті өтелмелі көрсету шарттары бойынша тұлғаларды жұмысқа қабылдайды;

23) жинақтаушы зейнетақы қорын таратудың барлық кезеңі бойына жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкі мен құжаттарының сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;

24) жарты жылда бір рет мерзімді баспасөз басылымдарында жинақтаушы зейнетақы қорындағы тарату өндірісінің барысы туралы ақпарат жариялайды;

25) уәкілетті органның талап етуі бойынша тарату өндірісіне қатысты мәліметтерді ұсынады;

26) жинақтаушы зейнетақы қорының тарату туралы есебін, тарату балансын жасайды және оларды келісу үшін уәкілетті органға жібереді;

27) жинақтаушы зейнетақы қорын тарату аяқталғаннан кейін құжаттарды белгіленген тәртіппен мұрағатқа сақтауға өткізеді және бұл жөнінде уәкілетті органға мәлімдейді;

28) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерге ие болады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



17. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдағы шоты оның бас офисі тұрған жерде екінші деңгейдегі банкте ашылады.

Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының осы Ереже бойынша көзделген касса лимитінен басқа, оның ішінде филиалдары мен өкілдіктерінің барлық ақшасы таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының бас офисінің ағымдағы шотына есептеледі.

Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының алдындағы берешегі жоқ заңды және жеке тұлғалардың жазбаша талабы бойынша тарату комиссиясы талаптарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айырылғаннан кейін түскен ақшаны қайтаруды жүзеге асырады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 17-1 тармақпен толықтырылды



17-1. Тарату комиссиясының бөлімшелері ағымдағы шоттарын теңгеде және қажет болғанда шетел валютасында өзінің екінші деңгейдегі банкінің тұрған жері бойынша мына мақсаттарда ашады:

1) касса қалдығының лимитін белгілейтін осы Ереженің 51-тармағын сақтау;



2) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының бас офисінің тарату комиссиясының тарату комиссиясы бөлімшелерінің кассасын осы Ережеге сәйкес шығыстарды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес кредиторлармен есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін қолма-қол ақша төлемеу тәртібімен ақшаны аударым жасау арқылы толықтыру;

3) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының бас офисінің ағымдағы шотына ақшаны аудару;

Жинақтаушы зейнетақы қорының және оның филиалдарының (өкілдіктерінің) тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы белгіленген тәртіппен таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының екінші деңгейдегі банктегі ашылған ағымдағы шоттарын жабады.

18. Уәкілетті орган белгілеген мерзімде жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы орындалған жұмыс туралы есептерді, ал қажет болған жағдайда қосымша ақпаратты да ұсынады.



Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдары мен өкілдіктерінде өз қызметін жүзеге асыратын бөлімшелер орындалған жұмыс туралы есепті тарату комиссиясының төрағасына ұсынады.

 

 

4-тарау. Тарату шығыстарының сметасын



қалыптастыру және бекіту

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 



19. Тарату өндірісіне, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз етуге байланысты шығыстар, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі функцияларын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайтын шығыстар кредиторлар комитетімен бекітілген смета шегінде таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатынан кезектен тыс және тұрақты жасалады.

Кредиторлар комитеті құрылғанға дейін, оның ішінде тарату комиссиясы төрағасына және оның мүшелеріне төленетін төлемдер мөлшерін қосқандағы тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органмен келісе отырып, тарату комиссиясының төрағасы бекітеді.

Тарату өндірісінің шығыстары олардың пайда болуына қарай тарату массасынан төленеді.

Тарату массасын мақсатсыз жұмсауға, сондай-ақ екі айдан артық мерзімге тарату шығыстары қаражатын резервте сақтауға жол берілмейді.

20. Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының төрағасына және оның мүшелеріне және өзге де тартылған қызметкерлердің әр қайсысына төленетін ай сайынғы сыйақы мөлшері тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген барынша төмен жалақының он есе мөлшерінен аспауы тиіс.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

21. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының шығыстарын тәртіпке келтіру мақсатында тарату комиссиясы өз қызмет кезеңінде тарату комиссиясының тарату шығыстарының сметасы осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

22. Тарату комиссиясы, уәкілетті орган және кредиторлар комитеті таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының тарату шығыстары сметасын қалыптастыру, келісу және бекіту кезінде тарату шығыстарының нақтылық, негізділік, орындылық, шыншылдық принциптерін басшылыққа алып жұмыс істейді.

Тарату шығыстарының нақтылық принципі тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру кезінде таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының нақты қаржылық жағдайын, оның ішінде кредиторлар алдындағы берешектер көлемін негізге алуды болжайды.

Тарату шығыстарының негізділік принципін тарату өндірісінің белгілі бір кезеңінде болжанып отырған шығындардың объективті қажеттігі деп түсіну қажет.

Орындылық принципі тарату комиссиясы жасап отырған шығындар алға қойылған мақсатқа сәйкес келетіндігін білдіреді, яғни тарату өндірісін аяқтауға және таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторларымен есеп айырысуға бағытталған.

Тарату шығыстарының шыншылдық принципі жасалған (жоспарланған) шығындарды тарату комиссиясының құжаттамалық растауы арқылы көрінеді.

23. Тарату комиссиясы тарату шығыстары сметасын қалыптастыру кезінде таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының қандай да бір кәсіби қызметпен айналыспайтындығын негізге алады және тарату комиссиясының негізгі міндеті таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының істерінің аяқталуы, Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтай отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлармен және акционерлерімен есеп айырысу жөнінде шаралар көру болып табылады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

24. Тарату шығыстары сметасында қажет ету шегіне байланысты мынадай шығын баптары көзделеді:

1) қызметкердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары;

2) бюджетке аударым жасау;

3) әкімшілік шығыстар;

4) тарату өндірісін жүзеге асыру үшін қажет тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөніндегі шығыстар;

5) іссапар шығыстары;

6) көзделмеген шығыстар.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 25-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



25. Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары мынадай шығындарды көздейді: тарату комиссиясы төрағасы мен мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу, таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының бар филиалдарын ескере отырып, еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясына тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу.

Шығыстарда мынадай сомалар көрсетіледі:

1) лауазымды жалақы;

2) мемлекеттік бюджетке аударылатын табыс салығы;

3) міндетті зейнетақы жарналары.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес қызметкерлердің еңбекақы төлеу талаптарын тарату комиссиясы өзгерте алады.

Еңбекті төлеуге арналған шығыстарға сондай-ақ, қызметті өтелмелі көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығындар енгізіледі.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 26-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



26. Кредиторлар комитеті тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне сондай-ақ тартылған қызметкерлерге қосымша төлем жасау - қосымша төлем жасауды жүзеге асыру туралы барлық белгілі тұлғаларға шешім қабылдануына қатысты кредиторлардың талаптарын нақты қанағаттандыру сомасының үш процентінен аспайтын мөлшерде олардың жұмыс қорытындысы бойынша бекітілуі мүмкін.

Тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкілетті органның қызметкерлерін қоспағанда, тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қосымша төлем жасау кредиторлармен есеп айырысу толық аяқталған соң бір жолғы тәртіппен тағайындалады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



27. Еңбекке ақы төлеу бөлігіндегі тарату шығыстары сметасын қалыптастыру кезінде есеп айырысулар жасалған еңбек шарттарына және жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтарға, өтелмелі қызмет көрсету шарттарына негізделеді.

Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу шығыстарының бабы штат кестесіне сәйкес қалыптасады.

28. Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша шығыстар Қазақстан Республикасының салықтық заңнамаларының талаптарына сәйкес жасалады.



29. Әкімшілік шығыстар мыналар үшін көзделуі мүмкін:

1) қызметтік және шаруашылық қажеттіліктер үшін көлік жалдау қызметі;

2) байланыс қызметі (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер, почта және анықтамалық қызмет бойынша шығыстар);

3) үйлер мен ғимараттарды (меншікті және кепіл мүлікті) күзету және сигнализация қызметі;

4) көлікті күзету қызметі;

5) көлік үшін тұрақ ұсыну қызметі;

6) көлікті тіркеу қызметі;

7) көлікті техникалық жағынан қарау қызметі;

8) көлікті сақтандыру қызметі;

9) коммуналдық қызмет;

10) ағымдық жөндеу, мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын негізгі құрал-жабдықтарға техникалық, сервистік қызмет көрсету (қарау);

11) үй-жайды жалдау;

12) тіркеу органдарында жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеу жөніндегі қызмет;

13) мүлікті бағалау жөніндегі қызмет;

14) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі қызмет;

15) жылу жүйесін іске қосуға дайындық жасау қызметі;

16) сантехникалық жұмыстар;

17) мүлікті сақтау жөніндегі қызмет;

18) мемлекеттік баж салығын төлеу;

19) нотариатта куәландыру жөніндегі қызмет;

20) мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру жөніндегі қызмет;

21) терезе, есіктерге торкөз дайындау және қою жөніндегі жұмыстар;

22) аукциондар өткізу жөніндегі қызмет;

23) сараптама жасау жөніндегі қызмет;

24) аудит өткізу жөніндегі қызмет;

25) құжаттарды аудару жөніндегі қызмет;

26) телефон нөмірлерін қою, ауыстыру және қолға алып жүру жөніндегі қызмет;

27) акционерлердің тізілімін актуалды жай-күйде ұстау үшін қажет тіркеуші қызметі;

28) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу жөніндегі қызмет және оларды мұрағатқа өткізу;

29) таратуды тіркеу үшін алым төлеу қызметі.

Жұмыс пен қызметке төлем жасау тұрақты және бір жолғы сипатта болуы мүмкін.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



30. Ағымдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған және мыналар үшін қажетті жол берілген барынша төмен қор құру үшін тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөніндегі шығыстар:

1) жұмыс жағдайындағы офистік жабдықтарды ұстау;

2) көлік құралдарын ұстау;

3) үй-жайды ұстау;

4) қағаз және бланктік өнімдерді сатып алу;

5) кеңсе тауарларын сатып алу;

6) жанар-жағар май материалдарын сатып алу.

31. Тарату комиссиясы сатып алу үшін әртүрлі қызмет пен тауар-материалдық құндылықтарды шығыстар сметасына енгізу кезінде есеп айырысу осы өңірде белгіленген тарифтік сеткалар мен орта рыноктық бағалар негізінде жасалады.

32. Тарату комиссиясы қызметкерлерінің шығу шығыстары тарату шығыстарының сметасында көзделген қаражат шегі бойынша жүзеге асырылады.

Іссапарларға жіберілген қызметкерге бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тәулікақы төленеді, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларындағы бес есе айлық есептік көрсеткіштен, облыс орталықтарындағы төрт есе айлық есептік көрсеткіштен және аудан орталықтарындағы үш есе айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі, іссапарға жіберілген жерге жету және кері тұрақты жұмыс орнына қайту шығыстары өтеледі.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет