Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы



бет1/6
Дата01.07.2016
өлшемі358 Kb.
#170511
  1   2   3   4   5   6
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 14.09.2012 10:38:53
Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 79 Қаулысы

(2012.26.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесі бекітілсін.



2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын еріксіз тарату, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы активтерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беруді жүзеге асыру және ерікті немесе еріксіз таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетін қалыптастыру және қызметінің ерекшеліктері туралы ережені бекіту жөнінде» 2004 жылғы 15 наурыздағы № 69 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2815 тіркелген);



2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын еріксіз тарату, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беруді жүзеге асыру және ерікті немесе еріксіз таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетін қалыптастыру және қызметінің ерекшеліктері туралы ережені бекіту туралы» 2004 жылғы 15-наурыздағы № 69 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4040 тіркелген).

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Мұқашева А.М.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

 

Төраға

А. Дунаев

 

 

 Келісілді                            

 Қазақстан Республикасының            

 Ұлттық Банкі                         

 Төраға

 11 сәуір 2006 жыл

 ___________________________

 (қолы, күні, елтаңбалы мөрі)

 


      Келісілдi

      Қазақстан Республикасының 

      Мәдениет және ақпарат 

      министрлігінің

      Ақпарат және мұрағаттар

      комитетi

      Төраға

      11 сәуір 2006 жыл                    

      __________________________

     (қолы, күні, елтаңбалы мөрі)

 


 

Қазақстан Республикасы Қаржы 



нарығын және қаржы ұйымдарын 

реттеу мен қадағалау агенттігi

Басқармасының 2006 жылғы 

25 наурыздағы № 79 қаулысымен



бекітілген 

 

 



Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату туралы

Ереже

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 131 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



Осы Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесі (бұдан әрі - Ереже) жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату тәртібін айқындайды.

 

 



1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 131 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Ереже Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 131 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) барынша төмен баға - лот бұдан төмен бағамен сатылмайтын баға;

2) бастапқы баға - әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын және лоттың бағалау бағасынан төмен болмайтын баға;

3) жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторы - таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорына азаматтық-құқықтық және өзге міндеттемелерден туындайтын мүлiктiк талаптары бар тұлға;

4) көзделмеген шығыстар - мөлшері елу айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кідіртуге болмайтын қажеттілікке арналған тарату комиссиясының жоспарланбаған шығындары;

5) кредиторлар комитеті - кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлары құрамынан құрылып отырған орган;

6) кредиторлар талаптарының тiзiлiмi - уәкiлеттi орган бекіткен, белгіленген мерзімде жарияланған және тарату комиссиясы таныған, кредиторлардың талап етулерін көрсететін құжат;

7) құндылықтар - Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтары, банкноттары және монеталары, бағалы қағаздар, қатаң есепті бланктер және құнды заттар;

8) лот - сату үшін бөлiнбейтiн бiрлiктерге бөлiнiп, аукционға шығарылған мүлiк;

9) мерзiмдi баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемiнде жарты жылда бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;

10) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесiнде белгiленген лоттың соңғы бағасы;

11) сату объектiсi - таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының сауда-саттыққа жеке (дербес) бiрлiк ретiнде немесе бiрнеше бiрлiктермен бiр лотқа шоғырландырып, өзге мүлiк ретiнде шығарған мүлкі;

12) сатушы - таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы;

13) сатып алушы - сатушымен сатып алу-сату шартын жасасқан сауда-саттық жеңімпазы;

14) сауда-саттық жеңімпазы - сауда-саттықта лот үшін барынша жоғары баға ұсынған қатысушы;

15) сауда-саттықты жүргiзудi ұйымдастырушы (аукционшы) - таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы немесе сауда-саттықты өткізу жөнінде тарату комиссиясымен қызмет көрсету туралы шарт жасасқан және оның қорытындысының қандай болатынына мүдделi емес жеке немесе заңды тұлға;

16) сауда-саттыққа қатысушы - сауда-саттықты ұйымдастырушы белгiлеген тәртiппен сауда-саттыққа қатысу туралы өтiнiш берген және сауда-саттықты ұйымдастырушы оны қатысушы ретiнде тiркеген жеке немесе заңды тұлға;

17) сауда-саттықтың ағылшын әдiсi - лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадам бойынша лот үшiн қатысушылардың бiрi барынша жоғары баға берген сәтке дейiн көтерiле беретiн сауда-саттық әдiсi;

18) сауда-саттықтың голланд әдiсi - лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен лот үшiн қатысушылардың бiрi жарияланған баға бойынша сатып алуға келiсiм берген сәтке дейiн төмендей беретiн сауда-саттық әдiсi;

19) тарату комиссиясы - жинақтаушы зейнетақы қорының тарату рәсiмдерiн жүргiзу барысында жинақтаушы зейнетақы қорының iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз ету мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктi жүзеге асыратын, жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған жағдайда тағайындалатын (босатылатын) орган;

20) тарату комиссиясының шығыстары - жинақтаушы зейнетақы қорының мәжбүрлеп таратылу барысындағы тауарлардың, жұмыстың және қызметтің тұтынылуына байланысты шығындар (бұдан әрi - тарату шығыстары);

21) тарату, конкурстық масса - жинақтаушы зейнетақы қорының iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз етуге арналған таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының активтері;

22) тарату массасын мақсатсыз жұмсау - уәкiлеттi органмен келiсiлген немесе кредиторлар комитеті бекіткен, тарату шығыстары сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;

23) тарату шығыстарының бекiтiлген сметасы - тарату комиссиясының төрағасы уәкiлеттi органмен келiсе отырып бекiткен немесе кредиторлар комитетiмен бекiткен, тиiстi уақыт кезеңiне арналған смета;

24) тарату шығыстарының сметасы - белгiлi бiр уақыт кезеңiндегi тарату комиссиясы болжамдап отырған шығындарды көрсететiн құжат;

25) тарату өндiрiсi - жинақтаушы зейнетақы қорының iстерiн аяқтаушы және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз етушi заңды тұлға ретiндегi жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн тоқтату рәсiмi;

26) таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қоры - сот шешiмi заңды күшiне енуiне байланысты мәжбүрлеп тарату барысында болып отырған жинақтаушы зейнетақы қоры;

27) таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкi - құндық бағасы бар және тарату, конкурстық массаға енгiзiлген мүлiктiк игiлiктер мен құқықтар жиынтығы;

28) уақытша әкiмшiлiк (уақытша әкімші) - жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлген лицензияны қайтарып алу туралы шешiм күшiне енген күннен бастап және уәкiлеттi орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жинақтаушы зейнетақы қоры мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн және жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыратын орган;

29) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.

3. Жинақтаушы зейнетақы қоры банкрот деп танылған жағдайда оның таратылуы осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп таратуды жүргізу тәртібi



 

4. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне ену күні мәжбүрлеп тарату процесінің басталуы болып табылады.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 131 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



5. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмiнiң заңды күшiне енген күннен бастап:

1) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 45-2-бабының 6-тармағында көзделген салдарлар туындайды;



2) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 45-2-бабының 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген шаралар іске асырылады;

3) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының атынан немесе соның есебінен жүзеге асатын іс-әрекеттер егер оларды жинақтаушы зейнетақы қорының таратылатын комиссиясының төрағасы не осы іс-қимылдарды жасау үшін ол берген сенімхат бар тұлға жасаған жағдайда заңды күші болады;

4) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүліктік талаптарына қатысты соттың атқарушы құжаттарын тарату комиссиясы Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда белгіленген кезектілік тәртібімен орындауға береді.

6. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп таратуға байланысты барлық шығыстар осы жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражаты есебінен ғана жасалады.



Жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкі болмаған не оның құны шығыстарды жабуға жетпеген жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) және тарату комиссиясының құрамына енген уәкілетті орган қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату жөнінде сот қабылдаған шешім туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау жөніндегі шығыстарды және мәжбүрлеп тарату негізінде жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің тоқтатылуын әділет органының мемлекеттік тіркеуіне байланысты және жинақтаушы зейнетақы қорын тарату аяқталғаннан кейін құжаттарды сақтау үшін мұрағатқа тапсыру жөніндегі шығыстарды қоспағанда, мәжбүрлеп тарату негізінде жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін тоқтату жөніндегі шығыстарды уәкілетті органның қаржыландыруына тыйым салынады.

 

 



3-тарау. Тарату комиссиясы

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 131 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



7. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап оған жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін және ісін басқару жөніндегі өкілеттіктер өтеді.

Тарату комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығынан немесе уақытша әкімшіліктен (уақытша басқарушыдан) он жұмыс күні ішінде зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру (осындай бар болса) құқығына берілген лицензиялардың түпнұсқаларын және жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттарын және мүлкін қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдап алады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының лицензияларының түпнұсқалары тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.

Тарату комиссиясы кредиторлармен және акционерлермен есеп айырысуды аяқтауды қамтамасыз ету жөніндегі істі қоса алғанда, жинақтаушы зейнетақы қорының ісін аяқтау үшін шаралар қабылдайды.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 8-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)



8. Тарату комиссиясы таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының атынан іс-әрекет жасайды және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдерді қабылдауда тәуелсіз.

Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорын тарату рәсімін тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Жұмыс жоспары жарты жылға бөлу арқылы бір жылға жасалады және тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті органға беріледі. Бұдан әрі, тарату комиссиясы жұмыс Жоспарын жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың оныншы күнінен кешіктірмей береді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



9. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысына басшылық жасайды және оның қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылуына дербес жауап береді.

Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін тарату комиссиясының мүшелерінің санынан төраға тағайындайтын орынбасар орындайды.

10. Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдары не өкілдіктері болған жағдайда, оларды жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының сол жерде құрылған бөлімшесі (бұдан әрі - бөлімше) таратады.

11. Бөлімшеге тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан тарату комиссиясының төрағасы тағайындайтын бөлімше басшысы (бұдан әрі - бөлімше басшысы) басшылық жасайды.

Бөлімше басшысы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және оған тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат негізінде жүзеге асырады.

Бөлімше басшысы және бөлімше тарату комиссиясының төрағасына есеп береді.

12. Бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бөлімшенің қызметіне және жинақтаушы зейнетақы қорының филиалын не өкілдігін таратуды жүзеге асыруға жауап береді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

13. Тарату комиссиясы мүшесінің, тарату комиссиясы бөлімше басшысының құқықтары мен міндеттері, еңбекке ақы төлеу талаптарын қоса алғанда тарату комиссиясының төрағасымен жасалатын жеке еңбек шартында (келісім-шартта) айқындалады. Жұмысқа тартылған қызметкердің құқықтары мен міндеттері еңбек шартында немесе қызметті өтелмелі көрсету шартында айқындалады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 14-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)



14. Тарату комиссиясының төрағасы оның қызметіне шұғыл басшылықты жүзеге асырады, бөлімшелердің және олардың басшыларының қызметіне бақылау жасайды.

Тарату комиссиясының төрағасы осы Ережеге сәйкес кредиторлар комитетінің өкілеттіктеріне кіретін мәселелерді қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату ісінің мәселелері бойынша шешімдерді дербес қабылдайды, тарату ісінің барысында туындайтын мәселелерді шешумен байланысты шарттарға, сенімхаттарға, бұйрықтарға, өкімдерге және басқа құжаттарға қол қояды.

15. Тарату комиссиясының төрағасы, бөлімшелерінің басшылары мен мүшелері жинақтаушы зейнетақы қорына тарату барысында жинақтаушы зейнетақы қорына зиян келтіру, өкілеттікті теріс пайдалану, сондай-ақ басқа да жол берілген жөнсіздіктері үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленгендей жауап береді.



Таратылатын заңды тұлғаның (оның басқару органдарының, басшы қызметкерлерінің) тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасын теріс мақсатта пайдалану немесе басқа да тәртіп бұзу фактілері анықталған жағдайда тарату комиссиясы белгіленген тәртіппен бұл жөнінде құқық қорғау органдарына хабарлауы, сондай-ақ уәкілетті органға мәлімдеуі тиіс.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет